Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е
1256 TU PARAMETLERI KAZ, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, 9 Ә қозғалыс есебі жаз айы бойынша, эЛЕКТРОХИМИЯ, 11 зертханалы ж мыс Та ырыбы ms dos ож-ні файлдармен ж не ката

гектар 
К 

катоболизм коэффициенті 
ЫТИ 

ыстыққа төзімділік индексі 
t2
 

сыртқы орта температурасы 
ЭТЖ 

эритроциттердің тұну жылдамдығы 
ҚСББ 

қан сарысуының бактерицидтік белсенділігі
КА 

адаптация коэффициенті 
ЭАӨ 
– 
энергетикалық азық өлшемі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 
Қазақстан Республикасының аграрлық 
секторының маңызды проблемаларының бірі – халықты тамақ өнімдерімен
атап айтқанда сиыр етімен қамтамасыз ету болып табылады. Оның шешімі етті 
ірі қара мал санын өсіріп, өнімділігін арттыру және етті ірі қара мал 
шаруашылығын дамыту қажеттілігін алдын ала айқындауда. Қазақстанда етті 
ірі қара малының санын көбейту ішкі ресурстарды пайдалану арқылы 
өсірілетін тұқымдардың табындарын молайту, сондай-ақ шетелдік гендік 
қорды импорттау жолымен жүзеге асырылуда.
 
Бұл ретте сапалы ет өнімдерін беруге қабілетті өнімділігі жоғары 
малдарды қалыптастыру арқылы, ортаның жаңа жағдайына жерсінуі мен 
бейімделуіне біркелкі импорталған жануарларға қатысты ерекше маңызды 
бағып-күту мен азықтандырудың оңтайландырылған жағдайлары қамтамасыз 
етілуі тиіс.
Сондықтан Қазақстан Республикасы агросекторындағы негізгі 
мәселелердің бірі, ол халықты сапалы қара мал етімен қамтамасыз ету үшін, 
өсіріліп жатқан мал басының санын көбейту мен алынатын өнімділіктерін 
жоғарлату болып табылады. Мал басын көбейту жодарына - өздерімізде бар 
мал бастарын кең ауқымды өз төлдері есебінен өсіру мен шеттен әкелінетін 
мал бастарын пайдалану, соның ішінде абердин-ангус тұқым малы да бар. 
Жоғары өнімді мал бастары сапалы мол өнім берулері құнарлы азықтандыру 
мен бағып-күтуін оңтайландырып, шеттен әкелінетін малдардың бағып-
күтуіне және азықтандыруына ерекше мән берілуі тиіс, өйткені жерсіну мен 
бейімделу кезеңдері жеңіл өтулері керек. Сондықтан зерттеу жұмысы мал 
өнімдерінің сапасы мен өнімділігінің көбею мүмкіндіктеріне селекциялық 
әдістер мен әдістемелердің, жаңа заманауи генотиптік шаралардың, 
азықтандыру, технологиялық және биотехнологиялық үдерістерді енгізу - 
қазіргі мемлекеттің алға қойып отырған міндеттерімен тығыз байланысты. 
Осыған орай, әлемнің әр аймағынан Қазақстанға әкелінген малдардың 
орта жағдайына бейімделуі мен жерсінуін және етті ірі қара малын бағып-күту 
технологиясын қосымша зерттеу туындап отыр. 
Малдың жерсіндіру қабілетін зерттеу тек шаруашылықтың-пайдалы 
қасиеттерін анықтау және жаңа ортаның климаттық және азықтық 
жағдайларына бейімделуін анықтау ғана емес, сонымен қатар жануар 
ағзасының негізгі физиологиялық үдерістерінің заңдылықтарын тану болып 
табылады. Бұл үдерістерді білу жануарлардың дамуын басқару тәсілдерін 
табуға, олардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын арттыруға мүмкіндік 
береді. 
Жаңа тіршілік ету орта жағдайына түскен кезде жануарлар терең 
физиологиялық өзгерістерге ұшырайды, бұл ретте оларға өмір сүрудің жаңа 
жағдайларына бейімделуге тура келеді. Шетелден әкелінген малдың 
бейімделуінің аса маңызды критерийлері оның жоғары өнімділігі, қалыпты 
өсімін молайту қызметін жүзеге асыру, қарқынды өнеркәсіптік технологияға, 



жергілікті климаттық жағдайларға бейімделуі, жем-шөпті пайдалану 
тиімділігі болып табылады. 
Импортталған жануарларды жерсіндіру ешқашан толық болмайды, ал 
оның теріс салдары жануарлардың келесі буындарында пайда болуы мүмкін. 
Сондықтан жерсіндіруді зерттеу әдетте жануарлардың үшінші генетикалық-
экологиялық генерацияларына жүргізіледі.
Жануарларды жерсіндіру тарихынан өсірудің жаңа экологиялық 
жағдайларына әкелінген жануарлардың біркелкі өмір сүруі және көбеюі 
мүмкін екені белгілі, алайда олар ерекше өнімді-биологиялық қасиеттерін 
жоғалтуы мүмкін. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты Солтүстік 
Қазақстан жағдайында абердин-ангус тұқымы малының өнімділігінің жоғары 
генетикалық әлеуетін іске асырудың барынша мүмкін болатын нәтижелерін 
алу мақсатында малдың импорттық тұқымдарын жерсіндірудің ғылыми 
негіздерін әзірлеуге негізделеді.
Бұл Солтүстік Қазақстан облыстарында азықтық, технологиялық және 
ауа райы жағдайларына жақсы бейімделген абердин-ангус тұқымының 
жоғары өнімді табынын өсіруге мүмкіндік береді. 
Соңғы жылдары біздің елімізге батыс еуропалық, канадалық асыл 
тұқымды жануарлар әкелініп жатыр, бірақ олардың ағзасының жаңа орта, 
аймақ жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін ескерілмеуде. Импортталған 
асыл тұқымды ресурстардың ең үлкен үлес салмағы әртүрлі елдердің ет 
бағытындағы тұқымдарының арасында өте сараланған табиғи-климаттық 
жағдайлары әртүрлі жерлерден әкелінген герефорд және абердин-ангус 
тұқымы малдарына тиесілі. Мұндай жағдайда жерсіндіру проблемаларын 
зерттеу біздің елімізде басқа климаттық аймақтардан әкелінетін асыл тұқымды 
малдардың генетикалық әлеуетін іске асырудың қажетті шарты болып 
табылады. 
Солтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайына бейім асыл тұқымды, 
өнімділігі жоғары абердинг-ангус және оларды жергілікті жағдайға 
бейімділігін арттыру жолдарын анықтамай сапалы сиыр етін өндіру мүмкін 
емес. Қазақстанның солтүстік өңірінде абердин-ангус тұқымдары 2011 
жылдан бастап өсіріліп келеді.
Қазақстанның солтүстік өңіріне осы аталған мал тұқымы шет елден 
алғаш рет алып келгендіктен, оларды жерсіндіру және жаңа орта 
жағдайларына бейімдеу қажеттілігін зерттеу қажет етеді. 
Осыған сәйкес Қазақстанның солтүстік өңірінде канадалық және 
еуропалық селекциялы абердин-ангус тұқымын өсіру мүмкіндігін зерттеу 
мақсаты қойылды. 
Зерттеу міндеттеріне жаңа туған бұзаулардың физиологиялық жетілуін, 
өсуі мен дамуын, осы тұқымның үшінші генерациясының клиникалық-
физиологиялық көрсеткіштерін зерттеу қарастырылды. 
Зерттеу жұмысы 217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарлама 
жобасының аясында, 102 "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" 
бағдарламасы шеңберінде "Қазақстанның солтүстік өңірі жағдайында 


10 
импортталған етті малдың үшінші генерациясының бейімделуі және өнімділік 
сапасы" тақырыбы бойынша жүргізілді (мем.тіркеу №0118РК00736). 
Қолда бар аналогтар бойынша ұсынылған өндірістік әдістердің ұзақ 
уақытты экологиялық тәжірибелерді іске асыру, ғылыми-өндірістік және 
ғылыми тәжірибенің бұрын соңды Қазақстанда жүргізілмеген. Кешенді 
зерттеу абердин-ангус етті ірі қара тұқымының үшінші генерациясын 
жерсіндіру ерекшеліктері тәжірибеге енгелі отырған технологияның
Солтүстік Қазақстан жағдайында бірінші рет жүзеге асырылды. 
Әлемде осыған ұқсас зерттеулер мүлдем басқа климаттық және ауа-
райы жағдайында, толығымен басқа азықтандыру мен күтіп-бағу 
технологиялары талаптарымен жүргізіледі. Онда барлық тұқымдардың 
жылуға төзімділіктері бағаланған, ал Қазақстанда болса бірде-бір тұқымның 
суыққа төзімділік коэффициенті бағаланбаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет