Титанов жанат егинбаевич



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

 
Сүт өнімділігі (Канадалық селекция) =
170,5 − 23,8
180
∗ 205 + 23,8 = 191,9 кг
 
Жоғарыда есептеп шығарғанымыздай етті бағыттағы абердин-ангус 
тұмса сиырларының орташа сүт өнімділігі канадалық селекция бойынша 191,9 
кг құраса, еуропалық селекция бойынша 187,9 кг құрады. Төлінің салмағы 
бойынша сүт өнімділігінің, оның төлінің өсіп-жетілуіне оң әсер еткенін 
байқауға болады. Жаңа төлдеген бұзаулардың дұрыс өсіп жетілуіне сиыр сүті 
құрамының әсері де зерттелген болатын. Зерттеу барысында жаңа төлдеген 
сиырлардың сүті сауылып құрамы анықталды, 6-сурет.
Сурет 6 – Сиыр сүті құрамын зерттеу 


59 
Жоғарыда суретте көрсетілген әдіс бойынша сүт сауылып, арнайы сүт 
құрамын анықтауға арналған «Клевер-2» сүт анализаторымен сүттің 
химиялық құрамы анықталды. Суретте 14 сауым маусымы күніндегі сиыр 
сүтінің химиялық құрамы көрсеткіштері, 19-кесте. 
Кесте 19 – Екінші генерация сиырлары сүтінің химиялық құрамы 
Көрсеткіштер 
Абердин ангус тұқымы 
Еуропалық 
селекция 
Канадалық 
селекция 
Құрғақ заттың салмақтық үлесі, % 
12,89±0,16 
13,36±0,21 
Майлылығы, % 
3,81±0,14 
4,08±0,18 
Ақуыздың салмақтық үлесі, % 
3,4±0,01 
3,46±0,03 
Лактозаның салмақтық үлесі, % 
4,98±0,23 
5,10±0,19** 
Құрғақ сүттің майсыз құрғақ заты, % 
9,67±0,01 
9,92±0,01 
Күл, % 
0,70±1,4 
0,72±1,4 
Бір кг сүттің калориялығы, кДж 
2,86 
2,98 
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001 
Жоғарыдағы 19-кестеден екі топтағы сиырлар сүтінің химиялық 
құрамын зерттеу кезінде сүттің негізгі компоненттерінің мөлшерінде және 
оның энергетикалық құндылығында біршама айырмашылықтар анықталды. 
Сүттегі құрғақ заттың жоғары мөлшері канадалық ІІ генерация сиырларында 
13,36% құрап, еуропалық жастастарынан 0,47% жоғары болды. Сүттің 
майлылығы бойынша да басымдылық канадалық селекцияның сиырларының 
үлесіне тиісілі болды 4,08%, немесе 0,27% жоғары. Канадалық ІІ генерация 
сиырларының сүтіндегі қанттың, құрғақ майсыздандырылған сүт 
қалдықтарының және күлдің деңгейі 5,10; 9,92 және 0,72% құрап, тиісінше 
еуропалық сиырлардан 0,12; 0,25 және 0,02% басым болды. 
Сүттің химиялық құрамының негізгі көрсеткіші ол энергетикалық 
құндылығы. Бұл көрстекіш бойынша топтар арасында айтарлықтай 
айырмашылық анықталмады. Канадалық сиырларда бұл көрсеткіш 
аналогтарымен салыстырғанда 0,12 басым болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет