Бақылау сұрақтары:
1.
Орман фитоценозы құрамын атаңыз?
2.
Орман фитоценозына тән белгі?
3.
Орман өсімдік жамылғысының құрамын атаңыз
Тақырып 12.1 Орман фитоценозы бойынша зертханалық жұмыс
Мақсаты:
орманда кездесетін өсімдіктермен, олардың тіршілік
формаларымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.
Жалпы түсінік
Орман фитоценозын қарасытырғанда, аралас орман өсімдіктерін
қарастырамыз.
Құрамында немесе өсімдіктер бірлестігінде кең, - тар және
қылқан жапыракты ағаш тектестер кездесетін орман түрін аралас орман дейді.
Аралас орманда ағаш тектестерден басқа ірі бұта тектес, жартылай бұта тектес
және шөп тектес өсімдіктер кездеседі. Жалпы жапырақты ағаш
тектестер бірлестігінен тұратын орманды екіге бөледі: кең және тар жапырақты
деп.
Орталық Қазақстанда негізінен аралас ормандарда басымырақ
кездесетіндер тар жапырақты ағаш тектестер. Оларға қайың, көк терек,
қандыағаш жатады, және бұлар температураға, топыраққа талғамы аз, бірақ
45
жарық ылғал сүйгіш өсімдіктер. Сондықтан олар қылқан қылқан
жапырақтылармен бірігіп аралас орман құрайды. Аралас орманда бұлардан
басқа үйеңкі, шетен т.б., сонымен бірге бұта тектес есімдіктерден долана,
үшқат, бөріқарақат, итмұрын, тобылғы, қара-қызыл қарақат, таңкурай, курил
шәйіт.б. кездеседі.
Аралас орманда төменгі ярусты көпжылдық шөптесін өсімдіктер алып
жатады. Оларда кездесетін ағаш тектестердің тұқымдары жел арқылы таралады,
тұқымы ашық ылғалды жерге түссе, өскін пайда болып, олар жарық сүйгіш
болғандықтан, күн сәулесінің қызуынан қорықпай тұтасып қаулап өсіп кетеді.
Балашық ағаштар ылғал жеткілікті болса тез өсіп дамиды. еңсесі биіктеп
бойлап кете береді. Бұлардан төмен орналасқан бұта тектес өсімдіктердің
жемісі болғандықтан, олардың тұқымы мен жемісі жануарлар, құстар арқылы
таралады, бірақ бұта тектестер вегетативтік жолмен де көбейе алады, мысалы,
тамыр атпалары арқылы көбейеді.
Аралас орманда кездесетін бұта тектес өсімдіктердің халық
шаруашылығында үлкен маңызы бар. Мысалы, итмұрын мен қызыл долананың
жемістері витаминдер және дәрілік препараттар алу үшін пайдаланылады, ал
кейбіреулерінің жемістері кәдімгі тамақ ретінде (таңқурай, қарақат т.б.)
қолданылады. Аралас ормандағы ағаштар жапырақ жайғанша, орман іші жарық
болып тұрған кезде, яғни ерте көктемде, ондағы көп жылдық шөп тектес
эфемероидтар: көктемгі жанаргүл (Аdonis vеrnаlіs), қазжуа (Gаgеа), ұйқы-шөп,
(Pulsatilla patens), орман желайдары (Аnеmоnе sіlvеstrіs), астық тұқымдастардан
жатаған шағырбидай (Меlіsа nutаns) т.б. қар кетісімен вегетациялық дәуірге
көшіп және оны қысқа мерзім ішінде аяқтап, гүлдеп, жемістері мен тұқымын
береді. Аралас орманда кездесетін бұл өсімдіктердің жер астындағы тамыр
сабақтарында, жуашықтарында, түйнектерінде өсіп дамуға қажетті қор заттары
болады. Бұдан басқа бұлардың қыстаған және былтырғы жылғы күзде пайда
болған гүл бүршіктері үстінен қалың төсеніш қабатпен, қармен жабылып
тұрғандықтан, топырақ беті қатпайды. Олар суықтан, аяздан, желден қар
кеткенше сақталып тұрады. Қар ерігеннен кейін топырақта және оның жеңіл
үстіңгі қабатында ылғал көп уақытқа дейін сақталып тұрады. Эфемероидтар
осы мүмкіндіктерді пайдаланып, куб жылына басталсымен, бірден
вегетациялық дәуірге көшіп қарқынды өсіп дамиды. Ал ағаштар жапырақ
жайып, орман іші көленкеленген кезде, олардың вегетациялық дәуірі аяқталып
тыныштық дәуірге ауысады. Жазда экскурсия кезінде бұл өсімдіктерді әр түрлі
орман өсімдіктерінің бірлестігінде ажырату қиын, оларды тек тұқымы мен
жапырақтары арқылы ғана айыруға болады. Аралас орманда ағаштардың қабық
бөлімінің түсінің өзгеруіне байланысты олардың жас ерекшелігін анықтауға
болады. Экскурсия барысында аралас орманның бірінші ярусын құрайтын
кейбір көп жылдық өсімдіктердің өсу кезеңдеріне, яғни жас ерекшелігіне,
байланысты жапырақтарының пішінінің (формасы) өзгеріп отыратындығына
көңіл бөлу керек. Мысалы, орман бүлдіргенінің жас шағында жапырағы жай
жапырақты болып келсе, ал ересейген шағында олардың жапырағы - үшқұлақ
күрделі-ауысады. Сол сияқты қала шыршайы мен өзен шыршайының (гравилат
городской, гравилат речной) жас кезеңінде жоғарғы жапырағы лира тәрізді
46
болып өзгереді. Аралас орманның ылғалды, көлеңкелі жерлерінде
бұтақтанбаған жалғыз сабағында шоқтанып орналасқан төрт жапырағы, бір
ғана қап-қара жидегі бар сирек кездесетін қарғакөз (вороний глаз) және
сүйсіннің (ятрышник) екі түрі кездеседі - айыл жапыракты және Фукс сүйсіні.
Олардың күлгін түсті, жай масақ, жапырағының бетінде қоңырқай дақтар
болады. Бұдан басқа аралас орманда мәңгі жасыл өсімдікке жататын дөңгелек
жапырақты алмұртшөп (грушанка) кездеседі. Паразитті өсімдіктерден —
арамсояу (повилика) кездеседі, ол таңқурай мен қалақайдың сабағына
жармасып, селбесіп паразитті тіршілік етеді. Аралас орманда төменнен жоғары
қарай өсімдіктердің тік болып биіктігіне байланысты қалыптасуы, яғни
ярустылығы, жақсы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |