«Дезо» байламын салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші- иық буын сынығында, шығып кеткенде, бұғана сынғанда
Құжаттар
Бинт, ені 20 см, түйреуіш
Іс-әрекетінің алгоритмі
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру
Қолтық астына валик салу (пелот – шиыршықталған мақта, бинт)
Шынтақ буында білекті 900-қа бүгу
Білекті кеудеге қысу
Кеудеге 2 бекітетін тур өткізу, ауырған қолды иық аймақта, арқада, қолтық астында сау жақтан
Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу
Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті түсіру
Шынтақ буынды бекітіп, білекке қарай, білезік буынды бекітіп, сау қолтық астына бинтті апару
Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу
Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті жүргізу
Иық толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырады
Кеудеде 2 бекітетін турмен байламды бітіреді
Байламның шетін түйреуішпен бекіту
Ішке байлам салған кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші-іш пердесінің жарақаты
Құжаттар
Іс-әрекетінің алгоритмі
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу керек
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу
Іштің, арқаның жарақат жерінен төмен бекітетін тур жасау (пациенттің аяғын тізе буында бүгу, бинттеген кезде жамбасын көтеру)
Жараны спираль тәрізді турлармен бекіту
Бинттеген кезде төменгі жақтан бастайды кеудеге дейін 2/3 бөлікті жауып отырып
Бинттің шетін байламға бекіту
Есте қалдыру – байлам сырғып кетпеу үшін, теріге бірнеше жерден клеол жабыстсрады
Достарыңызбен бөлісу: |