Тіс жақ ауытқуларын диагностикалау әдістері


III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу



бет4/9
Дата28.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#175685
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОРТОДОНТИЯ 7 ТЕСТ ҚОСЫЛҒАН-2
stud.kz 17230, f61fb6c0f0a1d4
III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу.

1. Дистальды тістем қай жазықтықтағы патологияға жатады?


А. Трансверсальды
В. Вертикальды
С.+ Сагиттальды
Д. Туберальды
Е. Орбитальды

2. Жоғарғы жақтың аса өсуі және алға орналасуы кезіндегі дистальды тістесудің беттік көрсеткіштері:


А. Иек және төменгі ерін алға шыққан
В. Беттің ортаңғы бөлігі кіріңкі, мұрын ерін бұрышы ұлғайған
С. Төменгі ерін кіріңкі, иегі артқа ығысқан
Д. +Беттің орта бөлігі және жоғарғы ерін алға шығыңқы
Е. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады

3 Энгль жіктемесі бойынша дистальды тістесу жатады:


А. І классқа
В. +ІІ классқа
С. ІІ класстың І подклассына
Д. ІІ класстың ІІ подклассына
Е. ІІІ классқа

4. Алдыңғы прогнатияға сәйкес ауыз ішілік көріністер:


А. +Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы
В. Бүйір тістердің бұдырлы түйісуі
С.Күрек тістердің тік түйісуі
Д. Жоғарғы күрек тістердің ретрузиясы
Е. Төменгі алдыңғы тістердің протрузиясы

5. Постнатальды кезеңде дистальды тістесудің дамуына себепші фактор төменде аталғандар, біреуінен басқа:


А.+ Сүйір тістердің қажалмаған төмпешіктері
В. Жасанды тамақтандыру
С. Тұқым қуалау факторлары
Д. Зиянды әдеттері
Е. Ауызбен тыныс алу

6. Дистальды тістемге қандай антенатальды этиологиялық фактор ЕҢ лайықты болып келеді:


А. Ұрықтың механикалық жарақаты
В. Жоғарғы еріннің туа біткен ақауы
С. Ұрықтың дорзальды орналасуы
Д. Тілдің ауыз қуысының түбіне кеш түсуі
Е.+ Ұрықтың вентральды орналасуы

7. Дистальды тістесуге төменде аталған беттік көрсеткіштер сәйкес, біреуінен басқа:


А. Беттің дөңестігі
В. Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы
С. Иектік қатпардың айқындалуы
Д. Жоғарғы еріннің қысқаруы
Е. +Ойыс профиль

8. Әртүрлі дистальды тістемнің салыстырмалы диагностикасы үшін төменде аталған клиникалық сынамалардың қайсысы қолданылады?


А. Ильина Маркосян
В. Хорошилкина
С.+ Эшлер Битнер
Д. Малыгин
Е. Шварц

9. Төменгі жақтың дистальды орналасуы, өсудің тоқталуы кезіндегі дистальды тістемнің беттік көрсеткіштері:


А. Беттің ортаңғы бөлігі мен жоғарғы еріннің алға шығуы
В. Төменгі ерін және иек алға шыққан
С. Төменгі жақтың денесінің ұзаруы
Д. Денесі мен тармағы арасындағы бұрыштың ұлғаюы
Е. +Төменгі ерін кіріңкі және иегі ығысқан

10. Жақтардың қандай даму ауытқулары дистальды тістесуді (қаңқалық) дамытады:


А. Төменгі жақтың макрогнатиясы
В. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы
С. +Жоғарғы жақтың макрогнатиясы
Д. Төменгі жақтың прогнатиясы
Е. Жоғарғы жақтың микрогнатиясы

11. Дистальды тістесудің ауыз ішілік көрсеткіштеріне жатады:


А. Жоғарғы жақтың әр тісі артқа ығысқан
В. +Әр түрлі көлемдегі сагиттальды саңылау
С. Төменгі жақтың барлық бүйір тістері алдыға ығысқан
Д. Алдыңғы тістердің кері жабылуы
Е. Төменгі күрек тістер мен сүйір тістер жоғарғылардың алдында орналасқан

12. Дистальды тістемнің этиологиялық факторларына жатады:


А. Биік жастықта ұйықтау
В. Тілдің каудальды орналасуы
С.+ Төменгі мұрын құйындысының гипертрофиясы
Д. Тілдік бездердің гипертрофиясы
Е. Гипофиздің гиперфункциясы

13. Уақытша тістем кезіндегі дистальды тістесудің емдеу принципі:


А. Аппараттық әдіс және массаж
В. Аппараттық және хирургиялық әдіс
С. Протетикалық әдіс және миогимнастика
Д. Аппараттық және протетикалық әдіс
Е. +Зиянды әдеттерді жою және миогимнастика

14. Аралас тістем кезеңінде дистальды тістесуді емдеу принципі:


А. Протетикалық әдіс
В. Миогимнастика
С. Массаж
Д. Хирургиялық әдіс және миогимнастика
Е. +Аппараттық әдіс және миогимнастика

15. Уақытша тістесу кезеңінде төменде аталған аппараттардың қайсысы дистальды тістемді емдеу үшән қолданылады?


А.+ Мюллеман пропульсоры
В. Энгль доғасы
С. Башарова аппараты
Д. Калвелис табақшасы
Е. Бынин аппараты

16. Аралас тістесудің бірінші жартысында төменде аталған аппараттардың қайсысы дистальды тістемді емдеуде қолданылады?


А. Калвелис аппараты
В. Френкельдің ІІІ тип қызметті реттеушісі
С. +Андрезен Гойпль активаторы
Д. Брюкль аппараты
Е. Вестибулооральді табақша

17. Қандай тістемнің салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін Эшлера-Битнердің сынамасы қолданылады?


А. Мезиальды
В.+ Дистальды
С. Терең
Д. Ашық
Е. Айқасқан

18. Тұрақты тістем кезеңінде дистальды тістесуді емдеу ерекшеліктері:


А. Себептерін жою
В. Жақтардың өсуіне жағдай жасау
С. Миогимнастика, массаж
Д. +Кешенді емдеу
Е. Аппараттық ем

19. Ғалымдардың қайсысы «постериальды тістем» терминін қолданып, оның үш түрін ерекшеледі: ығысусыз, төменгі жақтың ығысуымен және аралас түрі?


А. +Ильина-Маркосян
В. Калвелис
С. Каламкаров
Д. Андрезан-Гойпль
Е. Бетельман

20. Алдыңғы постериальды тістемге қандай көрсеткіштер тән (алдыңғы пронатия, жалған):


А. Жоғарғы жақтың үлкендігі
В. Жоғарға бүйір тістер алдыға ығысқан
С. Төменгі жақ қысқарған және артқа ығысқан
Д. Барлық жоғарғы тістер артқа бағытталған
Е. +Жоғарғы күрек тістердің тісальвеолалық протрузиясы

21. Дистальды тістесудің дамуына төменде аталған барлық жоғарғы жақ ауытқулары алып келеді, тек біреуінен басқа:


А. Тістердің макродентиясы
В. Шамадан тыс өсу
С. Тістердің арасындағы тремалар
Д. Комплекттен артық тістер
Е. +Тіс қатарының қысқаруы

22. Дистальды тістесудің дамуына төменде аталған төменгі жақ ауытқулары алып келеді, тек біреуінен басқа:


А. Тістердің дистальды орналасуы
В. Тістердің микродентиясы мен адентиясы
С. Тістердің тығыз орналасуы
Д. Жақтың дистальды орналасуы
Е.+ Шамадан тыс өсу

23. Уақытша тістесу кезеңінде дистальды тістемді емдеу үшін қолданады:


А. Брюкль аппараты
В.+ Кербитцтің вестибулярлы табақшасы
С. Окклюзиялық жапсырмасы бар табақша
Д. Хургина аппараты
Е. Мершон аппараты

24. Уақытша және аралас тістесудің бірінші кезеңінде дистальды тістемді емдеу үшін қолданады:


А. Брюкль аппараты
В. Бынин каппасы
С. +Мюллеман пропульсоры
Д. Энгль аппараты
Е. Калвелис табақшасы

25. Дистальды тістемнің дамуына қандай жоғарғы жақ ауытқулары алып келеді:


А.+ Шамадан тыс өсу
В. Жақтың дистальды орналасуы
С. Жақтың дамуының тоқталуы
Д. Тіс қатарының қысқаруы
Е. Тістердің тығыз орналасуы

26. Дистальды тістемнің дамуына қандай төменгі жақ ауытқулары алып келеді:


А. Алдында орналасуы
В. Шамадан тыс өсуі
С. Комплекттен артық тіс
Д. Тістердің арасындағы тремалар
Е.+ Тістердің дистальды орналасуы

27. Мәжбүрлі постериальды тістемге қандай көрсеткіштер сай (төменгі жақтың жылжуымен прогнатиясы):


А. Үлкен апикальды негізі бар үлкен жоғарғы жақ
В. Жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кеңдеу
С. Жоғарғы тістер ауыз ішіне қарай ығысқан
Д. +Жоғарғы тіс доғасының бүйір аймағындағы тарылуы
Е. Жоғарғы бүйір тістер алға ығысқан

28. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады.


Дистальды тістемнің ең ықтималды себебі қандай:
А. Жоғарғы жақтың латерогнатиясы
В. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы
С. Төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы
Д. +Төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы
Е. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

29. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады.


Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменде аталған қандай клиникалық сынама жүргізу керек?
А. Ильина –Маркосян
В.+ Эшлер-Битнер
С. Рубинов
Д. Агапов
Е. Гельман

30. Қыз 18 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Бет көрсеткіштерін бағалағанда анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қыры төменгі ерінде орналасқан.


Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті түйістіргенде бірінші тұрақты азу тістің алдыңғы ұрт төмпешігі қарсы тістің артқы ұрт төмпешігімен түйіседі, алдыңғы бөлікте – сагиттальды саңылауы бар протрузия-8 мм.
Аталған клиникалық жағдай Энгльдің жіктемесі бойынша қай класы мен подкласына жатады?
А. I класс
В. II класс
С. +II класс Iподкласс
Д. II класс II подкласс
Е. III класс

31. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде профильдің жоғарғы және ортаңғы бөліктері және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі артқа ығыспаған. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсармайды.


Дистальды тістемнің ең ықтималды себебі қандай?
А. Төменгі жақтың латерогениясы
В. + Жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы
С. Төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы
Д. Төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы
Е. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

32. Боз бала 17 жаста. Жоғарғы жақтың алға шығуына және тістердің арасындағы саңылауға шағымданып келді. Клиникалық тексергенде: бет-әлпеті симметриялы. Профилі – дөңес. Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы тұрақты азу тістің мезиальды ұртты төмпешігі екінші премоляр мен төменгі тұрақты азу тістің мезиальды-ұртты төмпешігімен түйіседі. Жоғарғы алдыңғы тістер алға иілген.


Аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. Мезиальды тістем
В. + Дистальды тістем
С. Айқасқан тістем
Д. Ашық тістем
Е. Терең тістем

33. Бала 9 жаста, мектеп тіс дәрігерімен ортодонтқа жіберілген. Объективті: бет-әлпеті симметриялы, ауызбен тыныс алу, ауыздың айналма бұлшық еті әлсіз, жоғарғы күрек тістер төменгі ерінде орналасқан, профилі дөңес. Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің протрузиясы, сагиттальды саңылау – 3-4мм.


Персиннің жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. + Сагиттальды күрек тістік дизокклюзия
В. Вертикальды күрек тістік дизокклюзия
С. Вертикальды күрек тістік окклюзия
Д. Сагиттальды күрек тістік окклюзия
Е. Терең күрек тістік окклюзия

34. Бала 9 жаста, тағамды қиналып тістеуіне шағымданады. Ауыз қуысында алдыңғы тістер жайылып және вестибулярлы орналасқан. Жоғарғы тіс қатары V-тәрізді тарылған, таңдай готикалық, алдыңғы тістерінің арасында сагиттальды саңылау 4 мм; бүйір тістері қалыпты жағдайда.


Ильина-Маркосян жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. +Фронтальды прогнатия
В. Шынайы прогнатия
С. Жалған прогнатия
Д. Прогнатия
Е. Дистальды тістем

35. Қыз бала 11 жаста, эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Ауыз қуысында тістерін түйістіргенде алдыңғы бөлікте сагиттальды чсаңылау 2 мм байқалады, азу тістер аймағында салалы-бұдырлы түйісу.


Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А.+ Фронтальды прогнатия
В. Жалған прогнатия
С. Дистальды тістем
Д. Шынайы прогнатия
Е. Прогнатия

36. 12 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде жоғарғы және ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі ішке кірмеген. Төменгі жақты ығыстырғанда беттің профилі жақсармайды. Бүйір телерентгенограмманың анализінде SNA бұрышының ұлғаюын көрсетті, SNB бұрышы қалыпты жағдайда.


БДҰ жіктемесі бойынша төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. Төменгі жақтың ретрогнатиясы
В. Төменгі жақтың микрогнатиясы
С. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы
Д. +Жоғарғы жақтың прогнатиясы
Е. Жоғарғы жақтың асимметриясы

37. Бала 12 жаста. Ата-аналары жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің дұрыс емес ығысуына шағымданып келді. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, иектік қатпар айқындалған, жоғарғы ерін алға шыққан, ал төменгісі ішке кірген және сыртқа шыққан, артқа ығысқан. Ауыз қуысында: жоғарғы орталық күрек тістер төменгі тістерді толық жауып тұрады, бүйір күрек тістер вестибулярлы шыққан және өз осімен бұрылған, төменгі тіс қатары жоғарғы тістермен кідірген, бүйір бөлікте төмпешікті түйісу.


Энгль жіктемесі бойынша қай класс түрі ЕҢ ықтималды?
А. I класс
В. II класс
С. II класс 1 подкласс
Д. +II класс 2 подкласс
Е. III класс

38. Қыз бала 20 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Сырт қарағанда беттің төменгі бөлігінің ұзаруы анықталады, бет-әлпеті симметриялы. Ауыз қуысында: Энгль бойынша ІI класс 1 подкласс, сагиттальды саңылау 7 мм. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде профилі жақсарады.


Төменде аталған аномалиялардың қайсысы ең ықтимал себебі болуы мүмкін?
А. Жоғарғы жақтың алға орналасуы
В. Төменгі жақтың алда орналасуы
С. +Төменгі жақтың артта орналасуы
Д. Жоғарғы тістердің протрузиясы
Е. Жоғарғы жақтың артта орналасуы

39. Қыз бала 17 жаста. Көркемсіз сырт кел-бетіне шағымданады. Сырт қарағанда беттің ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кеңдеу, тістердің арасында саңылау бар. Сагиттальды саңылау 4 мм; Энгль бойынша азу тістердің түйісуі ІІ класс. Эшлер-битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды.


Биометриялық өлшемдердің тұжырымы бойынша төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. Жоғарғы жақтың тарылу мен ұзаруы
В. Жоғарғы жақтың апикальды негізінің кішіреюі
С. +Жоғарғы жақтың апикальды негізінің ұлғаюы
Д. Төменгі тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығының қысқаруы
Е. Төменгі жақтың апикальды негізінің ұзаруы

40. 17 жасар қыз бала, көркемсіз сырт кел бетіне шағымданып келді. Сырт қарағанда беттің ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кең, тістердің арасында саңылау бар. Сагиттальды саңылау 4 мм; Энгль бойынша азу тістердің түйісуі ІІ класс. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүогізгенде беттің профилі нашарлайды.


Телерентгенографиялық зерттеудің тұжырымы бойынша төменде аталғандардың қайсысы Ең ықтималды?
А. SNA бұрышының ұлғаюы
В. SNB бұрышының кішіреюі
С. +ANS-PNS ұлғаюы
Д. Pg-Go қысқаруы
Е. N-Se ұлғаюы

41. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Тыныс алуы аралас. Бет көрсеткіштерін бағалағанда: жоғарғы ерні алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қырлары төменгі ерінде орналасқан.


Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті окклюзия кезінде түйістіргенде бірінш тұрақты азу тістер аймағында төмпешікті түйісу, жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы, сагиттальды саңылау – 6мм, тіс қатарының тарылуы. Тіл ауыз қуысынң түбінде орналасқан.
Емдеу жоспарын құрастырғанда Ең алғашқысы қайсысы болады:
А. Тіс қатарын кеңейту
В. Төменгі жақты ығыстыру
С. Протрузияны жою
Д. Тыныс алуды қалыптастыру
Е. +Себептерін жою

42. 24 жасар қыз бала, эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістерінің кесу қырлары төменгі ерінде орналасқан.


Ауыз қуысында: тістер қатарын үйреншікті окклюзияда түйістіргенде жоғарғы бірінші тұрақты азу тістердің алдыңғы ұрт төмпешігі бірінші тұрақты азу тіс пен бірінші премолярдың арасында орналасқан. Сагиттальды саңылау – 6мм.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ мәліметті болып саналады:
А. Тік проекциядағы ТРГ
В. +Бүйір проекциядағы ТРГ
С. Ортопантомография
Д. СТЖБ томографиясы
Е. Фотометрия

43. 11 жасар бала, тістемінің ауытқуына шағымданып келді. Ерте бала шағында үлкен саусағын сорғаны анамнезінен анықталды. Сырт қарағанда. Мұрын-ерін қатпары тегістелген. Беттің төменгі бөлігі ішке кірген.


Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы жақтың тіс қатарының ұзаруы. Төменгі жақтың тіс қатары трапеция пішінді. Тістерін үйреншікті окклюзияда түйістіргенде шайнау тістерінде аттас антогонисі бар. Сагиттальды саңылау – 6мм.
Тіс қатарларының пішінін қалыптастыру үшін ЕҢ лайықты болып саналады:
А. Мұрынмен тыныс алуды қалыптастыру
В. Емдік гимнастика
С. +Жоғарғы тіс қатарын кеңейту
Д. Жоғарғы тіс қатарын қысқарту
Е. Зиянды әдеттерді жою

44. Бала 10 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Профилі дөңес, беттің ортаңғы бөлігі алға шыққан, еріндері күшпен түйіседі. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау – 4мм. Тұрақты азу тістердің аймағында төмпешікті түйісу. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды.


Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты?
А. +Жоғарғы жақтың мөлшерін қысқарту
В. Жоғарғы жақтың өсуін қарқындату
С. Төменгі жақтың өсуін қарқындату
Д. Төменгі жақтың мөлшерін қысқарту
Е. Екі жақтың да өсуін қарқындату

45. Бала 8,5 жаста, ауыз қуысын сауықтырған соң дәрігер ортодонтқа бағытталды. Сырт қарағанда профилі дөңес. Тістер қатарын түйістіргенде жоғарғы тістері төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі.


Төменде аталған қандай ортодонтиялық аппараттарды тағайындау ең лайықты?
А. +Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының І түрі
В. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының III түрі
С. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының ІV түрі
Д. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының V түрі
Е. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының IІ түрі

46. Қыз 18 жаста, тағам тістеп алуының қиындығына шағымданып келді. Объективті: профилі дөңес, иегі ығысқан. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында диастема, тремалар, сагиттальды саңылау – 7мм, азу тістердің түйісуінің бұзылуы – 3мм.


Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші?
А. +Жоғарғы алдыңғы тістерді артқа жылжыту
В. Жоғарғы алдыңғы тістерді алға жылжыту
С. 16,26 тістерді дистализациялап, төменгі жақты алға шығару
Д. Төменгі жақты алға жылжыту
Е. Тістер қатарының мөлшерін қысқарту

47. Жасөспірім 15 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Объективті: бүйірінен қарағандағы көрінісі шығыңқы, иегі артқа иілген. Ауыз қуысында: дистальды тістесу, сагитальды саңылау 6 мм. Эшлер-Битнер сынамасы оң.


Төменде көрсетілген емдік іс-шаралардың қайсысын қолдану ең лайықты?
А. Төменгі тіс қатарының мөлшерін қысқарту
В. +Төменгі жақ сүйегін алдыға жылжыту
С. Тістердің межапроксимальды сепарациясы
Д. Төменгі жақ сүйегін кеңейту
Е. 1.6, 2.6 тістердің дистализациясы

48. Қыз бала 12 жаста. Ата-анасы қызының төменгі ернін тістейтініне шағымданады. Ауыз қуысында: сагитальды саңылау 13мм, жоғары күрек тістердің протрузиясы және төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде скелетті типті ІІ класс, І подкласс горизонтальды өсу типі диагнозы қойылды. Емдеу жоспарының қайсысы ең қолайлы?


А. 18, 28, 38, 48 тістердің ұрықтарын жұлу
В. 16, 26, 36, 46 тістердің дистализациясы
С. 2.4, 3.4, 4.4 тістерді жұлу
Д. Тіс доғаларын кеңейту
Е.+ тістерді жұлусыз емдеу

49. 10 жастағы баланың ата-анасы баласының төменгі ернін тістейтініне шағымданады. Ауыз қуысында: сагитальды саңылау 13мм, жоғары күрек тістердің протрузиясы және төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде скелетті типті ІІ класс, І подкласс горизонтальды өсу типі диагнозы қойылды. Емдеу жоспарының қайсысы қолайлы?

А. Алынатын механикалық әсер ететін аппаратты қолдану
В. +Функциональды-бағыттаушы аппаратты қолдану
С. Алынбайтын аппаратты қолдану
Д. Протетикалы емдеу
Е.Комплексті ем жүргізу


  1. Қыз бала 10 жаста, эстетикалық кемістікке шағымданады. Сыртқы қарап тексергенде: бүйірінен қарағандағы көрінісі шығыңқы, тынысы аралас, инфантильді жұтынады. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде бетінің бүйірінен қарағандағы көрінісі жақсарады.

Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысын бірінші кезекте қалыптандырған жөн?
А. Төменгі жақ сүйегінің орналасуын
В. Тіс қатарының мөлшерін
С. Тіс қатарының қатынасын
Д. Тістердің орналасуын
Е. +Функциональды бұзылыстарды

51. Мезиальды тістесу қай жазықтық бойынша ауытқуға жатады?


А. Трансверзальды
В. +Сагиттальды
С. Вертикальды
Д. Орбитальды
Е. Фронтальды

52. Мезиальды тістесу Энгль жіктемесінің қай тобына жатады:


А. I топ
В. II топ I топша
C. II топ II топша
Д. +IIIтоп
Е. IV топ

53. Мезиальды тістесуге бүйірден карағанда қай түр ЕҢ сәйкес?


А. Дөңес
В. Тік
С. Овальды
Д. +Ойыс
Е. Төртбұрышты

54. Төменде көрсетілген тіс ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А. +Төменгі жақтағы комплекттен артық тіс
В. Жоғарғы жақтағы комплекттен артық тіс
С. Жоғарғы жақтағы макродентия
Д. Жоғарғы жақтың транспозициясы
Е. Төменгі жақтағы микродентия

55. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А. +Жоғарғы жақтың микрогнатиясы
В. Төменгі жақтың микрогнатиясы
С. Жоғарғы жақтың прогнатиясы
Д. Жоғарға жақтың макрогнатиясы
Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы
56. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?
А. Жоғарғы жақтың прогнатиясы
В. +Төменгі жақтың прогнатиясы
С. Төменгі жақтың микрогнатиясы
Д. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы
Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

57. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А. Төменгі жақтың микрогнатиясы
В. Жоғарғы жақтың прогнатиясы
С. +Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы
Д. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы
Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

58. Төменгі жақтың алға ығысуына байланысты туындайтын мезиальды тістесудің қалыптасуына төменде көрсетілген факторлардың қайсысы алып келеді?


А. Ауызбен тыныс алу
В. Төменгі ерінді сору
С. Ұйқы кезінде басты шалқайту
Д. +Сүйір тістердің біркелкі емес қажалуы
Е. Жасанды тамақтандыру

59. Төменде көрсетілген морфологиялық белгілердің қайсысы мезиальды тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?


А. Жоғарғы жақ денесінің ұзындығының ұлғаюы
В. +Төменгі жақ денесінің ұзындығының ұлғаюы
С. Жоғарғы жақтың мезиальды бағытта ығысуы
Д. Төменгі жақтың дистальды бағытта ығысуы
Е. Төменгі жақ бұтағының ұзындығының қысқаруы

60. Төменде көрсетілген морфологиялық белгілердің қайсысы Ильин-Маркосян жіктемесі бойынша фронтальды прогенияға тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?


А. Төменгі фронтальды тістердің лингвальды орналасуы
В. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы
С. +Жоғарғы фронтальды тістердің ретрузиясы
Д. Төменгі бүйір тістердің дистальды ығысуы
Е. Жоғарғы бүйір тістердің мезиальды ығысуы

61. Төменде көрсетілген жақ ауытқулары морфологиялық белгілерінің қайсысы мезиальды тістесудің тісальвеолалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?


А. Төменгі жақтың бір жақты дистальды ығысуы
В. Төменгі жақтың екі жақты дистальды ығысуы
С. Жоғарғы жақтың дистальды ығысуы
Д. +Төменгі жақтың мезиальды ығысуы
Е. Жоғарғы жақтың мезиальды ығысуы

62. Тіл бадамшасының гипертрофиясы қай тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А. +Мезиальды
В. Дистальды
С. Терең
Д. Айқасқан
Е. Ашық
63. Туа пайда болған таңдай және ерін жырығында тістесудің қай түрінің калыптасуы ЕҢ мүмкін?
А. Ашық
В. Дистальды
С. Терең
Д. Прогнатиялық
Е. +Мезиальды

64. Мезиальды тістесудің ауызішілік белгілері төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Азу тістердің қатынасы Энгль бойынша III топ
В. + Азу тістердің қатынасы Энгль бойынща II топ
С. Кері күрек тістік жабу
Д. Жоғарғы жақтың фронтальды аймағының тегістелуі
Е. Жоғарғы жақтың тарылуы

65. Мезиальды тістесуге тән қай беттік белгілер ЕҢ лайықты болып табылады?


А. +Иектің шығыңқы болуы
В. Төменгі еріннің ішке кіруі
С. Мұрын ерін қатпарының тегістелуі
Д. Орталық аймақтың шығыңқы болуы
Е. Жоғарғы еріннің шығыңқы болуы

66. Мезиальды тістесуді емдеу және ем жоспарын құру үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ акпаратты?


А. Ортопантомография
В. +Бүйір проекциядағы телерентгенография
С. Тік проекциядағы телерентгенография
Д. Ауызішілік рентгенография
Е. СТЖБ томографиясы

67. Мезиальды тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?


А. Антропометрия
В. Фотометрия
С. Биометрия
Д. +Функциональды сынама
Е. Миотонометрия

68. Уақытша тістесу кезеңіндегі мезиальды тістесуді емдеу принципі:


А. Алынбайтын аппараттарды қолдану арқылы ортодонтиялық емдеу
В. +Жақтың дұрыс өсуіне жағдай жасай отырып, себептерді жою
С. Уақытша бірінші молярды жұлу
Д. Хирургиялық әдіс және миогимнастика
Е. Қатты тағамды қабылдау

69. Қалыпты тістесу кезеңіңдегі мезиальды тістесуді емдеу принципі:


А. Миогимнастика
В. Массаж
С. Функциональды
Д. +Комплексті емдеу
Е. Аппарат арқылы емдеу

70. Төменде көрсетілген қай ортодонтиялық аппарат мезиальды тістесуді емдеу кезінде қолданылады?


А. Еріндік бампер
В. Френкельдің II тип қызмет реттеушісі
С. +Френкельдің III тип қызмет реттеушісі
Д. Беттік доға
Е. Вестибулярлы табақша

71. Мезиальды тістесуді емдеу кезінде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Иекасты сақпан
В. Брюкль аппарты
С. Андрезен-Гойпл активаторы
Д. +Хургина аппараты
Е. Френкельдің III тип қызмет реттеушісі

72. Терең кері күрек тістік жабу кезінде жоғарғы алдыңғы тістердің ретрузиясын жою мақсатында ЕҢ қолайлысы:


А. Секторальды бөлінген жоғарғы жақ табақшасы
В. Френкельдің III тип қызмет реттеушісі
С. Андрезен-Гойпл активаторы
Д. Бошарова аппараты
Е. +Брюкль аппараты
73. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы жоғарғы жақтың өсуін ынталандыруда ЕҢ тиімді?
А. Иекасты сақпан
В. Брюкль аппараты
С. +Беттік маска
Д. Бынин каппасы
Е. Беттік доға

74. Қыз бала 12 жаста, эстетикалық кемістікке шағымданады. Сырттан қарағанда жоғарғы еріннің ішке салбырауы, мұрын-ерін қатпарының айқындылығы, иегінің алдыға шығыңқылығы байқалады. Ауыз қуысында: кері күрек тістік жабылу, азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ.


Төменде көрсетілген қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды?
А. Дистальды тістесу
В. +Мезиальды тістесу
С. Айқасқан тістесу
Д. Ашық тістесу
Е. Терең тістесу

75. Қыз бала 16 жаста, эстетикалык кемістікке шағымданады. Сыртқы қарау кезінде беттің төменгі 1/3 бөлігі ұлғайған, иек алдыға шығыңқы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша төменгі жақтың барлық көрсеткіштері ұлғайған.


Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ ықтималды диагноз?
А. Мәжбүрлі прогения
В. Фронтальды прогения
С. +Шынайы прогения
Д. Жалған прогения
Е. Макрогения
76. 15 жастағы жасөспірім, шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Клиникалық зерттеу кезінде иегі және төменгі ернінің айқын шығыңқылығы, төменгі жақ бұрышының ұлғайғандығы айқындалған.
Энгль жіктемесі бойынша қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. I топ
В. II топ I топша
С. II топ 2 топша
Д. +III топ
Е. IV топ

77. Жасөспірім 18 жаста, иегінің шығыңқылығына шығымданады. Тістерін түйістіру кезінде 4 мм-лік сагиттальды саңылаумен бірге тістердің кері түйісуі анықталған, функциональды сынама теріс.


Төменде көрсетілген мезиальды тістесудің қай формасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Тісальвеолалық
В. +Қаңқалық
С. Аралас
Д. Базальды
Е. Тістік

78. Бала 5,5 жаста, ата-анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі алдыға шығыңқы, жоғарғы еріні қысқарған, мұрын-ерін қатпары айқын. Ауыз қуысында: тістерінің барлығы уақытша тістер, кері күрек тістік жабылу, 8.3, 7.3 тістердің төмпешіктері жақсы айқындалған.


Төменде көрсетілген қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. +Мәжбүрлі прогения
В. Фронтальды прогения
С. Шынайы прогения
Д. Жалған прогения
Е. Прогнатия
79. Қыз бала 11 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша бассүйегі негізіне қарағанда жоғарғы жақтың артта орналасқаны анықталған. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты.
Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Ашық
В. +Мезиальды
С. Дистальды
Д. Айқасқан
Е. Терең

80. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша бассүйегі негізіне қарағанда төменгі жақтың алдыда орналасқаны анықталған. Жоғарғы жақтың орналасуы қалыпты.


Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Ашық
В. +Мезиальды
С. Дистальды
Д. Араласқан
Е. Терең
81. Ұл бала 11жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Клиникалық зерттеу бойынша бет-әлпеті симметриялы, профилі- ойыс. Ауыз қуысында: азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ, жоғарғы күрек тістердің кері жабылуымен бірге ретрузиясы да байқалады.
Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Жоғарғы жақ апикальды базисінің өлшемінің ұлғаюы
В. Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемдерінің кішіреюі
С. Жоғарғы жақ тістерінің мезиодистальды өлшемдерінің ұлғаюы
Д. +Жоғарғы тіс қатарының алдыңғы бөлік ұзындығының кішіреюі
Е. Төменгі жақ премолярлар арасының енінің кішіреюі

82. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Ауыз қуысында: төменгі жақтағы орталық күрек тістер арасында 2 комплекттен артық тіс бар.


Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Айқасқан
В. Терең
С. Дистальды
Д. +Мезиальды
Е. Ашық

83. Ұл бала 14 жаста. Ата-анасының шағымы иегінің шығыңқылығы. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, иегі және төменгі еріні айқын шығыңқы. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6 тістерінің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста, кері күрек тісті жабылу. Функциональды сынама теріс.


Телерентгенографилық зерттеу бойынша қай нәтиже ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Жоғарғы жақ прогнатиясы
В. + Төменгі жақ прогнатиясы
С. Төменгі жақ микрогнатиясы
Д. Жоғарғы жақ макрогнатиясы
Е. Төменгі жақ ретрогнатиясы

84. Қыз бала 11 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, иегі және төменгі ерні шығыңқы. Ауыз қуысында:1.6, 2.6 тістерінің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістерінің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста, кері күрек тістік жабылу.


Телерентгенографилық зерттеу бойынша қай нәтиже ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Жоғарғы жақ макрогнатиясы
В. Төменгі жақ микрогнатиясы
С. Жоғарғы жақ прогнатиясы
Д. +Төменгі жақ макрогнатиясы
Е. Төменгі жақ ретрогнатиясы

85. 11 жастағы қыз бала, эстетикалық көрінісінің бұзылуына шағымданады. Ауыз қуысында: терең күрек тістік кері жабылу, сагитальды саңылау 2 мм. Функциональды сынама жүргізген кезде науқас төменгі жағын алдыңғы тістердің түйісу қырына дейін артқа жылжыта алады, бұл кезде тұрақты бірінші азу тістердің қатынасы Энгльдің бірінші тобына жақындайды.


Мезиальды тістесудің қай формасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. +Тісальвеолалық
В. Қаңқалық
С. Аралас
Д. Базальды
Е. Тісті

86. Қыз 19 жаста. Екі жақтың да алдыңғы тістерінің дұрыс орналаспауына және ірі иегіне шағымданады. Клиникалық зерттеу кезінде беттің мезоцефалды түрі анықталды, асимметрия жоқ. Жоғарғы еріннің ішке салбырауы байқалады. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6 тістердің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста.


Телерентгенография бойынша профилометриялық анализ нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Дөңес
В. Тік
С. Овальды
Д. +Ойыс
Е. Төртбұрышты

87. Әйел 30 жаста. Эстетикалық көріністің бұзылуына шағымданады. Ауыз қуысында: күрек тістік кері жабылу, азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ.


Клиникалық зерттеу нәтижесінің төменде көрсетілген қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Супраментальды жүлгенің тереңдеуі
В. Мұрын-ерін және иек қатпарының тегістелуі
С. Иек артқа жылжыған
Д. Жоғарғы жақтың және жоғарғы еріннің шығыңқылығы
Е. +Төменгі жақтың және төменгі еріннің шығыңқылығы
88. Ұл бала 11 жаста. Ата-анасының тістесудің дұрыс емес болуы шағымданады. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, профилі - ойыс. Ауыз қуысында: бірінші азу тістердің түйісуі Энгль жіктемесі бойынша III топ, күрек тістер аймағында кері күрек тістік жабылумен бірге 3 мм-лік сагиттальды саңылау анықталды.
Мезиальды тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Антропометриялық
В. Фотометриялық
С. Биометриялық
Д. +Функциональды сынама
Е. Миотонометрия

89. Ұл бала 9 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Сыртқы қарау кезінде беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендегені анықталды, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: кері күрек тістік терең жабылу, сагиттальды саңылау 3 мм.


Мезиальды тістесу түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін қай функциональды сынама ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Ауызды кең ашқан кезінде бетті қарау
В. Физиологиялық тыныштық кезінде бетті қарау
С. Орталық окклюзия кезінде бетті қарау
Д. +Төменгі жақты артқа ығыстыру
Е. Үйреншікті окклюзия кезінде бетті қарау

90. Қыз бала 9 жаста, шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Объективті: профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 3 мм, кері күрек тістік терең жабылу.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қорытынды диагноз қоюда ЕҢ ақпаратты болып табылады?
А. Ауызішілік рентгенография
В. +Бүйір проекциядағы телерентгенография
С. Тік проекциядағы телерентгенография
Д. Ортопантомография
Е. СТЖБ томографиясы

91. Ұл бала 7 жаста. Ата-анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Объективті: беті симметриялы, профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Тіс формуласы жасына сәйкес. Кешенді зерттеу негізінде төменгі жақтың бассүйегі негізіне қарағанда алдыда орналасқаны анықталған.


Төменде көрсетілген емдеу нұсқаларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Жоғарғы жақтың өсуін шектеу
В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру
С. +Төменгі жақтың өсуін шектеу
Д. Екі жақтың өсуін ынталандыру
Е. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру

92. Ұл бала 5 жаста. Анамнезінде ата-анасының айтуы бойынша жоғарғы ернін соратын зиянды әдеті бар. Ауыз қуысын қарағанда: тіс формуласы жасына сәйкес келеді, тіс қатарларын түйістіргенде екінші уақытша азу тістерінің артында мезиальды баспалдақ анықталады. Фронтальды бөлімінде тік қатынас.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Төменгі тіс доғасының дистализациясы
В. +Зиянды әдеттерін жою
С. Екінші уақытша молярды жою
Д. Жоғарғы жақтың өлшемін ұлғайту
Е. Қатты тағамды қабылдау

93. Ұл бала 10 жаста, ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Ауыз қуысында: диастема, 1.2, 2.2 тістердің адентиясы, кері күрек тістік жабылу.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік?
А. Диастеманы емдеу және 1.3, 2.3 тістерді мезиальды ығыстыру
В. Жоқ 1.2, 2.2 тістердің дефектін протездеу
С. +Кері күрек тістік жабылуды емдеу
Д. Диастеманы емдеу және протездеу
Е. 1.2, 2.1 тістерді дистальды ығыстыру

94. Ұл бала 11 жаста. Беті симметриялы, жоғарғы ерні ішке салбыраған, иегі алға жылжыған. Бүйір проекциядағы ТРГ-да бассүйегінің алдыңғы негізіне қарағанда жоғарғы жақтың артта орналасқаны анықталды. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Жоғарғы жақ өлшемін қысқарту
В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру
С. Төменгі жақ өлшемін қысқарту
Д. +Жоғары жақтың өсуін ынталандыру
Е. Екі жақтың өсуін ынталандыру

95. Қыз бала 11 жаста, шағымы эстетикалық көріністің бұзылуына. Объективті: төменгі ерін және иегі алға шығыңқы, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: төменгі жақта күрек тіс пішінінде комплектен артық екі тіс бар, кері күрек тістік жабылу, және 1.3, 2.3 тістерге орын жетіспеушілігі байқалады.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Жоғарғы тіс қатарын алға жылжыту
В. +Комплекттен артық тістерді жұлу
С. 1.3, 2.3 тістерге орын дайындау
Д. 3.4, 4.4 тістерді жұлу
Е. 1.4, 2.4 тістерді жұлу

96. Бала 8 жаста. Мектеп стоматологы тарапынан бағытталған. Баланың аузын жабу кезінде бүйір тістерін түйістіру үшін төменгі жағын алға ығыстыратыны анықталды.


Науқасты емдеудің қай нұсқасы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Жоғарғы жақ тіс қатарын кеңейту
В. Төменгі жақ тіс қатарын кеңейту
С. +Сүйір тістердің төмпешіктерін егеу
Д. ЛОР- ағзаларды санациялау
Е. Төменгі жақтың өсуін шектеу

97. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы тұрақты тістердің жарып шығуының кешігуі. Ауыз қуысында барлық уақытша тістер және 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістердің жарып шыққандығы байқалады. Тістерін түйістіргенде терең кері күрек тістік жабылумен бірге мезиальды окклюзия анықталды.


Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Диагностикалық мүсінде биометриялық өлшеу жүргізу
В. Тістердің шайнау тиімділігін анықтау
С. Хирургтың кеңесі
Д. +Ортопантомография
Е. Бүйір проекциядағы телерентгенография

98. Терең тістесу кезінде тіс қатарларының қатынасы қандай жазықтық бойынша бұзылады?


А. Сагиттальді
В. Фронтальды
С. +Вертикальді
Д. Трансверзальді
Е. Туберальді

99.Төменде көрсетілген тістесу ауытқуларының қайсысымен терең тістесу көбірек кездеседі?


А.Мезиальді
В.+Дистальды
С.Ашық
Д.Ортогнатиялық
Е.Айқасқан

100.Төменде көрсетілген тістердің орналасу ауытқуларының қайсысы терең тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А.Төменгі жақсүйектік макродентия
В.Жоғарғы жақсүйектік микродентия
С.Алдыңғы тістердің инфроакклюзиясы
Д.+Алдыңғы тістердің супраокклюзиясы
Е.Бүйір тістердің супраокклюзиясы

101.Төменде көрсетілген қай этиологиялық фактор көп жағдайда терең тістесуді қалыптастырады?


А.Уақытша күрек тістерді ерте жұлу
В.+Бүйір тістерді ерте жұлу
С.Саусақ пен тілді сору
Д.Тілдің қысқа үзеңгісі
Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі

102.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?


А.Макроглоссия
В.Туа пайда болған қатты таңдай жырығы
С.Жоғарғы күрек тістерді ерте жұлу
Д.+Бүйір тістердің толығымен жарып шықпауы
Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі

103.Терең тістесудің клинико-морфологиялық белгілеріне төмендегілердің бәрі жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі
В.+Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы
С.Иектік қатпардың айқындалуы
Д.Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы
Е.Тіс қатарларының тарылуы

104.Төменде көрсетілген тіс ауытқуларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?


А.Транспозиция
В.1.2, 2.2 тістердің адентиясы
С.Төменгі жақсүйектегі комплекттен артық тістер
Д.Төменгі жақсүйектік макродентия
Е.+Жоғарғы жақсүйектік макродентия
105. Төменде көрсетілген тіс қатарлары аномалияларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?
А.Жоғарғы тіс қатарының кішіреюі
В.+Жоғарғы тіс қатарының үлкеюі
С.Төменгі тіс қатарының үлкеюі
Д.Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы
Е.Алдыңғы бөліктегі тіс альвеоласының қысқаруы

106. Қалыптасып келе жатқан терең тістесудің ерте белгісі:


А.Төменгі жақсүйегінің алдыңғы бөлігіндегі тіс альвеоласының ұзаруы
В.Төменгі жақсүйектің бүйір бөлігіндегі тіс альвеоласының қысқаруы
С.Фронтальды жабылу деңгейінің үлкеюі
Д.Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің кішіреюі
Е.+Күрек тістік жабылудың тереңдеуі

107.Терең тістесуге төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.Шайнау эффективтілігінің төмендеуі
В.Алдыңғы тістер парадонтының артық жүктелуі
С.+Төменгі жақ бұрышының ұлғаюы
Д.Шырышты қабаттың жарақаттануы
Е.Самай төменгі жақтағы ауру сезімі

108.Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесуге тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?


А.Төменгі жақсүйектегі диастема
В.Бүйір тістердің супраокклюзиясы
С.Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы
Д.+Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі
Е.Сагиттальді кеңістіктің үлкеюі

109. Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?


А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі
В.+Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі
С.Төменгі жақсүйек бұрышының үлкеюі
Д.Алдыңғы тістердің протрузиясы
Е.Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі

110.Терең тістесуге төменде көрсетілген барлық клинико-морфологиялық белгілер тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.Алдыңғы тістердің ретрузиясы
В.Айқын Шпее қисығы
С.Төменгі күрек тістердің шамадан тыс жарып шығуы
Д.+Бүйір тістердің шамадан тыс жарып шығуы
Е.Супраментальді жүлгенің тереңдеуі

111.Төменде көрсетілген беттік белгілердің қайсысы терең тістесуге ЕҢ тән болып табылады?


А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі
В.+ Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі
С.Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, иектің алға ығысуы
Д. Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі
Е.Беттің жоғарғы бөлігінің үлкеюі, иектің алға ығысуы

112.Қаңқалық терең тістесуде жақтардың қандай өсу типі ЕҢ ықтималды?


А.Вертикальді
В.+Горизонтальды
С.Нейтральды
Д.Тік
Е.Сызықтық

113.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесуге ЕҢ лайықты болып табылады?


А.Жоғарғы бүйір тістердің дистальді ығысуы
В. Төменгі бүйір тістердің мезиальді ығысуы
С. Күрек тістік жабылудың кішіреюі
Д. Төменгі алдынғы тістердің протрузиясы
Е.+ Жоғарғы алдынғы тістердің ретрузиясы

114. Терең тістесудің беттік белгілері төмендегілердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. +Иектің алға шығуы
В. Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі
С. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі
Д. Супраментальді жүлгенің тереңдеуі
Е. Төменгі еріннің қалыңдауы
115. Терең тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Антропометрия
В. Фотометрия
С. Биометрия
Д.+Бүйір проекциядағы телерентгенография
Е. Тік проекциядағы телерентгенография

116. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеу әдістері?


А.+ Ауыз қуысын санациялау, зиянды әдеттерді жою, функциональді аппараттар
В. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, механикалық аппараттар
С. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, функциональді аппараттар
Д. Зиянды әдеттерді жою, механикалық аппараттар
Е. Миостатикалық рефлексті қайта қалыптастыру, компактоостеотомия

117. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Зиянды әдеттерді жою
В. Қатты тағамдарды шайнату
С. Протездеу
Д.+ Механикалық әсер ететін аппараттар
Е. Тынысалу және жұтыну функцияларын қалпына келтіру

118. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Зиянды әдеттерді жою
В. Функциональді аппараттар
С. Миогимнастика
Д. Механикалық аппараттар
Е.+ Рациональді протездеу

119. Терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру
В. +Алдыңғы тістердің жарып шығуын ынталандыру
С. Алдынғы тістердің кешігіп жарып шығуы
Д. Тістердің орналасуы мен тіс доғасы формасын қалпына келтіру
Е. Алдынғы тістердің ретрузиясы кезінде олардың вестибулярлы иілуін қалыптастыру

120. Тұрақты тістесу кезіндегі терең тістесудің емдеу әдістері?


А. Қатты тағым шайнау
В. Ауыз қуысын санациялау
С. Массаж, миогимнастика
Д. Зиянды әдеттерді жою
Е.+Аппараттармен емдеу

121. Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттарлың қайсысы терең тістесуді емдеуде қолданады?


А. Бынин каппасы
В. +Тістелетін табақшасы бар Катц табақшасы
С. Телебаева аппараты
Д. Кеңейткіш бұрандасы бар табақша
Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша

122. Терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Андрезен-Гойпл активаторы
В. Френкельдің II тип қызмет реттеушісі
С.+ Френкельдің III тип қызмет реттеушісі
Д. Катц табақшасы
Е. Вестибулярлы табақша

123. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы қолданылады?


А. +Мюлеман пропульсоры
В. Бұрандасы бар табақша
С. Брюкль аппараты
Д. Бынин каппасы
Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша

124. Бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде: жоғарғы алдынғы тістердің кесу бұдырлық бетін сақтай отырып төменгі тістерді тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны анықталды.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия
В. Күрек тістік вертикальді окклюзия
С. Күрек тістік сагитальді окклюзия
Д. Күрек тістік терең дизокклюзия
Е. +Күрек тістік терең окклюзия

125. Қыз бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде жоғарғы алдынғы тістері төменгі тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны және кесу бұдырлық бетінің сақталмағаны анықталды.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия
В. +Күрек тістік терең дизокклюзия
С. Күрек тістік вертикальді окклюзия
Д. Күрек тістік сагитальді окклюзия
Е. Күрек тістік терең окклюзия

126. Ұл бала 12 жаста, сыртқы қарап тексеру кезінде еріндері түйіскен, төменгі ерні қалыңдаған, супраментальді қатпар айқындалған. Жоғарғы және төменгі алдынғы тістері ретрузиялы орналасқан. Бүйір бөлігінде сайлы төмпешікті түйісу байқалады.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. Мезиальді тістесу
В. Дистальді тістесу
С. Ашық тістесу
Д. +Терең тістесу
Е. Айқасқан тістесу

127. Боз бала 17 жаста. Сыртқы қарап тексеру кезінде: ауыздың айналмалы бұлшықеттері тырысулы күйде, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Тістерін түйістіргенде төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, бүйір бөліктерінде аттас тістердің түйісуі байқалады.


Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. +Терең жарақаттаушы тістесу
В. Прогнатиялық терең тістесу
С. Терең шектеуші тістесу
Д. Прогнатиялық тістесу
Е. Терең тістесу

128. Бала 12 жаста. Сырттан карап тексергенде мұрын-ерін қатпарының тегістелгені, супарментальді қатпардың айқындығы анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістері төменгі тістерді толығымен жауып тұрғаны, 1.1, 2.1 тістердің артқа иілгендігі, 1.2 және 2.2 тістердің вестибулярлы бағытта орналасқандықтары анықталды. Бүйір бөлігінде сайлы бұдырлы түйісу байқалады.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. Вертикальді күрек тістік дизокклюзия
В. Вертикальді күрек тістік окклюзия
С. Терең күрек тістік дизокклюзия
Д. +Терең күрек тістік окклюзия
Е. Вестибулоокклюзия

129. Бала 6 жаста, тағамды тістеу қиындығына шағымданады. Сырттан қарап тексергенде беттің төменгі 1/3 бөлігі кішірейген, төменгі ерін сыртқа айналған, ерін астылық шұнқыр тырысқан. Тіс қатарларын түйістіргенде бүйір тістері дұрыс қатынасады, төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, алдынғы тістер оральді бағытта иілген.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. Вертикальді күрек тісті дизокклюзия
В. +Терең күрек тістік дизокклюзия
С. Вертикальді күрек тістік окклюзия
Д. Терең күрек тістік окклюзия
Е. Дистальді окклюзия

130. Қыз 25 жаста. Парадонтологтың нұсқауы бойынша ортодонтиялық ем үшін келген. Парадонт жағдайының нашарлауына шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде: азу тістердің түйісуі II класс бойынша, Шпее қисығы анық айқын білінеді, төменгі күрек тістер кесу қырларымен қатты таңдайдың шырышты қабатына тіреледі.


Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?
А. +Терең жарақаттаушы тістесу
В. Терең прогнатиялық тістесу
С. Терең шектеуші тістесу
Д. Терең фронтальді
Е. Терең тістесу

131. Бала 11 жаста, диагностикалық модельдерді биометриялық өлшеу кезінде жоғарғы күрек тістер енінің өлшемі 36 мм, төменгі күрек тістердің енінің өлшемі 24 мм екені анықталған.


Төмендегі тістесу түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. Ортргнатиялық тістесу
В. Прогениялық тістесу
С. +Терең тістесу
Д. Ашық тістесу
Е. Тік тістесу

132. Қыз бала 13 жаста, ата-анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. ТРГ-ның бүйір проекциясында жақсүйектердің горизонтальді өсу типі, алдынғы тістердің ретрузиясы, супраментальді қатпардың айқындалуы анықталған. Беттің төменгі бөлігі жоғарғы және ортанғы бөліктерге қарағанда кішірейген.


Төмендегі тістесу түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтималды?
А. Ашық тістесу
В. Айқасқан тістесу
С. Прогнатиялық тістесу
Д. +Терең тістесу
Е. Прогениялық тістесу

133. Қыз бала 14 жаста, ата-анасы жоғарғы алдынғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Клиникалық тексеру кезінде: беті симметриялы, мезоцефальды тип байқалады. Профилі- тік. Беттің төменгі 1/3 бөлігі төмендеген. Супраментальді қатпар тереңдеген. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістер оральді бағытта иілген, төменгі тістерді толығымен жабады, бүйір бөліктердегі азу тістердің түйісуі II класс бойынша.


Биометриялық зерттеу нәтижелерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Жоғарғы тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығының артуы
В. + Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы кесіндісінің ұзындығының азаюы
C. Жоғарғы премолярлар арасындағы арақашықтықтың азаюы
Д. Төменгі азу тістері арақашықтығының азаюы
Е. Төменгі тіс қатарының лонгитудинальді ұзындығының артуы
134. Қыз бала 13 жаста, ата-анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Клиникалық зерттеу кезінде: беттің төменгі 1/3 бөлігінің кішірейгені, супраментальді қатпардың тереңдегені, төменгі жақсүйектік бұрыштың кішірейгені анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістер төмендегілерін толығымен жабады. Бүйір беттегі азу тістер II класс бойынша түйіседі.
Энгль жіктемесі бойынша қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды болып табылады?
А.I топ
В.II топ 1 топша
С.+IIтоп 2 топша
Д. IIIтоп
Е. IV топ

135. Жасөспірім 15 жаста. Клиникалық тексеруде: беті симметриялы, профилі тік. Беттің төменгі бөлігінің қысқарғаны, супраментальді қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: алдыңғы жоғарғы тістер төменгілерін толығымен жабатыны, бүйір бетіндегі азу тістер II топ бойынша түйісетіні, Шпее қисығының айқындылығы анықталған.


Фотометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А.Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі
В. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің үлкеюі
С.+ Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің кішіреюі
Д.Беттің енінің кішіреюі
Е.Беттің морфологиялық енінің кішіреюі

136. Қыз бала 14 жаста. Клиникалық зерттеуде: беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, супраментальды қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: алдыңғы жоғарғы тістері төменгі тістерін толығымен жабады, бүйір бөлігіндегі азу тістер II топ бойынша түйіседі.


Телерентгенография нәтижелерінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А. Жақсүйек аралық бұрыштың үлкеюі
В.+Төменгі жақ бұрышының кішіреюі
С.Алдыңғы тістердің протрузиясы
Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі
Е. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің үлкеюі

137. Бала 13 жаста. Сыртқы тексеруде: еріндері түйіскен, төменгі ерні қалыңдаған, супраментальды қатпары тереңдеген. Ауыз қуысында: азу тістері Энгльдің II тобы бойынша қатынасады, алдыңғы жоғарғы тістер төменгілердің тіс сауытының 2/3 бөлігін жауып жатыр.


Төмендегі телерентгенография нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ:
А. Жақсүйек аралық бұрыштың кішіреюі
В. Төменгі жақ бұрышының кішіреюі
С.+ Алдыңғы жоғарғы тістердің протрузиясы
Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің кішіреюі
Е.Беттің артқы биіктігінің үлкеюі
138. Әйел 30 жаста. Эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысында: терең күрек тістік жабылу, азу тістердің түйісуі Энгльдің жіктемесі бойынша II топ.
Клиникалық зерттеу нәтижелерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?
А.+Супраментальды жүлгенің тереңдеуі
В.Иектік және мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі
С.Иектің алға шығуы
Д.Төменгі жақтың алға шығуы
Е.Төменгі жақ бұрышының үлкеюі
139. Бала 12 жаста. Ата-анасы алдыңғы тістердің дұрыс емес иілгеніне шағымданады. Объективті қарағанда: беті- симметриялы, профилі- тік. Ауыз қуысында: бүйір бетіндегі азу тістердің II топ бойынша түйіседі, 1.1, 2.1, 1.2, 2.2 оральды бағытта иілген және төменгі күрек тістерді толық жабады.
Төмендегі емдеу тәсілдерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А.Төменгі жақтың өсуін ынталандыру
В. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру
С.+Жоғарғы алдыңғы тістерінің иілуін қалпына келтіру
Д.Жоғарғы жақтың өлшемін кішірейту
Е.Бүйір тістерді тісальвеолалық ұзарту

140. Бала 5,5 жаста. Мектеп стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Анамнез жинау барысында баланы жұмсақ, майдаланған тағаммен тамақтандыратыны анықталды. Ауыз қуысында: уақытша тістесу, уақытша тістердің бұдырлары айқын білінген, алдыңғы жоғарғы тістер төменгі алдыңғы тістерді тіс сауыты биіктігінің 1/3 бөлігінен аса жауып жатыр, уақытша екінші молярлар мен сүйір тістер дистальды баспалдақпен орналасқан.


Науқасты емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А.Тістерді таңдап егелеу
В.+Қатты тағам белгілеу
С.Жоғарғы жақ көлемін кішірейту
Д. Төменгі жақ көлемін кішірейту
Е.Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру

141. Қыз бала 12 жаста. Ата анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Сыртқы қарап тексеруде беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендегені, супраментальді қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: жоғарғы тістер төменгі тістерді сауыттары биіктігіне жауып жатыр, бірінші молярлар түйісуі нейтральді.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А.Ылди-тістейтін алаңы бар табақша
В.+Тістейтін алаңы бар табақша
С.Иілген жазықтығы бар табақша
Д.Ретракциялы доғасы бар табақша
Е.Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

142. Бала 5 жаста. Балалар стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Ауыз қуысында: жоғарғы тістер төменгі тістерді сауыттарының биіктігіне жауып жатыр, екінші уақытша азу тістердің дистальды қырлары бір вертикальды сызық бойынша орналасқан.


Төмендегі ортодонтиялық аппараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Ретракциялы доғасы бар табақша
В.+Мюлеман пропульсоры
С. Кеңейткіш бұрандасы бар табақша
Д.Брюкль табақшасы
Е.Катц табақшасы

143. Қыз 20 жаста. Дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті қарағанда: беті- симметриялы, беттің төменгі 1/3 бөлігінің қысқаруы, супраментальды қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: ауыз кіреберісі саяз (3мм), төменгі алдыңғы тістер жағындағы қызыл иек қызарған, ісінген, пародонт қалталарын зондтаған кезде қанағыштық байқалады (тереңдігі 4 мм-ге дейін). Таңдайлық қатпарда төменгі тістердің іздері байқалады.


Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А.+Қызыл иекті қабынуға қарсы емдеу
В. Тістерді таңдап егелеу
С.Ортодонтиялық ем
Д.Вестибулопластика
Е.Френулопластика

144. Бала 8 жаста. Балалар стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Объективті қарағанда: беттің төменгі 1/3 бөлігі қысқарған. Ауыз қуысында: 8.4, 7.4, 7.5 тістері жоқ, бірінші тұрақты азу тістер жарып шыққан, барлық күрек тістер ауысқан. Алдыңғы жоғарғы тістер төменгілерді тіс сауытының 2/3 бөлігіне жауып тұр. Бірінші тұрақты азу тістері жағында сайлы-бұдырлы түйісу байқалады, бірінші азу тістерінің сауыттарының клиникалық биіктігі төмен.


Науқасты төмендегі емдеу тәсілдерінің қайсысы бойынша жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?
А.Төменгі жақта жасанды тістері бар табақша
В.+Бірінші азу тістердің жарып шығуын ынталандыру
С.Премолярлардың жарып шығуын ынталандыру
Д.3.6, 4.6 тістердің мезиальді ығыстыру
Е.Күрек тістердің жарып шығуын ынталандыру

145. Бала 12 жаста. Ата анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті тексеруде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында молярлар II топ бойынша түйіседі, Шпее қисығы айқындалған, жоғарғы тістер төменгілерді тіс сауыты биіктігінің 2/3 бөлігін жауып жатыр.


Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Алдыңғы тістерді тіс альвеолалық ұзарту
В. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру
С. Төменгі жақтың өсуін щектеу
Д.+ Бүйір тістерді тіс альвеолалық ұзарту
Е. Жоғарғы жақ көлемін қысқарту

146. Бала жаста. Ата- анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті тексеруде: беті симметриялы, супраментальды жүлгенің тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: дистальды тістесу, жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістерді толығымен жабады.


Төмендегі ортодонтиялық емнің барлық нұсқалары дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ:
А. Бүйір тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектейтін себептерді жою
В.+Алдыңғы тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектейтін себептерді жою
С. Алдыңғы тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектеуге жағдай жасау.
Д. Тіс доғасының пішінін және тістердің орналасуын қалпына келтіру
Е. Жақтардың өсуін қалпына келтіру

147. Қыз бала 9 жаста. Шайнау қызметінің бұзылғандығына шағымданады. Сыртқы қарап тексеруде тістесу биіктігінің төмендегені байқалады. 7.4, 7.5, 8.4, 8.5 тістері жоқ, 5.5, 5.4, 6.4, 6.5 тістер маңында тіс альвеолалық ұзару байқалады. Жоғарғы күрек тістер төменгілерді тіс сауытының 2/3 бөлігін жауып тұр.


Төмендегі қосымша зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Ортаңғы таңдай тігісінің рентгенографиясы
В. Шайнау сынамасы
С. Электромиография
Д.+ Ортопантомография
Е. Телерентгенография

148. Ашық тістесу кезінде тіс қатарларының қатынасы қандай жазықтық бойынша бұзылады?


А. Трансверзальді
В. Сагиттальді
С. +Вертикальді
Д. Орбитальді
Е. Фронтальді

149. Ашық тістесу кезінде бұлшықеттердің қандай тобының шамадан тыс дамуы байқалады?


А. Төменгі жақсүйекті дистальді жылжытатындар
В. Төменгі жақсүйекті көтеретіндер
С.+ Төменгі жақсүйекті түсіретіндер
Д. Төменгі жақсүйекті алдыға жылжытатындар
Е. Иек және ауыз маңы бұлшықеттері

150. Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы ашық тістесу сипаттамасына тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?


А. Жоғарғы күрек тістердің вестибулярлы бағытта иілуі
В. + Вертикальді бағытта түйісудің болмауы
С. Сагиттальді бағытта түйісудің болмауы
Д. Бүйір тістердің толық жарып шықпауы
Е. Алдыңғы тістердің толық жарып шықпауы

151. Ашық тістесудің қалыптасуында төмендегі этиологиялық факторлардың барлығы негізгі себеп болып табылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Тілдің дұрыс орналаспауы
В. Тіл жүгеншесінің қысқаруы
С. Инфантильді жұтыну
Д. Ауызбен тыныс алу
Е. + Глосоптоз

152. Төмендегі зиянды әдеттердің қайсысы ашық тістесудің қалыптасуында ЕҢ ықтималды себеп болып табылады?


А. Ұйқы кезінде қолды бет астына қойып жату
В. Биік жастықта ұйықтау
С. Жоғарғы ернін сору
Д. Төменгі ернін сору
Е. +Бас бармағын сору

153. Төмендегі этиологиялық факторлардың қайсысы ашық тістесудің қалыптасуында ЕҢ жиі кездесетін себептердің бірі болып табылады?


А. Физиологиялық қажалу
В. Патологиялық қажалу
С. Омыртқаның қисаюы
Д. + Мешел
Е. Инфекциялы аурулар

154. Төмендегі этиологиялық факторлардың қайсысы ашық тістесудің қалыптасуына алып келеді?


А. Жоғарғы жақ үзенгісінің дұрыс орналаспауы
В. Біріншілік адентия
С. Ауыз кіреберісінің саяз болуы
Д. +Тілді, ұртты тістеу
Е. Уақытша кіші азу тістерді ерте жоғалту

155. Ашық тістесуге төмендегі клинико-морфологиялық белгілердің барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Алдынғы тістер арасында түйісудің болмауы
В. +Төменгі жақсүйек бұрышының азаюы
С. Еріндердің қиналып түйісуі
Д. Беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзаруы
Е. Готикалық таңдай

156. Ашық тістесуге тән функциональді бұзылыстар:


А.+ Тағамды тістеу, жұтыну, дыбыс шығарудың қиындауы
В. Таңдайдың шырышты қабатын төменгі күрек тістермен жарақаттау
С. Төменгі жақтың шырышты қабатын жоғарғы күрек тістермен жарақаттау
Д. Бүйір тістердің толық шықпауы
Е. Алдынғы тістердің шамадан тыс шығуы

157. Ашық тістесуге төменде көрсетілген функциональді бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Дыбыс шығару бұзылыстары
В. +Алдынғы тістер пародонтының шамадан тыс жүктемесі
С. Тағамды тістеудің қиындауы
Д. Шырышты қабаттың құрғауы
Е. Тілдің және ұрттың парафункциясы

158. Ашық тістесу кезінде төменде көрсетілген функционольді бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Мұрынмен тыныс алудың қиындауы
В. Ауызбен тыныс алу
С. Инфантильді жұтыну
Д. +Шырышты қабаттың жарақаттары
Е. Таңдай-жұтқыншақ бадамшаларынаң үлкеюі

159. Төменде көрсетілген тістердің даму ауытқуларының қайсысы ашық тістесудің пайда болуына ЕҢ жиі алып келеді?


А. Макродентия
В. Адентия
С. +Алдынғы тістердің толық жарып шықпауы
Д. Комплектен артық тістер
Е. Диастема

160. Ашық тістесуге тән ЕҢ ықтималды беттік белгілер?


А. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары айқындалған
В. +Беттің төменгі бөлігі ұзарған, мұрын-ерін қатпарлары тегістелген
С. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, еріндер еркін түйіседі
Д. Жоғарғы ерін қысқарған, жоғарғы тістер төменгі ерінде жатыр
Е. Беттің төменгі бөлігі ұзарған, мұрын-ерін қатпарлары айқандалған

161. Төменде көрсетілген беттік белгілердің қайсысы ашық тістесуге тән ЕҢ ықтималды сипаттама болып табылады?


А. Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, иек қатпарларының айқындалуы
В. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, иектің алға жылжуы
С. +Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, мұрын-ерін және иек қатпарларының тегістелуі
Д. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, мұрын-ерін және иек қатпарларының айқындалуы
Е. Беттің ортанғы бөлігінің қысқаруы, иек қатпарларының айқындалуы

162. Алдыңғы ашық тістесуге тән ЕҢ лайықты сипаттама?


А. Екі жақсүйектің алдыңғы тістер бөлігінді ұзару
В. Жоғарғы жақсүйектің бүйір бөліктерінде қысқару
С. Төменгі жақсүйектің бүйір бөліктерінде қысқару
Д. Жоғарғы жақсүйектің бүйір бөліктерінде кеңею
Е. +Фронтальді бөлктеде қысқару

163. Шынайы (мешелді) ашық тістесуге төменде көрсетілгендердің барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Жақсүйектердің вертикальді бағытта өсуі
В. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы
С. Төменгі жақсүйек бұрышының ұзаруы
Д. Жоғарғы жақсүйегінің тарылуы
Е. +Алдынғы бөліктің ұзаруы

164. Ашық тістесу кезінде жақсүйектердің қай бағытта өсуі ЕҢ ықтималды?


А. +Вертикальді
В. Горизонтальді
С. Нейтральді
Д. Тік
Е. Сызықты

165. Ашық тістесу кезінде ЕҢ ықтималды профиль түрі?


А. +Дөңес
В. Тік
С. Овальді
Д. Ойыс
Е. Төртбұрыш

166. Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы ашық тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?


А. Жақсүйек аралық бұрыштың азаюы
В. Төменгі жақсүйек бұрышның азаюы
С. Фронтальді тістердің ретрузиясы
Д. +Төменгі жақсүйек бұрышының ұлғаюы
Е. Шпее қисығының айқындалуы

167. Ашық тістесудің ауыз ішілік белгілері төмендегілердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Төменгі және жоғарғы жақсүйек тістері арасында түйісудің болмауы
В. Тілдің төмен орналасуы
С. +Жоғарғы фронтальді тістердің ретрузиясы
Д. Тұрақты алдынғы тістердің гипоплазиясы
Е. Жоғарғы жақсүйектің тарылуы

168. Аралас тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы қолданылады?


А. Шонхердің вестибулярлы пластинкасы
В. Гуляева аппараты
С. +Андрезен-Гойпл активаторы
Д. Катц табақшасы
Е. Брюкль аппараты

169. Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін төменде көрсетілген ортодонтиялық аппарттардың қайсысы қолданылады?


А. Окклюзионды жабындысы бар табақшасы
В. Гуляева аппараты
С. Катц табақшасы
Д. +Гербст-Кожакару аппараты
Е. Брюкл аппараты

170. Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы ашық тістесуді емдеуде қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Вестибулярлы табақша
В. Ортодонтия алдылық трейнерлер
С. Андрезен-Гойпл активаторы
Д. +Френкелдің III тип қызмет реттеушісі
Е. Гербст-Кожакар аппараты

171. Төменде көрсетілгендердің барлығы ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.+ Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру
В. Алдынғы тістердің жарып шығуын ынталандыру
С. Бүйір тістердің жарып шығуын кешіктіру
Д. Тістердің орналасуын және тіс доғасының формасын қалпына келтіру
Е. Жұтыну және тыныс алу функцияларын калпына келтіру

172. Уақытша тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеудің негізгі әдістері?


А. Протетикалық ем және миогимнастика
В. Миогимнастика және рационалды ем
С. Алынбайтын ортодонтиялық аппараттар және массаж
Д. +Тіс-жақ жүйесінің функциясын қалпына келтіру
Е. Уақытша үлкен азу тістерді жұлу

173. Төменде көрсетілгендердің барлығы уақытша тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары болып табылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Зиянды әдетттерді жою
В.Тыныштық және функция кезіндегі тілдің орналасуын қалпына келтіру
С. Мұрынмен дем алуды, еріндердің түйісуін ретке келтіру
Д. +Механикалық әсер ететін аппараттарды қолдану
Е. Уақытша тістердің болмауы немесе бұзылуы кезіне протездермен емдеу

174. Аралас тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі әдістері?


А. Зиянды әдеттерді жою
В. Уақытша тістерді жұлу
С. Массаж және физиоем
Д. Компактоостеотомия
Е.+ Аппараттармен емдеу және миогимнастика

175. Төменде көрсетілгендердің барлығы аралас тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Зиянды әдеттерді жою
В. Функциональды аппараттар
С. Миогимнастика
Д. Механикалық әсер ететін аппараттар
Е.+ Компактостеотомия

176. Қыз бала 8 жаста. Инфантильді жұтыну байқалады.


Төменде көрсетілген аномалиялардың қайсысы пайда болуы мүмкін?
А.+ Күрек тістердің протрузиясы
В. Тістердің транспозициясы
С. Сүйір тістердің дистопиясы
Д. Күрек тістердің ретрузиясы
Е. Күрек тістердің түсіп қалуы

177. Ұл бала, 12 жаста, дәрігер-ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Объективті: беті симметриялы, беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған, мұрын- ерін қатпарлары тегістелген, еріндері түйіспейді, ауызбен демалады. Ауыз қуысында: 4 мм болатын тік саңылау бар.


Болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болады?

А.+ Вертикальді күрек тістік дизокклюзия


В. Сагитальді күрек тістік дизокклюзия
С. Вертикальді күрек тістік окклюзия
Д. Сагитальді күрек тістік окклюзия
Е. Тік күрек тістік окклюзия

178. Ұл бала, 14 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуіне шағымданады. Сырттан қарағанда беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған. Тістерді түйістіру кезінде фронтальді тістер арасында 4 мм болатын тік саңылау байқалады.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болады?
А. Прогнатиялық тістесу
В. Прогениялық тістесу
С. Айқасқан тістесу
Д. +Ашық тістесу
Е. Терең тістесу

179. Ұл бала, 13 жаста. Ата-анасы “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Анамнезінде ауызбен демалу анықталды. Бастың бүйір бөлігінің ТРГ анализінде жақсүйектердің вертикальді өсу типі және алдынғы тістердің протрузиясы байқалады. Жақсүйектердің сагитальді бағытта орналасуын сипаттайтын көрсеткіштер қалыпта. Беттің төменгі бөлігі беттің орталық және жоғарғы бөлігімен салыстырғанда ұзарған. Еріндері түйіспейді.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А. Прогнатиялық тістесу
В. Айқасқан тістесу
С.+ Ашық тістесу
Д. Терең тістесу
Е. Прогениялық тістесу

180. Қыз бала, 15 жаста. Бастың бүйір проекцияда түсірілген ТРГ анализінде бет-жақ қаңқасының вертикальді бағытта өсуін сипаттайтын көрсеткіштердің шамадан тыс артуы байқалады. Төменгі жақсүйек денесінің конфигурациясы өзгерген.


Қай диагнозға сәйкес келеді?
А. Прогнатиялық тістесу
В. + Қаңқалық ашық тістесу
С. Тісальвеолалық ашық тістесу
Д. Қаңқалық терең тістесу
Е. Тісальвеолалық терең тістесу

181. Ұл бала, 9жаста. Ата-анасының айтуы бойынша оң қолының үлкен саусағын соратын зиянды әдеті бар. Объективті: беті симметриялы, демалуы ауызбен, ауыздың айнала бұлшықетінің әлсіз функциясы байқалады, профилі- дөңес. Ауыз қуысында: жоғарғы фронтальді тістер тобының протрузиясы, 2-3 мм вертикальді саңылау.


Биометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?
А.+ Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы бөлігі ұзындығының артуы
В. Жағарғы кіші азу тістер арақашықтығының артуы
С. Жоғарғы үлкен азу тістер арақашықтығының артуы
Д. Алдынғы тістер пропорциясының бұзылуы
Е. Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы бөлігі ұзындығының азаюы

182. Бала 9 жаста, тамақты қиындықпен тістеуге шағымдалады. Ауыз қуысында: фронтальді тістер доғаланып, вестибулярлы орналасқан. Жоғарға тістер қатары V тәрізденіп тарылған, таңдайы готикалық, фронтальді аймағында 2 мм тік саңылау байқалады.


Биометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?
А. +Жоғарғы премолярлар арақашықтығының азаюы
В. Алдыңғы тістер пропорциясының бұзылуы
С. Төменгі жақсүйектің апикальді базисі енінің артуы
Д. Жоғарғы жақсүйек апикальді базисі енінің кемуі
Е. Жоғарғы тіс доғасының алдынғы бөлігінің ұзындығының кемуі

183. Ұл бала 14 жаста. Ата-аналар “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Анамнезінде ауызбен тыныс алу анықталған. Тіс қатарларын түйістіру кезінде фронтальді тістер арасында 4 мм вертикальді саңылау байқалады.


Фотометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?
А. Беттің толық морфологиялық биіктігінің азаюы
В. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің азаюы
С. +Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің артуы
Д. Беттің бұрыштық енінің артуы
Е. Беттің морфологиялық енінің азаюы

184. Қыз бала, 14 жаста. Ата-аналар “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Объективті: еріндері қиындықпен түйісуі, беттің төменгі бөлігінің артуы, “тырысу” симптомы байқалады. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы.


ЕҢ мүмкін болатын профиль?
А. +Дөңес
В. Тік
С. Овальді
Д. Ойыс
Е. Төртбұрыш

185. Қыз бала, 13 жаста. Ата-анасы эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Объективті: профилі дөңес, иектің алға шығуы, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы байқалады.


Төмендегі клиникалық зерттеу нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ?
А. Иек қатпарларының тегістелуі
В. Тырысу симптомы
С. Беттің төменгі 1/3 бөлігі артқан
Д.+ Төменгі жақтың алға жылжуы
Е. Мұрын-ерін қапарларының тегістелуі

186. Бозбала, 18 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуге шағымдалады. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы байқалады.


Клиникалық зерттеулердің қай нәтижесі ЕҢ мүмкін болады?
А. Супраментальді жүлгенің тереңдеуі
В. Иек және мұрын-ерін қатпарларының айқындалуы
С. Иектің алға жылжуы
Д. Төменгі жақтың алға жылжуы
Е. + Иек және мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі

187. Қыз бала, 18 жаста, тағамды тістеудің бұзылуына шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алға шыққан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: диастема, фронтальді тістер арасында тремалар бар, вертикальді саңылау көлемі-3 мм болып анықталды.


Телерентгенографиялық зерттеудің қай нәтижесі ЕҢ мүмкін болады?
А. Беттің артқы биіктігінің азаюы
В. Төменгі жақсүйек бұрышының азаюы
С. Беттің толық морфологиялық биіктігінің азаюы
Д. Фронтальді тістердің ретрузиясы
Е. +Фронтальді тістердің протрузиясы

188. Боз бала, 18 жаста, “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алдыға шыққан, еріндері қиындықпен түіседі. Ауыз қуысында: молярлардың түйісуі II топ бойынша, фронтальді тістер арасында диастема, тремалар бар, вертикальді саңылау көлемі-5 мм болып анықталды.


Төмендегі телерентгенографиялық зерттеу нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ?
А. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің артуы
В. Жақсүйек бұрышының артуы
С. Фронтальді тістердің протрузиясы
Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің артуы
Е.+ Күрек тіс аралық бұрыштың артуы

189. Қыз, 18 жаста, тағамды қиналып тістеуге шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алдыға шығынқы, еріндері қиналып түйіседі. Ауыз қуысында: фронтальді тістер арасында диастема, тремалар, сагиттальді саңылау көлем- 8 мм. Бірінші үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болады?
А. Бетті антропометриялық өлшеу
В. Бетті фотометриялық өлшеу
С. Функциональді сынамалар
Д. +Бүйір проекцияда түсірілген телерентгенограмма
Е. Тік проекцияда түсірілген телерентгенограмма

190. Бала, 5 жаста. Тілді сору әдетінен вертикальді күрек тістік дизокклюзия қалыптасуда.


Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы ЕҢ лайықты болады?
А. Шонхердің стандартты вестибулярлы табақшасы
В. Жеке вестибулярлы табақша
С.+ Крауздың вестибулооральді табақшасы
Д. Кербцтің вестибулярлы табақшасы
Е. Мюллеман пропульсоры

191. Бала 5,5 жаста. Үлкен саусағын сору салдарынан вертикальді күрек тістік дизокклюзия қалыптасуда.


Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Миогимнастика
В. Механикалық әсер ететін алынатын аппарат
С. Уақытша молярларды жұлу
Д. Массаж және алынбайтын ортодонтиялық ем
Е. +Зиянды әдеттерді жою

192. Бала 5 жаста. Ата-анасы сол қолының үлкен саусағын соратын зиянды әдетіне шағымданады. Беті өзгеріссіз. Күрек тістер арасында вертикальді саңылау – 2 мм болып анықталды.


Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Миогимнастика, протездеу
В. +Зиянды әдеттерді жою
С. Алдынғы тістерді жұлу
Д. Алынбайтын ортодонтиялық аппараттар, массаж
Е. Компактостеотомия

193. Қыз бала, 8 жаста. Ата-анасы алдынғы тістер арасында саңылаудың болуына шағымданады. Сырттан қарағанда еріндері қиналып түйіседі, иегінде тырысу симптомы байқалады. Ауыз қуысында: фронтальді бөлігінде 3 мм вертикальді саңылау анықталды. Тіл жұтыну, сөйлеу және физиологиялық тыныштық жағдайында алдынғы тістер арасында орналасатыны анықталған.


Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші ретте жүргізу қажет?
А. Күрек тістік жабылуды қалпына келтіру
В. Тіс қатарларының формасын калпына келтіру
С. +Тілдің орналасуын қалпына келтіру
Д. Жоғарғы жақсүйекті кеңейту
Е. Үлкен азу тістерді дистализациялау

194. Боз бала 20 жаста, эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Сырттан қарағанда беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзарғандығы, еріндердің түйіспейтіндігі анықталады. Науқас бала кезінде мешелмен ауырған. Ауыз қуысында: 5 мм вертикальді саңылау. Төменгі жақсүйек формасы трапеция тәрізді, жоғарғы жақсүйек формасы V формалы, тарылған, фронтальді тістердің протрузиясы, жұтыну кезінде тіл алдыңғы тістер арасында орналасады, тыныс алу ауызбен жүзеге асады.


Емдеудің негізгі шаралары төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ?
А. Жоғарғы жақ тіс қатарының формасын қалпына келтіру
В. Тыныс алу функциясын қалпына келтіру
С. Жұтыну функциясын қалпына келтіру
Д. Төменгі жақсүйек тіс қатарының формасын қалпына келтіру
Е. +Бүйір аймақта тісальвеолалық ұзындықты арттыру

195. Бойжеткен 21 жаста, эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Сырттан қарағанда: беттің төменгі 1/3 бөлігінің биіктігі артқан, еріндері қиындықпен түйіседі, сөйлеуі анық емес, ысылдап сөйлейді. Ауыз қуысында: 5 мм сагитальді саңылау; 7 мм вертикальді саңылау анықталды; жоғарғы тіс қатарының тарылғандығы, тремалар және диастема бар екені, алдынғы тістердің гипоплазиясы, таңдайдың тереңдегені, төменгі жақсүйегінде барлық тістердің тілдік бетке иілуі байқалады. Телерентгенограммада: жоғарғы жақсүйек негізінің ұзындығының азаюы анықталды.


ЕҢ лайықты болатын емдеу шарасы төмендегілердің қайсысы?
А. +Комбинирленген ем
В. Реконструктивті хирургия
С. Ортодонтиялық ем
Д. Ортопедиялық ем
Е. Протетикалық ем

196. Әйел адам, 25 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуге шағымданады. Сырттан қарағанда: беті долихоцефальды типте, симметриялы. Беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған, еріндері түйіспейді. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тістер арасында жанасудың болмауы байқалады, тек екінщі үлкен азу тістерінің түйісуі байқалады.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Ортопедиялық ем
В. Тістерді жұлумен жүргізетін ортодонтиялық ем
С. Тіс жұлусыз жүргізілетін ортодонтиялық ем
Д. +Ортогнатиялық хирургия
Е. Миогимнастика, компактоостеотомия

197. Ұл бала 9 жаста. Комплексті зерттеу нәтижесінде: төменгі жақсүйектің бүйір аймағында тісальвеолалық ұзындықтың ұзаруымен шартталған тіс қатарының дизокклюзиясы деген диагноз қойылды.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Кеңейткіш бұрандалы төменгі жақсүйегіне арналған табақша
В. Кеңейткіш бұрандалы жоғарғы жақсүйегіне арналған табақша
С. +Жоғарғы жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар табақша
Д. Төменгі жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар табақша
Е. Төменгі жақсүйекке арналған ылди жазықтығы бар табақша

198. Қыз бала, 9 жаста, ата-аналары алдыңғы аймақта тістер түйіспеуіне шағымданады. Ауыз қуысын тексерген кезде жоғарғы жақсүйектің бүйір аймағында тісальвеолалық ұзындықтың ұзаруымен шартталған тіс қатарларының дизокклюзиясы анықталды. Инфантильді жұтыну байқалады.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Кеңейткіш бұрандалы төменгі жақсүйегіне арналған табақша
В. Кеңейткіш бұрандалы бар жоғарғы жақсүйегіне арналған табақша
С. Жоғарғы жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар және тіл шектеуіші бар табақша
Д. +Төменгі жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар және тіл шектеуіші бар табақша
Е. Төменгі жақсүйекке арналған ылди жазықтығы бар табақша

199. Айқасқан тістесу кезінде тіс қатарының қатынасы қай жазықтықта бұзылады?


А.Вертикальды
В.Сагитальды
С.+Трансверзальды
Д.Окклюзионды
Е.Фронтальды

200. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?


А.Төменгі ерінді тістеу
В.Жоғарғы еріннің жүгеншесінің дұрыс емес бекінуі
С.Уақытша күрек тістерінің ерте жұлынуы
Д.+Уақытша тістерінің төмпешіктерінің қажалмауы
Е. Жасанды тамақтандыру

201. Айқасқан тістесудің қалыптасуына төменде көрсетілген факторлардың барлығы әсер етеді,тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Уақытша тістерінің төмпешіктерінің қажалмауы
В.Тістердің жарып шығу реттілігінің бұзылуы
С.+Уақытша күрек тістерінің ерте жұлынуы
Д.Бір жақты шайнау
Е.СТЖБ анкилозы

202. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?


А.+ СТЖБ анкилозы
В. Тіс жарып шығу реттілігінің бұзылуы
С.Таңдай бадамшасының гипертрофиясы
Д. Зиянды әдеттер
Е. Жасанды тамақтандыру

203. Төменде көрсетілген клиникалық сынамалардың қайсысы айқасқан тістесудің ажырату диагностикасында қолданылады?


А.Эшлер-Битнер
В.+Ильин-Маркосян
С.Хорошилкина
Д.Рубинов
Е.Агапов

204. Айқасқан тістесудің диагностикасында диагностикалық мүсінде жүргізілетін өлшеу әдістері:


А.Герлах
В.Долгополова
С.Тон
Д+.Пон
Е.Нанси

205. Бет ассиметриясының диагностикасын жүргізу үшін бетті қалай зерртейді?


А.Сол жақтан
В.Оң жақтан
С.+Фас
Д.Бүйірінен
Е.Фас және бүйірнен

206. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің диагностикасында ЕҢ лайықты болып табылады?


А.Ауызішілік рентгенограмма
В.Бүйір проекциядағы телерентгенография
С.+Тік проекциядағы телерентгенография
Д.СТЖБ рентгенографиясы
Е. Томография

207. Айқасқан тістесуге төменде көрсетілген функциональды бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.Ұрттың шырышты қабатын тістеу
В.Төменгі жақтың трансверзальды бағытта қиналып қозғалуы
С. Шайнау қысымының біркелкі емес таралуы
Д. СТЖБ функциясының бұзылуы
Е. +Жұтыну функциясының бұзылуы

208. Айқасқан тістесудің клиникалық формасы:


А.Шектеуші, шатыр тәрізді
В.Жауып тұратын, буккальды
С.Жауып тұратын, рахитті
Д.+Буккальды, лингвальды
Е. Шектеуші, лингвальды

209. Айқасқан тістесудің қай түріне жоғарғы жақтың екіжақты тарылуы жатады?


А.Біржақты буккальды айқасқан тістесу
В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу.
С.+Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Д.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Е.Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

210. Айқасқан тістесудің қай түріне жоғарғы жақтың біржақты тарылуы жатады?


А.+ Біржақты буккальды айқасқан тістесу
В. Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

211. Айқасқан тістесудің қай түріне төменгі жақтың біржақты тарылуы жатады?


А. Біржақты буккальды айқасқан тістесу
В.+ Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

212. Айқасқан тістесудің қай түріне төменгі жақтың екіжақты тарылуы жатады?


А. Біржақты буккальды айқасқан тістесу
В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Д. +Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

213. Төменде көрсетілген бет белгілерінің қайсысы төменгі жақ ығысуымен бірге болатын буккальды айқасқан тістесуге тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?


А.Беттің төменгі бөлігінің төмендеуі
В. «Тырысу симптомы»
С.Иектің алға шығуы
Д.+Бет асимметриясы
Е.Еріндердің түйіспеуі

214. Төменде көрсетілгендердің барлығы лингвальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.+Сагитальды саңылау
В.Шайнау бұлшықеттерінің гипотониясы
С.Төменгі тіс доғасының кеңеюі
Д.Жоғарғы тіс доғасының тарылуы
Е.Төменгі жақтың шектелуі

215. Лингвальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:


А.Төменгі бүйір тістер жоғарғыларын жауып тұрады
В.Жоғарғы және төменгі тістер төмпешікті қатынаста орналасады
С. Молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ
Д.+Жоғарғы бүйір тістер төменгілерді жауып тұрады
Е.Барлық жоғарғы тістер төменгілерді жауып тұрады

216. Төменгі жақтың ығысуымен бірге болатын буккальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:


А.+Орта сызықтың сәйкес келмеуі
В.Жоғарғы тіс қатарының кеңеюі
С.Төменгі тіс қатарының тарылуы
Д. Сагитальды саңылау
Е. Күрек тіс жабуының ұлғаюы

217. Біріккен айқасқан тістесудің гнатикалық формасының ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:


А. Орта сызықтың сәйкес келмеуі
В.Сагитальды саңылау
С.+Жақтардың базистерінің тарылуы немесе кеңеюі
Д.Тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы
Е.Тіс доғасының сагитальды ұзындығының қысқаруы

218. Төменгі жақтың ығысуын анықтау үшін клиникалық сынама жүргізгенде бетті төмендегідей жағдайда қарайды:


А.Төменгі жақты алдыға қарай жылжыту
В.+Ауызды кере ашу
С.Орталық окклюзия
Д.Үйреншікті окклюзия
Е.Алдыңғы окклюзия

219. Уақытша тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі?


А.Уақытша фронтальды тістерді жұлу
В.Рациональды протездеу, миогимнастика
С.Массаж, физиоем
Д.+Қажалмаған төмпешіктерді егеу
Е.Протетикалық ем

220. Аралас тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі?


А.Уақытша тістерді жұлу
В.ЛОР-ағзаларды санациялау
С.Механикалық әсер ететін аппараттар
Д.+Функциональды әсер ететін аппараттар
Е.Протетикалық ем

221. Уақытша және ерте аралас тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принциптері төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А.Зиянды әдеттерді жою
В. Қажалмаған төмпешіктерді егеу
С.+Бірінші премолярларды жұлу
Д.Миогимнастика
Е. ЛОР-ағзаларды санациялау

222. Тұрақты тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі:


А.Ауыз қуысын санациялау
В. ЛОР-ағзаларды санациялау
С.Миогимнастика, массаж
Д.+ Механикалық әсер ететін аппараттар
Е. Қажалмаған төмпешіктерді егеу

223. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы айқасқан тістесуді емдеу кезінде қолданылады?


А.Мюлеман пропульсоры
В.Башарова аппараты
С.+Андрезен-Гойпл активаторы
Д.Брюкль аппараты
Е.Катц табақшасы

224. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы аралас тістесу кезеңінде айқасқан тістесуді емдеу кезінде қолданылады?


А. Башарова аппараты
В.Хорошилкина аппараты
С.+Френкельдің қызмет реттеушісі
Д. Брюкль аппараты
Е.Катц табақшасы

225. Қыз бала 10 жаста, ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуына. Сыртқы қарау кезінде беттің шамалы ассимметриясы анықталды. Ильин-Маркосянның клиникалық сынамалары бойынша қандай да бір ауытқу анықталмады. Ауызішілік қарау кезінде орталық күрек тістер арасындағы орталық сызықтың ығысуы анықталды. 4.6, 4.5, 4.4, 4.3 тістер жоғарғы тістерді жауып тұр. Бүйір тістердің қатынасы сагитальды жазықтықта нормагнатикалық.


Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.+Біржақты айқасқан буккальды тістесу
В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
С.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Д.Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Е. Біріккен буккальды айқасқан тістесу

226. Ұл бала 13 жаста, ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі- тік.Ауыз қуысында: жоғарғы бүйір тістерінің ұртты төмпешіктері екі жақта да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасады.


Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.Біржақты айқасқан буккальды тістесу
В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
С.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Д.+Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
Е. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

227. Ұл бала 10 жаста.Профилактикалық қарау кезінде: жоғарғы фронтальды тістер төменгі тістерді сауыт биіктігінің 2|3 бөлігіне жауып тұрады. Сагитальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың түйісуі төмпешіктік. Аузын жапқанда төменгі бүйір тістердің ұртты төмпешіктері екі жақтан да жоғарғы тістердің таңдай төмпешіктерінің маңынан сырғиды.Тіс доғасынынң енін өлшеу кезінде төменгі тіс доғасының тарылуы анықталды.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.+ Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
В. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
С. Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
Д. Біржақты айқасқан буккальды тістесу
Е. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

228. Қыз бала 12 жаста. Мектепте прфилактикалық жүргізу кезінде: ауыз қуысында 3.6, 3.5, 3.4, 3.3 тістер жоғарғы тістерді жабады. Сагиттальды жазықтықта бүйір тістердің қатынасы нормагнатикалық.


Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу
В. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу
С.+ Біржақты лингвальды айқасқан тістесу
Д. Біржақты айқасқан буккальды тістесу
Е. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

229. Қыз бала 14 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде: иектің солға ығысуы нәтижесінен беттің ассимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: орталық сызық бір төменгі күрек тістің еніне солға ығысқан. Сол жақтағы төменгі бүйір тістер жоғарғы тістерді жауып тұр.


Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.+Айқасқан тістесу
В.Прогнатиялық тістесу
С.Прогениялық тістесу
Д.Ашық тістесу
Е.Терең тістесу

230. Қыз бала 20 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі солға ығысқан, осы жағындағы жоғарғы еріннің салбырауы байқалады. Төменгі жақтың бұрышы ығысқан жағында тікке жақын, ал қарсы жағы 135-140 градусқа дейін ұлғайған. Тіс қатарларын түйістіргенде ығысу жағында дистальды қатынас, ал қарсы жағында мезиальды қатынас анықталған.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Төменгі жақтың орта сагитальды жазықтыққа параллельді ығысуымен бірге буккальды айқасқан тістесу
В. +Төменгі жақтың орта сагитальды жазықтыққа диагональды ығысуымен бірге буккальды айқасқан тістесу
С. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу
Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу
Е. Біржақты буккальды айқасқан тістесу

231. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарауда: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: сагитальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың төмпешіктік түйісуі анықталды. Трансверзальды жазықтықта: төменгі бүйір тістердің ұртты төмпешіктері екі жақтан да жоғарғы бүйір тістердің таңдай төмпешіктерінің маңынан сырғиды.


Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің кішіреюі
В.Жоғарғы жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің үлкеюі
С.Төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы
Д.Жоғарғы жақтың апикальды базисінің өлшемінің кішіреюі
Е.+Төменгі жақтың премолярлары мен молярларының арасындағы енінің кішіреюі

232. Қыз бала 14 жаста. Ата анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың бүйір тістерінің ұрттық төмпешіктері екі жағынан да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасқан.


Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің кішіреюі
В. Төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы
С.Төменгі тіс доғасының сагитальды ұзындығының кішіреюі
Д.+Жоғарғы тіс доғасының енінің кішіреюі
Е. Жоғарғы жақтың апикальды базисінің өлшемінің үлкеюі

233. Қыз бала 17 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі шамалы оңға қарай ығысқан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: бірінші молярлардың қатынасы оң жақта Энгль бойынша II топ, ал сол жақта III топ. Ортаңғы сызығы төменгі күрек тіс енінде оңға қарай ығысқан.


Функциональды зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.Шайнау бұлшықетінің тонусының ұлғаюы
В.+Төменгі жақтың қозғалысының трансверзальды шектелуі
С.Мұрын арқылы тыныс алудың қиындығы
Д.Пародонттың шыдамдылығының азаюы
Е.Жұтыну функциясының бұзылысы

234. Жасөспірім 13 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде: иегінің солға ығысуы нәтижесінде бет ассимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: ортаңғы сызығы төменгі бір күрек тіске жылжыған.


Телерентгенографиялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.Төменгі жақтың оңға бүйір диагональды ығысуы
В.Бет сүйектерінің симметриялы дамуы
С.Төменгі жақ денесінің оң жағының қысқаруы
Д.+Төменгі жақ сол жақ бұтағының қысқаруы
Е. Төменгі жақ сол жақ денесінің ұзаруы

235. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Ауыз қуысында: оң жақ бірінші молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ, ал сол жақ қатынасы III топ. Ортаңғы сызығы бір төменгі күрек тіс еніне оңға қарай ығысқан.


Клиникалық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.+Төменгі жақтың оңға қарай ығысуы
В. Төменгі жақтың солға қарай ығысуы
С. Иектің артқа қарай ығысуы
Д. Жоғарғы жақтың және жоғарғы еріннің шығып тұруы
Е. Супраментальды жүлгеннің тереңдеуі

236. Бала 7 жаста. Дәрігер ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Бала аузын жапқан кезінде, бүйір тістерін түйістіру үшін төменгі жағын латеральды ығыстырады. Ауыз қуысында: аралас тістесудің бірінші жартысында, бүйір аймағында айқын емес кері жабылу байқалады.


Төмендегі емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Жоғарғы тіс қатарын кеңейту
В. Төменгі тіс қатарының кеңейту
С.+Сүйір тістердің төмпешіктерін егеу
Д. ЛОР дәрігеріне қаралу
Е. Төменгі жақтың дамуын шектеу

237. Бала 8 жаста. Дәрігер ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: оң жағынан бүйір тістердің ұртты төмпешіктері жоғарғы бүйір тістердің таңдай төмпешіктерімен қатынаста. Жоғарғы және төменгі күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық ығыспаған.


Төменде көрсетілген қосымша зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А.Бүйір проекциядағы телерентгенография
В.Тік проекциядағы телерентгенография
С.Ортопантомография
Д.Функциональды клиникалық сынама
Е.+Тіс доғасының енін өлшеу

238. Жасөспірім 17 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі шамалы оңға қарай ығысқан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: оң жақ бірінші молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ, ал сол жақ қатынасы III топ. Ортаңғы сызығы төменгі күрек тіс еніне оңға қарай ығысқан.


Төменгі жақтың ығысуының себебін анықтау мақсатында Ильина-Маркосянның функциональды сынамасын жүргізген кезде бетті қараудың ЕҢ лайықты жағдайы төмендегілердің қайсысы:
А. Төменгі жақты артқа қарай жылжыту
В.+Ауызды кере ашқан кезде
С. Орталық окклюзия
Д. Үйреншікті окклюзия
Е. Алдыңғы окклюзия

239. Әйел адам 25 жаста. Бет ассимметриясына шағымданады. Сыртқы қарау кезінде иегінің сол жаққа ығысқаны байқалады. Ильин-Маркосянның үшінші функциональды сынамасын жүргізгенде ортаңғы сызықтың сәйкес келмейтіні, бет ассиммметриясының сақталатыны анықталды.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын диагнозды анықтау үшін ЕҢ бірінші ретте жүргізу қажет?
А. Диагностикалық мүсіндерде биометриялық өлшеу
В. Тістің шайнау тиімділігін анықтау
С.+ Тік проекциядағы телерентгенография
Д. Бүйір проекциядағы телерентгенография
Е. Ортопантомография

240. Жасөспірім 13 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде иегінің солға қарай ығысуына байланысты беттің ассимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: ортаңғы сызығы төменгі бір күрек тіске жылжыған.


Төменгі жақтың ығысуының ажырату диагностикасын жүргізу үшін қандай клиникалық функциональды сынама ЕҢ лайықты болып табылады?
А.+ Ильин-Маркосян
В. Эшлер-Битнер
С. Гельман
Д. Рубин
Е. Агапов

241. Ұл бала 8 жаста. Ата анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың бүйір тістерінің ұрттық төмпешіктері екі жақтан да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасқан. Жоғарғы жақ тіс қатарының енін анықтағанда уақытша сүйір және молярлар арасы қашықтықтың тарылғаны анықталды.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады:
А.+Жоғарғы тіс қатарын екіжақты кеңейту
В. Жоғарғы тіс қатарын біржақты кеңейту
С. Жоғарғы тіс қатарын екіжақты тарылту
Д.Төменгі тіс қатарының біржақты кеңейту
Е. Төменгі тіс қатарының екіжақты кеңейту

242. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: аралас тістесу, сагитальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың түйісуі төмпешіктік. Аузын жапқанда төменгі бүйір тістердің ұртты төмпешіктері екі жағынан да жоғарғы тістердің таңдай төмпешіктері маңынан сырғиды. Тіс доғасының енін өлшеу кезінде төменгі тіс доғасының тарылуы анықталды.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады:
А. Жоғарғы тіс қатарын екіжақты кеңейту
В. Жоғарғы тіс қатарын біржақты кеңейту
С. Төменгі тіс қатарын екіжақты тарылту
Д. Төменгі тіс қатарын біржақты кеңейту
Е.+ Төменгі тіс қатарын екіжақты кеңейту

243. Бала 7 жаста. Мектептегі профилактикалық тексеру кезінде ауыз қуысында төменгі бүйір тістердің жоғарғы тістерді екі жағынан да жауып тұрғандары анықталды.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады:
А. Ауыз қуысының санациясы
В.+Жоғарғы тіс қатарын кеңейту
С. Төменгі тіс қатарының тарылту
Д. Уақытша молярларды жұлу
Е. Миогимнастика

244. Ұл бала 9 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде айқын емес бет ассимметриясы байқалды. Ильина-Маркосянның клиникалық сынамалары бойынша қандай да бір ауытқу анықталмады. Ауыз қуысында: 4.6, 4.5, 4.4, 4.3 тістері жоғарғы тістерді жауып тұр. Сагиттальды жазықтық бойынша бүйір тістердің түйісуі нормогнатикалық.


Төменде көрсетілген емдеу жоспарларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады:
А. Жоғарғы тіс қатарын екіжақты кеңейту
В.+ Жоғарғы тіс қатарын біржақты кеңейту
С. Төменгі тіс қатарын екіжақты тарылту
Д. Төменгі тіс қатарын біржақты кеңейту
Е. Төменгі тіс қатарын екіжақты кеңейту

245. Бала 9 жаста. Ата анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: ассимметрия байқалмайды, профилі- тік. Ауыз қуысында: аралас тістесу, сагиттальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың түйісуі Энгль бойынша I топ, трансверзальды жазықтықта жоғарғы жақтың бүйір тістерінің ұрттық төмпешіктері екі жақтан да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасқан.


Төменде көрсетілген антропометриялық өлшеулердің қайсысын анықтау ЕҢ лайықты болып табылады:
А. Тіс қатарларының ұзындығын
В. Алдыңғы бөлігінің ұзындығын
С. Тістердің енін
Д.+Тіс доғаларын енін
Е. Таңдай күмбезінің биіктігін

246. Емдеу нәтижелерінің ретенциясы- төмендегілердің қайсысына бағытталған емдеу-профилактикалық шаралар жиынтығыболып табылады:


А. Тіс-жақ аномалиясының профилактикасына
В. Жақ сүйектерінің өсу типінің өзгеруіне
С. Жеке тістердің орналасуының өзгеруіне
Д.+ Жетілген нәтиженің сақталуына
Е. Қаңқа оссификациясының стимуляциясына

247. Рецидив терминіне төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?


А. Ортодонтиялық емдеу кезіндегі жылжытулар
В.+Ортодонтиялық емнен кейінгі бұзылыстың пайда болуы
С. Аппараттың жеткіліксіз немесе адекватты емес активациясы
Д. Тіс жарып шығу реттілігінің бұзылуы
Е. Науқас жағынан белсенділіктің болмауы

248. Ретенциялық аппараттарды қолдану мақсаты:


А. Тіс-жақ аномалиясының профилактикасы
В. Тіс-жақ аномалиясын комплексті емдеу
С. Жеке тістерді белсенді жылжыту
Д.+ Алынған нәтижені бекіту
Е. Функциональды бұзылыстарды қалыптастыру

249. Ретенциялық аппараттарға қойылатын негізгі талап:


А. Аппараттың науқас тарапынан қиын бекітілуі
В. Аппарат жақтың өсуін ынталандыру керек
С.+ Аппарат пассивті болуы керек
Д. Тістердің физиологиялық қозғалуының максимальды шектелуі
Е. Тістердің патологиялық қозғалуының минимальды шектелуі

250. Ретенциялық аппараттарға қойылатын талаптар төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Ортодонтия емнің нәтижесін сенімді сақтау
В. Тістердің физиологиялық қозғалуы минимальды шектелу керек
С.+Төменгі жақтың қозғалысы максимальды шектелу керек
Д. Аппарат дезинфекциялауға қол жетімді болу керек
Е. Науқас тарапынан аппарат жеңіл бекітілу керек

251. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы ретенциялық мақсатта қолданылады?


А. Ауыз сыртылық аппараттар
В. Функциональды бағыттаушы аппараттар
С. Алмалы механикалақ әсер ететін аппарттар
Д. Алынбайтын механикалық әсер ететін аппараттар
Е.+ Ретенциялық аппараттар

252. Рецидивтің жалпы себебі:


А. Сүйек тінінің дефекті
В.+ Тіс жақ жүйесінің дамуының отбасылық ерекшеліктері
С. Науқасты дұрыс емес емдеу тактикасы
Д. Дәрігердің айтылған талаптарын науқастың орындамауы
Е. Тістерді дұрыс емес орнықтыру

253. Рецидивтің жергілікті себебі:


А. Тіс аралық қатынастың болмауы
В. Функциональды бұзылыстар
С.+ Сүйек тінінің дефекті
Д. Дәрігердің айтылған талаптарын науқастың орындамауы
Е. Тіс жақ жүйесінің дамуының отбасылық ерекшеліктері

254. Рецидивтің жергілікті себебі:


А. Тіс аралық жанасудың болмауы
В. Функциональды бұзылыстар
С.+ Тістердің физиологиялық емес иілуі
Д. Дәрігердің айтылған талаптарын науқастың орындамауы
Е. Науқасты дұрыс емес емдеу тактикасы

255. Жоғарғы жақ күрек тістерінің протрузиясымен бірге болатын дистальды тістесу рецидивінің негізгі себептері:


А.+ Жойылмаған зиянды әдеттер, функциональды бұзылыстар
В. Ұзаққа созылған ортодонтиялық ем
С. Жоғарғы жақтың өсуін шамадан тыс ынталандыру
Д. Төменгі жақтың өсуін шамадан тыс шектеу
Е. Механикалық әсер ететін аппараттарды қолдану

256. Мезиальды тістесудің қаңқалы формасының рецидивінің пайда болуының негізгі факторы:


А. Тіс аралық жанасудың болмауы
В.+ Тұқым қуалаушылық фактор
С. Жақтардың өсуінің горизонтальды типі
Д. Үшінші молярлардың жарып шығуы
Е. Фронтальды тістердің протрузиясы

257. Мезиальды тістесудің рецидивінің пайда болу себебіне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Тұқым қуалаушылық фактор
В. Индивидуальды макроглассия
С. Тіл үзеңгісінің төмен бекітілуі
Д. Төменгі жақтың кеш өсуі
Е.+ Төменгі жақ өлшемінің қысқаруы

258. Терең тістесу рецидивінің негізгі себебі:


А. Жақтардың вертикальды өсу типі
В.+ Төменгі жақты көтеретін бұлшықеттердің гиперфункциясы
С. Фронтальды тістердің протрузиясы
Д. Төменгі жақтың өсуінің шамадан тыс шектеу
Е. Иек бұлшықетінің гипофункциясы

259. Терең тістесу рецидивінің пайда болу себебіне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Жақтардың өсуінің горизонтальды типі
В. Төменгі жақты көтеретін бұлшықеттердің гиперфункциясы
С.+ Төменгі жақ бұрышының ұлғаюы
Д. Тістерді дұрыс емес орнықтыру
Е. Жұтыну функциясының бұзылуы

260. Ашық тістесу рецидивінің негізгі себебі:


А. Жоғарғы жақ фронтальды тістерінің ретрузиясы
В. Ауыз маңы бұлшықеттерінің гиперфункциясы
С. Жақтардың өсуінің горизонтальды типі
Д.+ Зиянды әдеттерді жоймау
Е. Тұқым қуалаушылық фактор

261. Ашық тістесу рецидивінің пайда болуының негізгі себептеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады,тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Ауызбен тыныс алу
В.+ Иек бұлшықетінің гиперфункциясы
С. Тіл артикуляциясының бұзылуы
Д. Вертикальды өсу типі
Е. Инфантильды жұтыну

262. Диастеманың рецидивінің негізгі себебі:


А. Тіл үзеңгісінің қысқа болуы
В. Тар ауыз кіреберісі
С.+ Жоғарғы еріннің жалпақ үзеңгісінің төмен бекітілуі
Д. Тіс доғасының және апикальды базисінің тарылуы
Е. Бүйір тістердің мезиальды ығысуы

263. Диастема рецидивінің себебінің төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Жоғарғы еріннің қысқа үзеңгісін жойылмауы
В. Френулопластиканың дұрыс емес жүргізілуі
С. Бүйір тістердің адентиясы
Д.+ Диастеманың гиперкоррекциясы
Е. Микродентия

264. Тістердің осьтері бойынша айналу рецидивінің негізгі себебі:


А.+ Айналған тістің аймағындағы байлам талшықтарының қысымы
В. Ось бойынша айналған тістің гиперкоррекциясы
С. Ауыз қуысының адекватты емес гигиенасы
Д. Функциональды бұзылыстарды жоймау
Е. Зиянды әдеттерді жоймау

265. Алынбайтын ретейнерлермен жүргізілетің жақ-бет аймағы аномалиялары ретенциясы рецидивінің себебі төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Тіс-жақ жүйесі дамуының отбасылық ерекшелігі
В.+ Науқас жағынан белсенділіктің болмауы
С. Миодинамикалық тепе-теңдіктің болмауы
Д. Ретенция мерзімінің қысқаруы
Е. Дәрігердің тістерді биологиялық жылжыту принциптерін сақтамауы

266. Ретенциялық кезең ұзақтығы төменде көрсетілген факторларға байланысты, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Науқастың жасы
В. Қолданылған ортодонтиялық аппараттың түрі
С.+ Тістердің мезиодистальды өлшемі
Д. Морфологиялық бұзылыстарды жоймау
Е. Функциональды бұзылыстарды жоймау

267. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы тіс-жақ аномалиялары рецидивтерінің ятрогенді себебі болып табылады?


А. Науқас жақтан белсенділіктің болмауы
В.+Шамадан тыс күш жұмсау
С. Сүйек тінінің дефектісі
Д. Тіс аралық жанасудың болмауы
Е. Тіс альвеолалық доғаның көлемі

268. Тіс жақсүйек аномалиялары рецидивтерінің ятрогенді себептеріне төменде көрсетілгендерінің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:


А. Аномалияны диагностикалаудағы қателіктер
В. Емді таңдау және жүргізудегі қателіктер
С. Шамадан тыс күш жұмсау
Д. Ретенция уақытының қысқартылуы
Е. +Жойылмаған зиянды әдеттер

269 . Қыз бала 15 жаста. Дистальді тістесуді коррекциялау мақсатында бірінші премолярларды жұлу арқылы алынбайтын аппарат көмегімен ортодонтиялық ем қабылдаған. Ауыз қуысында: төменгі алдыңғы тістер аймағында алынбайтын ретейнердің болуы, 1.4 тіс жұлынған аймақта трема, 3,5 мм сагиттальді саңылау.


Төменде көрсетілген варианттардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Жоғарғы жақтың кеш дамуы
В.+Емнен кейінгі аномалияның рецидиві
С. Жоғарғы тіс доғасының пішінінің өзгеруі
Д. Сүйір тістер арасы қашықтықтың ұзаруы
Е. Тіс түбірлерінің резорбциясы

270. Бозбала 16 жаста. Ортодонтиялық ем аяқталғаннан 6 айдан кейін тексеруден өтуге келген. Энгльдің 2 топ 1 топшасы бойынша окклюзия аномалиясын емдеу мақсатында қандай да жеке тістерді жұлусыз 2 жыл ортодонтиялық ем қабылдаған. Екі жаққа да алынбалы ретейнерлер қолдануда. Ауыз қуысында: бірінші молярлардың қатынасы төмпешіктік түйісу, фронтальды аймақта: сагитальді саңылау 4 мм. Сонымен қатар тексеру барысында науқастың төменгі ернін тістейтіні анықталды.


Төменде көрсетілген рецидив себептерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.Аппараттың дұрыс емес конструкциясы
В.Сәйкес келмейтін ретенциондық режим
С. Аппараттың жеткіліксіз активациясы
Д.+Зиянды әдеттердің жойылмауы
Е. Ауыз қуысының гигиенасының сақталмауы

271. Қыз 20 жаста. Жоғарғы алдыңғы тістердің қозғалғыштығына шағымданады. Анамнезінде жоғарғы бірінші премолярларды жұлу арқылы жүргізілген ортодонтиялық емнің 8 ай бұрын бітірілгені анықталды. Екі жаққа да тәулігіне 24 сағат бойы алынбалы ретейнерлерді қолдануда. Ауыз қуысында: гигиенасы жақсы, зондпен шұқу барысында қан ағу байқалмайды. Жоғарғы фронтальді тістердің қозғалғыштығы байқалады.


Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Сәйкес келмейтін ретенционды режим
В. Емнен кейінгі аномалияның рецидиві
С. Жоғарғы тіс доғасының пішінінің өзгеруі
Д. Жоғарғы алдыңғы тістердің иілуінің үлкеюі
Е.+Тіс түбірлерінің резорбциясы

272. Бозбала 14 жаста. Ортодонтиялық емі аяқталғаннан 12 айдан кейін тексеруден өтуге келген. Ретенцияның 4 ай бойы алынбалы аппаратпен жүргізілгені анықталды. Ауыз қуысында төменгі фронтальді тістердің ығысуы анықталды.


Төменде көрсетілген рецидив себептерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А.+Ретенционды кезеңнің қысқа мерзімі
В. Тіс-жақ даму жүйесінің отбасылық ерекшеліктері
С. Шырышты қабат бекітілуінің патологиясы
Д. Алдыңғы тістердің көлемінің сәйкес келмеуі
Е. Үшінші молярлардың жарып шығуы

273. Бозбала 20 жаста. Эстетикалық көрінісінің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде– 12-13 жасында алынбайтын аппараттармен жүрігізілген ортодонтиялық ем. Объективті: беті симметриялы, иегі жән төменгі еріні шығыңқы. Ауыз қуысында молярлары Энгльдің ІІІ тобы бойынша түйіскен. Жоғарғы күрек тістердің ретрузиясымен бірге кері жабылу анықталды.


Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Үшінші молярлардың жарып шығуы
В.+ Емнен кейінгі аномалия рецидиві
С. Төменгі тіс доғасының пішінінің өзгеруі
Д. Жоғарғы алдыңғы тістердің иілуінің артуы
Е. Сүйір тістер арасы қашықтықтың ұзаруы

274. Қыз бала 14 жаста. Эстетикалық көрінісінің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде 10-11 жасында жоғарғы жақтың диастемасын жабу мақсатында ортодонтиялық ем қабылдағаны, бірақ ата–анасының және науқастың айтуы бойынша 2 жылдық ретенционды мерзімнен кейін саңылаудың қайтадан пайда болғаны анықталды. Ауыз қуысында: бірінші молярлары Энгльдің І тобы бойынша түйіскен, жоғарғы жақта – диастема, жоғарғы еріннің үзеңгісі төмен жабысқан.


Төменде көрсетілген рецидив себептерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Ретенционды кезеңнің қысқа мерзімі
В. Науқас тарапынан белсенділіктің болмауы
С.+Жоғарғы еріннің жойылмаған кысқа үзенгісі
Д. Алдынғы тістердің мөлшерлерінің сәйкес келмеуі
Е. Үшінші молярларлардың жарып шығуы

275. Жасөспірім 16 жаста, 20 ай бойы алынбалы аппараттармен жүргізілген ортодонтиялық емнің қанағаттанарлықсыз нәтижесіне шағым білдіреді. Клиникалық тексеру кезінде: беті симметриялы, иек және төменгі ерін айқын шығыңқы. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6 тістердің мезиальды–ұрттық төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальді ұрттық төмпешіктерімен жанасады. Алдыңғы бөлігінде кері күрек тістік жабылу. Функциональды сынама теріс.


Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы тиімсіз ортодонтиялық емнің ЕҢ ықтималды себебі болуы мүмкін?
А. Үшінші молярлардың жарып шығуы
В. Науқас жағынан белсенділіктің болмауы
С. Тілдің қысқа үзеңгісн жоймау
Д. Фронтальді тістердің мөлшерінің сәйкес келмеуі
Е. + Науқасты дұрыс емес емдеу

276. Қыз бала 10 жаста. Ата-анасы эстетикалық көріністің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде ортодонтиялық ем 7-8 жасында алынбалы аппаратпен жүргізілген. Объективті: беті симметриялы, беттің төменгі бөлігі ұзарған, еріндердің түйісуі қиындықпен. Ауыз қуысында молярлары Энгльдің ІІ тобы бойынша түйісуде, 3 мм вертикальды саңылау байқалады. Жұтыну, сөйлесу және физиологиялық тыныштық жағдайында тілдің алдыңғы тістер арасында орналасатындығы анықталды.


Төменде көрсетілген рецидив себептерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?
А. Тұқымқуалаушылық фактордың болуы
В. Иек бұлшықеттерінің гиперфункциясы
С.+ Жойылмаған зиянды әдеттер
Д. Тістерді дұрыс орналастырмау
Е. Ортодонтиялық емнің ұзақтығы

277. Қыз бала 16 жаста. 20 ай бойы алынбайтын аппараттармен жүргізілген ортодонтиялық ем біткеннен 3 айдан кейін тексеруден өтуге келген. Екі жаққа да тәулігіне 24 сағат бойы алынбалы ретейнерлер қолдануда. Ретейнерлерді шешкенде жоғарғы алдыңғы тістердің 2 дәрежелі қозғалғыштығы байқалады.


Төменде көрсетілген диагностикалау әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Диагностикалық модельдерде биометриялық өлшеу
В. Тістердің шайнау эффективтілігін анықтау
С. Функционалды сынама жүргізу
Д.+Алдыңғы тістердің түбірлерінің ұзындығын бағалау
Е. Ауыз қуысының гигиенасын бағалау

278. Жасөспірім 16 жаста. «Дұрыс емес тістеуге» шағымданады. 11-12 жасында ортодонтиядық ем жүргізілген, бірақ науқастың және ата-аналарының айтуы бойынша жақсы нәтиже болған жоқ. Клиникалық зерттеу: беті симметриялы, профилі-ойыс. Ауыз қуысында бірінші молярлардың қатынасы Энгльдің ІІІ топ бойынша, күрек тістері аймағында кері күрек тістік жабылумен жүретін 3 мм сагиттальді саңылау анықталған.


Төменде көрсетілген диагностикалау әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?
А. Ауыз қуысының гигиенасын анықтау
В. Тістердің шайнау эффективтілігін анықтау
С.+Бүйір проекциядағы телерентгенограмма
Д. Тік проекциядағы телерентгенограмма
Е. Алдыңғы тістердің түбірлерінің ұзындығын бағалау

279. Ер бала 14 жаста. Эстетикалық көрінісінің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде 10-11 жасында жоғарғы жақтағы диастеманы жабу мақсатында ортодонтиялық ем қабылдағаны анықталды. Ата–анасының және науқастың айтуы бойынша 2 жылдық ретенционды мерзімнен кейін саңылау қайтадан пайда болған. Ауыз қуысында бірінші молярдың қатынасы Энгльдің І тобы бойынша, жоғары жақ күрек тістер аймағында диастема, жоғары жақ ерін үзеңгісінің жалпақ және төмен бекігені анықталды.


Төменде көрсетілген іс-шаралардың қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?
А. Ауыз қуысының гигиенасын анықтау
В. ЛОР ағзаларының санациясы
С. +Хирургқа жіберу
Д. Функционалды сынама
Е.Биометриялық өлшеу



  1. Балаларда тіс-жақ жүйесін протездеудің негізгі мақсаты:

  1. Шайнауды қалыптандыру

  2. Жұтуды қалыптандыру

  3. Сөйлеуді қалыптандыру

Д. +Тіс-жақ аномалияларының профилактикасы
Е. Төменгі жақ сүйек орналасуын қалыптандыру

281. Балалардағы алмалы протезде тістесуді биіктету мақсатына төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, ТЕК:



  1. Күрек тістік жабылуды қалыптандыру

  2. Төменгі жақ сүйегінің орналасуын қалыптандыру

  3. +Миодинамикалық тепе-теңдікті қалыптандыру

Д. Тіс-альвеолярлық ұзарудың алдын алу
Е. Дефект аймағына тістердің ығысуының алдын алу
282.Ортаңғы күрек тістер сауытының жартылый сынуында уақытша сауытты жасауға төменде көрсетілгендердің барлығы көрсеткіш болып табылады, ТЕК:

  1. Ұлпаның термиялық тітіркендіргіштерге реакциясының болуы

  2. Ұлпаның химиялық тітіркендіргіштерге реакциясының болуы

  3. Жанасу нәтижесінде тілдің, еріннің жарақаттары

Д. Орын алушыдентиннің түзілуіне жағдай жасау
Е. +Кіреуке гипоплазиясы нәтижесінде сауыт дефектті


  1. Уақытша тістесу кезінде алмалы протездерді ауыстыру керек:

  1. 6-8 айда

  2. +8-10 айда

  3. 10-12 айда

Д. 12-14 айда
Е. 14-16 айда


  1. Аралас тістесу кезінде алмалы протездерді ауыстыру керек:

  1. 6-8 айда

  2. 8-10 айда

  3. +10-12 айда

Д. 12-14 айда
Е. 14-16 айда

  1. Тұрақты тістесу кезінде алмалы протездерді ауыстыру керек:

  1. 0,5-1 жаста

  2. +1-1,5 жас

  3. 1,5-2 жас

Д. 2-2,5 жас
Е. 2,5-3жас

  1. Балалар үшін сауыт шеті орналасады:

  1. Қызылиек астында 1,5мм-ге дейін

  2. Қызылиек астында 1 мм-ге дейін

  3. Қызылиек астында 0,5мм-ге дейін

Д.+ Қызыл иек қырына дейін
Е. 0,5 мм-ге қысқа

  1. Уақытша тіс сауыттарының көлемді бұзылысында қолданылады:

А. қайта қалыпқа келтіретін металлы сауыттар
В. қозғалмалы көпіртәрізді протездер
С.+жұқа қабырғалы гильзамен сауыт дайындау
Д. комбинирленген сауыттар
Е. пластмассалы сауыттар

  1. Фронтальды бөлікте көпіртәрізді протездерді қолдануға болады:

А. 12-14 жаста
В. 14-16 жаста
С. +16-18 жаста
Д. 18-20 жаста
Е. 20-22 жаста

  1. Бүйір бөлікте көпіртәрізді протездерді қолдануға болады:

А. 12-14 жаста
В. 14-16 жаста
С. 16-18 жаста
Д. +18-20 жаста
Е. 20-22 жаста


  1. Төменде көрсетілгендердің барлығы 10 тістен артық адентияның асқынуы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. Тістердің ығысуы мен иілуі
В. Тіс-альвеолярлық ұзару
С. Төменгі жақ сүйегінің ығысуы
Д. Тістесу биіктігінің төмендеуі
Е. +Физиологиялық өсу

291. 16 жасқа дейін балаларда алдыңғы тістер аймағында тістерге орын жеткіліксіздігінде келесідей алынбайтын протездерді қолданады:


A. тірек тістерге сауытпен көпіртәрізді протезде жасау
B. бүйір күрек тістердің болмауында консольды протезді жасау
С. Мерефильд бойынша көпіртәрізді протез жасау
Д. +жылжымалы көпіртәрізді протез жасау
E. құймалы көпіртәрізді протез жасау

292. 6 жасар баланың ата-анасы баласында тістерінің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.


Төменде көрсетілген болжамды диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

  1. қалыптаспаған остеогенез

  2. бас сүйек-бұғаналық дизостоз

  3. Петерс-Хавельс синдромы

Д. Майер-Швикерат-Вейерс синдромы
Е. +Ангидротикалық эктодермальды дисплазия


  1. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыт бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі ең ықтимал?

  1. ортогнатиялық

  2. тік

  3. дистальды

Д. +мезиальды
Е. терең


  1. Бала 4 жаста, ата-анасы эстетикалық дефектке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, бала 3 жасында әткеншектен құлап, жарақат нәтижесінде 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістерін жұлдыртқан. Ауыз қуысында 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістері жоқ, екінші азу тістері артында төмпешіктің ½ нен көп мезиальды баспалдақ байқалады. Төменде көрсетілген тістесулердің қай түрі ДАМУЫ МҮМКІН?

  1. ортогнатиялық

  2. терең

  3. дистальды

Д. +мезиальды
Е. тік


  1. Бала 4 жаста, ата-анасы эстетикалық дефектке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, бала 3 жасында әткеншектен құлап, жарақат нәтижесінде 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістерін жұлдыртқан. Ауыз қуысында 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістері жоқ. Балада тілін альвеолды өсінді мен төменгі күрек тістердің арасына қоятын зиянды әдеті пайда болған.

Төменде көрсетілген тістесулердің қай түрінің ДАМУЫ МҮМКІН?

  1. ортогнатиялық

  2. терең

  3. дистальды

Д. мезиальды
Е. +ашық


  1. Бала 6 жаста, кариестің асқынуы нәтижесінде 5.5 тісі жұлынған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы профилактикалық іс-шараларды уақытында жүргізбегеннен пайда болады?

  1. тіс доғасының тарылуы

  2. тіс доғасының ұзаруы

  3. +тіс доғасының қысқаруы

Д. тіс доғасының тегістелуі
Е. тіс-альвеолалық ұзаруы


  1. Бала 7 жаста, мектеп стоматологы дәрігер-ортодонтқа жолдама берген. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістерінің сауыттарының эмаль гипоплазиясы нәтижесінде бүтіндігі бұзылған.

  1. тіс-альвеолалық ұзаруы

  2. +тістесу биіктігің төмендеуі

  3. бүйірлік ығысу

Д. тіс қатарының ұзаруы
Е. тіс қатарының қысқаруы

  1. Бала 8 жаста. Тіс формуласы аралас тістесудің бірінші кезеңіне сәйкес келеді, тек 4.1, 3.1 тістерінен басқа.

Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі 4.1, 3.1 тістер ұрығының болмауында және профилактикалық іс-шараларды өз уақытында жүргізбегенде ДАМУЫ МҮМКІН?

  1. ортогнатиялық

  2. тік

  3. +терең

Д. мезиальды
Е. ашық

299. Бала 4 жаста. Ата-анасының айтуы бойынша, алғашқы тістері 8 айлығында жарып шыққан. 3.5 жасында 7.4 7.5 тістері ауырған, емделінбеген. Ауыз қуысында 7.4 7.5 тістерінің сауыты түгелімен бұзылған.


Төменде көрсетілген патологиялық өзгерістердің қайсысы дамуы МҮМКІН?

  1. тіс қатарының ұзаруы

  2. тіс-альвеолдық қысқару

  3. тіс енінің өзгерісі

Д. тістердің протрузиясы
Е. +кешігіп жарып шығу
300. Бала 4 жаста. Ата-анасының айтуы бойынша, алғашқы тістері 8 айлығында жарып шыққан. 3.5 жасында 7.4 7.5 тістері ауырған, емделінбеген. Ауыз қуысында 7.4 7.5 тістерінің сауыты түгелімен бұзылған.
Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі дамуы МҮМКІН?

  1. дистальды

  2. мезиальды

  3. +айқасқан

Д. ашық
Е. терең

301. 5 жасар баланың ата-анасы баланың төменгі жағында көптеген тістерінің болмауына және тағам қабылдаудың қиындығына шағымданады. Анамнезден төменгі жақ сүйегінің бүйір тістері жарып шыға салысымен бүтіндігі бұзылғанын, 4 жасында барлық уақытша азу тістері жұлынғанын анықтаған. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз қуысында жоғарғы уақытша азу тістері аймағында денто-альвеолярлық ұзару айқын байқалады.


Төменде көрсетілген тістесу түрінің қайсысы сәйкес келеді?

    1. ашық

    2. +терең

    3. мезиальды

Д. дистальды
Е. айқасқан
302. Бала 9 жаста, ата-анасы баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жаста төменгі жағындағы барлық төрт уақытша азу тістері, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы орналасқан, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыты бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.
Төменде көрсетілген тістесудің қай түрі дамуы мүмкін?

  1. ашық

  2. терең

  3. +мезиальды

Д. дистальды
Е. айқасқан

303.Бала 7 жаста. Созылмалы периодонтиттің асқынуы нәтижесінде 8.5 тісі жұлынған.


Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?
А. динамикалық бақылау
В. көпіртәрізді протез
С. алмалы пластинка
Д. +распорка
Е. Консольды протез

  1. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Бірінші кезекте қай қосымша зерттеу әдісін қолданған ЖӨН?
А. антропометриялық
В. фотометриялық
С. биометриялық
Д. +рентгенологиялық
Е. телерентгенографиялық
305. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.
Баланың жалпы емі қандай мамандық иесінің құзырында?
А. трапевтте
В. хирургте
С. травмотологта
Д. ортопедте
Е. +генетикте

  1. 6 жасар баланың ата-анасы тістердің болмауына шағымданады. Объективті: балада гипепигментация, терінің қатпарлануы, қабақ терісі семіген, шашы, қасы, кірпіктері жұқа, тер бездерінің семігені байқалады. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген. Жоғарғы ерні салбырап тұрады, иегі шығыңқы. Ауыз қуысында тек 5.3, 6.3, 7.3, 8.3 тістері ғана бар, альвеолды өсінді семіген, үшкірленген формаға ие.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған ЖӨН?
А. динамикалық бақылау
В. көпіртәрізді протез
С. имплантқа бекітілетін алмалы протез
Д. толық алмалы протез
Е. +жартылай алмалы протез

  1. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Пломбыланған 4.6 тісінің сауыт бөлігі жоқ. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Бірінші кезекте қандай емдік іс-шара жүргізілуі тиіс?
А. динамикалық емдеу
В. +тістесу биіктігін қалыптандыру
С. миогимнастика
Д. ауыз қуысын санациялау
Е. альвеолды өсіндіге массаж жасау

  1. Бала 9 жаста, ата-анасы дәрігерге баласында бүйір тістерінің болмауына және фронтальды тістерінің қалыпты емес орналасуына шағымданады. 5 жасында төменгі жақтағы уақытша барлық 4 азу тістерін, 7 жасында 3.6, 4.6 тісі жұлынған. Объективті: иегі алдыға қарай шығыңқы, жоғарғы ерні салбырап тұрады. Сөзі анық емес. Жоғарғы алдыңғы тістерді төменгілері сауытының ¾ деңгейіне дейін жауып жатады.

Төменде көрсетілген қай пластина-протезді қолданған ЖӨН?
А. жасанды тістері бар
В. тістесу биіктігін көтеретін
С. +ылди жазықтықпен
Д. ретракционды доғамен
Е. бұрандамен


  1. 5 жасар баланың ата-анасы баланың төменгі жағында көптеген тістерінің болмауына және тағам қабылдаудың қиындығына шағымданады. Анамнезден төменгі жақ сүйегінің бүйір тістері жарып шыға салысымен бүтіндігі бұзылғанын, 4 жасында барлық уақытша азу тістері жұлынғанын анықтаған. Беттің төменгі бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз қуысында жоғарғы уақытша азу тістері аймағында денто-альвеолярлық ұзару айқын байқалады.

Төменде көрсетілген диагностика әдістерінің қайсысы шайнау функциясын бағалауға мүмкіндік береді?
А. миотонометрия
В. электромиография
С. +мастикациография
Д. палатография
Е. пародонтография

  1. 9 жасар баланың ата-анасы эстетика бұзылысына шағымданып келген. Ауыз қуысында: 1.3, 1.2, 2.2, 2.3 тістері жоқ, диастема, кері күрек тістік жабылу.

Төменде көрсетілген диагностикалық әдістердің қайсысы емдеу жоспарын құрастыруға мүмкіндік береді?
А. Телерентгенография
В. антропометрия
С. биометрия
Д. +рентгенологиялық
Е. графикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет