Титанов жанат егинбаевич


 Зерттеу нәтижелерінің экономикалық тиімділігі



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата18.10.2023
өлшемі11,26 Mb.
#186518
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа на соискание степени доктора философии (PhD) Титанова Ж.Е

3.10 Зерттеу нәтижелерінің экономикалық тиімділігі 
Етті мал шаруашылығын рентабельді жүргізу кепілдіктерінің бірі 100 
сиыр мен құнажынға арналған бұзауларды барынша көп алу болып табылады. 
Сонымен қатар, етті мал шаруашылығында табынның өсімін молайтуды 


83 
арттыру проблемасын шешумен қатар, жас төлді етке өсіруді қарқындату 
ерекше өзектілікке ие болады. 
Етті мал шаруашылығы өнімнің тек бір түрін – ет өндіретіндігіне 
байланысты, негізгі табынға жұмсалатын барлық шығындар тірі салмақ 
өсімінің өзіндік құнына қосылады. Демек, мал өсіру құнын төмендету және 
оның өнімділік сапасын арттыру сиыр етін өндірудің экономикалық 
тиімділігін арттырудың маңызды факторлары болып табылады. 
Асыл тұқымды мал шаруашылығында жануарлардың асыл тұқымдық 
қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар 
жануарлардың 
белгілі 
бір 
тұқымын, 
селекциясын 
пайдаланудың 
экономикалық тиімділігі де үлкен мәнге ие. Біздің зерттеулерімізде біз осы 
аспектіні талдадық.
Жалпы біздің зерттеу жасаған шаруашылықтағы екі селекциялы асыл 
тұқымды абердин-ангус ірі қара малының қайсысын ұстаған тиімді екенін 
анықтау негізінде оның экономикалық тиімділігі де есептелген болатын.
Негізінен, төлдегеннен кейін және бұзаулары бар сиырларды ұстауға 
арналған шығындар азыққа, жалақыға, басқа да тікелей шығындар мен 
амортизацияға жұмсалған өндірістік шығындардан тұрды. 
Шығыстар азықтың желінуіне және оның қорытылуына байланысты 
болды. Бұзаулары бар сиырлар барлық ему кезеңін табиғи жайылымдарда 
өткізгенін ескере отырып, азық шығынын едәуір азайтуға болады. 
Біз «Жолдасбай-Агро» ферма шаруашылығында өсірілетін абердин-
ангус асыл тұқымды қашарларды сатуынан түскен тиімділікті келесі 
көрсеткіштер бойынша есепке алдық: жұмсалған шығын, кіріс, таза пайда 
және рентабельділік деңгейі келесідей, 38-кесте. 
Ірі қара малын күтіп-бағуға кеткен шығындар туғаннан бастап 15 айлық 
жасқа дейін аралық есептелінді.
Кесте 38 – Үшінші генерация төлдерін өсірудің экономикалық тиімділігі 
Көрсеткіштер
Бұқашық (♂), n=10 
Канадалық селекция Еуропалық селекция 
1 бастың тірілей салмағы, кг 
308,5 
301,2 
1 бастың сату бағасы, кг-на 
1200 
1200 
1 басты сатудан түскен пайда, 
тг 
370 200 
361 440 
Сатудан түскен пайда, тг 
(n=10) 
3 702 000 
3 614 400 
Өсіруге жұмсалған шығын, тг 
2 730 000 
2 730 000 
Таза пайда, тг 
972 000 
884 400 
Рентабельділік, % 
35,6 
32,4 
38-кесте деректері бойынша қашарлардың барлық көрсеткіштер бойынша 
бірдей болмағаның байқаймыз, бұл фактор тікелей малдың абсолюттік, 


84 
орташа тәуліктік салмақ қосуына және тұтынған азығына байланысты. Жалпы 
ірі қара малын өсіру экономикалық тиімді екені анықталды, рентабельділік 
деңгейі канадалық қашарларында 35,6% болса, еуропалық селекция 
қашарларында 32,4% болды. Сонымен қатар бұл импортталған абердин-ангус 
тұқымының үшінші генерация төлдерінде канадалық селекция ұрпақтары мөл 
өнім беретіндігі және Солтүстік Қазақстан өңірінің экстремалды қатал 
климатына бейім екендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет