Тістің экстракциясындағы қансырауда мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші


Буын шығып кеткен кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі



бет33/49
Дата03.11.2023
өлшемі83,73 Kb.
#189216
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
алгоритм - копия

Буын шығып кеткен кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Буын шығып кету – буын қалтасының орнынан жылжып кетуі, капсуланың және байлам аппаратының жыртылуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі

  1. Жансыздандыру (50% анальгин – 5 мл б/е)

  2. Аяқ қолға косынкалы байламмен немесе құрсаумен иммобилизация өткізу

  3. Жарақаттанған буынға мұзды мұйық қою

  4. Пациентті зембілге салып ыңғайлы жағдай беру

  5. Жарақат бөліміне тасымалдау


Сүйектердің ашық сынығындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Сүйектердің ашық сынығы- бұл сүйектердің толықтығының бұзылуы, тері және жұмсақ тіндердің жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Аяқ-қолды киімнен босату

  • Сынықтан жоғары ширақ арқылы немесе айналмалы ширақ арқылы қанды тоқтату

  • Жансыздандыру (50% анальгин – 5 мл б/е, немесе футлярды анестезия 0,25% новокаин -100-200 мл)

  • Жара аймағын антисептикпен өңдеу (1% йодонат, 70% этил спирті, фурациллин ерітіндісі)

  • Жараға асептикалық байлам салу

  • Аяқты құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек

  • Сынған жерге мұзды мұйық

  • Пациентті зембілге арқасымен жатқызу

  • Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу

  • Жарақат бөліміне тасымалдау

  • Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу


Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Ұзақ уақыт қысылу синдромы – бұл патологиялық жағдай, жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу себебінен пайда болатын, жарақат шогына, токсемияға, плазма жоғалтуға әкелетін.Бұл синдром кездеседі жер сілкіністе, жарылыстарда, жол-көлік, теміржол апаттарда.
Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Қысылған жерден жоғары, аяқ-қолды босатқанша ширақ салу

  • Қысылған затта аяқты босатқан соң шетімен бастап ортасына дейін тығыз байлам салу, сосын ширақты босату

  • Жансыздандыру (2% промедол-2 мл б/е)

  • Аяқ-қолды құрсаулармен бекіту

  • Көк тамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон)

  • Аяққа мұзды мұйық қою

  • Зембілге арқасымен жатқызу

  • Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау

  • Реанимация бөліміне тасымалдау

  • Сіреспенің алдын алу шаралары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет