5
Тақырып 1. Орман морфологиясы
Мақсаты:
орманның морфологиялық ерекшеліктерімен танысу, оның
негізгі компоненттерін ажырата білу.
Жоспар:
1.
Орман жалпы сипаттама
2.
Орман өсімдіктерінің компоненттері
Әдістемелік нұсқау
Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас
өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы,
көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал
өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп
атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар
тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
Орман өсімдік қауымдастығының компоненттері ( құрам бөліктері)
Орманның негізгі компоненттеріне мыналар жатады: алқа ағаштар,
сүрекдің, өскін, өсімтал, орман астары, топырақ тірі жамылғысы және орман
төсемесі, ризосфера және сатыдан тыс өсімдіктер.
Алқа ағаш – ағаш пен бұта өсімдіктері және тірі топырақ жамылғысы
бойынша біртекті орман учаскісі. Алқа ағашқа белгілі бір учаскеде өсетін
барлық ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер мен қыналар кіреді.
Сүрекдің – алқа ағаштың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын
ағаштар жиынтығы. Бұл орманның аса маңызды компоненті, негізгі құрамдас
бөлігі.
Өскін – ағаш өсімдіктерінің орман шымылдығы астында немесе кесілген
ормандағы сүрекдіңді құрауға қабілетті жас ұрпағы.
Жас ұрпаққа ең алдымен сүректі өсімдіктердің бір жастағы балғын нмесе
санақ жүргізген жылы пайда болған балғын өсімдіктер жатқызылады. Тірі
қалған жағдайда олар 3-5 жасқа дейінгі, ал солтүстік жағдайында -10 жасқа
дейінгі өздігінен өскен жас ұрпаққа айналады.
Өсімтал – жанына көлеңке түсіре отырып, басты ағаш діңінің өсуін
жеделдетуге және пішінінің жақсаруына ықпал ететін сүректі ағаш немесе бұта
түрі.
Әдетте өсімтал ретінде, көлеңкеге төзімді ағаш-бұта түрлері
қалыптасады. Өсімталды жас кезінде баяу өсетін түрлер, мысалы емен
тәрізділер қажет етеді.
Орман астары – орман шымылдығы астында өскен және қазіргі өсіп өніп
тұрған жағдайында сүрекдіңді құрауға қабілетсіз бұталар, стрегірек сүректі
ағаш түрлері.
Біздің ормандарда кезедесетін бұталардан орман астарына жататындары:
арша, шетен, тал, ұшқат, қарақат, сыңғақ итшомырт, шаттауық.
Орман астарының орман өсірушілік маңызы өте зор. Ол топырақ қорғау
рөлін орындайды, яғни орман топырағын шөптесін өсімдіктер басып кетуін
тежейді, көптеген пайдалы құстар мен аңдардың баспанасы болып табылады.
|