Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған



бет18/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә

Қорытынды

Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.


Тақырып бойынша оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Қазіргі заман мұғалімдерден қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, творчествалық ізденіспен батыл қадамдар жасап жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану керек.
Бірнеше жылдан бері «Жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр оқушының бойындағы икемділіктер мен дарындылық қабілеттерін ашу, проблемалық ситуациялар арқылы ойлау қабілетін дамыту»аттыпедагогикалық тақырыппен жұмыс істеп келемін. Жаңа әдістер сабақ үстінде оқушылардың икемділігін анықтауға, дарынды балаларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай айтатын болсақ жаңа технологияның пайдасы біріншіден: оқушы сабақта белсенді түрде еңбек етеді, екіншіден: ойлау қабілетін дамытады, үшіншіден: өз ойын ашық айтуға үйретеді шешендікке баулиды, төртіншіден: анализ жасауға үйретеді, бесіншіден: пәнге деген қызығушылығын арттырады, алтыншыдан: дарынды балаларды анықтауға көмектеседі, жетіншіден: бірлесіп, бір-біріне көмектесіп, білім алуға үйретеді, сыныптың ынтымағын арттырады, сегізіншіден: оқушы қажетті материалды сыныпта меңгеріп тиіті бағасын алады. Үй тапсырмасы тек білімін тереңдету үшін оқушының қосымша материалдарымен жұмыс істеу үшін ғана беріледі. Яғни бала келесі сабақта толық дайын деген сөз, сондықтан ол мектепке асығады, яғни бала сабаққа қызықса білім сапасы жоғары болады. Ал мұғалім сабақ үстінде ұйымдастырушы, көмекші оқушы ойын қажетті бағытқа бағыттаушы.
Бұл тәсілдердің тағы бір ерекшклігі оқушы екі деген баға алмайды. Сабақ үстінде сабаққа қатыспаған оқушы болмайды. Бір сабақтың үстінде сыныптағы оқушылардың 70-80 пайызының білім бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет