Сабақтың негізгі қорытындылары:
1.Қазіргі кездегі биология - тірі табиғатты материяның ерекше формасының қозғалысы ретінде, оның заңдылықтары мен тіршілігін, дамуын зерттейтін комплексті ғылым.
2.Тіршіліктің биологиялық көрінісінің фундаменті болып табылатын, тіршіліктің критирийлері, сол арқылы тірі ағзалардың қасиеттері және ерекшеліктері сипатталады.
3.Тіршіліктің негізгі критерийлері болып табылатындары: тіршіліктің формаларының күрделі және жоғары деңгейде ұйымдасуы, тірі ағзалардың химиялық құрамының бірлігі, дискретттілігі, тітіркенгіштігі, даму мен өсуге қабілеттілігі, өзіне ұқсас ұрпақ қалдыруы, өзін-өзі реттеуге қаблеттілігі, тіршілік ету ортасына бейімделуі.
4. Биологиялық зертеулердің мәселелерін шешуде тіршіліктің барлық критерийлері бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады.
5. Тіршіліктің биологиялық көрінісінің негізгі қағидалары, тірі материяның ұйымдасу түрлері туралы идеялар.
6. Қазіргі кезде тіршіліктің келесі деңгейлерін қарастырады: молекулалық, молекулаға дейінгі, жасушалық, ұлпамүшелік, ағзалық, түрлік-популяциялық, биоценотикалық, биогеоценотикалық, биосфералық.
7. Тіршіліктің барлық деңгейлерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы, тірі ағзалардың бір-бірінен шығу тегін мезгейді, тірі табиғаттың біртұтастығын көрсетеді.
8. Адамзаттың табиғат туралы білімі, ғылыми дәлелдемелерді, биологиялық зерттеу әдістерін пайдалану нәтижесінде жинақталды, олар: сипаттау, салыстырмалы-тарихи, модельдеу, бақылау, эксперимент әдістері.
9. Жалпы биологиялық білім қазіргі қоғамда, өмірде үлкен практикалық және теориялық маңызы бар.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар мен сұрақтар.
1. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың химиялық құрамы бірдей немесе ұқсас деген тұжырым бар. Бұл тұжырымды дәлелдеңіз немесе теріске шығарыңыз.
2. Биологиялық түрдің дискреттілігін дәлелдеңіз.
3. «Даму» және «өсу» түсініктерінің айырмашылығы неде? Ағзаның өсуіне қандай сыртқы жағдайлар жылдамдатып, баяулатады? Мысалдар келтіріңіздер.
4. Ағзадағы нақты бейімделу барлық уақытта пайдалы ма? Мысалдар келтіріңіздер.
5. Неге ғылымда тіршіліктің бірнеше критерийлерін қарастырады, біреумен неге шектелмейді. (мысалы, тек зат алмасу мен).
6. Экспериментпен бақылаудың айырмашылы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |