Дербес компьютерге компакт дискідегі бағдарламамен қамтамасыз етуді орнату.
Б ағдарламаның құрылымы
Дербес компьютердегі ECG бумасын ашып, ECG.exe. файлының көмегімен бағдарламаны қосу керек. Дербес компьютер экранында суретте көрсетілгендей ECG бағдарламасының терезесі пайда болады. Жоғарғы жағында командалық және жағдай жолы төменде жұмыстық командалар орналасқан. Терезенің негізгі аймағында ЭКГ – ның таңдап алған тармақтарының кескіні орын алады.
Жағдай жолында орнатылған ЭКГ параметрлерінің ақпараты орналасады.
сезгіштік «Масштаб»;
таңдап алынған тармақ «Кол-во»;
жазу жылдамдығы «Скорость»;
фильтрлердің қосылуы.
ЭКГ –ның тіркеу параметрлерін мәзір бойынша «▼» тетігін басып терезедегі сәйкес параметрлерін өзгертуге болады.
Командалық жолдың тетіктері: «Пациент», «Настройки», «Помощь». «Пациент» командасы «Найти пациента», «Печать», «Настройка принтера», «Ехіt» команда құраушыларынан тұрады. «Пациент/Найти пациента» командасы бойынша науқас туралы ақпаратты енгізу немесе өзгерту үшін терезе ашылады. «Пациент/Печать» командасы жазылмаған кардиограмма белсенді болмайды. «Пациент/Настройка принтера» командасы бойынша басып шығару стандартты терезесі ашылады. «Настройки/Параметры» командасы бойынша сұхбат терезе ашылады, онда қосымша мәзірлер «Выбор порта», «Автозагрузка», «Печать» және «ОК», «Отмена», «Применить» тетіктері орналасады.
Электрокардиографтың дербес компьютерге қосылуы
Электрокардиограф дербес компьютерге СОМ портына RS232 стандартты модем кабелімен компьютерге қосылады. ECG.exe. файл көмегімен дербес компьютермен байланысты бағдарламаны қосқанда «ЭКГ» бағдарламасының терезесі ашылады.
Науқас туралы мәліметті енгізу
« Пациент/Найти пациента» командасы бойынша науқас туралы ақпаратты енгізу немесе өзгерту және кардиограмма жазу үшін сұхбат терезесін ашу керек. «Найти пациента» сұхбат терезесі суретте көрсетілген.
«Новый» тетігін басқанда науқас туралы ақпаратты енгізетін (суретте көрсетілгендей) сұхбат терезесі ашылады.
Т ерезедегі «Ф.И.О» жазуына курсорды орнатып, науқастың аты – жөнін енгізу керек. Терезедегі «Пол» жазуына курсорды орнатып, («муж» немесе «жен») керекті параметрін таңда. Терезедегі «Дата рождения» жазуына сәйкес ағымдағы күндер кескінделеді. Терезедегі науқастың туылған күніне курсорды орнатып немесе «▼» тетігін басып, күн тізбені ашып науқастың туылған күнін таңда. Терезедегі кезегімен «Место рождения», «Домашний адрес», «Телефон» сәйкес жазуларға курсорды орнатып керекті берілгендерін енгізу керек. «ОК» тетігін басқанда енгізілген ақпараттар «Найти пациента» терезесінде кескінделеді.