Аяқ-қолдың травмалық үзілуіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Бұнда өткір қансырау, травмалық шок пайда болады
Іс-әрекетінің алгоритмі
Аяқ-қолды киімнен босату
Үзілген жерден жоғары ширақты салып, қанды тоқтату
Жансыздандыру (2% промедол-2 мл б/е)
Жараға асептикалық байлам салу
Аяқ-қолды құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек
Байлам үстіне мұзды мұйық қою
Көк тамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон)
Зембілге арқасымен жатқызу
Үзілген аяқ-қолды үлкен целлофан пакетке салып, мұзды мұйық орналастыру керек
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу
Хирургиялық бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу
Жаралану кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Жара – бұл ашық механикалық жарақат терінің және терең тіндердің толықтығының бұзылуы.
Іс-әрекетінің алгоритмі
Жара аймағын киімнен босату
Қансыраудың түріне байланысты қанды тоқтату
Жансыздандыру (50% анальгин – 2 мл б/е, немесе анальгин таблеткасы)
Тері аймағын антисептикпен өңдеу (3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, фурацилин)
Жараға асептикалық байлам
Аяқ-қолды құрсаумен немесе косынкалы байламмен бекіту
Жара аймағына мұзды мұйық
Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу
Жарақат бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу
Күйіктегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Күйік – бұл тіндердің жарақаты жоғары температураның , химиялық заттардың, сәуле энергиясынан, электро токтың жергілікті әсеріне пайда болған. Жағдайдың ауырлығы күйіктің аймағына және тереңдігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |