1.2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті
Тіршіліктану курсы ғылымда зерттелетін негізгі тіршілік заңдарының барлық құрылыс дәрежесін білуге мүмкіндік береді; биологиялық процестер мен құбылыстар механизмдер саласындағы жаңалықтар мен таныстырады; адамның биосферадағы орнын көрсетіп, оның жағдайына жауапкершілікпен қарайды.
Бұл курс интегралдаушы роль атқарады, өйткені мұнда бұрын оқылған фактілерді тарихи көзқарас тұрғысынан қарастырып бір күйге келтіреді; ол материалдар органикалық дүниенің негізгі заңдылықтарына бағынады, оны оқып білу нәтижесінде табиғатты саналы пайдалану, оны қорғау және қалпына келтіру іске асырылады. Курста органикалық дүние дамуының жалпы теориясы - дүниеге ғылыми көзқарас негіздерінің бірі баяндалады. Оқушылар даму процестерінің диалектикалық сипатын (тұқым қуалау мен өзгергіштік) құбылыстарының қайшылығын, прогресс пен регресті, ассимиляция мен диссимилация процесстерін т.с.с. оқып біледі. Оқушылар пайымды фактілер негізінде тіршілік құбылыстарының материалдық сипаты жөнінде және бүкіл органикалық дүние жөнінде білім алады; табиғаттың алуан түрлілігіне және қарамай, оны оқып білуге болатыны жөнінде бұлтартартпайтын дәлелдерді аңғарып көреді.
Тіршіліктану курсының мазмұны оқушылардың философиялық мәселелерге жетелейді және олардың дүниеге көзқарастарын қалыптастырады. Бірқатар мұғалімдер сабақта философиялық анықтамаларды хабарлауға, философиялық категорияларды атауға әрекет жасайды, оларға мысал ретінде нақты биологиялық материалдар келтіреді.
Алайда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру күрделі де нәзік іс. Бұл үшін биологиялық құбылыстардың мағынасын ашу қажет және билогияның өз материалы негізінде материяның нақтылығын, тірі материяның өзінен-өзі жетілуін және өзінен өзінің қозғалысын және т.б. көре білуге оқушыларды үйрету қажет.
Тіршіліктану курсында тірі табиғат құбылыстарының себепті қағидалары әңгіме болады, оларды түсініп білудің тарихи жолы қалыптасады. Табиғаттағы әрбір құбылыс өзінің алдындағы құбылыстың нәтижесі және болашақтағы құбылыстың алғы шарты ретінде, себепті байланысқан тізбектің буыны ретінде қарастырылады. Сөйтіп, теологиялық көзқарастың барлық мүмкіндігі жойылады, дінге қарсы белсенді ғылыми көзқарастарың жақсы негізі қолданады.
Мектептерде биологияның оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың негізгі түрі әлде де сабақ болып табылады.
Сабаққа оқу ұйымшылдығы, оқушылардың біркелкі қатысуы, сабақтың уақыттылығы, сабақ кестесі болуы қажет. Дидактикада бірнеше сабақтардың жүйелері бар. Егер оқушылармен педагогтардың мазмұны әрекеттерін байқасақ келесі сабақ типтерін атауға болады.
1) Аралас сабақ.
2) Оқушылардың жаңа білімдері және іскерлікті дамытуға арналған сабақ.
3) қайталауға, жүйелеуге және өтілген материалды жалпылауға арналған сабақ.
4) Оқушылардың білімі мен іскерлігінің сапасын бағалауға және тексеруге арналған сабақ.
Егер сабақтың нақты оқу тақырыбындағы орнын ескерсек мына сабақ функцияларын ажыратуға болады, кіріспе сабақ, оқушылармен жаңа тақырыпты оқу сабағы және қорытындылап жинақтау сабағы. Осы аталған сабақ түрлері қазіргі педагогикалық практикаға арналған жалпы биология бөлімінде кездеседі. Тіршіліктану пәнінен әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтілген сабақ мұғаліммен оқушылардың бірлескен жұмысында келесі оқу тәрбиелік міндеттерді шешеді.
1) Биологиялық білімнің сапасын жоғарылатады, оқушының көзқарасын кеңейтеді.
2) Оқушылардың қоршаған орта және өзін-өзі білуі мен іскерлігін өмірлік практикасында қолдануына мүмкіндік береді.
3) Оқушылардың биология оқу процесіне эмоционалды қымбаттылық пен қарауының, өзіндік білім көтеруін, дамуын қалыптастырады.
4) Оқушыларда жекелік қасиеттің қалыптасады.
Осы айтылған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты және оқу тәрбиелік процессте олар ажыратылмайды. Жоғарыда айтылған міндеттерге тіршіліктану сабақтарының шешілуіне әртүрлі методикалық практикалар әсер етеді. Олардың бірнешеуін атап өтейік:
- ойлау сабағы;
- саяхат сабағы;
- тірі ағзалардың тобының үстінен сот сабағы;
- ойын сабағы;
- дөңгелек стол сабағы;
- диспут сабағы;
- конференция сабағы;
- зерттеу сабағы;
- серуен сабағы.
Әрбір мұғалім үлкен кластарға сабақ өту барысында өзінің шығармашылық талаптарын қолдануына құқығы бар. Биология сабағында мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарының нәтижелі болуына қандай шарттар керек деген сұрақ мұғалімді мазалайды. Осы сұраққа жауап бере отырып сабақтың тиімділігіне әсер ететін бірнеше комплексті факторларды келтіруге болады: мұғалімнің педагогикасының жалпы сипаты, сынып оқушыларының интелектуалды потенциалдылығы, биологияның оқытылуына оқушылардың қарым-қатынасы, оқушылардың сыныптағы жастары мен саны, биология кабинетінің қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталуы, оқушылар мен мұғалімнің арасындағы жекелік қарым-қатынастар, оқушылардың сабақ кестесіндегі сабақтың реттік нөмірі және т.б.
Енді келесі жағдайды елестетіп көрейік. Биология пәнін жақсы меңгерген, әдістемелік негізі бар мұғалім, қарым-қатынасы өте жақсы, мықты, күшті сыныптың оқушыларымен жұмыс істейді. Сабақ белгілі деңгейде жабдықталған. Сабақ оқушылар онша шаршай қоймаған оқу күнінің ортасында болып жатыр. Бұл сабақ міндетті түрде жақсы, нәтижелі өтіледі деп есептеуге болады ма? Бұндай кепілдік беру мүмкін емес. Бұл сабақтың педагогикалық эффективтілігі жағынан төмен өтуінің себебі, мұғалімнің сабаққа жеткілікті дәрежеде дайындалмағандығынан әрекетті жоспарына мысал келтірейік.
1) Сабақтың тақырыбын және оның оқу бөліміндегі орнын анықтап алыңыз, сабақтың мақсатын жақсылап жүйелеңіз.
2) Осы тақырыпқа арналған мектеп оқулығының бағдарламасының мазмұнымен, ғылыми белгілі әдебиеттермен, биология пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік ұсыныстарымен танысыңыз. Осы оқылған әдебиеттерден сабақтың мазмұнына сай материалдарды алыңыз.
3) Сабақтың мақсатынан және оның мазмұнынан сабақтың өтілуі кезінде қолданатын әдістерді анықтаңыз.
4) Керекті оқу құралдарын таңдап алыңыз.
5) Сабақтың структурасын, оның негізгі бөлімнің логикалық кезектілігін анықтаңыз.
6) Сабақтың әр түрлі кезеңдеріне уақыт бөліңіз.
7) Сабақтың жалпы жоспарын құрып, жазып алыңыз. Сабақты дәстүрлі түрде құрғыңыз келсе келесі сызбанұсқаны қолдануыңызға болады.
- сабақтың тақырыбы;
- сабақтың мақсаты;
- сабақтың әдістері – керекті құрал-жабдықтар.
Сабақтың барысы:
- ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыбын атау, оқушылардың сабаққа дайындалуы, мұғалімнің журналға сабақтың тақырыбын жазуы).
- өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы).
- жаңа сабақты өту барысы.
- өтілген сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы).
- үйге тапсырма.
Егер сабақты берілген уақытта бітіре алмаймын деп ойлаған жағдайда үйге тапсырманы тақырыпты атап болғаннан кейін, сабақтың басында беруге болады.
8) Сабаққа конспект жазу керек.
Төменде сабаққа конспект жазудың кейбір мысалдары берілген. Конспектте сабақтың барлық құрылымы айқындалуы қажет. Материалдың жанындағы үлкен жолда сабақта қолданылатын сол жерге керекті әдістері, оқу құралдары жазылуы тиіс. Конспектіде сабақтың әр бір бөлімі көрсетіліп қойылуы керек. Сабақтың жаңа кезеңін басқа сиямен белгілеп қойса да болады. Ол сіздің сабақ өту барысында керекті жерді жоғалтып алмау үшін қажет.Оқу мазмұнында берілген жаңа терминдер мен түсініктердің астын сызып қоюға болады.Конспекттің мәтінін оқушылар мен қиын меңгерілетін дәлел және ойлармен толықтыруға болмайды. Сонымен қатар сабақта тек оқулықтағы мазмұнмен ғана шектеп қоюға болмайды, себебі оқушыларға қызық болмайды. Конспектіде оқушылардың өзіндік практикалық және интелектуалды әрекеттеріне арналған орнын жазуы керек. Қазіргі заман сабақтарында биология пәнінің мұғалімі тек дәлелдер мен ойларды ғана атаумен шектеліп қоюына болмайды. Сабақтың әр түрлі бөліктерге бөлініп емес, бірыңғай болып өтіліуі маңызды. Конспектте дайындалған қосымша материалдар болғаны дұрыс. Оларды уақыт жетіспеген жағдайда қолданбауға болады. Оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмалар бірінен соң бірі, тез ажырытылатындай етіліп жазылуы керек. Осы жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы конспектте берілетін болса, онда ол шын мәнінде жұмысшы болып табылады. Осындай конспкект сабаққа керек және сол бойынша жұмыс істеген жағдайда уақыттың бос кетуінен қорықпау керек.