Тақырыптың өзектілігі. Оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға жататыны дәл мағынасында анықталмаған.
Тиімділігі-оқыту технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандарттарына сай жоғары болы.
Пайдалануға қолайлылығы-технолгия сәйекс тәжірибені қайта зерттеу нәтижесіндеоны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы.
Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысында тіршіліктану пәнінің «Кіріспе» тақырыбы бойынша оқушыларға биологиялық білім беру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, эволюциялық дамудың негізгі жолдарымен, бағыттарымен таныстыру, сонымен бірге қазіргі биологиялық ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдалана отырып, органикалық тіршіліктің тарихи дамуын танып, білуге болатынына көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері: 1. Биология ғылымдарының дамуына және оның әртүрлі бағыттарына жалпы түсінік беру.
2. «Тіршіліктің қасиеттері мен заңдылықтары» тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу , жоспарын түзу.
3. «Тіршілік дегеніміз не?», «Тіршіліктің көріністері», «Жер бетіндегі тіршілік тарихы мен негізгі белгілері мен кезеңдері», және «Органикалық дүниенің даму тарихы» тақырыптары бойынша ғылыми көзқарастарды қалыптастыру мақсатында алуан түрлі әдістер мен әдістемелерді оқыту барысында қолданудың және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.