Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет2/3
Дата12.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#11573
түріСабақ
1   2   3

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы:15 мин (35%)

Халықты қорғауды ұйымдастыру

Халықты қорғау ұйымдардың соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан сменасын баспаналарға жасырады, ол жетіспеген жағдайда сол смена толығымен жасыру үшін тездетіп құрылыс салу арқылы жүзеге асырылады. Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатта пайдаланылады, жасырынушыларды бір тәулік ішінде қабылдау мерзімімен. Қала мен селолық жерлердің қалған халқы радиацияға қарсы баспаналарда, төнелдерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарында және басқа да жасырыну ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі эвакуациялау шаралары болып табылады, оған:


  • адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағы мен қазіргі заманғы зақымдану құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты эвакуациялау;

  • соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Эвакуациялау шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін эвакуациялау шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты эвакуациялау тәртібі анықталынады.

Халықты:

  • аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға – темір жол, автомобиль, авиациялық және су көліктері арқылы, жергілікті жердің көлеміндегі төтенше жағдайлар аймағынан және ұйымдардан – көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз айамқтың сыртына;

  • соғыс уақытында – аваиациялық, темір жол, автомобиль Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын, су көлігімен, көлік құралдары жетіспеген жағдайда – эвакуациялау пункттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен; аралық пункттерден орналасатын жерге дейін – барлық көліктің бар түрімен;

  • соғыс уақытындағы болжанбаған жағдайда және ойда болмаған төтенше жағдайларда, оның ішінде ол бола қалған жағдайда – жедел тәртіппен эвакуациялау жүргізіледі.

Бейбіт уақыттағы сияқты соғыс уақытында да халықтың жартысына алдын ала эвакуациялау жүргізілуі мүмкін.

Соғыс және бейбіт уақыттарда эвакуациялау шаралары:

+ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасыларының мүшелерін – өндірістік принцип бойынша;

+халықты – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырады.

Эвакуациялау шараларын жүргізу кезінде эвакуациялауды ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлерінің кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет, эвакуациялауға жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, эвакуациялау әдісі, эвакуацияланатын орны, жеке заттары мен азық – түліктерінің саны мен тізімі т.т).

Санатталған қалаларда соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс істейтін сменалар жұмыс орындарына жасалынған кесте бойынша апарылады.

Эвакуациялау шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда эвакуациялау (эвакоқабылдау) комиссиялары құрылады. Эвакуацияланғандарды тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу үшін жинақталған эвакуациялау пункттері (эвакоқабылдау) құрылады.

Эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдары мен ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға:



  1. санатталған қалалардың халқын;

радиоактивті және химиялық зақымдану туралы хабарлауды ұйымдастырумен;

тыныс алу органдарын жекеленген қорғану құралдарымен қамтамасыз етумен;

баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарда және басқа да жасырыну ғимараттарында жасырынумен;

зақымдану аймағынан тасып шығарумен;

радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен;

радиацияға қарсы және химияға қарсы профилактика, объектілерге, техникаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен;

өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.


  1. санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқын – уақытында хабарлау, жасырыну ғимараттарына жасыру және өзін-өзі қорғау мәселелері бойынша оқыту арқылы жетеді.

Жеке қорғану құралдарын құру, жинау:

Санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне – ұйымдардың қаржысы есебінен;

Санатталған қалалардың қалған халқы үшін – жергілікті атқарушы органдарының қаржысы есебінен жүргізіледі.

Санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинау жүргізілмейді, халық өзі қорғану құралдарының қарапайым түрлерін дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т.т.).

Радиациялық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшы қызметкерлерін, осы оюъектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайына іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында оларды ережелерге және іс-әрекет жасау тәртібіне, өзді-өзіне және бір-біріне өзара көмек көрсетуге үйрету жүргізіледі.

Халықты қорғау жөніндегі ерекше орынды зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері алуы тиіс.

Төтенше жағдайларда және бүгінгі зақымдану құралдарын пайдалануда санитарлық көмек мүлдем жойылғанда, медициналық көмек емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигеналық және эпидемияға қарсы кешенді шараларды жүргізу, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы көрсетіледі.

Төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету қызметінің алдында төмендегідей:

уақытында медициналық көрсету;

зақымданғандарды эвакуациялау және емдеу, оларды еңбекке қайта араластыру мақсатында денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатында, зақымдану ошақтарындағы орны толмас өкінішті болдырмау, сондай-ақ медициналық эвакуациялау сатысында мүгедектер мен қаза тапқандардың көрсеткіштерін азайту;

апаттың халыққа әсер еткен жүйке-неврологиялық және сезім әрекетін төмендетуге бағытталған, емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу және оларды тез оңалту;

апат ауданындағы халықтың санитарлық саулығын қамтамасыз ету, апат ауданында және соған жақын жатқан аумақтардағы халықты жаппай жұқпалы аурудың пайда болуы және оның жайылуы жөнінде ескерту;

төтенше жағдайдың медициналық зардабын жою кезінде медициналық қызметтің жеке құрылымының денсаулығын сақтау, құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету;

қаза тапқандарға, олардың өлімінің себебін белгілеу және зақымднғандардың жарақаттарынң (ауруының) дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық куәландыру және жұмысқа жарамсыздығын бағалау жататан сот-медициналық сараптау сияқты негізгі міндеттер тұрады.

Төтенше жағдайларда халықты медициналық қорғау екі саты бойынша жүргізіледі.

Бірінші сатыда медициналық эвакуация жүргізіледі және төтенше жағдай аумағында сақталған емдеу мекемелерінің, медициналық опат қызметі құрамаларының күштерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Екінші сатысында төтенше жағдай аумағынан тыс орналасқан емдеу мекемелерінде, сондай-ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандардың толық емделіп шығуы үшін арналған, қосымша құрылған емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетіледі.

Соғыс уақытында бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші медициналық көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі. Одан басқа, Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру жөніндегі шараларды өткізу кезінде санатталған қалалардан емдеу мекемелерін эвакуациялау есебінен селолық жерлер мен санатталмаған қалаларда құрылған қала сыртындағы аурухана базалары, сондай-ақ селолық жерлер мен санатталмаған қалаларды медицина мекемелері құрылады.

Болжанылған санитарлық шығындарға сай аурухана кереуеттерінің саны алдын ала жоспарланады. Бір мезгілде дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің қоы құрылады, сондай-ақ қоғамдық үйлерде медицина мекемелерін орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.

Жаралыларды, зақымданғандарды және ауруларды зақымдану аудандарынан (ошақтарынан) қала сыртындағы емдеу мекемелеріне тасу үшін эвакосанитарлық құрамалар (автосанитарлық отрядтар, эвакосанитарлық поездар, авиасанитарлық эскадрильдер және эвакосанитарлық теңіз кемелері) құрылады. Эвакосанитарлық құрамалар көлік ұйымдарының базында құрылады.

Эвакокөліктік құрамаларын көліктік-санитарлық жабдықтармен қамтамасыз ету жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Санатталған қалалардағы тасуға жарамайтын ауруларға көмек арнайы жабдықталған баспаналарда көрсетіледі.

Бұл стационарлар кейбір қалалық ауруханалардың аумғындағы күні бұрын дайындалған баспаналарда құрылады. Онда жедел жәрдем бригадаларының күшімен, санитарлық дружиналармен, туыстарымен үйде емделіп жатқан тасымалдауға жатпайтын аурулар жеткізіледі.

Санатталған қалалардың барлық халқы үшін медициналық жеке қорғану құралдарының қоры:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері үшін ұйымдардың қаржысы есебінен;

қалған халық үшін – жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен құрылады.

Бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да өте қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың шығуын және жайылуын болдырмау жөніндегі шаралар қабылданады.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

  1. Халықты қорғауды ұйымдастыру.

  2. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі эвакуациялау шаралары.

  3. Соғыс және бейбіт уақыттарда эвакуациялау шаралары.

  4. Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғау.


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру.Аумақты және ұйымдарды қорғау.

Н-13,60-69 бет 2 мин (2%)



Сабақтың тақырыбы:Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері

3 Сабақ:Аумақты және ұйымдарды қорғау



1.Сағат саны:45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: теориялық

  1. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:жартылай және толық арнайы өңдеудің ұстанымдарыноқып білу;

  • тәрбиелік:жекелеп медициналық көмек беру құралдарын дұрыс қолдануға тәрбиелеу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе

қағаздары.



б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы:15 мин (35%)

Аумақты және ұйымдарды қорғау

1). Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорғау

Халықты, аумақтарды және ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қорғау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен төмендегідей:

халықты, елді мекендерге және ұйымдарды төтенше жағдайлардан қорғаудың және олардың зардабын жоюдың жоспары жөніндегі болашақтағы және ағымдағы жоспарларын жасау;

салалардың, объектілердің тұрақты жұмыс істеуін және төтенше жағдайларда жұмысшы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жасау;

хабарлау және байланыс жүйелерін (соның ішінде жергілікті) құру және әрдайым дайындыққа ұстау;

төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану бойынша күш пен құралдарды құру, дайындау және дайындыққа ұстау, зардап шеккендерге көмек көрсету;

болуы ықтимал су тасқыны, сел, жар көшкіні және басқа да қауіпті құбылыстар есебінен аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау;

төтенше жағдай кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша үй салу резервін құру;

халыққа және шаруашылық жүргізетін субъектілерге төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың мониторинг жүйелерін ұйымдастыру;

өмір сүретін объектілерде азық – түлік, дәрі – дәрмек және материалдық – техникалық құралдардың запасын құру шаралары жасалынады және өткізіледі.

2). Жер сілкінісінен қорғау

Халықты, аумақтарды және ұйымдарды қорғау мақсатында Азаматтық қорғаныстың төмендегідей:

сейсмологиялық бақылаудың және жер сілкінісі болжаудың республикалық жүйелерін дамыту;

ғылыми болжау, сейсмикалық қауіптілікті бағалау және және республика аумағын сейсмикалық ықшам аудандарға бөлу;

сейсмикалық қауіптілігі есебінен құрылыс нормалары мен ережелерін жасау;

сейсмотұрақты үйлердің және ғимараттардың нәтижелі жобалау конструкциясын және шаруашылық жүргізетін объектілерін сенімді жұмыс істеуінің ғылыми негіздеме есебін жасау;

сейсмотұрақты үйлер мен ғимараттардың сейсмотұрақтылығын және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұрыннан тұрған үйлер мен ғимараттардың сейсмотұрақтылығын және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

болуы ықтималы сейсмикалық әсер етудің есебінен аумақтардағы құрылыстарын реттеудің кешенді шаралары өткізіледі.

Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде:

жер сілкінісі туралы хабар алу, шешім қабылдау және оны аймақтарға, басқару органдарына, ұйымдарға, халыққа жеткізу;

құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарын басқаруды ұйымдастыру, сондай – ақ оларды материалдық – техникалық қамтамасыз ету;

Азаматтық қорғаныстың күш пен құралдарының іс – әрекетіне, Азаматтық қорғаныстың жоспарына сәйкес «Жер сілкінісі» бөлімінің басқа да шараларымен берілетін күш пен құралдарға басшылық жасау шаралары жүргізіледі.

Орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының, жергілікті өзін – өзі басқару органдарының, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшылары болуы ықтимал жер сілкінісінен халықты қорғау және экономикалық шығынды азайту мақсатында алдын ала:

сейсмикалық аудандарға бөлу және халық пен қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін, объектілер орналасқан ведомствоға бағынышты аумақтардың, сондай – ақ мұнай – газ өндіру және жер асты кендерін өндіру аудандарында сейсмикалық қауіптілігін бағалауға;

үйлер мен ғимараттардың, алдымен тұрғын үйлердің мектептердің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, ауруханалардың, басқа да үйлердің, жалпы адам көп жиналатын үйлердің (жылу-, су-, газ-, энергиямен және байланыс, канализациямен жабдықтау) химиялық және жарылу қауіпті өндірістердің сейсмикаға қарсы тұрақтылығын күшейту жөніндегі жұмыстар жүргізуге;

сейсмотұрақты емес үйлер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жасауда, міндетті түрде олардың сейсмикаға қарсылығының күшейтуге, құрылыс конструкциясын қарауға;

сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы шаралар қабылдамай, сондай – ақ тектоникалық бұзылуы аймақтарына, жағымсыз грунтты жерлерге және жар көшкіні қауіпті баурайларға сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы шаралар қабылдамай, үйлер мен ғимарат құрылысын салуға рұқсат етпеуге міндетті.

Жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдары және барлық меншік нысанындағы ұйымдар:

құтқару жұмыстарын жүргізуге және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыруға;

жоғары органдарға және халыққа жер сілкінісінің күші, қирауы, шығыны және оның зардаптарын жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабар жинау және ұсынуға;

жер сілкінісінің зардаптарын жоюға және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да шаралар ұйымдастыруға міндетті.

3). Өзендердің және ірі сулардың, су тасқындары деңгейлерінің өзгеруінен болған зардартан қорғау.

халықты, аумақтарды және ұйымдарды антропогенді генезис су тасқынынан, көпірлердің, гидротехникалық құрылыстардың күшейтілген қысымынан, жоғары орналасқан бөгеттердің бұзылуынан, жағалау бөгеттерінің бұзылуынан, сондай – ақ желді тасқынынан және деңгейінің көтерілуіне байланысты болған су тасқынынан және теңіз деңгейінің көтерілуінен қорғауда оларды болдырмау жөніндегі кешенді шаралар дайындау және оларды болдырмау жөніндегі кешенді шаралар дайындау және оларды жүргізуді қарайды немесе олардың халыққа және республиканың, облыстың, қаланың, ауданның экономикасына әсерін барынша төмендетуге қарастырады.

Халықты, аумақтарды және ұйымдарды қорғау жөніндегі кешенді шараларына:

ғылыми зерттеу және су тасқынынан, теңіздер мен ірі көлдердің деңгейінің өзгеруінен болуы мүмкін зардаптарды болжау;

құрылысты жобалау және жасырыну ғимараттары мен басқа да құрылыстарды пайдалану;

теңіз және ірі көл деңгейлерінің өзгеруіне байланыста жүргізілген ғылыми зерттеулердің есебінен аумақтарға құрылыс салуға жоспарлау;

теңіз және ірі көлдердің деңгейі өзгеруінің мониторинг жүйесін ұйымдастыру, қоршаған ортаның жағдайын, халық пен шаруашылық субъектілеріне желдің әсерінен су деңгейінің көтерілетіндігін хабарлау шаралары жатады.

Орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, жергілікті өзін – өзі басқару органдары, ұйымдар өз құзыретінің шегінде:

теңіз және ірі суаттар беті деңгейінің өсуінің ғылыми негідері мен әдістерін дамытуды қамтамасыз етуге;

су тасқыны болуы ықтимал аймақтарда жасырыну гидротехникалық және басқа да құрылыстардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға;

су тасқыны, су жайылуы болуы мүмкін аймақтарда тиісті нормативті актілері болмаса, шаруашылыққа қажетті құрылыстар салуға рұқсат бермеуге;

жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында ең басымды тәртіппен Қазақстан Республикасының заңымен қаралған, экологиялық талапты сақтауды қамтамасыз етуге;

жердің, топырақ пен өсімдік жамылғысының, теңіз және ірі көлдердің жағалауындағы аймақтардың, жер асты суларының тұрақты мониторингін қамтамасыз етуге міндетті.

Аумақтары су тасқынына душар болатын жергілікті атқарушы органдарының басшылары төмендегідей шаралар қолданады:

желдің әсерінен болған және су қоймалары бөгеттерінің қирауынан болған су тасқыны кезінде су астында қалу қауіпі төнген объектілер мен елді мекендерге түгендеу жүргізеді;

өзен арналарының, көпір өткелдерінің өткізу қабілеттерін, су қоймаларының, қорғау дамбалары мен бөгеттерінің жағдайын анықтайды;

су тасқыны мен су жайылуынан қорғау жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларға сәйкес өзендерде жағалауларды қорғау бөгеттерінің құрылысын салуды қамтамасыз етеді;

елді мекендер мен объектілерді еріген сулардың басып қалу қауіпін қамтамасыз ететін, инженерлік қорғану құрылыстарын салу жөніндегі техникалық жобаларды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет