Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған



бет9/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә

Ең алғашқы ағзалардың табиғаты
Қазіргі кездегі белгілі болған мәлімдемелерге жүгінсек ең алғашқы ағзалар гетеротрофтар болған деген тұжырымға келеміз, себебі алғашқы органикалық заттардың ерітіндісінен тұратын ортадан осы күйдегі энергиясы тек гетеротрофтардың ғана пайдалануға мүмкіншіліктері болды. Қоректік заттарды синтездейтін химиялық реакциялар өте күрделі, сондықтан тіршіліктің ең алғашқы формаларда мұндай іс-әрекет жүруі мүмкін емес.
Биохимиялық эволюцияның барысында пайда болған күрделі органикалық заттардың кейбіреулері клетканың жаңа материалдарын синтездеу үшін энергия көзі ретінде күн сәулесінің радиациясын пайдалануы мүмкіншілігіне икемделді. Пайда болған клетканың бойындағы жаңа құрылым клетканың жаңа материалдарын құруға мүмкіндік туғызды, енді ол клеткаларға органикалық заттарда бойына сіңіру қажет болмады - клеткалар автотрофтарға айналды.
Гетеротрофтардың санының біртіндеп көбеюі, қоректік заттардың ең алғашқы ортадағы мөлшерін күрт төмен түсіруі мүмкін еді, пайда болған бәсекенің қорытындысы ретінде автотрофтардың шығуы жылдамдады.
Ең алғашқы фотосинтездеуші ағзалар энергия көзі ретінде күннің радияциясын пайдаланғанымен бос оттегіні пайда болатын метаболизм жолынан алшақ еді. Дамудың соңғы кезеңінде оттегін бөліп фотосинтездеуші ағзалар пайда болған. Ол ағзалар қазіргі кездегі көк - жасыл балдырларға ұқсаған, осы процестің негізінде атмосферада біртіндеп оттегінің мөлшерінің көбеюі және оның иондануы озон қабатының түзілуін қамтамасыз етіп біртіндеп жер бетіне түсетін ультракүлгін радиациясының мөлшерін азайтты. Бұл жағдайда жаңа күрделі синтезделетін заттардың түзілуін тежеп, тіршіліктің бейімделген формаларының тұрақтылығын жоғарлатты. Қазіргі кездегі ағзаларға жүргізілген физиологиялық зерттеулер энергияның пайда болуы мен ыдырауының биохимиялық жолдарының алуан түрлі екенідігін көрсетті, бұл жағдайлар табиғаттағы ең алғашқы ағзалардың бойында өткен процестердің көрінісі болуы мүмкін.
Жоғарыда тоқталып өткен болжамдар мен тұжырымдарға қарамастан тіршіліктің пайда болу проблемасы әлі шешілмеген, биохимияның барлық жетістіктері тек ой жүзінде тоқтам мен болжам жасауға мүмкіндік береді, оқушыларға тек қарапайым түрдегі болжамдардың құймасы ғана берілді. Басты мазмұн бола алатындай болжам әлі жоқ, күрделі өлі заттардан қарапайым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет