Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 – Зерттеу сұлбасы 
Жаңа туған бұзаулардың физиологиялық жетілуін, өсіп-дамуын зерттеу 
мақсатында 
Солтүстік 
Қазақстанның 
жергілікті 
табиғи-климаттық 
жағдайларына бейімделу үдерісінде алынған абердин-ангус тұқымының 
екінші генерация ұрпақтарының құнажындарымен, олардан туылған үшінші 
генерациядағы ұрғашы және еркек бұзаулары алынды. 
Тәжірибедегі екінші генерация сиырларынан алынған жаңа туған 
үшінші генерация төлдерінің клиникалық-физиологиялық көрсеткіштері мен 
өсу және даму үдерістерін бағалау үшін, екі топ құрылды:
1.Төлдің және 
сиырдың мінез-
құлық көрсеткіштері 
2. Аналық инстинкт, 
төлдің этологиясы 
Зерттеу объектілері 
Канадалық 
селекция (n=15) 
Еуропалық 
селекция (n=15) 
Зерттеу көрсеткіштері 
Клинико-
физиологиялық 
ерекшеліктері 
Бейімделу 
ерекшеліктері 
ІІІ генерация төлдерін өсірудің экономикалық 
тиімділігін анықтау 
Аналық 
қасиеттері 
Өнімділік сапасы 
1.Физиологиялық 
көрсеткіштері 
2.Түк жамылғысы көрсет 
кіштері 
3. Табиғи резистенттілігі 
1. Суыққа төзімділігі,
2. Ыстыққа 
төзімділігі, 
3. Адаптация 
коэффициенті 
4.Этология 
көрсеткіштері,
Өсім динамикасы 
және ет өнімділігі 
ІІ генерация құнажындары мен сиырлары 
ІІІ генерация төлдері 
Канадалық 
селекция (n=15) 
Еуропалық 
селекция (n=15) 
«Жолдасбай-Агро» ФШ жағдайында
абердин - ангус тұқымы ұрпақтарының өсіп-дамуы мен бейімділік қасиеттері 


35 
I топ - канадалық селекция сиырларынан алынған бұзаулар (n=15); 
II топ-еуропалық селекция сиырларынан алынған бұзаулар (n=15). 
Үшінші генерациядағы төлдерінің шаруашылықта пайдаланылатын 
технология бойынша, 8 айлық жасқа дейін сиырлармен бірге бағып күтілді.
Қысқы кезеңде ауыспайтын терең төсеніште болды, ал жазғы кезеңде 
жайылымда қосымша азықтандырусыз жайылды. Тәжірибелік бұзаулардың 
өсуі мен дамуын сипаттау үшін біз өсу кезеңдері бойынша өлшеу нәтижелерін 
пайдаландық. Өсудің қарқындылығын анықтау үшін орташа тәуліктік өсімі
абсолюттік, салыстырмалы және тірі салмағының өсімі есептелді. 
Экстерьерлік бағалау негізгі өлшемдерді өлшеу әдісімен жүргізілді 
(шоқтық биіктігі, құйымшақ биіктігі, кеуде тереңдігі, тұрқының қиғаш 
ұзындығы, денесінің тік ұзындығы, жауырынның артындағы кеуде орамы, 
кеуде ені, сербек аралық ені, бөксе аралық ені, сирақ орамы, тұрқының қиғаш 
ұзындығы). Өлшеулер нәтижелерінің негізінде дене бітімі индекстері 
(сирақтылық, созылыңқылығы, толықтығы, кеуделілігі, жамбас-кеуде 
сәйкестігі, бойшаңдығы, сүйектілігі, кеуде енділігі, жұмырлығы, еттілігі) 
есептелінді. 
Тұқымдық бұқалар мен аналық мал басының көбею көрсеткіштері 
зоотехникалық есепке алу нәтижелері бойынша зерделенді. 
Физиологиялық 
көрсеткіштер, 
оның 
ішінде 
ему 
рефлексі, 
қозғалғыштығы көзбен бақылау арқылы жүргізілді. Ал дене температурасы 
малдың тік ішегі арқылы арнайы температура өлшегіш құралы (Biotherm) 
арқылы өлшенді. Жүрек соғысы қалыпты жағдайда стэтаскоп құралы арқылы 
15 секунд тыңдалды, Тыңдалған уақыттағы жүрек соғысы санын 4-ке көбейту 
арқылы 1 минуттағы соққан жұрек соғысы жиілігі анықталды. Тыныс алу 
жиілігі қыс мезгілінде сиыр тыныс алған уақытта мұрын қуысынан сыртқа 
бөлінген ауаны санау арқылы, ал жаз мезгілінде мұрын қуысына қолды 
жақындатып сезу арқылы анықталды.
Жаңа туған бұзаулардың метаболизм қызметі оның ішінде катаболизм 
коэффициенті зерттелді. Катаболизм (грек тілінен: бұзылу, шашырау) 
коэффициенті жануар ағзасы метобализмнің бұзылуы. Катаболизм 
коэффициентін анықтау үшін төмендегі формуланы қолданды: 
К = М
1
/ М
2
2.2.1 
Мұндағы М
1
– соңғы салмақ,
М
2
– алдыңғы салмақ.
Катаболизм коэффициентінің физиологиялық мәні 0,99-1,05 тең. 
Тәжірибелік жануарлардың этологиялық көрсеткіштері тәулік ішінде 
мінез-құлық элементтерін көзбен бақылау және хронометраж әдісімен 
В.И.Великжаниннің әдістемесі бойынша зерттеді. Жату, тұру, азықпен суды 
тұтыну, қозғалыс және т.б. сияқты мінез-құлық элементтері ескерілді. 


36 
Тәжірибелік малдың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі қысқы 
және жазғы кезеңдерде түк жамылғысының өзгеруін зерттеу арқылы 
зерттелді. Е.А. Арзуманянның әдісі бойынша түк массасы, олардың ұзындығы, 
қалыңдығы және құрылымы анықталды. 
Жануарлардың ыстыққа төзімділік индексі Ю.А. Раушенбах (1985 ж) 
әдістемесі бойынша анықталды. Ыстыққа төзімділік индексін анықтау 
формуласы төмендегідей. 
ЫТИ = 2 (t2 -10ΔT+10) 2.2.2 
мұндағы: 
t2 – Сыртқы орта температурасы; 
ΔT – Таңғы және күндізгі жануар дене температурасының 
айырмашылығы. 
Суыққа төзімділік индексі 217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік 
бағдарлама жобасының аясында, 102 "Ғылыми зерттеулерді гранттық 
қаржыландыру" бағдарламасы шеңберінде "Қазақстанның солтүстік өңірі 
жағдайында импортталған етті малдың үшінші генерациясының бейімделуі 
және өнімділік сапасы"(мем.тіркеу №0118РК00736) тақырыбы бойынша 
жүргізілген 
зерттеу 
жұмысы 
барысында 
жоба 
жетекшісі 
мен 
орындаушылыларының зерттеу нәтижесінде шығарылған формула негізінде 
№34735
өнертабысқа патент алынып, соның негізінде анықталды.
Ка = Тд : 39,1 + ТЖ: 31+ ЖСЖ : 84 2.2.3 
Мұнда Ка –адаптация коэффициенті (минус температура кезінде); 
Тд – Тәжірибедегі жануар дене температурасы (градус Цельсий); 
39,1 – Қалыпты жағдайдағы жануар дене температурасы (градус 
Цельсий); 
ТЖ – Тәжірибедегі жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 
31 – Қалыпты жағдайдағы жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 
ЖСЖ–Тәжірибедегі жануардың жүрек соғысы жиілігі; 
84 – Қалыпты жағдайдағы жануардың жүрек соғысы жиілігі. 
Бейімделу коэффициенті Р.Бенезр формуласы бойынша анықталды.
КА = РТ : 38,33 + ТЖ : 23 2.2.4 
Мұнда КА – адаптация коэффициенті; 
РТ –Тәжіибедегі жануардың ректальды температурасы; 
38,33 – Қалыпты жағдайдағы жануардың дене температурасы; 
ТЖ - Тәжірибедегі жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 
23 - Қалыпты жағдайдағы жануардың 1 минуттағы тыныс алу жиілігі; 


37 
Түк жамылғысы шаршы әдісі арқылы 1см
2
көлемінде соңғы қабырғаның 
омыртқа тұсы жағынан алынды. Алынған түк жамылғысы арнайы 
электрондық таразыда өлшенді. Жүн құрылымы жіктеліп 1см
2
жерден алынған 
мөлшері пинцетпен бөлу арқылы саналды.
Гематологиялық көрсеткіштерді зерттеу қан алу жұмысынан басталды. 
Қан алу таңғы уақыттарда жүргізілді. Қан асептика және антисептика 
талаптарын сақтай отырып арнайы пробиркаларга алынды. Қан сиырдың күре 
тамырынан алынды. Қан алар алдында күре тамыр тұсы спиртпен 
залалсыздандырылды. Кейін шприц поршенін жылдам тартып немесе 
вакутайнермен қан алды. Қан алу үшін бір рет қолданылатын пробиркалар- 
вакутейнер (Vacutainer) – веналық қан сынамасы қолданылды. 
Гематологиялық 
зерттеулер 
С.Сейфуллин 
атындағы 
ҚазАТУ 
ветеринариялық клиникасының клиникалық-диагностикалық зертханасында 
және Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми зерттеу 
институтында жүргізілді. Қанның нысанды элементтерінің сандық 
көрсеткіштері - эритроциттер, лимфоциттер мен лейкоциттер, тромбоциттер 
Micro CC-18 фирмасының гематологиялық талдауышында (АҚШ), ал ЭТЖ- 
Панченков аппараты арқылы анықталды.
Иммунитеттің жасушалық факторларының көрсеткіштері – фагоцитоз 
деңгейі болса арнайы әдістеме бойынша, яғни фагоцитоз құбылысына 
негізделген – фагоцит жасушаларының бөгде микроорганизмдерді ұстап алу 
және қорыту қабілетінде көрінетін организмнің реакциясы. Стерильді 
центрифугалық пробиркаларға 0,5 мл тұрақтандырылған зерттелетін қан және 
0,5 мл микробтық стафилакок микробы культурасы құйылады, оның құрамы 1 
мл-де 0,5-1 млрд. микробтық жасуша лайлылығының оптикалық стандарты 
бойынша болады.Түтікке дайындалған қоспаны абайлап шайқайды, 30 мин 
37°С термостатқа салады, 10 мин сайын шайқап отырады. Алынған қоспаны 
зат шынысы бетіне тамызады да спиртпен араластырады, 1 тәулік тұрғызып 
кептіреді де Романовский-Гимза бояуымен бояйды. Боялған жұғындыны 
микроскоппен қарап нейтрофилдерді жеуге жабысып жатқан микробтарды 
санап фагоцитарлық белсенділігі анықталды.
Лизоцимдік белсенділігі нефелометрикалық әдіс бойынша М. 
Lysodeikticus микробын пайдалану арқылы қан сарысуын ФЭК құралында 
калориметрлеу арқылы анықталды. Алынған сынаманы 3 сағат 37 градус 
термостатта ұстап калориметрлеп отырды. Алынған сандарды төмендегі 
формулаға салып лизоцимдік белсенділігі анықталды:
2.2.5 
мұндағы: Л – лизис, %; 
Д
0
- инкубацияға дейінгі тәжірибелік сынаманың оптикалық 
тығыздығы; 
Д
1
– инкубациядан кейінгі тәжірибелік сынаманың оптикалық 


38 
тығыздығы; 
Д
ко
- инкубацияға дейінгі бақылау сынаманың оптикалық тығыздығы; 
Д
к
– инкубациядан кейінгі бақылау сынаманың оптикалық тығыздығы

Қан сарысуының бактерицидтік белсенділігі де лизоцимдік 
белсенділікті анықтағандай нефелометрикалық әдіс бойынша анықталды. Тек 
E.coli таяқшасын қолдану арқылы анықталды. Алынған сандарды төмендегі 
формулаға салды: 
ҚСББ =100 – D 
тәж сынама 3 сағ соң
– D 
тәж сынама инкуб дейін
*100
2.2.6 
D бақ. сынама 3 сағ соң – D бақ. сын. нкубац. дейін 
Ет өнімділігі бойынша сояр алдындағы салмағы, ұшасының және іш 
майының салмағы электрондық таразыда өлшеу арқылы анықталды. Сойыс 
шығымы, ұшаның шығымы, іш майының шығымы пайыздық көрсеткішке 
алмастыру арқылы анықталды. Ұшаның морфологиялық құрамын және оның 
еттілігін, ұзын сала етінің «ет көздігін» 12-13 қабырға арасындағы «ет көздігі» 
көлеміне байланысты анықталды.
Ұшаның морфологиялық құрамын анықтауда 5 табиғи-анатомиялық 
бөлікке бөлдік. Сол жақ жарты ұшаның сұрып етін сүйегінен ажыраттық. Ал, 
әрбір анатомиялық бөлік жеке-жеке өлшенді (мойын, иық-жауырын, арқа-
қабырға, бел және сан). 
Ет ылғал мөлшері кептіру әдісі арқылы анықталды. Бюксқа тексерілетін 
өнімнен 2-3 есе артық құм салынып, шыны таяқшасымен, кептіргіш шкафта 
бетін ашып, қақпағын жанына қойып, 150±2°С 30 мин кептіріледі. Өлшеген 
бюкске 4-5 гр өнім салып, құммен араластырып өлшейді де 150+2С 1 сағат 
бойы кептіреді, сонан соң 20-25 мин бойы эксикатор ішінде салқындатып алып 
тағы да өлшейді. Ылғал мөлшерін (X, пайыз) төмендегі формула бойынша 
есептейді.
Х=М
1

2
/М*100 2.2.7 
мұндағы: М1 -кептіргенге дейінгі сынаманың бюкспен бірге салмағы, г; 
М2 -кепкеннен кейінгі сынаманың бюкспен бірге салмағы, г;
М - сынаманың салмағы, г.
Май мөлшерін Сокслет аспабымен анықтады. Бұл әдіс Сокслет 
аппаратында кептірілген майды ұшпа ерітінділермен экстракциялағанның 
соңында еріткіштерде нарылтып, майды турақты салмағына дейін кептіруге 
негізделген. Еріткіш ретінде эфир немесе дихлорэтанды пайдаланады. 
Бюкстағы майсыз қоспаларды анықтау үшін кептірілген май үстіне 10 мл 
хлороформ қосып, 5 минуттан кейін төгеді. Осылайша майды бөлу 2 рет 
жүргізіледі. Бюкс 103±2°С температурада 5 мин кептіріліп, эксикаторда 
салқындатылып өлшенеді. Есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі: 


39 
Х=М
1

2
/М*20*100
2.
2.8 
мұндағы: М
1
- колбаның майымен массасы, г.
М
2
- бос колбаның массасы, г. М - сынама массасы, г. 
Зерттеу барысында алынған деректер Microsoft Office Excel 
компьютерлік бағдарламасы бойынша статистикалық өңделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет