60
солтүстік өңірі жағдайында өсірілген үшінші
генерация төлдерінің өсу
қарқындылығын анықтау бойынша ғылыми-шаруашылық сынақтар жүргіздік.
Зерттеу барысында абердин-ангус тұқымы канадалық және еуропалық
селекция үшінші генерация бұқашықтары мен қалпына келтіретін
бұзауларының
өсуі мен даму қарқыны талданды, 7-сурет. Талданған
бұқашықтар мен қашарлардың тірі салмағының өзгеру динамикасы туралы
алынған мәліметтер 20-кестеде келтірілген.
Тек 6 айлық жасынан бастап канадалық
селекция бұқашықтары мен
қашарлары тірі салмақ көрсеткіштері бойынша алдыға шықты. Ал тұқым
стандартымен салыстыратын болсақ 6 айлықтан бастап бұқашықтар мен
қашарлардың тірілей салмақ көрсеткіштері 1
класс стандартынан жоғары
болды.
Кесте 20 – Үшінші генерация төлдерінің
өсіп-жетілу динамикасы, кг (n=30)
Жасы, ай.
Aбeрдин-aнгуc тұқымы (Х±Sx)
Канадалық селекция Еуропалық селекция I клaсc талабы
ІІІ генерация төлдері
Туғандағы
23,8±1,7
21,9±2,20
-
3
105,3±3,3
109,2±2,6
-
6
170,5±4,7
165,7±3,5
150
8
198,1±5,7
192,5±5,5
185
12
258,3±4,4
252,7±7,3
250
15
308,5±4,9*
301,2±3,7
290
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
Сурет 7 – Жаңа туған төлдің өсу барысы
61
Ал 3 айлық жасында керісінше еуропалық селекция малдары 3,9 кг
канадалық селекция малдарынан басым болды.
Мамандандырылған ет малын өсірудің тиімділігін анықтаушы әсерінің
бірі – әр түрлі жас кезеңдеріндегі жас жануарлардың орташа тәуліктік өсу
қарқыны. Осы көрсеткіш бойынша деректер 21-кестеде келтірілген.
Орташа тәуліктік өсімі бойынша ІІІ генерация
төлдерінің ең жоғары
өсімді еуропалық селекция төлдерінде туғанынан 3 айға дейінгі аралықта
көрсетсе, ең төменгі өсімді де еуропалық селекция төлдерінде 6-8 ай
аралығында көрсетті. Тек 8-12 ай аралығында екі селекция төлдері бойынша
бірдей орташа тәуліктік өсім 501,7 г. құрады.
Кесте 21 – Үшінші генерация төлдерінің
орташа тәуліктік өсімі, г (Х±Sx)
Жасы, ай
Aбeрдин-aнгуc тұқымы
канадалық
еуропалық
ІІІ генерация төлдері
0-3
905,5±32,7
970,0±36,4*
3-6
724,4±28,1*
627,8±25,4
6-8
460,0±25,6
446,6±20,5
8-12
501,7±29,3
501,7±28,8
12-15
557,8±27,5*
538,9±25,4
Топтар арасындағы статистикалық шынайлық айырма *р<0,05; **р <0,01; ***р<0,001
21-кестені талдай келе 6 айдан кейін екі топ төлдерінде орташа тәуліктік
өсімнің төмендегені байқалады, ол өз кезегінде төлдердің енесінен айыруына
және төлдердің толықтай өсімдік азықтарына көшуіне байланысты екенін
аңғартады.
Жануарлардың
өсу қарқындылығын, белгілі уақыт аралығында дене
салмағының орташа тәуліктік және абсолютті өсуін толық сипаттау үшін
салыстырмалы өсу есептелді, ол пайызбен көрсетіледі.
Салыстырмалы өсу
көрсеткіштері 22-кестеде көрсетілген.
Кесте 22 – Үшінші генерация төлдерінің
салыстырмалы өсімі,%
Жасы, ай
Aбeрдин-aнгуc тұқымы
I (канадалық)
II (еуропалық)
ІІІ генерация төлдері
0-3
342,4
398,6
3-6
61,9
51,8
6-8
16,2
16,2
8-12
30,4
31,3
12-15
19,4
19,2
62
22-кестедегі мәліметтер бойынша туғанынан 3 айға дейінгі және 8-12 ай
аралығындағы салыстырмалы өсім еуропалық селекция төлдерінде, тиісінше
56,2%, 0,9%-ға басым екені көрініс тапты. Ал 3-6, 6-8 және 12-15 ай
аралығында канадалық селекция төлдері өз жастастарынан тиісінше 10,1%, 0%
немесе тең және 0,2%-ға басым болды.
Достарыңызбен бөлісу: