Тјжірибелік сабаќЌА



бет1/32
Дата09.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#168148
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Практ Стом каз 22
8888888888, english essay Isa, Занятие 3 Cоциально-бытовая сфера общения. Новости, СМИ, реклама (2), тарих қ 6 класс, Ұлы жібек жолының жолдары мен бағыттары



Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

044 -35/ ( )
беттің -беті

«Биофизика» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Пән: Биофизика


Пән коды: Bio 1203


БББ атауы: 6В10103 «Стоматология»
Оқу сағаттарының / кредиттерінің көлемі: 120/4


Оқытылатын курс пен семестр: 1/2


Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 30

Шымкент, 2021 жыл


Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар «Биофизика» пәнінің жұмыс бағдарламасына (силлабус) сәйкес әзірленген және кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ____ «____»___________2021ж.
Кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.к., асс.проф. ________________М.Б. Иванова

1 Сабақ.




1. Тақырыбы: Биофизика пәніне кіріспе.
2. Мақсаты: студенттерді «Биофизика» пәнімен және онымен ғылым ретінде таныстыру.
3. Оқыту міндеттері: студенттерге биофизиканың даму тарихын және оның зерттеу әдістерін үйрету.
­4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Биофизика пәні және оның бөлімдері.

  2. Биофизиканың басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Биофизиканың зерттеу әдістері.

5. Оқыту және оқыту әдістері: семинар
Биофизика-ағзаның өмір сүруінің физика-химиялық негіздері мен оның әртүрлі сатыдағы дамуын зерттейтін ғылым. Жалпы биофизика- молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы және күрделі жүйелер биофизикасы деп аталынатын бөлімдерден тұрады.
Молекулалық биофизика - биологиялық жүйелерді молекулалық деңгейде зерттеумен айналысады. Жалпы тіршілік күрделі биомакромолекулалық күйде, яғни ақуызда, нуклейн қышқылында, липидтерде байқалады.
Жасуша биофизикасы - тіршіліктің ең кішкентай бөлігі жасушаны зерттеумен айналысады.
Күрделі жүйелердің биофизикасы - ағзалардың физиологиялық жүйелерін, олардың шоғырларын зерттеумен, биологиялық кинбернетика сұрақтарымен айналысады.
Биофизика медициналық ғылымдармен біріге отырып, мынандай мәселелерді шешуге ат салысады:

  • Тірі жүйелердің патологиясының пайда болу себебі мен механизімін (жүрек аритмиясы, гипертониялық аурулар, атеросклероз, т.б.), ауруды емдеудің жаңа әдістерін қарастырады.

  • Ағза күйін диагностикалаудың жаңа физикалық әдістерін қарастырады және негіздеді (электрография, хемилюминисценция,ЭПР, ЯМР, спектроскопия т.б.).

  • Тірі ағзаға сырқы ортаның физикалық факторларының зиянды әсер ету механизмін зерттейді (вибрация, салмақсыздық, радио-сәулелер, т.б.) және оларды физиотерапияда қолдануды қарастырады.

Биофизикалық зерттеулерде физикалық, физика-химиялық әдістер кеңінен қолданылады. Оларға:

  • рентген сәулесінің дифракциялық кескіні арқылы зерттелінетін зат құрылысын анықтауға негізделген рентгендік- құрылымдық талдау;

  • жәй сәуле орнына электрондар ағынын пайдаланатын, сол арқылы өлшемі 5 ангстремге (А) дейін заттарды көруді қамтамасыз ететін электрондық микроскоп;

  • зерттелінетін заттардың сәулелерді жұтуы мен шығаруына негізделен оптикалық спектроскопия;

  • зерттелінентін заттардың радиодиапозондағы электромагниттік толқындарды таңдамалы жұтуына негізделген (ЭМР және ЯПР) радиоспектроскопиялық әдістері жатады.

Сонымен қатар биофизиклық зетттеулердің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар биологиялық денелерді зерттеуде жаңа биофизикалық әдістерді қарастыруға, бұрыңғы әдістерді қайта қарап толықтыруға алып келді. Мысалы оларға: биопотенциалды микроэлектродтық әдіспен өлшеу; биологиялық мембраналарды тоңазыту; спиндік, хемилюминсценциялық талдау әдістерін жатқызуға болады.
Сонымен физика, физикалық химия мен биологияға негізделген биофизика - теориялық физологияның негізі болып қалаптасқан. Ол физиология арқылы медицинамен байланысқан. Қазіргі заманда іргелес ғылымдардың бір-бірін дамыту кең байқалуда, бұл ретте биофизиканы : физиканың, химияның және биологияның, яғни іргелес үш ғылымның жиынтығы деп қарастырған дұрыс. Биофизикада медицина мен фармациядағы сияқты математикалық әдістер кең пайдаланылуда. Сондықтан биофизиканы қазіргі заманғы физиология мен медицинаны дәл ғылымдар деңгейіне дейін көтерілген ғылым деп есептеу қажет.
Мембрана биофизикасы – медицина мен фармация үшін ең маңызды жасуша биофизикасы бөлімінің негізгі тарауы болып есептелінеді.
Тіршілікке қажетті көптеген үдерістер биологиялық мембрана арқылы жүреді. Мембранадағы үдерістердің бұзылуы – көптеген патологиялық өзгерістердің негізгі себебі болып табылады. Биологиялық мембранаға әсер ету арқылы адам ағзасына тигізетін емдік әсер, биологиялық мембрананың функциясына әсер ету арқылы іске асырылады.
Тіршіліктің ең кішкентай элементі болып саналатын, өз бетінше өмір сүре алатын жасуша кез келген жәндік пен өсімдік дүниесінің негізі болып табылады. Жасушаның өмір сүруінің негізгі шарты болып: оның дербестілігі (автономдығы), яғни өзін қоршаған ортамен бірігіп кетпейдіндігі, ондағы жүретін химиялық реакциялардың жеке дара өтуі, сонмен қатар, оның ортамен энергия, зат және ақпарат алмасуы болып табылады. Тірі жасуша ашық термодинамикалық жүйе болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет