Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу


Қорғаныс ғимаратын панахана, РҚО режиміне көшіру



бет3/3
Дата17.04.2017
өлшемі1,76 Mb.
#14039
1   2   3

Қорғаныс ғимаратын панахана, РҚО режиміне көшіру

Бейбіт уақытта пайдаланылатын үй – жайды қорғаныс ғимараты режиміне көшіру АҚ бастығының өкімі осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ белгіленген мерзімде жүргізеді.

Ғимаратты мүліктен, материалдан және қондырғыдан босату, жетпейтін нарды әзірлеу және үй – жайды қорғаныс ғимараты етіп жабдықтау жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды жүргізу үшін қорғаныс ғимаратына қызмет көрсету жөніндегі топ командирінің қарауына кәсіпорын басшысы арнайы команда бөледі. (қажет жағдайда).

Қорғаныс ғимаратының бөлмелерінде бейбіт уақытта нар, жиһаз, приборлар мен басқа да қондығылар да қойылады.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай – ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш және сүзгілік желдеткіш. Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілікжелдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ – дан тазартылады.

Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастырылады.

Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүргіден, сүзгіш – жұтқыштан, жылу ұстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылады сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыштар мен сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

Жылу орнатылағынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады.

Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерден жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, сондай – ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

РҚО –ға арналған ғимаратты даярлау кезінде есік, терезе ойықтарды таспен және басқа материалдармен тығындалып, тас пен кірпіш, топырақ салынған қаптардан қосымша қабат қойылады.

Панаханада қойылатын азық – түлікті орналастыратын және сақтайтын, адамдарға берілетін азық – түлік жиынын буып – түйетін және беретін орын жабдықталады.

Өнеркәсіп орындарының қорғаныс ғимараттарын дәрі – дәрмек салынған қобдишалармен жабдықтау қарастырылады.

Қорғаныс ғимаратының бөлмелері өрттен қорғау құралдарымен жабдықталады. Олар қойылатын жер белгіленіп жарық түсіріледі. Көрнекі жерге АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс шығаберіс су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері ілінеді.



Қғ – ны ұйымшылықдықпен және өз уақытында толтыру мақсатында паналаушылардың цехтарға, учаскелерге, ПИК – терге үйлерге, подъездерге қалайша бекітілгені нақтыланады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест тапсырмалары:

1. Панаханалар орналасуына байланысты ... болып бөлінеді.

  1. жеке салынған

  2. бірлесе салынған

  3. тереңде орналасқан

  4. қалалық

  5. қала сыртында орналасқан

2. Паналау ғимараттарында бір адамға отыратын ... аумақ қажет.

  1. 0.5 м кв

  2. 0.6 м кв

  3. 1 м кв

  4. 2 м кв

  5. 2.5 м кв

3. Паналау ғимараттарында бір адамға бір сағатқа ... (куб. метр) ауа қажет.

  1. 2-10

  2. 1

  3. 10-15

  4. 15-30

  5. 30-50

4. Паналау ғимараттарында бір ауру адамға ... (кв.м) аумақ қажет.

  1. 1.9

  2. 1

  3. 3

  4. 2.2

  5. 1.5

5.Қорғаныс ғимаратының ішіндегі температурасының (адамға қауіпті) максималды деңгейі ... .

  1. 34 және одан жоғары

  2. 18 және одан жоғары

  3. 24 және одан жоғары

  4. 28 және одан жоғары

  5. 32 және одан жоғары

6. Қоғаныс ғимаратындығы 1 адамға арналған судың апатты қоры - ...

  1. 3 литр тәулігіне

  2. 2 литр тәулігіне

  3. 2,5 литр тәулігіне

  4. 5 литр тәулігіне

  5. 1,5 литр тәулігіне

7. Қорғаныс ғиамараты ішіндегі ауаның (адамдарға қауіпті)

минимальды деңгейінің пайызы - ... .

  1. 14% және одан төмен

  2. 18% және одан төмен

  3. 20% және одан төмен

  4. 25% және одан төмен

  5. 16% және одан төмен

8. Тез тұрғызылатын панаханалардың сыйымдылығы - ... .

  1. 50 және 100 адам

  2. 20 және 50 адам

  3. 100 және 150 адам

  4. 40 және 80 адам

  5. 10 және 30 адам

9. Қарапайым панаханалардағы адам сыйымдылығы - ... .

  1. 10-15 адам

  2. 15-30 адам

  3. 25-30 адам

  4. 30-40 адам

  5. 5-10 адам

10. Панаханадағы 1 адамға вентиляция арқылы жіберілетін ауаның мөлшері - ... .

  1. 13 м³/сағ дейін

  2. 16 м³/сағ дейін

  3. 20 м³/сағ дейін

  4. 14 м³/сағ дейін

  5. 18 м³/сағ дейін

11. ЖЭП (жиналу эвакуациялық пункт), АЭП (аралық эвакуациялық пункт) және ҚЭП-де (қабылдау эвакуациялық пункт)-терде халықты медициналық қамтамасыз ету үшін ... дайындайды.

  1. Медпункт

  2. аурухана

  3. емхана

  4. травмпункт

  5. эвакопункт

12. Объектiнiң азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң бiрi ... .

  1. қорғаныс паналарының

  2. технологиялық процесстi бақылау

  3. сумен қамтамасыз ету

  4. жұмысшыларды дереу жинау

  5. ғимараттарды герметикалау

13. Қорғаныс панаға қойылатын талаптарының бiрi ... .

  1. ауа ауыстыру жүйесi болуы

  2. бес шығатын жолы болуы

  3. бiр мың адам орналасуы

  4. ішiнде қару-жарақ қоймасы болуы

  5. кiтапхана бөлмесi болуы

14. Қорғаныс панаға қойылатын талаптардың бiрi - ... .

  1. медициналық бөлме болуы

  2. алты шығатын есiк болуы

  3. бiр мың адам орналасуы

  4. ішiнде қару-жарақ қоймасы болуы

  5. кiтапхана бөлмесi болуы

15. Қорғаныс панаға қойылатын талаптарының бiрi - ... .

  1. герметикалық қасиетi

  2. алты шығатын есiк болуы

  3. бiр мың адам орналасуы

  4. қару-жарақ қоймасы болуы

  5. кiтапхана бөлмесi болуы

16. Қорғаныс пананың есiктер саны - ... .

  1. екiден кем емес

  2. төрттен кем емес

  3. алты кем емес

  4. бестен артық

  5. бiреуемес

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: Эвакуацияларды ұйымдастыру және таратып орналастыру. Н-13, 70-73 бет 2 мин (5%)


Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.

7. Сабақ: Бейбіт уақытында қорғаныс құралдарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: бейбіт уақытында қорғаныс құралдарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібін оқып-үйрену;

-ғимараттардың қорғаныс түрлерін білу;

  • тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс

ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде

азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;



  • дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.

4. Оқыту әдісі:бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер,кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.

2. Қорғаныс ғимаратында қандай құжаттар болуға тиіс?

3. Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін қандай әрекеттер жүзеге асырылады?

4.Қорғаныс ғимараттарының командирі кімдерден тағайындалады?

5.Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезіндегі жалпы ереже.

6. Қорғаныс ғимараттарының орналасу тәртібі.



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%) 10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі

Қорғаныс ғимараттарын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимараттарының командирі) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік – техникалық қызметшілерден тағайындалады.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгілеген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай – ақ оны жекелеген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған – қымтылған есіктердің, баулықтардың және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың қорғаныс ғимараттарының, инженерлік –техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.



Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс. АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс – шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп – ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимараттың жәй – күйін тексеру журналы, желдеткіш – сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командарымен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін – өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттарының жәй – күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын (мекеме) басшысы белгіленген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі.

Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімісіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқа ауа келетін қондырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

Қорғалған – қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгіштерде тұруға тиіс.

Есік ойықтарын жабу үшін кәдімге есіктер қойылуға тиіс.

Қоршғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет.

Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қондырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

Қорғаныс ғимаратының инженерлік – техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.

Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс.

Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мына іс – әрекеттер жүзеге асырылады:

- қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау жазба – көрсеткіштерді және «Кіру» жарық дабылын қою;

- қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен орындықтармен жабдықтау;

- инженерлік – техникалық қондырғылардың тоқтатылуын жүргізу;

- қорғалған – қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрандарды алу;

- қорғалған – қымталған есіктердің, олардың ілгешіктерінің ақаусыздығын тексеру;

- технологиялық ойықтарды, барлық қорғау – қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.);

- бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау;

- авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

- желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғыларыжүйесінің ақаусыздығын тексеру;

- қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;

- бейбіт уақытындапайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;

- сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбыры жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

- ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

- дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панаханаың жабдықпен, аспаппен, прибормен, жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

- ғимаратты желдету;

- азық – түлік пен дәрі – дәрмек қорын жасау.

Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығымен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп – кетутәртібін сақтауын, сондай – ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

«Баршаңыздың назарыңызға!» ескерту дабылы және іс –әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойынша қызмет көрсету буының жеке құрамы панаханаға келіп жылыту жүйесін ажыратады, бүкіл бқлмелердегі жарықты қосады, сүзгіш – желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыз желдеткіш реттегіш оқшаулағышын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады.

Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған – қымталған есіктердің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.

УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш – желдеткіш режиміне қосылады.

Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш – желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі.

Сүзгіш – желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар – жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш – желдеткіш режиміне сақталады.

Бейбіт уақыттағы қорғаныс ғимараттары жобаға сәйкес экономика мұқтажы мен халыққа қызмет көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелердің белгіленген мерзімде қорғаныс ғимарат режиміне көшуге жарамдылығын қамтамасыз ететін барлық талаптар мен қауіпті кезеңде қорғаныс ғимаратына адамдардың келу үшін қажетті жағдай жасалуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарын (Қғ) бейбіт уақытта:



  • Оқу нүктелері, АҚ және ТЖ сыныптары;

  • АҚ мүлігі мен жамбайтын материалдарды сақтауға арналған қоймалық бөлме;

  • Өндірістік өрт қауіпі жоқ бөлме;

  • Технологиялық, көлік және жүргінші тоннельдері;

  • Кезекші электрик, байланысшы, кезекші бригада бөлмесі;

  • Жеңіл автомобильдерге арналған көлік жәй;

  • Сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктесі;

  • Спорт алаңы;

  • Тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмесі ретінде пайдалану ұсынылады.

Қғ жәй – күйі мен күтілуін бақылау үшін жыл сайынғы және арнайы тексерулер өткізіледі. 5 жылда бір рет кешенді тексерістер жүргізіледі. Онда Қғ қымталуы, бүкіл инженерлік – техника қондырғы мен қорғаныс құрылғысының жұмыс қабілеті жоспарға сәйкес Қғ- ны әзірлікке келтіру мүмкіндігі, желдіткіш режимі бойынша жұмысты тексере отырып 6 сағаттың бойында Қғ – ны пайдалану тексеріледі.

Қғ жөнделуі ғимараттар мен құрылыстардың жоспарлы – ескерту жөндеулерін жүргізу туралы қолданымдағы ережеге сәйкес бейбіт уақытта оны пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест тапсырмалары:

1.Азаматтық қорғаныстың мiндеттерiнiң бiрi ... болып табылады.

  1. басқару, кұлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру

  2. шекараны қорғау немесе шетел адамдарын шекарадан өткізу

  3. азаматтардың құқықтарын қорғау және оларға тұрғын үймен қамсыздандыру

  4. қарсыластың құралдарын бейтараптау және дүние мүлкін алып қою

  5. шаруашылық объектiлердi қоршау жөне санитарлық жұмыстар өткiзу

2.Азаматтық қорғаныстың iс-шараларының бiрi ... болып табылады.

  1. халықты төтенше жағдайдан қорғау

  2. қалада коммуникация жүйелердi енгiзу

  3. шекараны қорғау

  4. азаматтардың құқықтарын қорғау

  5. қару-жарақ қорын дайындау

3.Апат дегенiмiз ... .

  1. қайғылы салдары бар және адам өлiмiне соқтырған оқиға

  2. күштi жел

  3. белгiлi бiр учаскелердi судың басуы

  4. ғимараттар және құрылыстардың бұзылуы

  5. машина, станок, жабдықтардың істен шығуы

4.Азаматтық қорғаныстың «Баршаңызға, баршаңызға» дабылы ... берiледi.

  1. сиреналар, басқа да белгi беру құралдары арқылы

  2. тек қана дауыс арқылы

  3. қол сермеу арқылы

  4. автокөлiк белгiсi арқылы

  5. интернет көзі арқылы

5.Азаматтық қорғаныстың iс-шараларының бiрi ... .

  1. халықты ТЖ-дан қорғау

  2. қалада коммуникация жүйелердi енгiзу

  3. шекараны қорғау

  4. азаматтардың құқықтарын қорғау

  5. қару-жарақтарды дайындау


6.ТЖ кезінде ... сигнал беріледі.

  1. Барлығыңыз тыңдаңыздар!

  2. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

  3. Тыңдаңыздар, қауіптілік

  4. Төтенше жағдай

  5. Тыңдаңыздар, қауіпті жағдай

7.АҚ хабарлауы кезінде халықтың іс-әрекетінің I-ші топтың алғашқы іс-шараларына ... жатады.

  1. АҚ лауазымды адамдардың жиыны

  2. АҚ лауазымды адамдардың тәулік бойы жұмыс тәртібі

  3. персоналға ЖҚҚ тарату

  4. эвакуация жоспарын нақтылау

  5. персоналға РХБ барлау құралдарын тарату

8.АҚ хабарлауы кезінде халықтың іс-әрекетінің I-ші топтың алғашқы іс-шараларына ... жатады.

  1. басқару жүйесі дайындығын тексеру

  2. өртке қауіпті заттар қорын азайту

  3. әскери өнімдерді шығаруға өту

  4. персоналға ЖҚҚ тарату

  5. объектілердің тұрақтылығын арттыру мақсатында іс-шаралар

9.АҚ хабарлауы кезінде халықтың іс-әрекетінің I-ші топтың алғашқы іс-шараларына ... жатады.

  1. хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру, байланыстар

  2. персоналға ЖҚҚ тарату

  3. эвакуация жоспарын нақтылау

  4. әскери өнімдерді шығаруға өту

  5. АҚ лауазымды адамдардың тәулік бойғы жұмыс тәртібі

10.Қаладағы ТЖ зардабтарын жоятын шұғыл әрекет етудің бір отрядындағы адамдар саны - ... .

  1. 100 адамнан аз емес

  2. 50 адамнан аз емес

  3. 150 адамнан аз емес

  4. 1000 адамнан аз емес

  5. 200 адамнан аз емес

11.Эвакуациалау кезінде медициналық құрылымдардың 1 маусымдық жұмыс істеу уақыты - ... .

  1. 12 сағат

  2. 6 сағат

  3. 8 сағат

  4. 24 сағат

  5. 36 сағат

12.Эвакуация жағдайында өзімен бірге ... алу қажет.

  1. құжаттар, ақша, киім, 3 күнге жететін азық-түлік

  2. кітаптар, құжаттар, ақша

  3. ақша, 7 күнге жететін азық-түлік

  4. алтын, бриллианттар

  5. үй жануарларын, 7 күнге жететін азық-түлік

13.Эвакуация кезінде қалада және ауылдық жерлерде медициналық қызметті ұйымдастыруға ... жауап береді.

  1. АҚ медицина қызметінің бастығы

  2. ауданның бас дәрігері

  3. АҚ штабының бастығы

  4. аудан әкімі

  5. қала әкімі


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: Суды, азық-түлікті ТЖ жағдайында қорғау және залалсыздандыру. Арнайы тазалықтан өткізу. Н-3,114-115 бет 2 мин (5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай.

8. Сабақ: Суды, азық-түлікті ТЖ жағдайында қорғу және залалсыздандыру.Арнайы тазалықтан өткізу.



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: суды, азық-түлікті ТЖ жағдайында қорғу және залалсыздандыруды, арнайы тазалықтан өткізуді оқып-үйрену;

    • -ғимараттардың қорғаныс түрлерін білу;

  • тәрбиелік:ғимараттардың қорғаныс түрлерін топтау және қорғаныс

    • ғимараттарды толықтыруды жүзеге асыруды орындау кезінде азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;

  • дамыту:топта және топ арасында арақатынасын дамыту.

4. Оқыту әдісі:бейне материал көру, дискуссия, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:мультимедиялық құрылғы, ПК.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер, бүктеме, плакаттар, суреттер, кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Су мен азық – түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау.

  2. Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау сукөздерін қорғау.

  3. Су құбырларын қорғау.

  4. Ашық су көздеріндегі су қоршауын қорғау.

  5. Жабық су көздеріндегі су қоршауын қорғау

  6. Су қоры бар резервуарларды қорғау.

  7. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау.

  8. Көлік құралдары мен техниканы арнайы тазалау.

  9. Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Суды, азық – түлікті, жем мен су көздерін ТЖ жағдайында қорғау және залалсыздандыру. Адамдарды санитарлық тазалау және малды ветеринарлық сақтандыру, техника мен автокөлікті арнайы тазалау.
Су мен азық – түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау

Үй жағдайында азық – түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай – ақ тоңазытқыш пен қойма пайдаланылады.

Сары май, маргарин, нан, ет пен бал шыны тыста немесе ағаш жәшікте целлофанда, жылтыр қағазға пергаментте немесе жай қағазға мұқият оралып салынады. Сұйық тағамдар мен ауыз суы металл, шыны ыдыста, бетонда, термоста, шөлмекте, шәйнекте, графинде сақталады. Әр отбасыға азық – түліктің консервіленген шағын қорын ұстау ұсынылады.

Шаруашылық мақсат үшін суды пленкамен тығыз жабылған бөшкеде, шылыкте және жуынатын бөлмеде сақтауға болады.


Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау сукөздерін қорғау

Ауылды жерлерде сумен жабдықтау көздері ретінде жер үсті сулары (өзен, канал, көл, жасанды суат) және жер асты сулары (шыңырау, топырақ, бұлақ) қызмет етеді. Шағын ашық суаттар – көлдер, суқоймалары бірден зақымданады.

Су шығыны үлкен және тез ағатын, яғни су жылдам ауысатын өзендер, каналдар белгілі уақытта ағын суды, кейде тіпті арнайы тазартусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Жер асты сулары РЗ, УЗ және БҚ- дан барынша сенімді қорғалған. Ауылды жерлерді сумен жабдықтау ашық су көздерінен, сонымен жер асты көздерінен жүргізіледі. Сол үшін су құбырлары шыңырау құдықтары (скважиналар) шахталы құдықтар, бұлақтар пайдаланылады.
Су құбырларын қорғау

Ашық су көзінде орналасқан ауылды су құбыры су қоршауынан, су көтеру, су айдау тұрағы мен тарату торабынан тұрады.

Бір қатар жағдайда су беру үшін бірінші және екінші көтерімдегі айдау станциясы орнатылады, олардың көмегімен су айдау резервуарына, содан соң тарату торабына түседі.

Жер астында орнатылған су құбырының әуресі аз. Әдетте су шыңырау скважинасынан таза су резервуарына, сол арқылы торапқа түседі.



Ашық сукөздеріндегі су қоршауын қорғау төмендегінше жүргізіледі:

  • Бас ғимарат пен жапсарлас су бассейінен қорғауды күшейту

  • Қарсылас жақтың зақымдау құралдарын қолдану белсендігі есептеме бойынша төмен болатын тереңдікте су қоршау құбырын орналастыру

  • Инфильтрациялық үлгідегі су қоршауын орнату.


Жабық сукөздеріндегі су қоршауын қорғау төмендегінше жүргізіледі:

  • Скважина төңірегін балшықпен немесе цементпен мұқият қымтау

  • Труба түйістері мен басқа жерлерде судың ағуын тоқтату.


Су қоры бар резервуарларды қорғау:

  • Байқау (жөндеу) люктерін қымтау және желдеткіш трубаларда шаңнан қорғайтын және газ сүзгілерін орнату жолдарымен жүргізіледі.


Шахталық құдықтарды қорғау

Шахталық құдықтарды қорғау үшін тығыз жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар (кемінде 1 м) орнатылады.

Ластанған судың өтуін болдырмау үшін құдық төңірегіндегі тереңдігі 0,5м және радиусы кемінде 1,5 – 2м балшық құлып жасайды. Балшықты нығыздап, үстіне қалыңдығы 10 см құм немесе қиыршық тас себеді. Құдық төңірегіндегі балшық құлыпты бетоннан немесе асфальттан да жасауға болады.
Бұлақтарды қорғау

Бұлақ суын қорғау каптаж салу арқылы жүргізіледі. Каптажда салу кезінде бұлақ шығатын жерде шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасы бекітіледі УЗ, РЗ, БҚ зақымдануынан қорғау үшін құрылысқа балшық жағады шұңқырды жабады, суоқшаулағыш орнатады және топырақпен көмеді.

Тасу үшін шұңқырдан суды ағызғыш труба бойынша жібереді. Су беруге арналған алаңның табалдырығы болуға керек (бетон асфальт және т.б.). Шұңқыр жабынының қабырғасын салу үшін бөрене, тақтай, темір – бетон мен плита жүзігі пайдаланылады.
Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау

Зақымдану қауіпі кезінде қоймалардағы есік пен терезе ойықтарына кірпіш қойып, сылаған дұрыс, жақтауларды, ойықтарды мұқият қиыстырып, шыныны жағылатын затпен тығындап, есіктерге нығыздағыш төсем қойған жөн. Қойма терезесін қорғаудың ең жақсы әдісі кәдімгі шыныны шыны блоктарымен, сондай – ақ қысқыш болттың көмегімен терезе ойығына тығыз тартылатын тірекпен айырбастау. Қоймалардағы желдеткіш қондырғылары арнайы жылжытқышпен және металл қалпақшамен жабдықталады.

Қойма мен элеватор ішіндегі ауаны залалсыздандыру үшін бактерицидтік шам орнату ұсынылады.

Қойма ғимараттарының дайындық деңгейіне байланысты, азық – түліктің, тамақ шикі затының бүкіл қоры брезентпен, синтетикалық пленкамен көп қабатты қағаз орамалмен жабу қажет.

Егін жинау кезінде ашық аспан астындағы жемді қорғау бірқатар қиындыққа туғызады.

Егін жинау кезінде зақымдау пайда болған кезінде егіс өнімдерін бірінші кезекте, мүмкіндік болса, негізгі сақтау орнына (элеватор, қойма) апару қажет. Егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, оны сол жерде мұқият қымтайды, сол үшін тегіс жерді таңдайды, оның төңірегінен 1 м қашықтықта жауын суының ағуы үшін шұңқыр қазады. Алаңды жақсылап тазалайды, таптайды, сабан төсейді содан соң астықты төгіп сабанмен, бұдан кейін брезентпен немесе полиэтиленді пленкамен жауып, үстін бастырып қояды (топырақ, бөрене және т.б.). Жабатын материал жоқ болса астықты 25- 30 см қалыңдықтағы сабанмен жауып, үстіне топырақ тастайды. Картоп, тамырлы жемістер мен көкөністер буртқа жиналады, оларға желдеткіш қорапша бекітеді. Шөппен сабанның маясын синтетикалық пленкамен, брезентпен, сабанмен, жасыл бұтақпен жауып желден ұшпас үшін тірекпен бекітеді. Өсімдіктердің жасыл массасы сүрлеу үшін жабық траншея мен шөп мұнараларында мұқият қорғалады.


Жем мен суды залалсыздандыру

Жаппай зақымдау құралдары қолданылатын аудандағы су мен жем зақымдалған ретінде күдікті болып саналады. Егер олар тығыз жағылған ыдыста сақталса және зақымдану белгілері байқалса, онда оларды алдын – ала тексеріссіз пайдалануға болмайды. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері – олар дезактивация, дегазация, дезинфекция.

Дезактивация – бұл зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою.

Жасырынатын орынның санына, түріне, зақымдалу сипатына қарамастан жемге дезактивация жүргізеді немесе өзін – өзі дезактивациялауға қалдырады. Дезактивацияның мынадай түрлері бар:



  • Сыртқы қабаттың 10 – 15 см алу

  • Зақымдалған ыдысты таза ыдыспен алмастыру. Қапқа салынған жемді таза қапқа салады, ал зақымдалған қаптың үстіңгі бөлігін сумен ылғалдатады және астықтың зақымдалмаған бөлігін таза ыдысқа салып, зақымдалған қапты және оған жақын астық қабатын сүзгілейді.

Жем мен тамырлы жемістерді кейде сумен шаю арқылы дезактивациялауға болады.

Суды дезактивациялау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: тұндыру және айдау. Табиғи иониттерді – балшықты қара топырақты су құйылған ыдысқа салып және араластырады. Тұнығу үшін уақыт береді. Судың үстіңгі таза қабаты – 50 – 70% тұнғаннан кейін стронцийден және өзге радиоактивті изотоптардың 90% тазартады. Сүзгілердің әртүрлі толтырғыштары бар бірнеше үлгісі пайдаланылады. Атап айтқанда түбіндегі сұйықты кетіру үшін ыдысты қабат бойынша шлакпен кокспен, антроцитпен су сүзгі арқылы оның үстінен баяулап түседі радиоактивті заттардан тазаланады және төменгі бөлігі арқылы жиналады. Суды айдау – тазалаудың ең жақсы әдісі, алайда бұл процес өте баяу өтеді.

Дегазизация – бұл қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі беттен зақымданудың жол берілетін нормасына дейін немесе толық жою. Жемді дегазизациялаудың негізгі әдісі – астық пен жемнің үстіңгі қабатын 10-15 см, ал шөптің сабанның үстіңгі қабатын 20-25 см алу. Қалған жем желдетіледі. Өзін – өзі дегазизациялау жылдамдығы температурамен ылғалдылықтың, сондай – ақ жел жылдамдығының артуымен көбейеді.

Ғимараттағы жем тұрақты улағыш заттар көздерімен немесе буларымен зақымданған кезде есікті, терезені, желдеткішті ашады немесе жемді сыртқа алып шығып желдетеді.

Зақымдалған құдықтан суды тартып алады түбіне жер қабатын қырып алады (10см). Бұдан кейін құдық суға толғаннан кейін оны қайтадан сарқып алады,содан соң құдық суға толған кезде залалсыздығын тексереді.

Дезинфекция – бұл сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.

Астық пен жемді мынадай ретпен дезинфекциялайды: патогенді микробтармен зақымдалған шөпмаясы мен астықтың үстін 4% - тік формальдегид ерітіндісімен 1м2 ерітіндіге 2 литр есеппен 24 сағаттық үзіліспен 2 рет маяның немесе қамбаның үстін өндейді. Астық пен жемді қақпағы бар ештеңе өткізбейтін бөшкеде формальдегидтің 4% ерітіндісімен өңдеуге болады. Ботулизм немесе оның токсиндерімен зақымдалған астық пен жем 4 сағаттың бойында күйдіргіш натрийдің 1% ерітіндісімен шайылады. Артынша үш рет су мен шайылып, кептіріледі.

Залалсыздандырудың ең қарапайым және мүмкін әдісі қайнату. Микробтардың түрлерімен зақымдалған кезде суды 2 сағат қайнатады токсиндер мен бактериялардың вегетативті түрлері 30 минуттың бойында өледі. Жылдам залалсыздандыру үшін судың аз мөлшерін маталы бұрышты асбесті немесе коллоидті сүзгілерді қолданады.

Сумен жабдықтау жүйесімен тазарту ғимараттарында суды арнайы нұсқаулықтарға сәйкес хлорлайды. Шахталық құдықтарының суын құдықты дезинфекцияланған және тазаланғаннан кейін пайдаланады.
Малды ветеринарлық тазалау

Малдың тері жамылғысынан радиоактивті, улы затты және бактериалдық құралдарды алу, сондай – ақ оларды залалсыздандыру мен организмдерінен кетіру ветеринарлық тазалау деп аталады.

Зақымдану түріне байланысты радиацияға, химияға, бактерияға қарсы тазалау болып бөлінеді.

Малды радиацияға қарсы тазалау арнайы ерітінділермен тері жамылғысынан радиоактивті затты қарапайым жолмен алуға негізделеді. Ол асқазанды (жылқының) жақсылап шаю және ішке адсорбциялаушы, әлсіретуші және арнайы сәуледен қорғайтын препараттарды жіберу кезінде радиоактивті заттарды организмнен ішінара кетіруге ықпал етеді.

Малды химиялық тазалау кезінде дегазаторлар қолданылады, олар улағыш заттармен реакцияларға жылдам түсіп, оларды усыз заттарға айналдырады. Бұдан кейін оларды тері жамылғысынан сумен шайып кетіреді. Бұдан басқа улы затты организмнен оларды асқазан – ішек жолын жақсылап шаю арқылы бейтараптандыруға болады.

Малды бактериядан тазалау тері жамылғысынан бактериалдық затты әртүрлі дезинфекциялаушы заттармен залалсыздандыру мен кетіруді, сондай – ақ сақтандырушы егуді, кеңінен қолданылатын антибиотиктерді және инсектицидтерді қолдануды қамтиды.

Зақымдалған малдың тері жамылғысын құрғақ немесе ылғалды әдіспен тазалайды.

Құрғақ әдісте радиоактивті затты механикалық әдіспен, сабы ұзын щеткамен кетіреді. Бұдан кейін аяқтың төменгі жағын жуады, көзді және ауыздың ашық жерін ылғал шүбірекпен сүртеді немесе олардытаза сумен шаяды.

Жылдың жылы уақытында малдың зақымдалмаған суатта шомылдыруға болады. Қысқы уақытта ветеринарлық тазалау үшін қарды пайдалануға болады. Көзді, ерін мен қызыл етті бұл жағдайда ылғалды шүберекпен сүртеді немесе марганец – қышқылды калийдің 0,2%-тік ерітіндісімен, соданың 2%-тік ерітіндісімен шаяды.
Көлік құралдары мен техниканы арнайы тазалау

Көлік құралдарын дезактивациялау 2 – 3 атмосфералық қысымдағы су ағысымен шаю немесе дезактивациялаушы ерітіндімен тазалау, бензинге, дизель отынына малынған шүберекпен сүрту, сондай – ақ газ тамшысы ағынымен тазалау арқылы жүргізіледі.

Жазғы уақытта дезактивациялаушы зат ретінде СФ-2 ұнтағының 15%-тік ерітіндісі, ал қысқы уақытында 20 – 24%-тік аммиак ерітіндісі бар аммиак суын пайдаланады.

Дезактивация кезінде қолмен басқарылатын сұйылтқыш және шашратқыш қолданылады. Мұндай приборларға РДП дегазизациялау приборы, ИДК–1 жеке дегазизациялау кешені, әртүрлі үлгідегі ОРП, ОРД, ОРД-А бақша шашратқыштары, басқа шашратқыштар жатады. Бұлар насоспен, шлангымен және шаңдатқыш қондырғымен жабдықталған резервуарлар. Сыйымдылығы 11 литр ОРП шашратқышпен 2,5 атмосфера қысым жасалады.



Залалсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары.

Зақымдалған ошақтағы жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдары жұмыс істеушілерді толық қорғауға тиіс.

Радиоактивті шаңмен зақымдалған малды тазалау кезінде мақта – қағаз комбинезонын пайдалауға болады, оған ұзын резиналық фартук, резина етік пен қолғап киіледі.

Мал мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы жеке дәрі – дәрмек қобдишасымен (АИ–2) қамсыздандырылады.

Химиялық зақымдау ошағында резина мен комбинезон немесе резиналы қорғаныс костюмін және резиналы етік пен қолғапты киеді.

Зақымдалған аумақта тамақ пен су ішуге темекі тартуға отыру мен жатуға теріні, тыныс алу органдарының қорғаныс құралдарын шешуге, қорғаныс киімінің түймесін ағытуға рұқсат етілмейді.



Жұмыс аяқталып, зақымдау ошағынан шыққаннан кейін бөлімшелердің жеке құрамы міндетті түрде санитарлық тазалаудан өтуге, ал киім мен аяқ – киім, қорғаныс құралдары залалсыздандыруға тиіс.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест тапсырмалары:

1.Карантин дегенiмiз ... .

  1. залалданған территорияны толық оқшаулау

  2. адамдар ауруға ұшыраған территория

  3. территорияны улағыш заттардан тазалау

  4. жергiлiктi бағалау

  5. биологиялық қару пайдаланған территория


2.Эпидемия дегенiмiз ... .

  1. жұқпалы аурулардың кеңiнен таралуы

  2. өсiмдiктердiң ауруы

  3. жануарлардың ауруға ұшырауы

  4. үсу

  5. профилактикалық iс-шаралар


3.Тырысқақтың ауру нышандары - ... .

  1. іш өту, құсу, дененiң тырысуы, дене температурасы 35°С-қа дейін төмендейді

  2. бас ауруы, дененің сезімталдықты толық жоғалтуы

  3. температураның көтерілуі, әлсіздік, дірілдеу, бас ауруы

  4. температураның бірден көтерілуі

  5. өлу жағдайына алып келетін сіресу

4.Бактериологиялық қару әсерiнен ... .

  1. сiбiр күйдiргiсi және т.б. жұқпалы аурулар

  2. бәрi өледі

  3. зақымдау үшiн жағдай туғызады

  4. микробтар қоршаған ортаға әсер етуi

  5. улануды тудырады

5.Дезинфекция дегенiмiз ... .

  1. микробтарды жою

  2. улағыш заттарды бейтараптау

  3. радиацияны төмендету

  4. жәндiктердi жою

  5. кемiргіштердi жою

6. Инфекциялық ауру...арқылы беріледі.

  1. су және азық-түлiк

  2. арақ

  3. қағаз

  4. гипноз

  5. жаңбыр

7. Инфекциялық ауру...арқылы беріледі.

  1. жәндiктер шағу

  2. сымтетіктер

  3. гипноз

  4. қағаз

  5. жаңбыр

8.Инфекциялық ауру...арқылы беріледі.

  1. терiнiң тесiктерi

  2. қағаз

  3. арақ

  4. жаңбыр

  5. гипноз

9.Инфекциялық ауру....арқылы беріледі.

  1. ауру адаммен байланыс жасау

  2. жаңбыр

  3. арақ

  4. гипноз

  5. қағаз

10.Инфекциялық аса қауіпті ауру ... .

  1. тырысқақ

  2. склероз

  3. зоб

  4. глаукома

  5. гипертония

11.Микроорганизмдердiң өнiмдерi ... .

  1. токсиндер

  2. бал

  3. қант

  4. пропан

  5. метан

12.Дезинфекцияға арналған зат ... .

  1. хлорамин

  2. CФ-24

  3. СФ-2

  4. ОП-7

  5. ОП-10

13.Биологиялық зиянды және қауіпті өндірістік

факторларының бірі - ... .

  1. микроағзалардың әсер етуі

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы және шаршау

  4. ионды сәуле

  5. эмоцианалды шаршау


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: ТЖ ошағындағы апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдары Н-16,6-8 бет 2 мин (5%)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет