VII-тарау. Төтенше жағдай
Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.
Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.
Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар);
апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.
Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
экологиялық катастрофа;
өндірістік немесе көліктік катастрофа;
техногендік катастрофа.
Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.
Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.
Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (19-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |