Түйінді жүйке тізбек Шашыраңқы жүйке тізбек Құрсақтық жүйке тізбек Барлық хордалыларда-түтікшелі жүйке типі



бет2/9
Дата04.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#109215
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жүйке жүйесінің анатомиясы 2вет1,2

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері дендриттер (гр. «dendron» - ағаш) көп ағашка ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (гр. «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон (гр. «neuron» - жүйке) дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонға өтеді. Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер дене-> аксон. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны «нейрология» (гр. «neuron» - жүйке, «glia» - желім) дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Кейде нейрологияны нейронның «серік жасушалары» деп те атайды.


Нейронның құрылысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет