Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы. Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы – төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады