Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет1/5
Дата11.02.2018
өлшемі4,68 Mb.
#37607
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Акушерлік және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пӘні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 1. Тіршілік әрекетін қамтамасыз

ету негізін ұйымдастыру.

ҚР азаматтық қорғаныс (АҚ) жүйесі.

ТЖ әртүрлі сипаттағы зақымданушы

себепкер шарттар және тұрғындарды

қорғаудың негізгі әдістері.

(жалпы сағат саны:12сағ;тәжірибе-4сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерлік және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерлік және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы,магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай. (сағат саны:8сағ -360мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

1 Сабақ: Төтенше жағдайлар және олардың жіктелісі



  1. Сағат саны: 45 мин (100%)

  2. Сабақ түрі: тәжірибелік

  3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдайлар және олардың жіктелісін, ТЖ болу

себептерін,табиғи сипаттағы ТЖ сипаттамалрын дұрыс анықтай

білу.

  • тәрбиелік: төтенше жағдайдың көлемі мен түрін анықтауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер,суреттер,

кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Төтенше жағдайлар дегеніміз не?

  2. Авария деп нені айтамыз?

  3. Апаттарға түсініктеме бер.

  4. Стихиялық апаттар дегеніміз не?

  5. Төтенше жағдайлар кезінде негізгі үш белгілері бойынша атаңыз.

  6. ТЖ -даму түріне байланысты .

  7. Техногенді ТЖ. дегеніміз не?

8.Табиғи ТЖ дегеніміз не?

9.Биологиялық, әлеуметтік ТЖ дегеніміз не?

10.Әлеуметтік ТЖ дегеніміз не?

11.Экологиялық ТЖ дегеніміз не?

12.Төтенше жағдайдың жайылу масштабы, шығын түріне байланысты.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

ТЖ жағдайлары және олардың жіктелуі

Төтенше жағдайлар (ТЖ) деп апат, зілзала, қауіпті табиғи көрініс, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия әсерінен,сонымен қатар жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде сол аймақта адамдар шығыны болып, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық нысандарына зиян келіп, халықтың тұрмысы бұзылатын және орыны толмас материалдық щығын туындайтын жағдайларды айтады.

Авария – өндірістік процесс, машина, агрегаттың істен шығуы немесе олардың адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты тоқтатылуы.

Апат – тұрғындар арасында шығын тудырып, олардың денсаулығына зиян келтіріп, шаруашылық нысандарын және материалдық құндылықтарды жойып, қиратып қоршаған ортаға өрескел шығын келтіретін оқиға.

Стихиялық апаттар – халықтың қалыпты тіршілік қызметі күтпеген жерден бұзылуымен, материалдық игіліктердің қирауымен, жойылуымен, сондай-ақ халық арасында құрбандықтардың болуымен сипатталатын апатты жағдайды тудыратын табиғи құбылыс.

Әрбір төтенше жағдай өзіне тән себебімен, оның даму ерекшелігімен сипатталады. Төтенше жағдай негізінде адамның тіршілік қызметі мен қоршаған орта арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы, бақылау жүйесінің тұрақсыздығы, қауымдастық қарым – қатынастың бұзылуы жатыр.


1 – ші кесте

Даму түріне байланысты

ТЖ

техногенді

Табиғи

Биологиялық, әлеуметтік

Әлеуметтік

Экологиялық












Адамзаттың қолайсыз техногенді әсері салдарынан атмосфера, гидросфера, құрғақ жерлер мен биосфераның өзгерісі








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет