Бақылау сұрақтары:
1. Ядролық (радиациялы) зақымдану ошағын анықтау.
2. Соққы толқынын анықтау.
3. Ядролық жарылыстың жарық сәулесі дегеніміз не?
4. Адамдарға ену сәулесінің зақымдаушы әсері дегеніміз не?
5.Бұлт қозғалысы бойынша жарылыс болған аймақтағы радиоактивті жараланудың сызбасы.н келтіріңіз.
6. Ядролық зақымдану ошағының қандай өртену аймақтары болады?
Тесттер:
1. Жаппай-қырып жою қаруына ... қару жатады.
А) ядролық
В) кәдімгі
С) генетикалық
D) информациялық
E) климатикалық
2. Соққы толқынының пайда болу себебі:
А) шектен тыс қысым
В) жоғары температура
С) альфа, бета және гамма бөлшектерінің бөлінуі
D) ылғалды атмосфера
E) жердің беткі қабатының толқуы
3. Соққы толқынының әсері адамдарға ... тудырады.
А) түрлі ауырлықтағы жарақаттар
В) жұқпалы аурулар
С) жүйке жүйесі жұмысының бұзылуын
D) көру функциясының жоғалуын
E) есту функциясының жоғалуын
4. Ядролық жарылыстан пайда болатын жарық сәулесі ... алып келеді.
А) терінің күюіне
В) мидағы орталықтардың салдануына
С) шаштың түсуіне
D) жүйкелі-психикалық өзгерістерге
E) тұншығуға
5. Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады ….
А)паналау ғимараттары
В) демалу аймақтары
С) көліктер
D) үйлер
E) ағаштар
6. Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады.
А) паналау ғимараттары
В) тұрғын үйлер
С) сайлар
D) ормандар
E) үй шатырлары
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру Химиялық және бактериологиялық зақымдану ошағының сипаттамасы Н-2,76-79 бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№3 Сабақ: Химиялық және бактериологиялық зақымдану ошағының сипаттамасы
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошағының
мінездемесін оқып-үйрену;
-төтенше жағдай кезінде химиялық және бактериологиялық
зақымдану ошақтарының сипаттамасын білу;
-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
нормативті құқықтық актілердің негізгі ережелерін білу;
тәрбиелік: үйренушілерді АҚ ұйымдастыру және төтенше жағдай шараларына қатысу кезіндегі азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту: тіршілік қауыпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша құзыретті болу;
топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі: бейне материал көру, дискуссия, кейс-стади, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайға байланысты тапсырманы орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер.кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6. Әдебиеттер:
Негізгі: (Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша: (Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Химиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы.
2. Бактериологиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
1. Химиялық зақымдау ошағының қысқаша сипаттамасы
Зақымдану құралдары туралы слайд көрсету.
Ядролық жарылыс турлері туралы бейне материал шолу.
Химиялық зақымдану ошағы – бұл химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанада апат болған территория, ол жерде халық ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер өлімі орын алады.
Жергілікті атмосфера қабатының зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы улы заттың концентрациясы (УЗ), ауа көлемінің бірлігіндегі (г/м³) УЗ саны.
Территорияның зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы зақымдану тығыздығы
зақымданған аудан кеңістігіндегі УЗ көлемі (г/м²).
Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы:
улы заттың концентрациясы;
УЗ тұрақтылығы;
зақымдану ауданы;
жарақаттанған адамдар саны;
Химиялық қарудың негізін химиялық улы заттар құрайды(УЗ). Бірінші кезекте олар адамдарды зақымдауға арналған. УЗ – екі негізгі белгі бойынша жіктеледі: адам ағзасына әсері және тұрақтылығы.
Адам ағзасына әсері бойынша:
Нервті-паралитикалық
Тері- іріңді
Жалпыулы
Тітіркендіргіш
Тұншықтыратын
Психохимиялық
УЗ тұрақтылығы – тірі ағза мен өсімдікке әсер ету уақыты. Ол факторларға тәуелді заттың физико-химиялық құрамы, метеожағдай, аймақтың рельефі (ашық немесе жабық).
Химиялық қаруды қолдану үшін – бомбалар мен снарядтарды қолданады. Ластанған бұлт таралған аймақты сипаттау үшін химиялық зақымдану аймағы енгізілген. Ол химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанда апат болу салдарынан орын алған адам өлімі бар территория. Химиялық ластанған аймақ 4 параметрмен сипатталады.
Аймақтың тереңдігі
Аймақтың ені
Аймақтың ауданы
Химиялық ластану аймағындағы химиялық зақымдану ошағының ауданы.
Химиялық зақымдану аймағы улы және күшті әсер ететін улы заттардың таралуы нәтижесінде пайда болады. Өте маңыздысы улы заттардың бір бөлігі аймаққа тамшы түрінде түсіп, кейін буланғанда екінщілік ластанған бу түзейді. Жел арқылы орын ауыстырып ауданы 6-12 км тереңдікке зақымдайды.
Химиялық зақымдану аймағы. Химиялық зақымдану ошағы.
Химиялық қауіпті нысандар – бұл қатты әсер ететін улы заттар өндіретін немесе өндірісте қолданатын халық шаруашылық нысандары. Қазіргі кезде күшті әсер ететін улы заттардың 140 түрі. Зақымдану аймағы химиялық қару кезіндегідей сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |