Тістің экстракциясындағы қансырауда мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі. Көрсеткіші


Термиялық күйіктегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі



бет35/49
Дата03.11.2023
өлшемі83,73 Kb.
#189216
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
алгоритм - копия

Термиялық күйіктегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Термиялық күйіктер будың, қайнаған сұйық заттардың, оттың, ысыған заттардың әсерінен пайда болады.
Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Жарақаттайтын фактордын әсерін жою

  • Зардап шеккен адамды таза ауаға шығару

  • Күйген жерді киімнен босату (егерде киім шешілмесе жара маңайында қыйшымен қию)

  • Жансыздандыру (50% анальгин – 2 мл б/е, немесе анальгин таблеткасы, 2% промедол-2 мл б/е)

  • Жараны суық антисептикпен жуу

  • Жараға асаптикалық байлам салу (фурацилин ерітіндісі, анестезин суспензиясы немесе пантенол аэрозольмен өңдеу)

  • Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу

  • Күйген жерге мұзды мұйық қою

  • Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу

  • Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу

  • Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу


Химиялық күйіктегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Химиялық күйіктер- бұл теріге, кілегей қабатқа қышқылдар (азот, күкірт, тұз, сірке) және сілтілер(калий, натрий, қортылмаған әк), фосфор, ауыр металлдың тұздары (азот қышқыл күмісі, цинк хлориді) түскен кезде.

Іс-әрекетінің алгоритмі

  • Жарақаттайтын фактордын әсерін жою

  • Күйген жерді киімнен босату

  • Күйген жерді суық сумен 20 минут бойы шаю (күйікті күкірт қышқылы қортылмаған әк, фосфор) тамған кезде шаюға болмайды, бұндай жағдайда – фосфорды пинцетпен алып тастау, күкірт қышқылы қортылмаған әкті салфеткамен алып тастау, антисептикке матырылған

  • Жансыздандыру

  • Жараға асептикалық байлам салу

  • Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу

  • Күйген жерге мұзды мұйық қою

  • Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу

  • Жарақат бөліміне тасымалдау, зембілге салу

  • Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет