3 Тақырып Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы -2 сағат
Мазмұны
1.Қаржы бакалаврдің кәсіби қызметінің саласы, обьектісі, пәні және түрлері.
2.Білім деңгейіне талаптары.
3.Қаржы бакалаврдің міндеттері мен мақсаттары.
Білім алушылардыц ауысуы, окудан шығарылуы, қайта қабылдануы және академиялық демалыс
Қаржы бакалаврының біліктілік сипаттамасы
Біліктілік сипаттамасы мыналарды анықтайды:
«Қаржы» мамандығы бойынша қаржы бакалавры кәсіби қызметінің облысын, объектілерін, пәнін және функцияларын;
5В050900 «Қаржы» мамандығы бойыншабакалаврдың кәсіби қызметінің міндеттерін, бағыттарын және кілттік құзыреттерінің талаптарын;
5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша түлектердің білім деңгейіне деген талаптар;
Жоғары оқу орындарының түлектерін аттестаттау шарттары.
Кәсіби қызмет облысы. Берілген мамандықтың түлектері меншіктік формалары мен қызмет сферасы әртүрлі кәсіпорындардың барлығында, қаржы және сақтандыру органдарында, банк мекемелерінде, құнды қағаздар нарығында басқармалық, кәсіпкерлік, саудалық қыземеттерді жүзеге асырады.
Қаржы бакалаврлары қаржыларды басқарумен және ұйымдастырумен, микро- және макродеңгейлерде ақша-кредиттік және фискалды саясатты жүргізумен айналысады. Берілген профильдегі бакалаврлар компанияның қаржылық жағдайына талдау жасауы, кірістің артуына ықпал етуі, шығындар мен тәуекелдерді азайтуы, сапалы қаржылық қызметтер көрсетуде нарық талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Түлектердің кәсіпқойлық қызметінің объектілері республикалық және территориялық деңгейдегі мемлекеттік органдар болып табылады: ҚР қаржы Министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР қаржы нарығын және қаржылық делдалдарды реттеу бойынша агенттігі, Министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтері, банктер, биржалар, бюджеттік мекемелер және ұйымдар, инвестициялық қорлар, әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалы басқарушы субъектілер.
5В050900 «Қаржы» мамандығы бойыншабакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері келесілер болып табылады:
қаржылық категориялардың мазмұндық сипатын зерттеу және оларды әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуде пайдалану;
қаржы саясатының стратегияларының бағыттарын анықтау және оны жүзеге асыру механизмдерін құрастыру;
қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыру, қаржылық-экономикалық процестерді жоспарлау, бюджеттеу және болжау тәжірибесінің болуы;
қаржы нарығының қатысушыларының есептілігін құрастыру;
валюталық-кредиттік реттеу және төлеу балансын құрастыру әдістемесін игеру;
қаржы мекемелерінің халықаралық тәжірибесін зерттеу.
6.4 Кәсіпқойлық қызмет көрсету түрлері
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары келесі қызмет көрсету түрлерін орындай алады:
ұйымдастырушылық-басқармалық;
экономикалық;
құқықтық;
өнеркәсіптік-технологиялық;
есептік-жобалық;
эксперименттік-зерттеушілік;
білімдік (педагогикалық).
Кәсіпқойлық қызмет функциялары:
ұйымдастырушылық-басқармалық қызмет. Мемлекеттік қызметте (қаржы және салық органдарында), қаржы басқармаларында және нақты кәсіпорындар бөлімшелерінде, сақтандыру органдарында, банктерде және да қаржы мекемелерінде білікті жұмыс атқару үшін түлектің барлық тәжірибесі болады, қаржы менеджментінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық базасын құруға қатысады, басқа мамандармен басқарудың анағұрлым эффективті әдістерін, бизнесті ұйымдастыру ережелері мен әрекеттерін құрастырады және қолданады, қаржы нарықтарының қызметіне белсенді араласады;
нарықтық қатынастарға динамизм тән болғандықтан, бұл жерде қаржы қатынастарының орнатылған формаларын, әдістерін, әрекеттерін және тәсілдерін, қаржы профилінің мамандарын даярлауда қажет экономика ғылымдарының ғылыми танылуын игеру, экономикалық қызмет түлектердің осы бағыт бойынша айрықша құқықтары бар;
құқықтық қызмет. Түлектің бұл бағыт бойынша құқық облысында қажет білімі болады және белсенді өзгермелі орта жағдайында оны қолдануға қабілетті, заманауи нарық қатынастарында құқықтық база қоғамның әлеуметтік және экономикалық дұрыс дамуына ықпал етеді;
өнеркәсіптік-технологиялық қызмет түлектерге осы бағытта айрықша құзырет береді, себебі білім балу процесі олардан қаржы жүйесін ұйымдастырумен байланысты барлық мәселелерді толық зерттеуді талап етеді. Аталған мамандық бойынша түлектердің тікелей шендік міндеттері мемлекеттік қаржыны, ақшамен жұмысты, қаржылық-банктік технологияларды басқарудың эффективті жүйесін құруға ат салысуы болып табылады. Тәжірибеде қаржыны, кредитті басқарудың барлық белгілі принциптерін қолдану, құрастырылған ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық басқару базасын пайдалану, негізгі басқару функцияларын (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) жүзеге асыру, олардың орындалу эффективтілігін талдау, өндірістік технологиялардың қадағалануын бақылау, басқару объектісінің қаржылық стратегиясын қалыптастыру, ағымдық қаржылық жоспарлау және т.б.;
бакалаврлардың берілген мамандық бойынша түлектердің эксперименттік-зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының, зертханалардың, өндірістік өнеркәсіптердің зерттеу топтарының, корпорациялардың, ҒЗИ зерттеу бағдарламаларына сәйкес, сонымен қатар, ғылыми-өндірістік, ғылыми-техникалық серіктестіктің аумақтық және халықаралық бағдарламалары шегінде жүзеге асырылады;
есептік-жобалық қызмет басқарушы субъектілердің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейлі банктердің, құнды қағаздар нарығының қаржы қызметінің стратегиясы мен тактикасын құрастыруды, өнеркәсіптің, сақтандыру ұйымдарының, коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша; инвестициялық жобалардың эффективтілігін бағалау, қарыз алушының кредитке қабілеттілігін талдау, қосымша қаржыландыру көздерін тартуды дәлелдеу, капитал құрылысын оптималдандыру, құнды қағаздар портфелінің эффективтілігін бағалау, басқарушы субъектілердің, сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктердің қаржы қызметін ұйымдастыру жөнінде басқарушылық шешімдерін экономикалық дәлелдеу бойынша есептерді жүзеге асыру;
берілген мамандық бойынша білім (педагогикалық) қызмет қаржыны, салықтарды, банк ісін, мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, арнайы орта оқу орындарында құнды қағаздар нарығын оқыту, сонымен қатар, басқа дайындық профилінің мамандары және өнеркәсіптер мен орта звенолы мекемелердің менеджерлері үшін, сонымен қатар, мүдделі тұлғалар үшін семинарлар мен оқытушы курстарды өткізу функцияларымен; жоғарыда аталған оқыту деңгейі үшін әдістемелік құралдарды даярлау, ассистенттер ретінде оқу жұмысын орындау функцияларымен байланысты.
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары келесі типтік міндеттерді шешуге жүктелген:
қаржы-кредит қатынастарын регламенттейтін заңнамалық-нормативтік актілерді сақтау;
кәсіпқойлық қызметтің барлық сферасындағы қаржы тәртібін сақтауды бақылау;
құрылымдық бөлімдердегі қаржыны рационалды ұйымдастыру;
басқырушы субъектілердің қызметіне қаржы менеджментін енгізу;
бюджеттік шығындарды бюджеттік жоспарлау және мониторингін жасау;
қаржы тәуекелдерін анықтау және басқару;
құнды қағаздар портфелін басқару және оның құрылымын оптималдандыру.
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары өздерінің кәсіпқойлық қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:
салық салуды ұйымдастыру, салықтық әкімшілік етуді және бюджетке қаржының толық және уақытылы түсуін қадағалауды жүзеге асыру;
басқарушы субъектілердің қаржы қызметін басқару;
салық-бюджеттік саясаттың стратегиясы мен тактикасын құрастыру және жүзеге асыру;
сапалы сақтандыру қызметін қамтамасыз ету және сақтандыру нарығын кеңейту;
банк ісін ұйымдастыру және кредит тұрлерін, формаларын және әдістерін дамыту;
қорлық нарықты ұйымдастыру мен қалыптастырудағы кәсіпқойлық қызмет.
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврларыөздерінің кәсіпқойлық қызметтерін қаржыны, ұлттық экономиканың барлық сфералары мен звеноларындағы қаржы институттарын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты жүзеге асырады.
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврының мыналар туралы түсінігі болу қажет:
заманауи қаржы-банк және заңнамалық жүйеде болып жатқан процестер мен құбылыстар туралы, ғылыми тану әдістерін түсіну, осы әдістерді меңгеру және оларды ҚР нарықтық экономикасын қалыптастыру мен дамыту барысында пайда болатын нақты мәселелерді шешу үшін қолдану;
Қазақстан Республикасының және жуын шет елдердің нарық жағдайында өндірісті территориялық бөлу және шаруашылықты территориялық ұйымдастыру сипаты туралы;
аудандардың экономикалық даму және басқарушы субъектілердің нарықтық кеңістігінің қалыптасу сипаты туралы;
материалдық өндірістің негізгі салаларындағы, қаржы, банк, сақтандыру және инвестициялық технологиялар сферасындағы технологиялық процестердің болуы туралы.
Білуге тиіс:
ҚР Конституция негіздерін, Қазақстан Республикасында және халықаралық қатынастарды реттейтін заңдық нормаларын;
нақты субъекті мен қоғам арасындағы, адам мен қоршаған орта арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттейтін этикалық, құқықтық нормаларды, осы білімдерді тәжірибелік қызметте ескеру;
гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың дамуының негізгі бағыттары;
қаржы-бюджеттік және ақша-кредиттік реттуді ұйымдастырудың негіздері, қаржы-банк жүйесінің қызмет етуінің теориялық және практикалық аспектілері, мемлекеттік қаржы мен корпорациялар қаржысын ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі, сонымен қатар, нарықты реттеу үшін қаржы-кредиттік құралдарды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі;
Істей білу:
өзінің кәсіпқойлық және әлеуметтік қызметінде білімі мен тәжірибесін қолдана білу;
кәсіби функцияларды жүзеге сырумен байланысты мақсаттар қою және міндеттерді құрастыру;
типтік есептердің шешімін табу және стандартсыз есептерді шығару, аналитикалық тәсілді талап ететін қызметтерде өз бетінше жүмыс жасау;
өзінің тәжірибелік қызметінде ақша, кредит, қаржы, құқық теориясы бойынша білімдерін қолдану, негізгі құбылыстар мен қаржы-кредит жүйесін басқару сферасындағы жетілген проблемалардың маңыздылығын түсіну;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және халықаралық құқық нормаларымен қарастырылған жүйенің, органның, шаруашылық субъектінің немесе басқа қызметтің тұрақты қызмет етуі үшін құқықтық өріс шегінде қаржы-құқықтық механизмнің формалары мен әдістерін пайдалану;
қаржы институттары мен банктері жүйесіндегі кез келген қаржы-кредиттік мекемелердің орнын бағалау;
орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру білу.
Тәжірибенің болуы:
кәсіпқойлық қызметте қолданылатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдісі;
қаржы және крдит, юриспруденция, бухгалтерлік есеп және бақылау, шаруашылық қызмет, статистика, кәсіпкерлік пен коммерцияның құқықтық негіздері, аудит, құнды қағаздар нарығы, маркетинг және менеджмент, экономикалық-математикалық модельдеу, арнайы қаржы-кредиттік және құқықтық дисциплиналар облысындағы кәсіпқойлық білім;
қаржы-бюджеттік сферада, банк және сақтандыру ісінде, салық салуда, қорлық және валюталық нарықта, осы сфералардың заңдық қызметтерінде үнемі өзгермелі экономикалық конъюнктура жағдайында практикалық жұмыстың қажет тәжірибесі;
құзыреттіліктің болуы:
қаржы-банктік заңнама облысында;
мемлекеттің ақша-кредиттік және фискалды саясаты мәселелерінде;
шаруашылық практикада экономикалық талдау жасау әдістерін қолдану;
позитивті шет елдік тәжірибенің отандық жағдайларға бейімделуі және жалпылау.
Берілген мамандық бойынша түлектің жалпы білімділігіне қойылатын талаптар мыналармен анықталады:
қоғамның дамуы, мәдениеттердің әртүрлілігі, жахандану, әлеуметтік тәжірибе дамуы туралы біліммен;
Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орнын зерттеумен;
Жалпы білімдік дисциплиналар, тарих және экономика бойынша білімінің болуы.
050509 «Қаржы» мамандығы бойынша бакалаврдың әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыретіне қойылатын талаптар келесілерді құрайды:
іс-әрекет пен кәсіпөойлық этиканың жалпы адами нормаларын пайдалану;
моральдық-мәнездік принциптердің ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі;
экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны сақтауға ұмтылу;
индивидуум мен социумның өзара қатынасын анықтайтын қоғамдық өмірдің объективті заңдарын білу;
салауатты өмір салтын насихаттау.
Берілген профиль бойынша маманның экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыретіне қойылатын талаптар мынаны анықтайды:
қаржы секторының экономиканың басқа облыстарымен объективті өзара байланысының болуы;
басқарушылық шешімдерді экономикалық дәлелдей білу;
қаржы және әкімшілік-басқармашылық аппараттың функцияларына шек қоюдағы тәжірибе;
экономикалық дамудың бизнес-жоспарын, болжамдарын білікті құрастыру;
теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұтымды ұштастыру негізінде қаржы-экономикалық жүйенің даму перспективаларын көру.
Кәсіпқойлық құзырет талаптары. Берілген мамандық бойынша түлектерге келесі кәсіпқойлық талаптар қойылады:
отандық және халықаралық экономиканың даму тенденцияларымен өзара байланыста қаржы ғылымының теориялық-әдістемелік негіздерін білу;
әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді бағалай білу және өндірістік дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін Қазақстанның экономикалық практикасына енгізу;
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын білу және оларды экономиканы жаһандандыру жағдайында отандық практикада қолдану;
аумақтандыру процесіне әсер етудің экономикалық құралдары жүйесінде қаржы иінтіректерін және ынталандыруын ұтымды пайдалану;
компьютерлік техниканы, технологияларды, коммуникация құралдарын еркін пайдалану.
5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалавры арнайы құзыреттіліктің болуымен ерекшеленуі керек:
қаржы-банк жүйесін зерттеу мен дамуын болжау бойынша жүйелі білім мен әдістерді меңгеру;
қаржы-кредит қатынастары бойынша ғылыми-зерттеулер мен жобаларды өткізу;
микро- және макро-деңгейлерде қаржы саясаты мен стратегиясын құрастыру;
республикалық және жергілікті бюджетті жасақтау мен құрастыру тәжірибесі, бюджеттік бағдарламаларды дәлелдеу, бюджеттердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
қарыз алушылардың кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауды жүзеге асыру, кредиттік процесті регламенттеу, банктік өтемпаздықты басқару;
кәсіпқойлық қызметте қаржы құралдарын тиімді пайдалану;
халыөаралыө рейтингтік мекемелерді бағалау критерийлерін білу және оларды отандық практикада қолдану.
Өспелі өзгерістер мен белгісіздіктер жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік рөлдердің, географиялық және әлеуметтік мобильділіктің ауысу дайындығына қойылатын талаптар:
әлемдік саяси, әлеуметтік, экономикалық процестерді білу;
дамыған елдердің прогрессивті әлеуметтік, экономикалық модельдерін және оң тәжірибесін мобильді түрде пайдалана білу;
халықаралық экономикалық ұйымдардың мақсаттарын және қызмет міндеттерін білу, болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге баға бере алу.
Оқу дисциплиналарының негізгі циклдері бойынша білімділік талаптары:
философиялық білім және қоғамдық өмір негіздері;
мемлекет экономикасының даму тарихы;
шет тілдері, салт-дәстүрлер, іс-әрекет нормалары;
математикалық әдістер және модельдеу;
ақпараттық және компьютерлік технологиялар;
экологиялық мәселелер;
табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы.
Қаржы бакалавры маманы негізгі пәндер цилы бойынша келесі салаларда құзыретті болуы қажет:
экономикалық теория;
микро- және макроэкономика негіздері;
статистика;
менеджмент және маркетинг;
халықаралық экономика;
қаржы айналымы мен несие;
мемлекеттік байланыстары мен бизнес;
бухгалтерлік есеп пен аудит;
экономисттерге арналған математика;
эконометрия.
Осы бейін маманы бейінді пәндер циклы бойынша төменгілерде құзыреттілігін белгілейтін талаптарға сай болуы тиіс:
қаржы теориясында;
сақтандыруда;
банк ісін ұйымдастыруда;
салық салу теория мен тәжірибесінде;
қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасында;
инвестициялық жобалар тиімділігін талдаудағы инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеуде.
Жеке пәндер бойынша білімділікке қойлатын талаптар. Қаржы бакалаврінің білімділік дәрежесі пәндер шектіктерінде білімдермен анықталады:
а) «Қаржы». Қаржыларды экономикалық ұстау, олардың басқа экономикалық категориялармен байланысы; нарық экономикасының жағдайларында қаржы жүйесін, қаржылық бақылау мен қаржы механизмін ұйымдастыру; қаржылардың әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуі;
б) «Сақтандыру». Сақтандыру әркетінің мазмұны мен субъектілері; Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы; сақтандырудың формалары мен әдістері; сақтандыру ісінің даму перспективасы;
в) «Салықтар мен салық салу». ҚР салық салу концепциясы мен салық жүйесі; салық реттеуі: құрылымы, сипаттамасы, құралдары; Қазақстанда салықтың негізгі түрлерінің қызмет ету ерекшеліктері;
г) «Банк ісі». Банк ресурстары, олардың қалыптасуы мен реттелуі; несиелеу жүйесі мен оның негізгі элементтері; коммерциялық банк әрекетін ұйымдастыру; банкаралық есептер; банк ликвидтілігін басқару;
д) «Қаржы менеджменті». Қаржы менеджментінің функциялары мен оның базалық көрсеткіштері; дивидендтік саясат; айналым капиталын басқару мен қаржыландыру; нарық жүйесіндегі қаржы менеджментінің тенденциялары; қаржы инженериясы;
е) «Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу». Инвестицияларды ұстау және инвестициялық әрекет; инвестициялық климат; инвестиция саласындағы мемлекеттік саясат принциптері мен басымдылықтары; инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау әдістері.
Қаржы бакалаврлары түлектерін аттестациялау мамандығы, Қазақстан тарихы және дипломдық жұмысты қорғау бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру нәтижесінде таңдалған мамандығы не аралас пәндер бойынша алған кәсіби білімдерін бағалау негізінде өткізіледі.
Аттестациялар Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен (МАК) осы мамандық бойынша осы біліктілік сипаттамамен қарастырылған бакалаврларды дайындау сапысын кешенді диагностикалау құралдарын қолданумен өткізіледі.
Мамандық бойынша білімдік-кәсіби бағдарламаны меңгерген және мемлекеттік қорытынды аттестациядан өткен түлек «қаржы бакалавры» академиялық дәрежесінің беруілуімен мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Жоғары оқу орны қаржы бакалаврының біліктіік сипаттамалары мен 050509 «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болуына жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |