4 Тақырып Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы -3 сағат
Мазмұны
1.Қаржы ісінің дамуы тарихы.
2.Қаржы қызметінің түрлері және оның дамуы. Қазақстан Республикасының қаржы саласының қазіргі жағдайы.
Студенттердің құкықтары мен міндеттері Студент құкылы:
Қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде қаржы болып табылатын күрделі категорияны басқару кешенді жүйесін жасау және қолдануға объективті қажеттілігі туып жатады. Бұл қаржының маңыздылығына және қоғамның дамыған өмірі мен әрбір шаруашылық жүргізуші нысан қызметінің маңызды рөліне байланысты.
Кәсіпорында қаржы процестерін басқару бойынша адамдардың саналы, мақсатқа сай қызметінің қажеттілігі бұдан әрі пайда болған. Бірақ оның теориялық және тәжірибелік іске асуы қаржы ресурстарымен оңтайландыру әдістерін іздеу қажеттілігін бірінші орынға қойған маңызды себептер туған кезінде 19-20 ғасырлардың аралығында басталған болатын.
Серіктестіктер арасында қаржы қатынастарды ұйымдастыру бойынша жаңа идеялар және қаржы мәселелерді шешу үшін ілгерішіл тәсілдеме пайда бола бастады. Бұдан әрі төменгі тобының деңгейінде саналы қаржы процестерін басқару, кейде тәуекел шешімдерді қабылдау бірақ соңында оң нәтижесін шығаратын объективті қажеттілігі пайда болды.
Дүниежүзілік тәжірибесі бойынша жеке іс-шаралар көмегімен қаржы қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, жекеленген іс-шараларды іске асыру мүмкін емес, себебі қаржы көрсеткіштер өзара, сондай-ақ өндірістік процестермен тығыз байланысты. Сондықтан да экономиканың талаптарына жауап беретін жаңа, ең тиімді тәсілдерді, құралдарды, және де жеке субъектілердің қаржыларын басқару кешенді ұйымдастыру іздеулері жүргізілген болатын.
Әсіресе, қаржы менеджмент деп аталатын микродеңгейіндегі қаржы басқару тиімді жүйесін қалыптастыру маңызды рөль атқарады. Алғашқыда ол ірі кәсіпорындарда, корпорацияларда құрылған болатын, бірақ кейін уақыт өте келе нарық экономикасымен қоса шаруашылық жүргізу елдердің субъектілеріне таралған.
Қаржы менеджменттің дамуы қоғам, басқару, қаржы әдістері туралы ғылым дамуымен және экономика, техника, қаржы, ақша, халықаралық бірігу әлемінде жаңа құбылыстардың және т.б. пайда болуымен өзара тығыз байланысты.
Қаржы менеджменттің дамуын зерттеу әрбір фирманың қаржы қызметін басқару үшін маңызды орын алады. Себебі әрбір шаруашылық жүргізетін субъектілердің көбісі тиісті жағдайларда табысты жұмыс істелуін және өз қызметінің соңғы нәтижелеріне белсенді әсерін қалайша қамтамасыз ету керек деген секілді дилеммаға тап болады. Қаржы туралы ғылымның қалыптасуы мен дамуы үшін өзгеше болатын екі ірі деңгейге бөлуге болады. Біріншісі, Рим империясы дәуірінде басталған және 20 ғасырдың ортасында аяқталған кезінде қаржының классикалық теориясында өз теориялық ресімделуін тапты; Бірінші деңгейден кейін екінші деңгей келді, ол логиканы қаржылардың неоклассикалық теориясын білдірді.
«Бірінші теорияның маңыздылығы қаржылардағы мемлекеттің доминантында; екінші теорияның маңыздылығы – жеке сектордың қаржылар доминантында (яғни, мұнда ірі компаниялар мен нарық капиталдардың позициясы жағынан қаржылар туралы). [6]»
Бірінші деңгейдің ерекше ұзақтығы болғандықтан, онда жеке кезеңдерді айқындау керек. Бірінші кезеңінде үш дәуір бар: ғылыми емес жағдай, ғылыми өңдеуге ауысуы, ғылыми (оңтайлы) дәуір.
Ғылыми емес жағдайдың дәуірі. Бұл ең ұзақ дәуір болған еді. Қаржы ғылымның тарихшылары бұл дәуірдің басталуын Ежелгі Мысыр, Ассирия, Вавилонии, Ежелгі Греция және Рим кезеңдеріне жатқызады.
Орта ғасырларда қаржы тематика бойынша қандайда болмасын маңыздылығы зор жүйелі әзірлеу жұмыстар белгіленбеген болатын, сонда да тек қана Орта ғасырдың аяғы көптеген ғалымдармен ғылыми өңдеуге алмасуы – қаржы ғылымның екінші даму кезеңінің бастамасы ретінде қарастырылады.
Ғылыми (оңтайлы) дәуір. Қаржыларды басқару сұрақтары зерттеудің негізгі нысаны ретінде емес, тек қана жалпы алғанда экономикалық ғылым және мемлекет басқару туралы ғылым мәнмәтінде қарастырылған болатын. Сондықтан қаржы ғылымның тарихшылары оның қалыптасуын 18-19 ғасырлардың итальяндық және неміс мектептердің камералист өкілдерінің жұмыстарымен байланыстырады. Әсіресе неміс мектептің өкілдері мемлекетті оңтайлы басқару туралы өз идеяларын білдіре отырып, олар аз-аздап өз назарларын елдердің қаржыларына аударып табысқа жеткен болатын.
18 ғасыр қаржы туралы ғылымның қалыптасуы және бекемдеу жағынан өзгерісті кезең болып табылады. Бұл ғасырдың екінші жартысын көптеген ғалымдар дербес бағыты ретінде жүйелі қаржы ғылымның пайда болу мерзімін көрсетті. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл жылдарда ғылыми деп аталатын немесе оңтайлы кезеңі басталды.
Ұзақтығы 200 жылға жуық болған қаржылардың қалыптасу дәуірі және классикалық дамуы 20 ғасырдың ортасында аяқталған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және бұдан кейін дүниежүзілік экономикадағы жағдай бірден өзгере бастайды: нарық қатынастарының даму шамасына қарай экономикада мемлекет пен көпшілік одағының рөлі төмендейді.[7]»
20 ғасырдың ортасында нарық капиталының дамуы мен интернационалдандыру, ұлтаралық корпорациялардың рөлін арттыру, өңдіріс саласында шоғырландыру процестері, әрбір бизнесті ресурстық қамтамасыз ету жүйесінде негіз болу ретінде қаржы ресурстарының маңыздылығын күшейту әрбір экономикалық жүйесінің негізгі жүйелендіретін ұйымның деңгейінде, яғни шаруашылық жүргізетін субъектінің деңгейінде қаржы рөлдерін теориялық мәнін түсіну қажеттілігіне әкелді. Қаржы мектебінің англо-американдық өкілдерінің тырысуымен қаржы теориясы жоғарыда баяндалған 18-19 ғасырлардағы ғалымдарының көзқарастары бойынша мүлдем жаңа толықтыруды алған болатын.
Қаржылардың неоклассикалық теориясы
Қаржы ғылымының дамуында жаңа дәуірдің бастамасы деп 20 ғасырдың 40 және 50 жылдарды айтуға болады. Бұл жылдарда қаржылардың неоклассикалық теориясы өз ресімделуін алады. Тарихи деректер бойынша жаңа теорияның қалыптасуы мен дамуы тез қарқынымен жүрген болатын; негізгі себеп – тәжірибе жағынан (бизнестің дамуы мен интернационалдандыру, қаржы нарықтарын нығайту, банк секторын күшейту және т.б.) ерекше талап етілген. 20 ғасырдың 50 жылдар аяғында қаржы мектебінің англо-американдық өкілдерінің күш салу арқасында жаңа бағыт қолданбалы микроэкономикадан біржолата бөлініп шықты және қаржы ғылымында биік болып тұрды.
Нақты үлес шарттылығымен қаржылардың неоклассикалық теориясы келесі негізгі тезистерге негізделеді деп айтуға болады:
Мемлекеттің экономикалық күш-қуаты, демек қаржы жүйесінің тұрақтылығы маңызын ірі корпорациялар құрайтын жекеменшік секторының күш-қуатымен анықталады.
Кәсіпкерлік секторының қаржылары елдің қаржы жүйе ядросын құрайды.
Кәсіпкерлік қызметінің секторына мемлекеттің араласуы мақсатқа сай ықшамдалады.
Ірі корпорациялардың даму мүмкіндіктерін анықтайтын қол жетімді қаржыландыру деректерінен пайда мен капиталдың нарығы негізгі болып табылады.
Капитал, тауар, еңбек нарықтарының интернационалдандыруы бірлесуге ұмтылу болып табылатын жеке елдердің және капитал нарығы қаржы жүйелерінің жалпы даму үрдісіне әкеліп соқтырады.
Бұл тезистердің барлығы қазіргі заманға сай жағдайда және ғаламдық қаржы жүйесінің үрдісінде анығымен дәлелденген. Сол сияқты, соңғы тезисқа қатысты келесі мысалды келтіруге болады. Жүйелердің конвергенциясы және бухгалтерлік есептің үлгілер жобасын іске асыру туралы жетекші елдердің бухгалетерлік есеп реттеуіш және қаржы нарықтарының келісімі. Мұнын шын мәнісі ұлттық бухгалтерлік қауымдастық ретінде және де жетекші қор биржа ретінде тіркеу стандарттарының сәйкестендірілген жиынтығын әзірлеуіне негізделген.
«Жалпы түріндегі қаржылардың неоклассикалық теориясын қаржының үш мақсатын, яғни: ресурстар, қатынастар, нарықтарды ұйымдастыру және басқару туралы білім жүйесі ретінде анықтауға болады. Бұл теорияның шеңберіндегі акценті ең алдымен нарық экономиканың негізгі жүйелендірілген элементі ретінде фирманың қаржыларын басқару кезінде үрдісті жинақтау, түсіндіру, болжамдау және қалыптастыруға көрсетіледі.»
Фирманың қаржыларына қосымшадағы айтылған үш мақсат қарапайым және көрнекілік талдау беру түрінде көрсетіледі. Ресурстар – бұл қаржы нарығындағы айналымы; (келісім-шарттық) қатынастар – бұл мобилизациялау және инвестициялау операцияларын жүзеге асырған және жүзеге асыру кезінде ресурстық ағындардың қозғалысын көпшілікке танытады; нарық – бұл ресурстардың қатынастары мен қозғалысын ресімдеу процедураларын ұйымдастыру, жүйелендіру, оңайлату және бір қалыпқа салу арқылы болатын орын мен механизм.
2. Қазақстан Республикасы қаржы саласындағы қазіргі заманға сай жағдайы.
Ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс жалпы әлемдік ауқымы ретінде және де ұлттық деңгейінде қаржы қатынастардың бар болған үлгілердің кемшіліктерін көрсетті. Нашар жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының қызметінде айқындалған болатын.
Қаржы институттардың мәселелері жетілмеген және заманауи үрдістерге тәуекел басқару жүйесінің жетілмегендігі және сәйкес келмеуі (деңгей бойынша және тәуекел сапасы бойынша), корпоративті басқарудың төмен деңгейі, жеткіліксіз ашықтығында айқындалды.
Қаржы секторының айқындалған мәселелерді жою қажеттілігі, жіберілген қателерді дұрыстау және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету дағдарысты дәуірдің ерекшеліктердің бірі болып табылады. Егемен Қазақстанның қаржы жүйесін қазіргі заманға сай, тұрақты және бәсекелі құру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі мақсатқа сай бағытталған нарық механизмдердің бәсеке және жеке кәсіпкерлік бастама қолданылуымен байланыстырылған экономиканың мемлекеттік реттеу шаралары дәлелдейді. Осыған байланысты шоғырландырылған негізінде мемлекеттік жоспарлау және экономиканың ынталандыру рөлі көтеріңкі болады. Сонымен бірге бәсекелестік, жеке меншік дербес құқығы және іскерлік бастама деген секілді еркін нарықтың базалық принциптері тұрақты болып қала береді, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды мобилизациялау бойынша мәселелерді шешу үшін республиканың қаржы секторына сенімді қалпына келтіру басым бағыты болады. Сонымен ұсынылатын қаржы қызметтерінің спектрлерін кеңейту бойынша жұмысы жеделдетіледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жүргізу әлеуметтік саласындағы мемлекеттің міндеттемелерін қысқарту және институционалдық инвесторлардың ерекше табын құру бойынша мемлекеттің бірінші қадамы болып табылады.
Мемлекет және жұмыс беруші есебінен ғана емес, сонымен бірге жұмыскердің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету аралас жүйесіне медициналық қамтамасыз ету және халықтың сан алуан тобын (мүгедек, қараудағы жан, жұмыссыз адамдар және т.б.) толық мемлекеттік қолдау принциптерінен алдағы уақытта ауысуы әлеуметтік қамтамасыз ету барлық жүйесіндегі реформаның логикалық жалғасуы болып табылады. Өндірістің зиянды және қауіпті түрлеріне жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік төлемін телеуді енгізу мәселесі қарастырылатын болады.
Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық (сақтандыру) қамтамасыз ету жүйесін алдағы уақытта жетілдіру шеңберінде нарық принциптерін және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының мүмкіндіктерін кең қолданылуымен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің жаңа концепциясы ұсынылатын болады. Бұл жұмыстың шеңберінде күштер тек азаматтардың әлеуметтік қорғалуды арттыруға ғана бағытталған емес, сонымен бірге елдің экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілеті бар институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |