Тјжірибелік сабаќЌА



бет22/32
Дата09.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#168148
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
Практ Стом каз 22

6. Бағалау әдістері: ауызша сұрау
7. Әдебиеттер:
1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум: оқу құралы/-Алматы: Эверо, 2015. - 304 бет.
2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп, толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2013
3. Қ.Ж. Құдабаев ж.б. Медициналық биофизика: оқу құралы. - ОҚМФА оқу-әдіст. кеңесі шешімімен басып шығаруға ұсынды. - Алматы: Эверо, 2014. - 192 бет.
4. Қалиева Ж.А. Чудиновских В.Р. Медициналық биофизика пәніне арналған тестілік тапсырмалар: оқу құралы; Астана мед. ун-ті АҚ. - Қарағанды: ЖК "Ақнұр", 2013. - 198 бет.
8. Бақылау:

  1. Ертiндiнiң оптикалық тығыздығы деп, нені айтамыз.

  2. Фотоэлектрометрдегi жарық жолы.

  3. Жұтылу көрсеткiшiнiң толқын ұзындығы мен дене күйiне байланыстылығы.

  4. Жарық фильтрi мен ертiндi түсiнiң арасындағы байланыс.

№ 10 Сабақ.




1. Тақырыбы: Лазер сәулесінің биологиялық ұлпаларға әсерлік механизмі.
2. Мақсаты: дифракциялық тордың көмегiмен лазер сәулесiнiң толқын ұзындығын анықтауды үйрену.
3. Оқыту міндеттері: лазердің сәуле шығару толқынының ұзындығын анықтай білу.
­4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дифракциялық құбылыстар.
2. Жарық дифракциясы дегеніміз не?
3. Дифракциялық тор.
4. Лазерлік сәулеленуді қалай алуға болады?
5. Лазерлік сәулелену толқынының ұзындығын қалай анықтауға болады?
5. Оқыту және оқыту әдістері: тәжірибелік, шағын топтармен жұмыс.
Лазер сәулелерi – толқын ұзындығы өте аз электромагниттiк толқын. Оны алу атомдардың (молекулалардың) сыртқы әсер ықпалынан қозған күйге өту қасиетiне негiзделедi. Бұл күйде атом 10-8 с уақыт iшiнде ғана бола алады, онан соң сыртқы электромагниттiк толқынның әсерiнен өздiгiнен (спонтанды) немесе ерiксiз төменгi энергетикалық күйге өтуi сәуле шығарумен қатар жүредi.
Эйнштейннiң тұжырымдаған принципi бойынша: қозған атомның (молекуланың) шығарған жарық толқынының жиiлiгi, фазасы, поляризациясы атомға немесе молекулаға түсетiн толқындыкiмен сәйкес келеді. Белгiлi жағдайларда (түскен кванттардың және қозған атомдардың саны жоғары болған кезде) ерiксiз өтулер есебiнен квант сандарының көшкiндi түрде арту үдерісі жүредi. Қысқа уақыт iшiнде атомдардың қозған күйден көшкiндi түрде өтуi лазер сәулесiн тудырады. Лазер сәулесi басқа жарық сәулелерiнен аса монохроматтылығымен (яғни белгiлi толқын ұзындығымен), когеренттiлiгiмен (яғни бiрдей фазасымен), поляризациялығымен және изотроптығымен (бiрдей бағыттылығымен ерекшеленедi.
Қазiргi таңда физиотерапияда қолданылатын лазерлер жұмыстық зат бойынша (қатты, газ, сұйық, жартылай өткiзгiштi), толқын ұзындығы бойынша (ультракүлгiн, көрiнетiн, инфрақызыл диапазонда) сәуле өндiрушi режим бойынша (импульстi, үздiксiз) және қауiпсiздiк дәрежесi бойынша кластарға бөлiнедi.
Кез-келген толқындық үдерістер сияқты лазер сәулелерiне дифракциялық құбылыстар тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет