Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған



бет1/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә


Кіріспе

Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.


Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.
Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс - әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны - барлық ғылыми болжамдардың жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.
Кез келген педагогикалық технологияның философиялық және әдістемелік негізі болады.Қазіргі кездегі педагогикалы технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста тепе-теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. 1994 жылы күшіне енген «Балалардың құқығы туралы конвенцияда» «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңда көрсетілгендей, мемлекеттік және жас ұрпақтың білім алуына, әр азаматтың жалпы азаматтық өзіндік сана сезімі қалыптасқан белсенді қағам мүшесі болуына, оған қажетті сапаларды игеруіне, қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Бірақ кейбір педагогикалық оқыту технологиялары әдістемелік және білімдік сипатқа ғана бағытталады. Педагогикалық оқыту техноглогияларына талдау жасай отырып, бұлар да мына үш бөлімнің бар екенін байқауға болады: концептуальды, мазмұнды, процесуальды.
Қазіргі кезде педагогикалық оқыту технологиялары пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті бірнеше талаптар анықталды.
Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларының критерийлері толық және нақты анықталған. Бұларға технологияның концептуальдылығы, басқарушылығы, жүйелілігі, тиімділігі, пайдалануға қолайлығы жатады.
Педагогикалық технология концептуальдылығы - оқыту технологиясының белгілі бір философиялық ғылыми концепцияға негізделуі. Жүйелілігі-білім беру технологиясының жүелі, әр болімінің бір-бірімен тығыз байланыста болуы.
Басқарушылығы, басқару мүмкіндігінің болуы-оқыту технологиясы оқу процесін мақсатқа сәйекес жоспарлауға, оның әр кезеңде материалды қабылдау деңгейін анықтап, қажет болса, түзетулер енгізу мүмкіндігінің болуы.
Тиімділігі-оқыту технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандарттарына сай жоғары болы.
Пайдалануға қолайлылығы-технолгия сәйекс тәжірибені қайта зерттеу нәтижесіндеоны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы.
Оқыту технологяларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, оларды білім парадиагмаларына сәйекес келу, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәекес оқу бағдарламаларын жасау. А.К.Ахметов/1/және басқалар жұмыстарында қарастырылады.
Қазіргі заманғы оқыту технологяларына келесі талаптар қойылады. Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі мақсаттың уақыт талабына сай болуы; технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы; технологялық құралдар мен дидактикалық материалдарды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы; оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; оқу материалын толы қабылдау мүмкіндігінің болуы; оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы; үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы заманғы кезкелген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударады.
Педагогикалық оқыту технологиясының түрлерін қарастырып көрелік . Қазіргі кезде оқыту процесін технологияландыру білім прагдимасының өзгеруіне байланысты біртұтас педагогикалық процеске өндіру қажеттілігі туындады.
Жан-жақты білімді, жеке тұлғаның қалыптасуы негізінен мектептік жылдарда жүретіндігі ғылымда дәлелденген. Бұл жылдарда мектеп жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттердің қалыптасып дамуына, ал кейде, керісінше, адам психологиясына кері әсер ете алатындығын естен шығармаған дұрыс. Көптеген жағдайда мектеп «үлгерім проценттері» жағдайына ғана көп көңіл аударып, оқушының даму, қалыптасу, тұлғалық сапаларына көңіл аударылмай келе жатқандығы жалпыға белгілі жағдай.
Мектептегі авторитарлық ұстаным оқушыға өзінің жеке қабілетін дамытуға мүмкіндік бермейді. Мектеп тек білім беруге ғана мән беріп, өсіп келе жатқан ұрпақтың тек тұлға ретінде моральдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көңіл аудармайды. Көптеген мұғалімдер оқушыға оның жан-жақты қажеттілігінекөңіл аудармайды , оған тек өзі әсер етен объект ретінде қарайды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесіне қарасақ , көптеген оқушылар мектептегі уақытты «қуанышты кезең» деп есептемейді. Мысалы: оқушылардың 36 пайызы демалыс уақытын қуанышты кезең деп есептемейді, 50 пайызы мейрамдарды күтеді, ал сабаққа қызығатындардың үлесінде небәрі 14 пайыз. Мұғалім ауырып қалып сабақ болмауы, балаларға қуанышты жағдай екендігі жасырын емес. Сондықтан да қазіргі мектептегі оқу процесі оқушы қажетін қанағаттандыратындай, оның сұранысына сай, оған керекті, оны болашақ өмірге дайындап, оң белсенділіккебаулитындай болу қажет. Осылай болғанда ғана мектеп оқушының қызығып қатынасатын қажетті орнына айналады. Қазіргі кездегі мұғалімнің ролі мыналарды қамтуы қажет: оқушы белсенділігін арттыруы, баға критерилерін тиімді анықтауы, интерактивті оқыту түрлерін енгізу, болашақ өмірге дайындауы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет