Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет1/3
Дата17.04.2017
өлшемі1,76 Mb.
#14039
  1   2   3


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пӘні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 3. Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау.

(жалпы сағат саны:12сағ;тәжірибе-8сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.


«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері.

(сағат саны:12сағ-540мин;тәжірибе 8сағ-360мин)

1 Сабақ:Жеке қорғаныс құралдары


  1. Сағат саны:45 мин (100%)

  2. Сабақтүрі:тәжірибелік

  3. Сабақтың мақсаты:

оқыту:жеке қорғаныс құралдарының қолданысын түсіндіру;

- қорғаныс құралдарын, газқағарларды қолдануды меңгеру;



тәрбиелік: тақырыпқа студенттің қызығушылығын арттыру,баулу;

дамыту: студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету,топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:презентация,кестелер,суреттер,

кеспе қағаздары,нормативтік тапсырмаларды орындау.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын заттар.

  2. Сүзгіш газ сейілткіштер.

  3. Балаларға арналған сүзгіш газ сейілткіштер.

  4. Оқшаулағыш газ сейілткіштер.

5.Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қарапайым заттар

9. Жаңа сабақты түсіндіру:7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Тыныс алу мүшелерін қорғайтын заттар

Олар қорғау негізіне байланысты екі түрге бөлінеді:



  • сүзгіш газ сейілткіштер (противогаздар)

  • оқшаулағыш газ сейілткіштер.

Дайындау материалына байланысты олар өндірісте дайындалған және

қолдан жасалған болып бөлінеді.



Жеке қорғаныс заттарын сақтау орындары жұмысшылар мен қызметкерлер нысандарына жақын жерде орналасуы тиіс.

Сүзгіш газ сейілткіштер

Тыныс алу ағзаларын (мүшелерін) қорғау үшін сүзгіш газ сейілткіштер қолданылады, олардың келесі түрлері белгілі АГС (ГП)-5, АГС (ГП)-7В және АГС (ГП) – 7


Газ сейілткіштер сүзгіш (филтрация жасаушы) қораптан және бет бөлімінен (дулыға) + бет пердеден тұрады. Комплект құрамына дымқылданбайтын пленка және дорбасы кіреді


Қораптың газға қарсы сүзгіш қабаты белсенді көмір элементі болып табылады, биіктігі 70 мм, диаметрі 107 мм. АГС (ГП)-5 газ сейілткіштің бет бөлігі резеңкелі дулыға – бет пердеден, көзілдіріктен құралған.

Газ сейілткіштер 6 сағат бойы парлар мен газдардан және 2 сағатқа дейін теріге енуші улағыш заттардың тамшыларынан қорғайды

Дулыға – бет пердесінің мөлшерін анықтау. АГС (ГП)-5 дулыға бет пердесінің бс мөлшері болады (0,1,2,3,4), олар дулығаның екі жағында араб сандарымен белгіленеді. Дулыға – бет пердесінің мөлшерін анықтау үшін келесі 3 нүктелері арқылы өлшенеді: иек, ұрт, құлақ қалқаның ұшы. Өлшеуді жұмсақ сантиметрлік лентамен жүргізеді.



Балаларға арналған сүзгіш газ сейілткіштер. Балалардың тыныс алу жүйесін қорғау үшін келесі типтегі сейілткіштер қолданылады: БГС (ДП) – 6м, БГС-6, БГС (ПД)-2 (мектепке дейінгі және мектептік) (16-ші сурет). Сонымен бірге 1,5 дейінгі балаларды қорғау үшін (балаларға арналған қорғау камералары) КДЗ – 4, КЗД – 6 қолданылады. Оның құрылысы: жеңілдетілген газға қарсы қораптан және беттік бөліктен тұрады.

Оқшаулағыш газ сейілткіштер. Оқшаулағыш газ сейілткіштердің сүзгілі сейілткіштерден айырмашылығы сол, олар тыныс мүшелерін айналадағы атмосферадан толық оқшаулайды. Оқшаулағыш газ сейілткіштер сүзгіш сейілткіштер сенімді қорғай алмаған кезде, яғни улы заттардың концентрациясы жоғары болғанда, ауада оттегі жетіспеген жағдайда, мысалы өртенген үйді сөндірген кезде қолданылады

Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қарапайым заттар

Шаңға қарсы пайдаланылатын респираторлық – тыныс алу мүшелерін зиянды заттардың аэрозольдерінен қорғауға арналған. Респиратордың екі түрін бөледі: Р-2, Р4 және Р2Д (7 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған респираторлар). Респираторлар радиоактивтік, өндірістік және басқа шаңдардан қорғайды.

Сонымен қатар өндірістерде газ сейілткіш негізінде жасалған респираторлар қолданылады: РПГ-67, ИП-4,5, ИГ-4 және РУ 60М

Шаңға қарсы пайдаланылатын мақта – бет перде (ПТМ–1) тыныс органдары мен көзді радиоактивтік шаңнан қорғайды. Ішке жұтылатын ауа шаңға қарсы пайдаланылатын мақта – бет перде арқылы өткенде радиоактивтік шаңнан тазартады. Мақта – бет перде негізгі екі бөліктен – корпустан және бекіткіштен тұрады. Корпуста көруге арналған шынылы саңылау бар. Бет перде бөлшектерін жаңа материалдан да, сондай – ақ ескі текстиль бұйымдарынан тігін машинасы немесе қолдан жасап алуға болады. Тыныс мүшелерін қорғаудың табельдік құралдарына қосымша әрбір азамат мақта – бет перде дайындап, ал қажет болған жағдайда пайдалана білуге тиіс.

Мақта – мата таңғыш – табельдік қорғау құралдары болмаған жағдайда тыныс алу ағзаларын қорғайтын қарапайым қорғау құралдары. Мақта – мата таңғышы қолда бар кез келген материалдардан: сүлгіден, бірнеше қабатталған орамалдан, шинель немесе пальто етектерінен жасалады. Таңғышты жасау үшін ұзындығы 1м, ені 55 см дәке бөлігін алып, оның ортасына қалыңдығы 1-2 см, ұзындығы 30см және екі 15-20 см мақта салу керек.

Салынған мақтаның астынан артық шығып тұрған дәкені бүктейді де, алынған мақта – дәке лентасын екі жағынан шамамен 25-30 см мөлшерінде таңғышты байлай қиып бау жасайды. Таңғышты ауыз бен мұрынды жауап тұратындай етіп киеді. Мұнда зақымданған ауа ішке аз кетуі үшін мұрынмен терең дем алмаған жөн.



Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.

Газқағарда келесідей ақаулар болуы мүмкін. Шлем-масканың жыртылуы немесе тесілуі, көру шыныларының сынуы, тыныс шығару клапанында ақау болуы. Уланған ауа жағдайында газқағарды алмастыру тәртібімен танысу.


Газқағар Респиратор





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет