Мойын аймағының жарақатында шұғыл көмек көрсеткенде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Мойын жарақаттары- (көмекей, тіл астындағы сүйек, кеңірдек, өңеш, мойынның ірі тамырлары) осы жағдайларда жарақат шогі, өткір қансырау, демнің бұзылуы кездеседі.
Көмекей шеміршегінің соғылуы
Іс-әрекетінің алгоритмі
Жансыздандыру (50% анальгин 2 мл б/е)
Соғылған жерге мұзды мұйық қою
Демін қадағалау
3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция
Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе ЛОР бөліміне тасымалдау
Көмекей шеміршегінің сынуындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі
Зембілге арқасымен жатқызу
Мұрын қуысынан медициналық резеңкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы мұрын қусынан қанды сорып алу
Сыртқы жараларға асептикалық байлам салу
Жансыздандыру (50% анальгин 2 мл б/е)
Мұзды мұйық қою
3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция
Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе ЛОР бөліміне тасымалдау
Кеңірдек жарақатындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты
Іс-әрекетінің алгоритмі
Зардап шеккен адамды арқасымен жауырын валик салып жатқызу
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Жара тесігінен кеңірдектегі медициналық резеңкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы қанды сорып алу
Жансыздандыру (50% анальгин 2 мл б/е)
Кеңірдекті трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка арқылы кеңейту
Кеңірдекті трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка еңгізу
Трубка аймағында залалсыздандырылған салфеткаларды орналастыру
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы
Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау
Демі қиындағанда – трахеостомиялық трубканы тазалау
Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау
Сіреспенің алдын алу шаралары
Достарыңызбен бөлісу: |