11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
Шлем-масканың құрылымы.
Фильтрлеуші қораптың құрылымы.
Бас өлшеміне сәйкес шлем-масканың размері қалай таңдалады?
Респиратор қандай жағдайда қолданылады?
Әсер етуі бойынша газқағарлар қалай бөлінеді?
Материалды сапалы меңгеру үшін тәжірибелік жаттығулар өткіземіз
Тәжірибелік сабақтың нормативтері
Норматив
|
Уақыт бойынша бағалау
|
«Қанағаттанар-лықсыз» бағаны анықтайтын қателіктер
|
Газқағарды киюге арналған норматив.
|
Өте жақсы – 7 сек
Жақсы – 8 сек
Қанағаттандыралық – 10 сек
|
Газқағар бұйрық болмай жатып шешілді.
Газқағардың шлем-маскасы дұрыс таңдалма-ған немесе газқағардың ақауы бар.
|
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беруТеріні қорғау құралдары Н-14,35-56 бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы:: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері.
№2 Сабақ:Теріні қорғау құралдары
1.Сағат саны:45 мин (100%)
2.Сабақ түрі:тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:ТЖ кезінде өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәртібін үйрену;
жеке қорғаныс құралдарын, кимдерін дұрыс пайдалана білу.
тәрбиелік: әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті;
- жеке қорғаныс құралдарын, кимдерін дұрыс пайдалану тәртібін білу;
азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту: студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету;
тақырыпқа студенттің қызығушылығын арттыру.
топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі:дискуссия, бейне материал көру, кіші топта жұмыс істеу, бірін-бірі үйрету,тест тапсырмаларын орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер.кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Теріні қорғау құралдары.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Теріні қорғау құралдары
Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Теріні қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты – адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңның бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.
Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта – қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.
Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскерлер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері жалпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костьюмды пайдаланып келеді.
Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралдарына қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды іс – қимылдары жинақы.
Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерге киеді. Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып тез шаршайды. 150С – тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін, мақта – қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.
Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, коибинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шұғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай – ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы – сұйық улағыш заттарды да жібермеуге қаблетті.
Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай – ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді разиналы галошпен киген жөн.
Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата – материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады.
Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін 2,5 л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К – 4 арнайы пастасын немесе май – сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250 – 300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содан соң 0,5 л минералдық немесе өсімдік майын қосады.
Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескету мақсатында қолданылады.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецептурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.
Теріні қорғайтын заттар
Теріні қорғайтын заттар адамдарды өте күшті улы, радиоактивтік және бактериальді заттардан қорғайды. Олар арнайы және қолдан жасалған болып екіге бөлінеді.
Арнайы заттар оқшаулау (ауа өткізбейтін) және сүзгіш (ауа өткізетін) болып бөлінеді.
Арнайы оқшаулау киімі(Л-1) обаға қарсы костюм, қорғаушы костюм «Корунд», оқшаулаушы киім – ЗФО тамшыны, буды және улы заттарды денеге жібермейтін материалдан дайындалады.
Арнайы сүзгіш киімі мақта – мата материалдарынан дайындалады, бір қабатты арнайы улы заттарды ұстап қалатын химиялық затпен сіңдіріледі, ол ауа өткізгіш қасиеті сақталып, улы заттардың әсерінен залалсыздандырады.
Теріні қорғайтын қарапайым заттар ретіндеөндірістік киімдер: күртешелер, шалбар, комбинезон қолданылады. Олар брезенттен немесе өткізбейтін материалдан тігіледі. Бұл киім теріні өте улы заттардың тамшыларынан қорғайды.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Тест тапсырмалары:
1.Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін ... қолданылады.
газқағар
жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)
жеңіл қорғаныс костюмі Л-1
өкпені жасанды тыныс алдыру
тыныс алуды тоқтату
2.Теріні қорғайтын табельді зат ... болып табылады.
жалпы әскерлік қорғаныс костюмі (ОЗК)
өндірістік киім комплекті
су өткізбейтін плащ
мақтадан жасалған киімдер
арнайы өндірістік киімдер
3.Медициналық қорғанысқа арналған заттар - ... .
антидоттар
газқағарлар
жалпы әскерлік қорғаныс костюмдер комплектілер (ОЗК)
таңып-байлау заттары
ВПХР
4.Радиоқорғанышты әсері бар дәрілік зат - ... .
цистамин
іш өткізетін дәрі
промедол
бромгексидин
хлортетрациклин
5.Зақымданған ошақтан 1-ші кезекте ... эвакуация жасалынады.
балалар
студенттер
АҚ штабы
медицина құрылымдар
әскери құрылымдар
6.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш затқа жатады - ... .
табун
иприт
синильді қышқыл
фосген
BZ
7.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш затқа жатады - ...
зоман
BZ
хлорацетофенон
фосген
хлорциан
8.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш затқа жатады - ...
VX
адамсит
хлорацетофенон
хлорциан
иприт
9.АҚ жедел отрядынын жұмысқа мүмкіндігінше жоғарғы дайын болу уақыты - ...
2 сағаттан артық емес
4 сағаттан артық емес
6 сағаттан артық емес
1 сағаттан артық емес
3 сағаттан артық емес
10.Адамдарды толық қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ... жатады.
теріні, тыныс жолдарын және медициналық қорғау құралдары
кілегей қабатты қорғау заттары
паналау ғимараттары
химиялық қорғау заттары, транспорттар
радиациялық қорғау заттары, әуе транспорттары
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин(10%)
13. Үйге тапсырма беру:Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері Н-2,102-104 бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы:Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№3 Сабақ: Халықты қорғаудың негізгі принциптерімен қорғау әдістері
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі:тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:тұрғындарды қорғаудың негізгі ұстанымдарынмінездемесін оқып-үйрену;
-ғимараттардың қорғаныс түрлерінбілу;
тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс
ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде азаматтықпозиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі:бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер,кеспе қағаздары,сұрақ билеттері.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.
2. Паналау ғимараттарын дайындықта ұстау.
3. Ғимаратты паналаушылардың міндеттері.
4. Ғимаратты паналаушыларға қатаң тыйым салынады.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%) 10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Халықты қорғаудың негізгі әдістері
Төтенше жағдай кезінде халықты және территорияны қорғау – адам шығынын барынша азайту үшін инженерлік – техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және тағы басқа жүргізілетін жұмыстар жиынтығы.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері. Халықтың қорғаныс ғимараттарын дайындау және адамдарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі міндеті қорғаныс ғимараттарын паналаушыларды қабылдауға дайын қалпында сақтау болып саналады.
Негізгі қорғаныс ғимараттарына жатады: паналар мен радиациядан қорғайтын паналау орындары.
Пана – ештеңе өткізбейтін, адамдарды ядролық жарылыстан, жоғары температурадан, өрт болған жағдайда жану заттарынан, улану және бактериологиялық заттардан қорғануды қамтамасыз ететін паналау ғимараттары
Паналау ғимараттары соққы толқынына төтеп беріп, паналаушылардың ұзақ уақыт пана ішінде отыруын қамтамасыз етуі тиіс. Сыйымдылығына байланысты паналау ғимараттарын шартты түрде келесідей бөледі. Сыйымдылығы аз пана (150-600 адам), орта сыйымдылықты пана (2000 мың адамнан жоғары).
Сонымен бірге паналау ғимараты ретінде жертөле, тоннель, шахталар мен рудниктерді пайдалануға болады. Паналау ғимараты негізгі және қосымша бөлмелерден тұрады.
Негізгі бөлмелерді паналаушы адамдар жайғасады, онда екі немесе үш желкенді кереуеттер қойылады.
Қосымша бөлмелерде – ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, шлюз камералары (тамбур), фильтрлі желдеткіш камералары, санитария бөлмелері орналасады. Екі кіру және есіктері болады. Паналау ғимараты электр жүйесі, жылу, су, канализация, радио және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Негізгі бөлмелерде орындықтардың бір адамға арналған көлемі 0,45 х 0,45м2, ал жатуға арналған кереует көлемі 0,55 х 1,8м. Паналау ғимаратының биіктігі 2,2 м, бір адамға ауа көлемі 1,5м3. Әрбір паналау ғимараты барлау жұмысын жүргізу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.
Паналарды ғимараттың астына салуға болмайды, өйткені су жүйесі, канализация бұзылған немесе аварияға ұшыраған жағдайда паналау ғимаратын су басуы мүмкін.
Тез салынатын паналау ғимаратын жанар – жағар май, күшті әсер ететін улы зат, ағаш қоймаларынан және жарылғыш – өртену қауіпі бар жерден алыс салынады.
Салыну мерзіміне байланысты олар бейбітшілік уақытында алдын – ала салынған және ядролық арналған тез салынатын паналау ғимараттары болып бөлінеді.
Тез салынатын паналау ғимараттарында жеке қорғаныс құралдарынсыз отыруға болады. тез салынатын паналау ғимараты қысқа мерзім ішінде темір- бетон конструкциялары мен ағаш материалдарынан құрастырылады немесе үйлердің астында жасалады. Оларды салу үшін алдын – ала жобалау құжаттарды дайындалады.
Оларды салатын жерді жер асты жүйелерінің (жылу жүйесі, канализация, су құбыры, байланыс электр кабелі және т.б.)өтуінескере отырып таңдайды. Оны ылдидан алысырақ,қауіпсіздеу орынға салу керектігін естен шығармау керек. Тез салынатын паналау ғимаратына ауаны тазартып паналау ғимаратына беретін, айдап соратын сүзгі орнатылады, ауа жіберетін және сыртқа шығаратын тесіктер ағаш және қорғағыш тығыз жабылатын есіктермен бекітіледі. Сүзіп желдету режимі кезінде ауаның берілуін қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік негізде жасалынған немесе қол велосипед жетегімен жұмыс істейтін қуаты бір паналаушыға шаққанда кемінде 2м3сағатына ауа беретін қарапайым үлгідегі желдеткіштер қолданылады. Ауаны радиоактивті тозаңнан, уландырғыш бактериялық заттардан тазарту үшін өнеркәсіптік негізде жасалған сүзгілер, ал олар болмаған жағдайда қолда бар заттардан жасалған сүзгілер пайдаланылады. Паналау ғимараттарының ішінде сақталатын ыдысқа бір паналаушыға тәулігіне 3л келетіндей есеппен ауыз су қоры жиналады.
Суды ыдысқа толтырғаннан кейін оны 1м3 суға 10г хлорлы әк келетіндей етіп хлорлайды.
Бір адамға 6-7 л келетіндей есеппен дәретхананы жуады. Санитариялық жүйенің астына паналаушылардың оқшау және ауа желдеткішінің ауаны сыртқа айдайтын өзектерге жақын орналасқан арнаулы орын жасалады. Жарық кәдімгі әдіспен немесе батареяларды, аккумуляторларды, шамдарды және т.б.пайдалану арқылы берілуі мүмкін.
Паналау ғимараттарын дайындықта ұстау
Барлық паналау ғимараттары адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Бейбіт уақытта паналау ғимараттары мекемелердің шаруашылық қажеттілігіне пайдаланады. Алдын – ала желдеткіш, жылу, су және жарықпен қамтамасыз ету, радио және байланыс жүйелері тексеріледі. Керует, орындықтар қойылады, үш тәулікке жететін ауыз сумен, азық – түлікпен қамтамасыз етіледі.
Паналаушы адамдар өзімен бірге алуы тиіс: жеке қорғаныс заттарын, барлық жанұя мүшелерінің құжаттарын, ақша, бағалы заттар, 2-3 тәулікке жететін құрғақ тамақ түрлерін және әрбір жанұя мүшесіне 1,5-2 л ауыз суды.
Паналау ғимараттарын ұйымдасқан түрде тез және үрейлендірмей толтыру керек. Балаларымен келген паналаушылар жеке ана мен бала бөлмесіне орналастырылады. Қартайған және ауру адамдар ауа өткізгіш желдеткіш құбырлардың жанына орналастырады.
Паналаушыларды толтыру және орналастыру жұмысын арнайы жасақтар жүргізеді. Жасақ тобының бастығы есікті жауып, кешіккендерді ғимаратқа арнайы шлюз – тамбур арқылы кіргізеді.
Ғимаратты паналаушылардың міндеттері:
ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
жеке қорғаныс заттарын дайындықта ұстау;
техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;
қызмет көрсететін топқа апатты басу үшін көмек көрсету;
бөлменің тазалығын қадағалау.
Ғимаратты паналаушыларға қатаң тыйым салынады:
темекі шегуге, спиртті сусындарды пайдалануға;
үй жануарларын алып келуге;
күшті, өткір иісті, тез жанатын заттарды алып кіруге;
шулауға, қатты сөйлеуге, жүруге, есікті ашып ғимараттан шығуға;
жарық көзі ретінде ашық отты пайдалануға.
Паналау ғимаратында сөйлесу, кітап оқу, радиохабарды тыңдау, шахмат, шашка ойындарын ойнауға рұқсат етіледі. Паналау ғимаратынан шығу коменданттың бұйрығымен, сырттағы жағдайды анықтағаннан кейін іске асырылады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
1-билет
Халықты қорғау қағидасы.
Паналау ғимараттарында бір адамға отыратын қанша аумақ қажет?
2-билет
ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары қай заңда, қай
жылы анықталған?
Соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі қайсы?
3-билет
Қорғаныс ғимараттары дегеніміз не?
Паналау ғимараттарында бір адамға бір сағатқа қанша (куб. метр) ауа қажет?
4-билет
Пана дегеніміз не?
Тез тұрғызылатын панаханалардың сыйымдылығы қанша?
5-билет
Халықты көшірудің басты мақсаты неде?
Паналау ғимаратының биіктігі, бір адамға ауа көлемі қанша?
6-билет
Ғимаратты паналаушылардың міндеттері.
Жеке қорғаныс құралдарына не жатады?
7-билет
Қорғаныс ғимараттары қалай жіктеледі?
Панахана сиымдылығы бойынша қаншаға қалай бөлінеді?
8-билет
Жылдам тұрғызылатын панаханалардың салыну уақыты мен жұмыс ережелері.
Паналау ғимараттары не үшін керек?
9-билет
Паналау ғимаратының қауіпсіздігінің мағынасы неде?
Паналау ғимараты ішінде рұхсат етілмейтін әрекеттер.
10-билет
Паналау ғимараттарын дайындықта ұстау дегеніміз не?
Паналарды ғимараттың салыну тәртібі.
11-билет
Паналаушы адамдар өзімен бірге нені алуы тиіс?
Паналау ғимараттарының ішінде сақталатын ыдысқа бір паналаушыға тәулігіне есеппен қанша су қоры қажет?
12-билет
Негізгі бөлмелерде орындықтардың бір адамға арналған көлемі қанша?
Қарапайым паналау ғимараттарының құрылымы қандай?
13-билет
Панаханадағы 1 адамға вентиляция арқылы жіберілетін ауаның
мөлшері қанша?
Халықты инженерлік қорғау шаралары дегеніміз не?
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру: Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары. Н-14 104-115-бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№4. Сабақ: Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі:тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:тұрғындарды қорғаудың негізгі ұстанымдарын,
мінездемесін оқып-үйрену;
-ғимараттардың қорғаныс түрлерін білу;
тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс
ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі:бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер,кеспе қағаздары, бақылау сұрақтары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.
Панаханалар.
Панахананың сыйымдылығы ненің жиынымен анықталады?
Ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі мен температура
қаншадан аспауға тиіс?
Панаханаға қойылатын негізгі талаптар.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%) 10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай – ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай – ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық – түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.
Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттерінің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді – мекендерге адамдарды паналауға арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам тұрғылуға тиіс.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғыларымен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.
Панаханалар
Панаханалар жан – жақты қымтылған құрғылардың және желдеткіш
құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс. Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.
Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай – ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық – гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.
Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын – 300 адамға дейін, орта – 300-600 адам, үлкен – 600-ден астам адам.
Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық – тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.
Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі - 80%), температура 230С (шекті жол берілуі – 310С) аспауға тиіс.
Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тиіс. Олар адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы, панахана арқылы транзиттік – инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.
Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберістер мен шығаберістердің болуы.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанцияларын, тамбур – шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м3кем болмауы тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуы тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденнің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болуға тиіс (шекті жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).
Жасырынуға арналған бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екіярустыорындықтар немесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға арналған орын нар екіярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орынның 20%-ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30% -ін құрауға тиіс.
Басқару нүктесіне арналған бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.
Санитарлық нүкте (медпунк) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық жағдайын тұрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық – түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі – дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе 100-150 адам; 2 тізбе 400-600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.
Желдетілетін бөлме панаханың ішкі қабырғаларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығаберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
ДЭС үшін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.
Тамбур – шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.
Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.
Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур – шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есіік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасаладыол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымтылған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашықтыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2 қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеды. Биіктігі 1,2 м төмен жерге қарай ашылатын металл тор орнатылады.
Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай – ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (II режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ – дан тазартылады.
Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).
Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш – жұтқыштан, жылу ұстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауаұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.
Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +100С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.
Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, сондай – ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.
Панаханадағы ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке тұрған панаханаларда ауыз суы сыйымдылығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.
Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Панаханың санитарлық торабы бөлмесіне ағындарды жинау үшін авариялық резервуар орнатылады. Резервуар жабынына унитаз орнына пайдаланылатын және қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасырынушы үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1л есеппен орын қарастырылады.
Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден – ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электрберу тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.
Жылдам тұрғызылатын панахалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағжайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) – 50-200 адам.
ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурды, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.
ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдыры ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған құм мен шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстар, ауаның шаңнан тазалайтын мата сүзгі, су құйылатын ыдыс, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай – ақ нарлар мен орындықтар кіреді.
ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш – желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланады.
Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.
Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.
Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өнеркәсіптік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.
Тау – кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын – шашыннан сенімді қорғай алады.
Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар қымта үшін ағаш есік қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареялары пайдаланылады, ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады.
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)
РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте
төмен шағын қалалардағы, сондай – ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп – қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.
Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.
РҚО – ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам көп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретіндеыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7 м биіктікке тас пен кірпіштен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.
РҚО – ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымтылған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.
Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.
Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клозет немесе резервуар – шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.
Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.
РҚО – да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.
Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.
Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.
РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Алған білімдерін тексеруге арналған бақылау сұрақтар:
1-нұсқа
Паналау ғимараттарының тағайындалуы және қауіпсіздігі.
Адамдар үйде болғанда «Әуе дабылы» сигналы кезінде ауыл және қала халқының іс-әрекеті.
Панахана бөлмесінің биіктігі қанша болу керек?
Панахананың негізгі және қосалқы бөлмелері.
2-нұсқа
Паналау ғимараттарының ішіндегі тәртіпті сақтау негіздері.
«Әуе дабылы» сигналы кезінде көшеде немесе автотранспортта болған кездегі сіздің іс- әрекетіңіз.
Панахана бөлмесінің көлемі бір жасырынушыға қанша?
Панахана желдеткішінің жұмыс режим.
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру: Халықты қорғау жөніндегі
Азаматтық қорғаныстың индженерлік-техникалық шаралары. Н-14,148-151-бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№5. Сабақ: Халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың
индженерлік-техникалық шаралары
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі:тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың
индженерлік-техникалық шараларын оқып-үйрену;
-ғимараттардың қорғаныс түрлерін білу;
тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс
ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі:бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер,кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың индженерлік-техникалық шаралары.
2.АҚ бойынша топтарға жататын қалалар.
3.Категорияланған объектілер.
4. Қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағы.
5. Қатты радиоактивті зақымдану (ластаиу) аймағы.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%) 10.Ақпараттық материялмен жұмыс
ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚШАРАЛАРЫ
Халықты инженерлік қорғау шаралары: бүкіл республика аумағында алдын ала; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде жоспарланады және жүзеге асырылады; дифференциялау (панаханалар АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қаланың сыртындағы (қауіпсіз) аймақта салынады) жүргізілуі тиіс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесі ТЖ туындау қаупі мен туындауы кезінде АҚ дабылдары мен ақпараттарды беруге тұрақтары даярлықта болуы тиіс.
АҚ инженерлік-техникалық шаралар өз уақытында әзірленіп бейбіт уақытта өтуге тиіс. Өз сипаты бойынша өз уақытында жүргізілмейтін шаралар ерекше кезеңде (қарсылас шабуылы қауіпі жағдайында) өте қысқа мерзімде өткізілуге тиіс.
Қорғаныс ғимараттары - бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардан, сондай-ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.
Шаруашылық салалары мен объектілерде АҚ инженерлік-техника шараларын жоғалау 2.01.51-90 Құрылыс нормалары мен тәртіптеріне және АҚ мен ТЖ саласында орталық атқарушы органмен (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі) келісім бойынша министірліктер мен өзге орталық атқарушы органдар әзірлеп бекіткен нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Бұдан әрі берілген материалды түсіну үшін төмендеп терминдер мен түсініктерді білу қажет:
АҚ бойынша топтарға жататын қалалар - бұл үлкен экономикалық, стратегиялық және қорғаныстық маңызы барқалалар.
Категорияланған объектілер - үлкен экономикалық және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.
Топтар бойынша қалалар, категориялар бойынша категорияланған объектілер тізбесі Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен анықталады.
Соққы толқыны майданында артық қысым (Рф) 10 к Па (0,1кгс/кг.см) және одан артық пайда болуы мүмкін АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды шаруашылық объектілері орналасқан, аумақ ықтимал қираулар аймағын құрайды.
Соққы толқынының майданында артық қысым (Рф) 30к Па (0,3 кгс/кг.см) тең және одан артық шегіндегі ықтимал қираулар аумағының бір белігі ықтимал күшті қираулар аймағын құрайды.
Ықтимал қатты қираулар аймағы мен ықтимал қираулар аймағы шекаралары арасында тұрған аумақ ықтимал әлсіз қираулар аймағын құрайды.
Ықтимал күшті қираулар аймақ шекарасы мен ықтимал әлсіз қирау аймағы шекарасын жобалық құрылыс салу шекарасынан аулақтату категорияланған қалалар мен шаруашылық объектілерінің категориясына байланысты.
Ықтимал қатты қираулар аймағы, әдеттегідей, категорияланған қалалардың жобалық құрылыс шекарасымен орайлас келеді.
Ықтимал әлсіз қираулар аймағы категорияланған қалалар мен аса маңызды объектілершекарасынан 7—10 км қашықтыкта орналасқан.
АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен аса маңызды объектілерден ықтимал қираулар аймағымен жапсарлас, ені 20км аумақ ықтимал қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағы деп аталады.
Ықтимал қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) аймағының шекарасына жапсарлас, ені 100км аумақ ықтимал қатты радиоактивті зақымдану (ластаиу) аймағы деп аталады.
ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында, мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.
ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген (шығарылған) орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі мен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты.
Ықтимал қираулар аймағынан, ықтимал қауіпті химиялық зақымдану, ықтимал апатты су басу, сондай-ақ ықтимал қауіпті радиоактивті ластану аймағынан тыс орналасқан және жергілікті, көшірілген халықтың тіршілігі үшін жарамды облыс әкімшілікті шекарасы шегіндегі аумақ қауіпсіз (қала сырты) аймағын құрайды.
Халықты инженерлік қорғау жүйесі мына бағытта қамтиды:
- қорғаныс ғимараттары қорын жинақтау;
- қорғаныс ғимараттарын паналаушыларды қабылдау тұрақты әзірлікте ұстау;
- жау шабуылы қауіпі кезіңде жылдам тұрғызылатын панаханаларды салу;
-хабарлау жүйесін АҚ дабылы мен ол бойынша іс-әрекет туралы ақпаратты бүкіл халыққа жеткізу жүйесін тұрақты әзірлікге ұстау.
Бейбіт уақытта жүргізілстін инженерлік корғаныс шараларына мыналар жатады:
- панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындар (РҚО) бойынша нормативтік және жобалық техникалық құжаттаманы әзірлеу
- ҚН және жобаларды әзірлеу
- қорғаныс ғимарттарын салуды жоспарлау. Бұл құрылыс болашақ және жылдық жоспарларға кіреді.
- қорғаныс ғимарттарын салу. Жұмыс істейтін шағын ауысымды жасырыну үшін барлық қорғаныс ғимараттары бсйбіт уақытта салуға тиіс.
- халыкты жасырынуға жарамды ғимараттарды анықгау және зерттеу
- қалалардың жер асты кеңістігін, тау ұңғымаларын, жартастар мен табиғи жыраларды қорғаныс ғимараттары етіп ыңғайлау
- қорғаныс ғимарттары қоры күтіп-ұстау және Кызметшілерді даярлау
- екі нұсқа бойынша халықты жасыру жоспарын әзірлеу: АҚ шараларын жоспарлы жүргізген және жау кенеттен шабуылдаған кезде.
- қарапайым панахана мен жылдам тұрғызылатын панахананы салу бойынша дайындық шараларын жүргізу.
Соғыс уақытында өтікзілетін инженерлік қорғаныстарына мыналар жатады:
- қолда бар қорғаныс ғимараттары паналаушыларды қабылдау үшін тұрақты әзірлікке келтіру;
- қолда бар жертөлелік бөлмелер мен цоккольдік ғимараттар бірінші қабаттарын радиациядан қорғайтын орын (РҚО) етіп ыңғайлау;
- жеңіл қондырғылар мен қорғаныс ғимараттарын салу. Жеңіл қондырғылары бар қорғаныс ғимарттары немесе жылдам турғызылатын панахана бейбіт уақытта қорғаныс ғимаратымен қамсыздандырылмаған категорияланған қалаларда немесе аса маңызды объектілерде соғыс уақытында жұмыс істейтін шағын ауысымдар үшін салынады;
- қарапайым панаханаларды салу. Қарапайым панаханалар шабуыл қауіпіне байланысты категорияланған қалалардағы еңбекке жарамды халықтың күшімен салынады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Тест тапсырмалары:
Кірпіштен салынған ғимараттар сәулелену дозасын ... әлсіретеді.
10 есе
3 есе
5 есе
15 есе
50 есе
2.Қорғаныс ғимаратындағы 1 адамға арналған судың апатты қоры - ... .
3 литр тәулігіне
2 литр тәулігіне
2,5 литр тәулігіне
5 литр тәулігіне
1,5 литр тәулігіне
3.Қорғаныс ғимараты ішіндегі ауаның (адамдарға қауіпті) минимальды деңгейінің пайызы - ... .
4% және одан төмен
18% және одан төмен
20% және одан төмен
25% және одан төмен
16% және одан төмен
4.Тез тұрғызылатын панаханалардың сыйымдылығы - ... .
50 және 100 адам
20 және 50 адам
100 және 150 адам
40 және 80 адам
10 және 30 адам
5.Қарапайым панаханалардағы, қуыстағы адам сыйымдылығы - ... .
10-15 адам
15-30 адам
25-30 адам
30-40 адам
5-10 адам
6.Өте қатты зақымданған аймақта адамдар паналау ғимараттарында ... болуы керек.
үш тәулік және одан көп
бір ай ағымында
бірнеше сағат
24 сағат
48 сағат
7.Негізгі мақсаты халықты қорғау болған алғашқы ұйым ... пайда болды.
1932 ж.
1918 ж.
1945 ж.
1963 ж.
1961 ж.
8.Қазіргі заманғы хабарлау құралдары - ... .
теледидар
арнайы транспорт
шіркеу қоңырауы
жарық маскировкасы
өртке қарсы дабыл
9.Термоядролық қарудың қуаты 1 Мт кезiнде жарық сәулесiнiң
ұзақтығы ... .
10 с
15 с
25 с
40 с
60 с
10. Панаханадағы 1 адамға вентиляция арқылы жіберілетін ауаның мөлшері - ... .
13 м³/сағ дейін
16 м³/сағ дейін
20 м³/сағ дейін
14 м³/сағ дейін
18 м³/сағ дейін
11. Объектiнiң азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң бiрi ... .
қорғаныс паналарының
технологиялық процесстi бақылау
сумен қамтамасыз ету
жұмысшыларды дереу жинау
ғимараттарды герметикалау
12. Қорғаныс пананың есiктер саны - ... .
екiден кем емес
төрттен кем емес
алты кем емес
бестен артық
бiреу емес
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру: Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау. Н-14,151-154 бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.
№6. Сабақ: Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі:тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауды
оқып-үйрену;
-осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаныс түрлерін білу;
тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс
ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;
дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.
4. Оқыту әдісі: бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер,кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Панахана сиымдылығы.
2. Негізгі бөлмелер.
3. Қосалқы бөлмелер.
4. Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП).
5. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО).
6. Ашық және жабық қуыстар.
7. Қорғаныс ғимаратын панахана, РҚО режиміне көшіру.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%) 10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Панаханалар халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең
негізгі тәсілдерінің бірі.
Панахана ядролық жарылыстың зақымдану факторларынан, сондай – ақ улағыш заттардан (УЗ), қатты әсер ететін улағыш заттардан (ҚӘУЗ), ядролық энергоқондырғының бұзылуынан болған радиобелсенді заттардан, жоғары температурамен өрт шыққанда жанатын заттардың ықпалынан қорғауды қамтамасыз етеді.
Барлық панаханаларда жасырынатындарды ядролық жарылыс соққысы толқынының майданында артық қысымның ықпалынан – 100 кПА (1кгс/кв.см) қорғауды және 1000 – ға тең иондаушы сәулеленудің радиациялық дозасын әлсірету дәрежесі болуы тиіс.
Панаханадағы тіршілік жүйесі жасырынатындардың есептік санының үздіксіз келіп - кетуін екі тәулік бойы қамсыздандыру тиіс.
Панахана сиымдылығы бойынша мыналар бөлінеді:
шағын – 300 адамға дейін;
орташа – 300 – 600 адам;
кең – 600 – ден астам.
Негізгі бөлмелерге:
жасырынушыларға арналған бөлмелер;
басқару пункттері;
санитарлық орын (медпунк) жатады.
Қосалқы бөлмелер:
сүзгіжелдеткіш бөлмелер;
санитарлық тораптар;
қорғалған дизэлектрстанциялары;
электрщиттері;
азық – түлік сақтауға арналған бөлме;
айдау станциясы;
балондық;
тамбур – шлюз;
тамбурлар.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі қабатты нар кезінде 0,5м2және үш қабатты нар кезінде 0,4м2 болуы керек. Бөлменің көлемі бір жасырынушыға – 1,5м.куб.
Бөлменің биіктігі 2,15 – тен 3,5 м дейін болуы керек.
Есептелген жатуға арналған орынның саны: жатуға арналған орын нар екі қабатты болып орналасқанда, панаханада жалпы орынның 20% - ды, ал үш қабатты болып орналасқан кезде 30% - ды құруы тиіс.
Сүзгіш – желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша 2 режімнен тұрады.
таза желдеткіш – ауа радиоактивті шаңнан тазарады;
сүзгіш – желдеткіш – ауа сүзгіде тазартады, сонымен қатар, улайтын және бактериалы заттардан тазартады.
Бір жасырынушыға шаққандағы ауа көлемі:
таза желдету режімі бойынша – 13куб.м/сағ. дейін;
сүзгіш – желдеткіш режімі бойынша – 3куб.м/сағ. дейін.
Қажетті ауа қоршаған ортаның температурасына байланысты және
панаханаларды салған кезде ескеріледі.
Панаханалардағы санитарлық тораптар – екіден кем болмауы тиіс, бірі ер адамдарға, екіншісі әйел адамдарға деп бөлінеді.
Панаханалардағы жылыту панахананың іші паналаушыларға толғаннан кейін тоқтатылады.
Ғимараттың ішіндегі ең жоғарғы температура +340С және одан жоғары болса, (адам өміріне қауіпті).
Панаханада әрбір жасырынушы үшін қарастырылған ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 литрден болып қарастырылған.
Қорғаныс ғимаратының ішіндегі ауадағы кислородтың ең аз мөлшері - 14% және одан төмен болса, адам өміріне қауіпті.
Шағын көлемді бөлмеде, ереже бойынша, панаханадағы ауаның таралуы үшін электрліқол желдеткіші орнатылады.
Орта және үлкен көлемді панаханаларда қорғалған дизелді – электростанциясын орнату қарастырылады.
Панаханаларда, ереже бойынша, шығу есігі екіден кем болмауы керек, олардың біреуі авариялық шығу болып қолданылуы мүмкін. Панаханалардағы сыртқы есікте ішкі есікте, ауа өтпейтіндей қорғалған.
Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) – қарсыластың шабуыл жасау қаупі төнгенде, 15 тәуліктен 1 айға дейінгі қысқа мерзімде, қарапайым жабдықтармен салынатын қорғаныс ғимараты.
Оның сиымдылығы, ережеге сейкес, 50 және 100 адам.
Бейбіт уақытта қолданылған ғимаратты қорғаныс ғимаратының режіміне ауыстыру. Азаматтық қорғаныс бастығының өкімімен 12 сағаттан аспайтын уақытта іске асырылады.
Жасырынушылардың қабылдауға арналған қорғаныс ғимараттарының дайын болуын, қорғаныс ғимаратында қызмет ететін топтардың (звенолардың) жеке құрамы іске асырады. Топтардың (звенолардың) жеке құрамының саны қорғаныс ғимараттарының сыйымдылығы мен қолда бар инженерлік – техникалық жабдықтарға байланысты анықталады.
«Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс құрылыстарын пайдалану нұсқаулығында» қорғаныс ғимараттарын дайындыққа келтіру және пайдалану мен қызмет көрсету тәртібі анықталған.
Жасырынушылар қорғаныс ғимаратында болуы кезінде өзін – өзі ұстаудың белгіленген ережелерін, ішкі тәртіпті, техника қауіпсіздігін, қорғаныс ғимаратында қызмет көрсету жөніндегі (звеноның) жеке құрамының барлық өкімдерін қадағалауы тиіс.
Жасырынушыларға қорғаныс ғимаратында өзімен бірге үй жануарларын әкелуге тиым салынады. Басқа да шектеу шаралары белгіленген.
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) – олар адамдарды радиоактивті зақымдалу (ластану) жағдайында сәулеленуден қорғауды және үсті – үстіне келіп жатқан, екі тәулікке есептелінген жасырынушыларды қабылдауды қамтамасыз ету керек. РҚО шамалы қираған жерде орналасатын болса, оларды қоршаған құрылымдар, 20кПа (0,2 кгс/кв.см.) тең шепте болған соққы толқынының қысымына төтеп беруше есептелінген болуы керек. РҚО қатты бұзылуы мүмкін аймақтан алшақ орналасқан шаруашылықпен айналысатын объектілер жұмысшылары мен қызметкерлерін, сонымен қатар санатталмаған қалалар, ауылдар мен елді мекендердің халқын көшіру кезінде белгіленген қалалар мен ауылдардың және елді мекендердің халқын қорғауға арналған.
Адамдарды жасыру үшін қолданылатын тереңдетілген үй – жайлар жетіспеген жағдайда, арнайы РҚО салынады. Олардың құрылысына қолда бар құрылыс материалдары қолданылады.
РҚО – ның сиымдылығы тәртіпке сәйкес 10 – 50 адам, жекелеген жағдайларда 100, не одан да көп адам.
РҚО – ның құрамында жасырынушыларды орналастыратын орындар, дәретханалар, желдеткіштерді орналастыруға және ластанған сыртқы киімдерді сақтауға арналған үй – жайлар қарастырылады.
Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі панахананың желдету табиғи жолмен тартып алатын тораптармен, ал сыйымдылығы 50 адамнан көп болатын болса, желдету мәжбүрлеу жүйесімен желдетіледі. Панаханаларда азық – түлікті, ұжымдық медициналық қобдиша мен құрал – саймандарды сақтайтын орындар қарастырылады.
Қарапайым панахана
Панаханалармен РҚО жетіспегенде, сондай – ақ уақыт тапшы болып және қаражат болмаған жағдайда, барлық еңбекке жарамды жұртшылық бірігіп, қарапайым панахана – құрылыстарын (ашық және жабық) салады.
Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 – 2 есеге азаяды. Сәулеленуге ұшырау ықтималдығы 2,3 есе азаяды.
Егер тесіктерді бекітсе, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Тесіктер мен жарықтарды бекіту, сонымен қатар, киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, ондай – ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
РҚО мен қарапайым панаханаларға жасырынғанда жеке бастың қорғаныс заттарын қолдану қажет.
Қарапайым панахана белгілі бір жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттарымен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады.
Бастапқыда тесік ашық болып табылады. Тереңдігі 180 – 200 см, жоғарыдағы ені 110 – 120 см және төмендегі ені 80 см болып қазылады.
Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50 – 60 см есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10 – 15 адам, ал үлкен қуыста – 50 адам.
Ең оңай табылатын панаханалар – ашық және жабық қуыстар. Олар адамдарды соққы толқынынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан, сондай – ақ ғимараттар мен құрылыстардың сынықтарынан қорғайды.
Қуыс – құрылғысы бойынша қарапайым ортақ ғимарат. Оны халық қысқа мерзімде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыста ядролық жарылыстың соққы толқынымен, жарық сәулесімен және өткіш радиациямен зақымдану ықтималдығы ашық жерлермен салыстырғанда 1,5-2 есеге азаяды. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдегі 200 см, жоғарыдағы ені – 120 см және төмендігі ені – 80 см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына қарай. Жабық қуысты диаметрі 18 – 20 см бөренеден, темір бетон плитасынан жасайды, оның төбесінің үстіне рубероидпен, полиэтиленді пленканы немесе қалыңдығы 20 – 30 топырақ қабатымен төсейді, бұдан кейін 70 – 80 см қалыңдықтағы топырақ төгеді және шым қыртысымен жабады.
Шығаберісті бір немесе екі жағынан қуысты бұрыштай етіп салып, есікпен және орындықпен жабдықтайды. Желдету үшін сорғыш тетігі орнатылады. Қуыстарды салу үшін орынды ықтимал үйінді аймағын тысқары жерде орнатылады. Қуыстарды салу үшін орынды ықтимал үйінді аймағын тысқары жерде таңдайды.
Кіреберістегі сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |