41
1-кестедегі мәліметтерден зерттеліп отырған 377 сиырдың еуропалық
және канадалық селекция бойынша, тиісінше 107 және 270 басты құрады.
Олардан 2014 жылы 144 бас бірінші генерацияның сиырлары табынды
толықтырды, оның 52 еуропалық және 92-і канадалық селекция бойынша. Осы
бірінші генерациядан 77 бас (2017 жылғы) екінші генерацияның құнажындары
табынға іріктеліп қалдырылды, яғни сәйкесінше 29 – 48 бас. Осы
құнажындардан 2020 жылы 65 төл алынды, оның 24-і еуропалық, 41-і
канадалық селекцияның үшінші генерация ұрпақтары. Шаруашылықтағы
абердин-ангус тұқымын малының төлдері жеңіл туылып, қысқа уақытта тез
салмақ қосуымен ерекшеленді.
Табын құрылымының селекция аралық бөлінісі төмендегі сурет 2-де
көрсетілген.
Сурет 2 – Табын құрылымы
Үшінші генерация төлдерінің өнімділік және бейімделу қасиетін зерттеу
үшін, олардың енелерінің (екінші генерация құнажындары) тұқымдылық,
өнімділік қасиеттері мен кейбір физиологиялық көрсеткіштері зерттелді.
Тәжірибеге дене бітімі, тірілей салмақтары біркелкі екі селекция жолымен
алынған құнажындар қойылды. Яғни І топ канадалық селекцияның
құнажындары - 15 бас және ІІ топ еуропалық селекцияның құнажындары – 15
бас.
Ауыл шаруашылық малдарының дене бітімінің ерекшелігін білмей
асылдандыру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Асыл тұқымды малды
қалыптастыруда жануарларды дене бітімі мен экстерьеріне қарай бағалау
ежелден қолданылып келеді, ол жануар денесінің сыртқы құрлысы мен оның
шаруашылыққа пайдалы белгілері арасында әлде бір байланыстардың бар
екеніне негізделген. Малдың дене бітіміне берілген бағаны пайдалана отырып,
Достарыңызбен бөлісу: