Мәтіннен кейінгі тапсырма (ашық дискуссия):
- негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды жазып алу.
1. Химиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?
2. Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы?
3. Адам ағзасына әсері бойынша УЗ.
2. Бактериологиялық зақымдану ошағының қысқаша сипаттамасы
Биологиялық қару қолдану және ауру туғызатын микроағзалар мен токсиндердің таралуы нәтижесінде биологиялық зақымданған ошақтар пайда болады. Биологиялық зақымданған ошақ деп биологиялық қару әсер еткен және биологиялық рецептура мен инфекциялық ауруларды тасымалдаушы зақымдалған қансорғыш жәндіктер таралған территорияны айтамыз.
Биологиялық зақымданған ошақ деп, биологиялық қару қолдану салдарынан адамдардың, өсімдік пен ауылшаруашылық жануарлар зақымдалған территорияны атаймыз. Ол биологиялық зақымдалған аймақта және зақымдану аймағынан тыс инфекциялық аурулардың таралуынан пайда болады.
Биологиялық зақымдану ошағы сипатталады: ауылшаруашылық жануарлары мен адамдардың жаппай инфекциялық аурумен ауруы, инфекцияның дамуындағы жасырын (инкубациялық) кезеңі, зақымданушекарасының анықталмауы, инфекциялы ауруды тудыратын қоздырғышты анықтаудағы лабораториялық талдаудың ұзақтығы мен күрделілігі, екіншілік зақымдану салдарынан ауру таралуының теңдігі, зақымдану әсерінің ұзақтығымен.
Биологиялық зақымдану аймағының көлемі биологиялық қару түріне, қолдануына, метеорологиялық және климаттық жағдайына, айқындалуына және алдын алу шараларының уақыты, залалсыздануы мен емдеуіне байланысты.
Солай биологиялық зақымдану аймағының шекарасында ауданы сәйкесінше S1және S2 2 биологиялық ошақ пайда болды. Биологиялық зақымдану ошағының шекарасы (S1және S2) елді мекен ауданымен (N және K елді-мекен шекарасы) анықталады.
Биологиялық зақымдану ошағы бар биологиялық зақымдану аймағының схемасы: 1 – биологиялық зақымдану аймағының сыртқы шекарасы; N (к) елді-мекен–биологиялық зақымдану ошағы.
Биологиялық затпен зақымдалған территория шекарасын алғашында бақылау постынан және барлау бөлімінен анықтауға болады. Шабуыл кезінде қорғаныс заттарын қолданбаған барлық адамдар зақымданған деп есептеледі (шартты түрде). Зақымданған адамдарға ауырған адаммен жанасқан немесе зақымданған заттарды ұстаған адамдар жатады. Биологиялық қару химиялық қару сияқты ғимараттар мен құрал жабдықтарға тура әсері жоқ. Бірақ оны қолдану полиграфиялық кәсіпкерліктің өндірістік қызметіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жұмыс ауысымының графигіне кедергі жасап, өндірістің тоқтап қалуына әкеледі.
Бактериологиялық зақымдану ошағының шекарасын АҚ және өсімдіктер мен жануарлар медициналық қызметінің эпидемияға қарсы қызметі, радиациялық және химиялық бақылау посттары, барлау топтары мен метеорологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық станциялардан алынған деректер негізінде анықталады. Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін бактериологиялық зақымдану ошағына карантин жүргізеді, ал жақын аудандарда обсервация режимін енгізеді. Ол жерде емдеу алдын-алу іс-шаралар кешенін жүргізеді. Карантинді бактериологиялық (биологиялық) қару қолданғанда және қоздырғышты анықтағанша жүргізеді. Егер ауру қоздырғышы аса қауіпті ауруға жатса (сібір жарасы, тырысқақ, оба, табиғи шешек) онда енгізілген карантин жалғасады.
Карантин – инфекцияның таралуын жоятын, зақымдану ошағын оқшаулайтын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған режимді-шектелген қатал эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі.
Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.
Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.
Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.
Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса (туляремия, ботулизм және басқалар) және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.
Обсервация – қауіпті аймақта орналасқан немесе карантин енгізілген ошақтан келген жануарлар мен адамдарды бақылау шараларының жүйесі. Обсервация кезінде карантинге қарағанда оқшаулау-изоляциялау шаралары қатаң емес: кіру мен шығуды, максимальді шектеу, заттарды залалсыздандырудан кейін алып шығу, сумен қамтамасыз ету мен тамақтанудың медициналық бақылауын күшейту, алдын-алу іс-шаралары.
Бактериологиялық (биологиялық) ошақтағы бірінші кезектегі іс-шара шұғыл түрде халықты алдын-ала емдеу (антибиотик, сарысу қолдану және т.б.) және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу.
Дезинфекция – нысандарды, территорияны, ғимараттарды, техника мен әртүрлі заттарды залалсыздандыру.
Дезинсекция және дератизация – инфекциялық ауруларды тасымалдаушы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюмен байланысты іс-шаралар.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізгеннен кейін іс-шараны жүзеге асырған адамдар толық санитарлы өңдеуден өтеді. Керек болса өалған халыққа санитарлы өңдеу ұйымдастырылады.
Аталған іс-шарадан басқа карантин (обсервация) аймағында ауруға шалдыққан адамдарды анықтау жүргізіледі. Инфекциялы аурулар ауруханаға жатқызылады немесе үйде оқшауланады. Оларды тұрған пәтерлерінде дезинфекция жүргізіп, заттары мен киімдері залалсыздандырылады. Аурумен жанасқан адамдардың барлығы оқшауланады және санитарлы өңдеуден өтеді.
Карантин және обсервация мерзімі аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығына қарай қояды. Оны соңғы ауруды ауруханаға жатқызу сәті мен дезинфекция аяқталуынан бастап есептейді.
Мәтіннен кейінгі тапсырма (ашық дискуссия):
- негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды жазып алу.
1. Бактериологиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?
2. Бактериологиялық зақымдану аймағы деп нені айтады?
3. Дезинфекция дегеніміз не?
4. Дезинсекция дегеніміз не?
5. Дератизация дегеніміз не?
6. Обсервация дегеніміз не?
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?
2. Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы?
3. УЗ тұрақтылығы дегеніміз не?
4. Химиялық қауіпті объектілер?
5. Бактериологиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?
6. Бактериологиялық зақымдану аймағы деп нені айтады?
7. Дезинфекция дегеніміз не?
8. Дезинсекция дегеніміз не?
9. Дератизация дегеніміз не?
10. Обсервация дегеніміз не
Тесттер:
1. Бактериологиялық қарудың зақымдау факторы ... болып табылады.
А) микроорганизмдер
В) иммунодефицит
С) электромагнитті импульс
D) биологиялық улар
E) уланған су
2. Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады:
А)паналау ғимараттары
В) демалу аймақтары
С) көліктер
D) үйлер
E) ағаштар
3. Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады.
А) паналау ғимараттары
В) тұрғын үйлер
С) сайлар
D) ормандар
E) үй шатырлары
4.Жіктелуі бойынша апат кезінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады.
А) техногенді
В) табиғи
С) әлеуметтік
D) экологиялық
E) метеорологиялық
5.Жіктелуі бойынша апат кезінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады.
А) техногенді
В) табиғи
С) әлеуметтік
D) экологиялық
E) метеорологиялық
6.Жіктелуі бойынша батерологиялық уландырғыш заттардың апат жағдайында табиғатты улауы ТЖ-дың ... түріне жатады.
А) техногенді
В) табиғи
С) әлеуметтік
D) экологиялық
E) метеорологиялық
7.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:
А) табун
В) иприт
С) синильді қышқыл
D) фосген
E) BZ
8.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:
А) зоман
В) BZ
С) хлорацетофенон
D) фосген
E) хлорциан
9.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:
А) VX
В) адамсит
С) CS
D) хлорацетофенон
E) хлорциан
10.Ядролық жарылыстың соққы толқынының адамдарға әкелетін жеңіл зақымдары ... жатады.
А)құлақтағы шу, бас айналу, буын шығуы
В) құлақтан және мұрыннан қан кету, ми шайқалуы
С) ми шайқалуы, өлім болуы
D) есінен тану, ішкі органдардың зақымдануы
E) есінен тану, ішке қан кету
11.Микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті заттарға ... жатады.
А) микроб токсиндері
В) саңырауқұлақтар
С) вирустар
D) микробтар
E) бактериялар
12.Тек тірі клеткаларда көбейетін және өсетін микроорганизмдер түрі ...
А) вирустар.
В) риккетсиялар.
С) микробтар.
D) бактериялар.
E) микробтар, бактериялар.
13.Сәулелену өлшем бірлігі ...
А) Рентген/сағат.
В) Ньютон.
С) килограмм.
D) Рентген.
E) Паскаль.
14.Толқын соққысынан адамды ... қорғамайды.
А) газқағар
В) пана
С) сай-сала
D) шұңқыр
E) ор
15.Жүйкелі-паралитикалық уландырғыш затқа ... жатады.
А) зарин
В) хлорциан
С) иприт
D) фосген
E) ВZ
16.Жалпы уландырғыш әсері бар уландырғыш зат ...
А)синиль қышқылы.
В) CS
С) иприт
D) VX
E) фосген
Жағдайға байланысты тапсырма:
1. Бір топ жастар коледжден уйлеріне қайтып жатқан кезінде теміржол вокзал ауданынан жарылыс ьолғанын естіді. Олар жоғары көтерілген сарығыш жасыл түсті булт көрді, булт жайлап төмен түсіп көлемін ұлғайтып, желдің бағытымен тарай бастады.
Зақымдаудың сипатын анықтаңыз. Кейінгі іс-әрекет туралы шешім қабылдаңыз.
2. Он екі қабатты уйдің жоғарғы қабатында тұратын тұрғындар, дабылдың дауысынан оянып ашық терезеден мүсәтір иісін сезді. Біраз уақыттан кейін адамдарда жөтел басталып, көздері қатты ашып, жасаурай бастады.
Не болғанын анықтаңыз. Зардап шеккендердің іс-әрекеті.
3. Кешкі уақытта букіл отбасы ата анысымен екі баласы дидар көруге жиналды. Жарнама узіліс кезінде барлығы асханаға шығып кеткен. Бір кезде бөлмеден қою қара түтін шыға бастады.
Сіздің іс-әрекетіңіз.
4. Түнгі уақытта өрт шуынан және түтін иісінен ояндыңыз. Сіз көп қабатты үйде тұрасыз.
Сіздіңіс-ә рекетіңі
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру Өрттер мен жарылыстар.
Н-14,183-190. Н-2,37-40 бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№4 Сабақ: Өрттер мен жарылыстар.
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: студенттерді елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт және жарылыстар жағдайымен таныстыру;
-елді – мекендегі өрттің таралу мүмкіндігін және оның болу ұзақтығын саралай білуді;
-қауіптілік төнген жағдайда төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін оқып үйрену;
тәрбиелік: -студенттерді АҚ ұйымдастыру және ТЖ шараларына қатысу кезіндегі азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту: тіршілік қауыпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша құзыретті болу;
-оқытудың интерактивті технологияларын енгізуді; топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі: ақпаратпен жұмыс, топта жұмыс істеу, жағдайға байланысты тапсырманы орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер.кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6. Әдебиеттер:
Негізгі: (Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша: (Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт;
2. Жарылыс және өрт қауіпі бойынша өнеркесіп орындарында қанша категорияға бөлінеді?
3. Бүкіл құрылыс материалдары үш қанша топқа бөлінеді?
4. Ғимарат пен құрлыс отқа төзімділігіне байланысты қанша топқа
бөлінеді?
5. Өрттен сақтандыруға қол жеткізілу амалдары.
6. Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі.
7. Жарылу қауіпі бар объектілер.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Өрттер
Өрт — бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бакылаусыз жану процесі.
Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында,оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жөне тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.
Республикада әрбір сағат сайын екі орт болады. миллиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн.теңгеге материалдық залал алып келді. 2000 жылыреспубликада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.
Өрттің шығуына отты бейғампайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себепболып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмегеналаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан жәнебасқа себептерден тұтанады. Өрттің бірәзі адамның күнәсынан, найзағайдың соққысы өсерінен құрғақ ағаштың жануынан,басқасебептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі,метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарынын деңгейі.
Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.
Үлкен өрт сөндірудің басты өдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыс пен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сендіру (оның ішінде үшақпен) және басқалар.
Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.
Практика өрттің шығуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуі онымен күрестен көрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.
Өрттен сақтандыру — оны ескертуге, орттен болатын залалдыболдырмау жөне оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.
Бүкіл республика аумағындағы орман өрті мөселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірінші кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өрттерінің пайда болуын, таралуын және дамуынескертуге бағытталған өртке қарсы сақтандыру жұмыстарын жүргізутебайланысты. •
Өрт ошағының шекарасын, бағытын және оның таралуының мөлшерлі жылдамдығын анықтау керек. Егер карта болса, одан өзіңіз түрған жерді дәл анықтап, өрттен қауіпсіз төңіректегі жерді іздеугеболады.
Өрттен тақыр аралдарда, батбақтың құрғақ жерлерінде, жоталардың орман деңгейінен жоғары жартасты төбелерінде,мұздақтарда жасырынуға болады. Енді өзендер, тоғайдың шеті қорған бола алады. Өрт кезінде оның сыртына шығу үшін қырындай жүре отыра желге қарсы бағыт үстай отыра құтылуға болады. Ал желдің өтіндегі адамды жалын жылдам қуып жетеді.
Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркесіп орындары 6 категорияға: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мұнай өңдейтін жене химиялык кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы, газ шаруашылығы және т.б. жатады; көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант опасы даярлайтын және тасымалдайтын цехтар, сондай-ақ Б категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өндеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және Б категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.
Бүкіл құрылыс материалдары үш топқа бөлінеді:
Жанбайтын — бұл өттын немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістембейтін материалдар.
Қиын жанатын — бұл оттын немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын немес үгілетін және от көзі болтан жағдайда жануын жалғастыратын, ол жоқ жағдайда жануыи немесе иістенуін тоқтататын материалдар.
Жанатын — бұл оттын; немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.
Жанатын материадцардан салынған гимарат пен құрылыс өте қауіпті. Тіпті жанбайтын ғимарат пен құрылыс оттың ықпалы мен жоғары температураға белгілі бір уақытқа ғана төзе алады. Құрылғылардың отқа төзімділк шегі үлкен шарықшақ пайда болмайтын, құрылғы құламайтын қарсы жағы 200 градусқа дейін қызбайтын уақыт мөлшермен анықталады.
Ғимарат пен құрлыс отқа төзімділігіне байланысты 5 топқа бөлінеді: I, II, III, IV және V топ.
Электр приборлары, оралмаған өткізгіштер, тоқтың соғуы мен өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан да балаларға жалаңаш өткізгіштерге жақындауға және тиісуге болмайды. Электр өткізгіштін розеткадан қолмен тартуға болмайды. Кейде кішкентай балалар штепседдік розеткаға әртүрлі металл заттарын сұғады, нәтижесінде саусақтарынкүйдіреді, ал кейбір жағдайларда бұл іс қайғылы аяқталады. Бос розеткалар арнайы қақпақтармен жабылуға тиіс.
Әрбір тосын жағдайда шақыратын 101 — өрт қызметі телефон нөмірін білуге тиіс.
Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арқасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кезкелген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.
Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жанған азық-түлікпен уланып қалуға болады.
Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрылысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады.
Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі:
өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, еңгізу және бақылау;
жасалған объектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;
өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;
өнеркөсіп жөне ауыл шаруашылык кәсіпорындарын, ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;
халық арасында техникалық-өрт білімін насихаттау.
Өрттен сақтандыру объект түрлері бойынша жүргізіледі: тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді, енеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында.
Тұрғын үй ғимараттарын өрттен сақтандыруда жылыту, электрмен жабдықтау жүйесіне, газ приборларына байланысты өрт шаралары қарастырылады. ',
Қоймадағы, базардағы және дүкендегі өрттен сақтандыру, ғимараттар салынған кезде олардың арасындағы өртке қарсы алшақтықты сақтауды, ішкі ортке қарсы су құбырын, оларды өрт және өрттен қорғау дабылдарымен жабдықтауды үлкен қойма ғимараттарын өртке қарсы қабырғалармен белуді, жылдам тұтанатын және жанатын заттарды бөлек сақтауды, пешпен және газбен жылытуға тиым салуды және басқа шараларды қарастырады.
Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттен сақтандыру, объектінің өрт қауіптілігінің тиісті санатын, ғимараттар мен тұрақтардың отқа берік деңгейде орындалуын, ғимараттар арасыдағы өртке қарсы алшақтықтарды салуды, жылдам тұтанатын және жанатын материалдарды қоймада нсгізгіаймахтан болу және басқашаралар.
Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:
Өрт жағдайыңда халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдық ғимараттағы өртті сөндіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимараттың қосымша шыға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған және оның өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің абдырамай, жүйкенді жұқартпай, басқалардың үрейленүіне жол бермегенжөн.
Өрт кезінде өрт сөндіру құралдары бар болса, өртсөндіргішті қолдану, ішкі өрт су құбырының аспа насосын қосу, орамдарды босату, су ағысын отқа бағыттау немесе оны су кұбыры, құдық, өзен суының, құмының, көмегімен сөндіру. Шағын өрт ошағын тығыз жамылғылармен сөндіру қажет.
Өртпен күресте және зардап шегушілерді құтқаруда сіз үшін ауаның жоғарғы температурасының, шаңның, көміртетігі тотығы концентрациясының, ғимарат пен үйдің ықтимал құлауының аса қауіпті екендігін есіңізде ұстаңыз.
ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ
егер зат (жағдай) 10 метрге дейінгі қашықтықта көрінекі түрде көрінбесе, онда түтіндену концентрациясы өте қауіпті!
Өрт сөндіру кезінде ең алдымен өрттің таралуын тоқтатып, одан кейін аса лапылдаған жерлерде жалынды өшірген жөн. Бұл жағдайда судың ағысын жалынға емес, жанған төбеге бағыттау керек. Егер тіктөбе жанса, суды жоғарыдан төмен бағыттау қажет.Шаңданған ғимаратта өртті суды шашырату арқылы сөндірген жөн, өйткені ол түтіннің және температураның төмендеуіне ықпал етеді.
Егер үйде (пәтерде) шағын өрт ошағы пайда болса, оған су құйыңызнемесе ауыр ылғалды матамен жабыңыз. Жанған киімді жамылғы жабумен, оны лақтырумен және су құйып сөндіреді. Жалынды жерге аунау арқылы өлсіретугеболады.
Жанғыш сұйықтарды ең жақсысы көбік құраушы құрамдармен құмнемесе топырақ шашу, сондай-ақ шағын ошақтарды ауыр жамылғы жабумен өшіруге болады.
Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі
Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:
✓қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);
✓табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек). Өртсөндіргіштер— өрттіңпайда болу сатысында онысөндіруте арналган техникалық құрылғы.
Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.
Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша:сұйық, көбікті, көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты, құрама.
Корпус көлемібойынша:
корпустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын азлитражды;
корпустың көлемі 5-10 литрге дейінгі қолменбосататын өнеркәсіптік;
корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы.
Өртсөндіргіш құрамды беру әдісібойынша:
заряд компоненттерінің химиялық реакцияның нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;
ертсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы баллонан берілетін газ қысымымен;
өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;
өртсөндіргіш құралының жеке қысымымен.
Жіберу қондырғысының түрі бойынша:
вентильді затворы бар;
пистолет үлгісіндегі ішқату — жіберу қондырғысы бар;
пиропатроннан жіберілетін;
қысымның тұрақты көзімен жіберілетін.
Өртті үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде улгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨК) болып табылады.
Олар жылдам тұтанатын сұйықтардың (бензин жәнебасқа мұнай өнімдері, органикалық еріткіштер және т.б.), қатты материалдардың (ағаш, оқшаулау материалы, пластмасса жәнет.б.) сондай-ақ электр қондырғыларының (күштеу және жоғары вольтты қовдьфгалар, тұрмыстық және өнеркәсіптік электроника және т.б.) өртенуін сөндіреді.
ОӨҚ сілтілі және сілтілі-топырақты металлды,сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.
Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозоль-газ қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бүлдірмейді, ал аэрозольдің бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.
ОӨҚ генераторларықол(СОТ-5М) және стационарлық (СОТ-1) болып бөлінеді. СОТ-5М генераторы қорғайтын көлем 40 т.м. дейін СОТ-1 қорғайтынкөлем бОт.м. дейін.
СОТ-5М генераторын қимылға келтіру үшін:
* жіберу торабының қалпақшасын алу;
* бауды қатты тарту;
*жанған бөлмеден шығу қажет.
СОТ- і генераторын қосу үшінарнайы жіберу торабы пайдаланады. Қорғалатын көлемдегі температура 90С жеткенде қосылатын жіберудің термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мүмкіндік береді.
Жіберудің электр тораптарын қоядану СОТ-1 генераторларын
өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде СОТ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.
ЖАРЫЛЫСТАР
Жарылыс-бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдыңпайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда коршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. (Қысым бұзу).Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидрарликалық соққы толқындарын құрайды.
Жарылу қауіпі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өңдіруші және ұқсатушы, мұнай-химия, газ, химия, тоқыма, объектілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркөсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.
Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:
жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;
жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;
жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;
жарылыс кезінде пайда болған қысымы шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапаидарын орнату;
жарылысты жаншу (жарылу қауіпі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашкы сәтте баяу көтерілетіндігің ескере отыра арнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады).
Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай-ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.
1989 жылы 20 мамырда Алматы-2 теміржол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жырылысы кезінде 34 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.
2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9-ы қаза болды.
1кесте
Өрт және өрт – жарылыс қауіптілігі бойынша қоймалардың сипаты
Қойма санаты
|
Қоймадағы бар (қолданылатын) заттар мен материалдардың сипаты
|
А
өрт жарылыс қауіпті
|
Жанғыш газдар, 28°С температурадан кем емес температурада жарылатын тез тұтанатын сұйықтықтардың үлкен мөлшерінен қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5 кПа асуы нәтижесінде жарылыс қауіпті бу-ауа-газ қоспалары түзіледі. Сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жарылуы және жануы мүмкін заттар мен материалдардың көптігінен қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5кПа асады.
|
Б
өрт жарылыс қауіпті
|
Жанғыш шаңдар немесе талшықтар, 28°С температурадан көп температурада жарылатын тез тұтанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтардың көп мөлшерде болуынан қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5 кПа жоғары болуы нәтижесінде жарылыс қауіпті шаң-ауалы немесе бу-ауалы қоспалары түзіледі.
|
В1–В4
өрт қауіпті
|
Жанатын және қиын жанатын сұйықтықтар, жанатын қатты және қиын жанатын заттар мен материалдар (соның ішінде шаңдар мен талшықтар), олар сақталатын немесе қолданылатын қоймалар А және Б санатына жатпайтын болған жағдайда ғана сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде тек қана жанады.
|
Г
|
Жанбайтын заттар мен материалдар ыстық, қыздырылған немесе балқытылған кезде, оларды өңдеу кезінде жылу, ұшқын немесе жалын шығатын; жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттарды отын немесе жанармай ретінде пайдаға асыру кезіндегі заттар.
|
Д
|
Мұздай жағдайдағы жанбайтын заттар
|
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау сұрақтары
Билет 1
1.Өрт қандай апат түріне жатады?
2.Өрттің алдын алу шаралары
3.Өрт қорғанысы деніміз не?
Билет 2
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өртке қарсы режим дегеніміз не?
3. Зақымдаушы факторларын айтып берініз
Билет 3
1. Орман өрттері жайлы айтып берініз
2. Өрттің адам өміріне зиян тараптары
3. Өрттің шығу себептері
Билет 4
1.Өрт қауіпсіздігі талаптары дегеніміз не?
2.Өрт кезінде жұмылдырылатын іс-әрекеттер?
3.Өрт сөндіретін қандай құрылғыларды білесіз?
Билет 5
1.Өрттің техникалық шараларына нелер жатады?
2.Өрт сөндіру тәсілдерін айтып беріңіз
3.Өрттен қорғанудың мақсаттары?
12.Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13.Үйге тапсырма беру: Радиациялық бағалау аспаптары Н-2,117-128.
2 мин (5%)
Достарыңызбен бөлісу: |