Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған



бет3/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә

Зерттеу объектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік, дамутышылық деңгейін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1.Бағдарламада осы тақырып бойынша берілген 1 сағатқа үнемделген сағат санынан бір сағат қосып, тақырып 2 сағатқа бөлінді.
2.Тақырыптар бойынша екі сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формаларының нұсқасы жасалынды.


1 Әдебиеттік шолу


1.1. Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері

Қазіргі заманда орта мектептің мұғалімдеріне өзінің әрекетінде бағдарлама және әдебиет таңдауына мүмкіндік беріледі. Мектеп биология курсының әр бөлімінде бірнеше альтернативті бағдарламалар жасалған. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімге өзінің жеке оқушыларға арналған оқу бағдарламасын қолдануына мүмкіндік береді. Осыдан жауабын тез табылуын қажет ететін сұрақтар туады.


1. Қазіргі заман биология пәніне арналған оқу бағдарламасы қандай болуы қажет?
2. Оқу бағдарламасын дұрыс жасауға және педагогикалық тұрғыдан биология пәнінің мұғалімі дайын ба?
Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Оқу бағдарламасы – бұл ең бірінші қазіргі заман білім есебіне және мақсатқа жету үшін бағытталған оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірігу әрекеті. Оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу құралының қымбаттылығы ондағы берілген материал, мектеп бағдарламасына сай оңай түрде айтылады және күрделі жалпыбиологиялық заңдылықтар оңай есте сақталады және түсінікті етіп беріледі. Оқу материалы жақсы жүйеленіп берілген. Осы құралда берілген сөздік-логикалық схемаларды, салыстырмалы жалпылама таблицаларды мұғалім биология сабағында қолдана отырып үлкен табыстарға жетуі көзделген. Бұлай материалды жүйелеу келесі нәтижелерге мүмкіндік береді:
- Оқушылардың жақсы меңгеруі үшін мәтіннен негізгі атаулармен түсініктерді бөліп алуға;
- Негізгі оқу құралын қысқа түрде, дәптерге жазып алуға оңай және есте сақтау үшін ұсынылады;
- Оқу материалының фрагменттері логикалық байланысын анықтап нақты қалыптастыратын білім блогының құрылымындағы орнын анықтау.
Құралда берілген схемаларды мұғалім сабақ өту барысында тақтаға сызуына болады. Құралдың мәтіні педагогқа бұл схемаларды сауатты және мазмұнды етіп түсіндіруіне, ал оқушыларға берілген материалдың қисынын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Тақырыптың соңындағы жинақтап қорытындылау сабағын сабақтың үстінде немесе бос сағатта өтуге болады. Қорытындылау сабағы оқушылардың осы тақырыпта алған жалпы білімдерін тексеруге тиімді. Оның ішінде міндетті түрде мақсаттары, есептері, оқу әрекетінің мотивтері, оның мазмұнды аспектісі, процесті аспекті, оқу процесінің қорытындылары және олардың сұраныстары қажет. Осы оймен келісе отырып биология оқу бағдарламасы тақырыптар және түсініктер тізбегі бола алмайды. Бағдарламада процесуалдық жағын көрсету керек, себебі бір тақырыптың материалы оқушылаға әртүрлі болып үйретілуі мүмкін, бірыңғайлы немесе әртүрлі оқу әрекетін, практикалық немесе теориялық жоспар түрінде, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы.
Оқу қорытындылары бұл жағдайда әр түрлі болуы түсінікті. Сонымен қатар әр нақты тақырыпты оқу базалық немесе тереңдетіліп оқыту саласында бағдарламада көрсетілгендей өз тәсілі болады. Әйтпесе, берілген тақырыптың құралдарын, әдістерін дұрыс анықтауға, педагогикалық технологияны таңдап алуға, сабақтың логикалық жүйесін құруға мүмкіндік болмайды. Бағдарламада берілген түсініктеме хатында қысқа түрде негізгі дидактикалық, психологиялық және әдістемелік ойлары нақты оқу бағдарламасының бөлігі болуы керек.
Қазіргі заман мұғалімдерден қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, творчествалық ізденіспен батыл қадамдар жасап жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану керек.Күнделікті өтіп жүрген сабағымыздың структурасын қарастырып көрелікші.
Сіз оқушыға сабақ тақырыбын, оның мақсатын толық жеткізіңіз, оқушы оны дәптеріне жазады, одан соң сіз 20-25 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріңіз, жаңа сабақты пысықтаңыз, үй тапсырмасын 3-4 оқушыдан сұрадыңыз, оларды бағалаңыз. Келесі сабақта сіз жарты сағат бойы түсіндірген тақырыпты бірнеше оқушы ғана меңгерген болады, ал оқушылардың негізгі бөлігі үй тапсырмасын орындамаған, орындаса да жете түсінбейтін болып шығады. Себебі неде? Себебі сабақта сіз ғана жұмыс істедіңіз, оқушы тек тыңдаушы болды, ал егер адам бес минуттан артық зейін қойып тыңдай алмайтынын ескерсек, оқушы сіздің түсіндіргеніңіздің басын ғана меңгереді. Сондықтан егер білім сапасын көтергіміз келсе оқушыны сабақ үстінде белсенді ойлауға, жұмыс жасауға мүмкіншілік жасауымыз керек. Жаңа технологиялар балаға белсенді түрде білім алуға жағдай жасайды, сабақ процесінде ол тыңдаушы емес, оқушы, еңбек етуші, өз пікірін ашық айтушы. Бір сабақтың үстінде ол жаңа тақырыпты меңгеріп, тиісті бағасын алып, үйде ол сол сабақта алған білімін өз бетінше тереңдетіп, ізденуі керек. келесі сабақта өткен тақырыпты тек еске түсіріп, жаңа тақырыппен байланыстырады. Яғни оқушы үйдеемес негізгі жұмыстың бәрін мектепте атқарады. Сіз оны келесі сабақта еркін жауап беруіне жағдай жасадыңыз.
Бірнеше жылдан бері «Жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр оқушының бойындағы икемділіктер мен дарындылық қабілеттерін ашу, проблемалық ситуациялар арқылы ойлау қабілетін дамыту»аттыпедагогикалық тақырыппен жұмыс істеп келемін. Жаңа әдістер сабақ үстінде оқушылардың икемділігін анықтауға, дарынды балаларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуға мүмкіндік береді.
Сонымен менің айтайын дегенім жаңа технологияның пайдасы біріншіден: оқушы сабақта белсенді түрде еңбек етеді, екіншіден: ойлау қабілетін дамытады, үшіншіден: өз ойын ашық айтуға үйретеді шешендікке баулиды, төртіншіден: анализ жасауға үйретеді, бесіншіден: пәнге деген қызығушылығын арттырады, алтыншыдан: дарынды балаларды анықтауға көмектеседі, жетіншіден: бірлесіп, бір-біріне көмектесіп, білім алуға үйретеді, сыныптың ынтымағын арттырады, сегізіншіден: оқушы қажетті материалды сыныпта меңгеріп тиіті бағасын алады. Үй тапсырмасы тек білімін тереңдету үшін оқушының қосымша материалдарымен жұмыс істеу үшін ғана беріледі. Яғни балакелесі сабақта толық дайын деген сөз, сондықтан ол мектепке асығады, яғни бала сабаққа қызықса білім сапасы жоғары болады. Ал мұғалім сабақ үстінде ұйымдастырушы, көмекші оқушы ойын қажетті бағытқа бағыттаушы.
Бұл тәсілдердің тағы бір ерекшклігі оқушы екі деген баға алмайды. Сабақ үстінде сабаққа қатыспаған оқушы болмайды. Бір сабақтың үстінде сыныптағы оқушылардың 70-80 пайызының білім бағаланады.
Мен, ұстаздық еткен 2жылдың ішінде дәстүрлі оқыту мен дәстүрлі емес оқытудың айырмашылығын екі әдістің нәтижесін салыстыра отырып байқадым. Жаңаша оқыту біріншіден, ұстаздың өзі үшін қажет. Мұғалім ізденеді, бағдарламаға сай материалды оқушыға жеткізудің жаңа тәсілдерін іздейді. Көрнекіліктерді жаңаша жасауға кіріседі. Мұғалімнің шығармашылық қабілеті жетіледі.
Егерде олар методикалық догма түрінде жинақталмай, тек нақты практикалық ұсыныс түрінде болса да бұл мұғалімнің шығармашылық потенциалының ашылуына методикалық қателерінен сақталуына, эмоциясымен күшінің құртылуының сақталуына көмектеседі. Альтернативті бағдарлама бойынша сабақ беру мектептегі материалдық базаны өзгертуге алып келеді. Мысалы биология кабинетінің қосымша құралдармен жабдықталмай өтілуі мүмкін емес. Бұл лабораториялық және практикалық жұмыстардың үлкен сағат санының өтілуіне керек. Сондықтан, оқу бағдарламасында биология курсына керекті құрал - жабдықтар, құралдар туралы бөлім болуы қажет.
Жаңа бағдарламамен жұмыс істеу мұғалімнің педагогика психология биологияны оқыту әдістері туралы теориялық дайындығын қажет етеді. Сондықтан, бағдарламаның авторларынан біз бағдарламамен жұмыс істеу үшін әр түрлі әдебиеттер туралы нақты ұсыныстарының болуын сұрауымыз қажет. Бағдарлама соңында биология пәнінің мұғаліміне арналған әдебиеттер болуы қажет. Кез-келген педагогикалық процесс оқушылардың дамуына, тәрбиеленуіне және оқу қорытындыларына бағытталған. Көптеген мұғалімдерге арналған бағдарламаларда оқу қорытындыларына арналған бөлім мүлдем жоқ. Ол бөлім болған жағдайда онда тек қана білім және оқушылардың іскерлігі туралы жазылған. Кейбір кезде білімі мен іскерлігі туралы айтылмайды. Бағдарламада ол болуы қажет, себебі басқа жағдайда мұғалімнің жұмысын бағалауға мүмкіндік жоқ. Өкінішке орай, орта мектептердегі биология пәнінің оқу бағдарламалары қазіргі заманнның талаптарына сай емес. Ол дегеніміз, биология пәнінің мұғалімі оқу бағдарламасын дұрыс таңдауы қажет. Осы мақсатпен оқу бағдарламасының анализіне арналған жоспар беріліп отыр. Ол әр түрлі биологиялық бағдарламалармен жұмыс істеу процесінде мұғалімнің жауап беруіне арналған сұрақтар ретінде берілген.
1.Берілген бағдарлама оқушылардың қандай контингентіне арналған? Жәй мектептер мен сыныптарға, гимназиялық сыныптарға, биология пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптармен мектептерге арналған.
2.Бағдарламаның негізгі тақырыптары мен бөлімдері қандай? Бағдарламаның құрылуы логикаға сәйкес пе? Сіз неге олай ойлайсыз?
3. Барлық бағдарлама мен оның бөлек бөлімдерін оқылып бітуіне неше сағат саны беріледі? Осы сағат саны беріледі? Осы сағат саы жеткілікті ме?
4. Бағдарламада оқытудың мақсаты мен міндеті жинақталған ба? Нақты қандайлары? Олармен келісуге болады ма? Неге?
5. Бағдарламадағы ойдың таратылуы, пән аралық байланысының құрылуын болжамдайды ма? Осы процесс мұғалімге тән бе? Сіз неге олай ойлайсыз?
6. Биологияны оқытуға берілген бұл бағдарламаларда дидактикалық және психологиялық концепциялар, принциптер, ойлар көрсетілген бе? Нақты қандайлары? Бұл бағдарламаның таратылуында нақты соның болуымен келісуге болады ма? Неге?
7. Бағдарламаның іріктелген оқу мазмұны ғылыми принциптерге сай ма? Бұл неден көрінеді?
8. Бағдарламаның мазмұнды оқу ойы таратыла ма? Қалай?
9. Бағдарламада оқытуға берілген курс немесе бөлімдерге қысқа әдістемелік ұсыныстар жинақталған ба? Нақты қандайлары? Олар бұл курсты оқытуға жеткілікті ме? Сіздің ойыңыз бойынша бағдарламада берілген методикалық ұсыныстар мақсатталынған ба? Неге?
10. Биология пәніне арналған оқу процесінің қорытындылары бағдарламасының сұраныстары анықталған ба? Ол қаншалықты нақты және дұрыс жасалынған? Барлық керекті аспектілер есептелген бе? Сіздің көзқарасының бойынша бұл қорытындыларға жетуге болады ма? Неге?
11. Бағдарламада оқушылардың интеллектуалды және практикалық жұмыстары айтылған ба? Қазіргі заман мектебінің шартына сай бұл лабораториялық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкін бе?
Орта мектепке арналған биология пәнінен әртүрлі оқу бағдарламаларды анализдей отырып бірнеше маңызды қорытындыларға келеді. Оның біреуі мынау болып табылады: егер биология пәнінің мұғалімнің қолында жоғарыда аталған сұраныстарға сай келмейтін бағдарлама болса, онда оны педагогикалық практикада қолданудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда қорытындысында дұрыс ұғым бермейтін педагогикалық нәтижеге алып келетін әдісті қолданғаннан гөрі, дұрыс құрылған дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істеу қажет. Басқа да қорытынды маңызды. Егер мұғалім логикалық жағынан жақсы және әрекетті құрастырылған, педагогикалық тұрғыдан сенімді көрінетін, барлық керекті бөлімдері бар, мұғалімнің қызығушылығы мен мектептің материалдық-техникалық жағдайларына сай келетін жаңа бағдарламамен танысса, онымен жұмыс істеуді бастаудың мәнісі бар. Мұғалімнің көңілін мынаған аударамыз, мектепке әр түрлі бағдарламамен жұмыс жасағанда барлық керекті әдебиеттер қажет. Орта мектепке арналған сауатты жүргізілген оқу бағдарламасының анализі мұғалімді қажеттіліктерінен сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет