2.5. Химиялық қарудың жарылу ошағы
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);
улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;
қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |