Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері


Қауіп-қатер түрлерін топтастыру



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі4,11 Mb.
#89790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
0007270c-2dd5b176
Тараулар бойынша тест сұрақтары, Қорытынды сұрақтар жауабымен, Тараулар бойынша тест сұрақтары, Тіршілік қауіпсіздігі дәрістер жинағы, Әдістемелік нұсқаулық

Қауіп-қатер түрлерін топтастыру:

  • шыққан тегі бойынша: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық;
  • әсер ету әдістері бойынша: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, жүйкефизиологиялық; 
  • жинақталған орны бойынша: литосфералық, атмосфералық;
  • зардап, зияны бойынша: әлеуметтік, экологиялық,техникалық т.б;
  • байқалу саласы бойынша: өндірістік ,тұрмыстық, спорттық, жол көліктік т.б
  • салдары бойынша: ауру табу, жарақат алу, әлсіреу,өрт т.б;
  • әрекет сипаты бойынша: сырбырлығы,белсенділігі т.б;
  • уақыты бойынша: соқпалы,кумулятивті т.б.
  • Жер сілкінісі – жер асты соққылары (дүмпулері) және жердің үстіңгі қабатының теңселуі, оның ішіндегі энергия процестерінің қозуынан пайда болады.
  • Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.
  • Сел (гидрологида «саиль» сөзінен - «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50-60% ағын көлемі) ағыны.
  • Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың). Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады. Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады.
  • Дауыл – жылдамдығы 20-30 м/с (70-105 км/с) болатын жел. Шаңсыз, құмды және қарлы дауылдар болады. Теңіздегі дауылды шторм деп атайды. Сұрапыл дауыл – бұл тропикалық циклон, оың ортасындағы қысым төтенше төмендейді, ал желі өте үлкен жылдамдыққа және қиратушы күшке жетеді. Сұрапыл дауыл үшін биік шұңқыр сипаттас (10-14 км-ге дейін), жандары тіп-тік және өте үлкен жылдамдықпен айналады.
  • Қар көшкіні – бұл таулардың тік баурайларынан құлайтын немесе сырғып түсетін және 20-30 м/с жылдамдығымен жылжитын қардың массасы.
  • Цунами – бұл су асты жер сілкінісінің, сондай-ақ жанартау атқылауы немесе теңіз түбіндегі көшкіндердің нәтижесінде пайда болатын ұзын толқындар. Олардың көздері теңіз түбінде болады. 90% жағдайларда цунами су асты жер сілкіністерінен пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет