Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет3/3
Дата12.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#11573
түріСабақ
1   2   3

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

  1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорғау.

  2. Жер сілкінісінен қорғау.

  3. Өзендердің және ірі сулардың, су тасқындары деңгейлерінің өзгеруінен болған зардартан қорғау.

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру.Эвакуацияларды ұйымдастыру және таратып

орналастыру.

Н-13,70-73бет 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы:Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері

4 Сабақ:Эвакуацияларды ұйымдастыру және таратып

орналастыру

1.Сағат саны:45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: теориялық


  1. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:жекелеп және толық арнайы өңдеуді жүргізуді оқып үйрену;

  • тәрбиелік:жекелеп медициналық көмек беру құралдарын дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе

қағаздары.



б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы:15 мин (35%)

Эвакуациялауды ұйымдастыру және таратып орналастыру

Эвакуациялау шаралары халықты төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы

зақымдану құралдарынан қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Эвакуациялау шаралары:

Эвакуация- төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдануы мүмкін аудандардан адамдардың өмірі мен өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халықты және құнды материалдардан ұйымдасып тасу (шығару)1; бөліп жайғастыру – санатталған қалаларда соғыс уақытында

Эвауациялау шараларына шекараға жақын аудандардан, маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардан және аумақтық қорғаныс шегінде жоспарланған, әскери іс – қимыл болатын аудндардан халықты басқа орынға ауыстыру жатады. Басқа орынға ауыстыру жөніндегі шараларды жоспарлау және жүзеге асыру облыстық қорғаныс Кеңестерімен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының аумақтық құрылымдарының – төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық және қалалық басқармалардың қатысуымен жүзеге асырылады. Басқару органдары, Азаматтық қорғаныстың күш пен құралдары өздеріне қатысты болған жағдайда, басқа орынға уыстыру жөніндегі шараларға тартылады.

Барлық эвакуацияланатын халық қауіпсіз аймақтағы орналасатын пунктінде тіршілік етуге қажетті заттармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Эвакуациялау шаралары алдын ала жоспарланады. Эвакациялау шаралары барлық орталық, жергілікті атқарушы органдарымен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, қауіп – қатер және болуы ықтимал төтенше жағдайлар, зақымдану ошағы есебінен жүргізіледі.

Бейбіт уақытта эвакуациялау шараларын жүргізуге шешімді жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал соғыс уақытында – Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Төтенше жағдайлардың туындауы және бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде бейбіт уақытындағыдай, ал соғыс уақытында да халықтың жарты бөлігін алдын ала эвакуациялау жүргізіледі (жарым жартылау эвакуациялау.

1).Эвакуациялау шараларын жоспарлау және жүргізу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарымен бекітілген «Эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқауға» сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық санаттағы халықты қауіпсіз аймаққа тасып шығаруды және орналастыруды жергілікті атқарушы органдары, жұмыс, оқу орындары, тұратын жерлері бойынша ұйымдар ұйымдастырады.



Халықты эвакуациялау – халықты барынша үйлестіріп, жаяу тәртіппен және көліктің барлық түрімен (темір жол, әуе жолы, су, автомобиль, көлік – арба), оның ішінде жеке автомобиль көлігімен араластырып шығару әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Соғыс уақытында эвакуацияланған халықты орналастыратын және ұйымдардың қызметкерлерін бөліп жайғастыратын аудандар (пункттер) алдын ала анықталады, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі және олардың шешімімен (қаулысысмен) бекітіледі. Жарым – жартылау эвакуациялау кезінде халықты орналастыратын аудадарды (пункттерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар анықтайды.



Эвакуациялау мен бөліп жайғастырудың принциптері:

  • эвакуациялауға жататын, барлық санаттағы халықты барынша қамту;

  • эвакуациялау шараларын өндірістік принцип және тұрған жері бойынша (мекені) жүргізу;

  • эвакуациялау шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізу;

  • эвакуациялау шараларын жүргізу кезінде жоспарлылық пен ұйымдастырушылықты сақтау;

  • эвакуациялау шараларын жүргізу үшін олардың жұмысының белгіленген режимін бұзбай – ақ көліктің барлық түрін пайдалану, сондай – ақ жеке меншік көліктерін пайдалану;

  • орналастыру, бөліп жайғастыру орындарын алдын ала дайындау;

  • жолда келе жатқан эвакуацияланған және бөліп жайғастырылатын халықты орналастыру мен жайғастыру орындарында олардың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету;

  • өздерінің іс – қимылын жалғастырып жатқан объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бөліп жайғастыру мен эвакуациялауға басшыдықты Азаматтық қорғаныстың орталық атқарушы органдарының ұйымдарының бастықтары, ал халықты қабылдау және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды – Азаматтық қорғаныстың бастықтары, аумағына халық көшіп келетін жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Эвакуациялау шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі негізгі міндеттері:

  • эвакуациялау шараларын жоспарлау;

  • басшы құрамын және эвакуациялық органдарды эвакуациялау міндеттерін орындауға дайындау;

  • халықты тасып шығаруға арналған көліктің барлық түрлерін дайындау;

  • халықты эвакуациялау кезінде оның ережесі мен тәртібін орындауға дайындау;

  • эвакуацияланатын халық жиналатын, оларды отырғызатын және түіретін пункттерді жабдықтау, көлік коммуникацияларын және кіретін жолдарды эвакуациялау шараларын жүргізуге байланысты дамыту және қайта жаңғырту;

  • халықты жаяу шығару үшін жолдар мен колонна жүретін жолдарға барлау жасау, таңдау, марш үлгісін жасау және егжей – тегжейіне дейін үйрену, зерттеу;

  • эвакуацияланған халықты орналастыратын және жайғастыратын аудандарды дайындау, жасырыну ғимараттарына, баспаналарына және халықты жасыруға болатын басқа да үйлерге алдын ала есеп қорын жүргізу, олардың санын жоспарлы түрде қажетті санына жеткізу;

  • жасырыну ғимараттарын жасырынушыларды қабылдауға дайындпу;

  • басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын дайындау;

  • қауіпсіз аймақта материалдық құралдардың, азық – түліктің, дәрі – дәрмектің, ең қажетті заттардың, сумен жабдықтау пункттерінің жабдықтарының запасын құру болып табылады.

Эвакуациялау органдары

Халықты эвакуациялау мен бөліп жайғастыруды жоспарлау және жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялау органдары құрылады:



  • эвакуациялау комиссиялары (орталық, жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда);

  • эвакоқабылдау комиссиялары (аудандарда, елді мекендерде, эвакуацияланған және бөлінген халықты қабылдау және орналастыруды жүзеге асыратын ұйымдарда);

  • жинақталған эвакуациялау пункттері;

  • эвакуациялаудың аралық пункттері;

  • эвакуациялық қабылдау пункттері.

Эвакуациялау органдарының құрылымы мен құрамын Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары бекітеді. Құрылған эвакуациялау органдарының саны жоспарланған эвакуациялау шараларын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуі қажет.

Эвакуациялау комиссияларының төрағалары болып орталық, жергілікті атқарушы органдарыныңғ ұйымдардың бірінші басшыларының орынбасарлары, ал эвакоқабылдау комиссияларының төрағалары – жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдардың басшыларының орынбасарлары тағайындалады.

Эвакуациялау және эвакоқабылдау комиссиялары Азаматтық қорғаныстың барлық басқару деңгейіндегі бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады және оларға жүктелген барлық кешенді эвакуациялау шараларын орындауға жауапты.

Эвакуациялау және эвакоқабылдау комиссияларының құрамына Азаматтық қораныс пен төтенше жағдайлар қызметінің басқару органдарының, білім денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының, көлік органдарының, әскери комиссариаттың, ұйымдардың өкілдері кіруі қажет.

Эвакуациялық жиналатын пункттер көшірілетіндерді жинау және тіркеу және оларды жіберу пункттеріне және қозғалыстың негізгі пункттеріне жіберу үшін арналған. Эвакуациялық жиналатын пункттердің әкімшілігі алдын ала жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналатын пункттер өздерінің іс – қимылдарын атқаруда эвакуациялау комиссияларына бағынады.

Әрбір жиналу пункттеріне реттік нөмірлер беріледі. Барлық жиналатын пункттер міндетті түрде тиісті эвакуациялау комиссияларымен, жаяу эвакуациялау маршруттарының негізгі пункттерімен, отырғызу пункттерімен эәне эвакуацияланғандарды таситын көлік органдарымен тура байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жиналу пункттерінде халыққа газқағар беру пункттері құрылады.

Эвакуациялаудың аралық пункттері қиратушы төтенше жағдай болуы мүмкін аймақтардан тыс, қатынас жолдарына жақын жерлерде құрылады. Олар эвакуацияланған халықты аз уақытқа орналастыру (дем алу), оны қайта тіркеу, қажет болған жағдайда дозиметрлік, химияға қарсы бақылау жүргізу, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу және оларды қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру орындарына жіберу үшін арналған.

Эвакуациялық қабылдау пункттері эвакуацияланғандарды қабылдау және оларды қоныстандыру орындарына жіберу үшін арналған. Эвакуациялық қабылдау пункттерінің құрылымы мен санын эвакоқабылдау комиссиясының басшылары анықтайды.

Эвакуацияланған және бөліп жайғастырылатын халықтың арасында ұйымшылдық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін:


  • жаяу колонна бастықтары мен жаяу эвакуациялау маршруты бастықтары;

  • автомобиль колонналарының, эвакуациялау поездары мен кемелерінің бастықтары тағайындалады.

Жаяу эвакуациялау маршруты бастықтарының жанынан басқару топтары құрылады. Маршрут бастықтарына қоғамдық тәртіпті сақтау және барлау жүргізу үшін күш пен құралдар беріледі. Маршрут бастығына берілген күштердің құрамынан жол қозғалысын реттеу посттары құрылады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

  1. Эвакуациялауды ұйымдастыру және таратып орналастыру.

2.Халықты эвакуациялау.

3.Эвакуациялау мен бөліп жайғастырудың принциптері.

4.Эвакуациялау шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі негізгі міндеттері.

5. Эвакуациялау органдары.



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру.Апат медицинасының негізгі қызметі және ұйымдастыру құрылымы, міндеттері Н-16,8-13 бет 2 мин (2%)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет