Бақылау сұрақтары:
1.
Экология ғылымы нені зерттейді?
2.
Биогеоценоз дегеніміз не?
3.
Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?
4.
Абиотикалық топқа қандай факторлар кіреді және ол жайлы сипаттама
келтіріңіз?
Тақырып 3.1 Орман экологиясы
бойынша зертханалық жұмыс
Мақсаты: экологиялық факторлардың
орманға тигізетін әсерін
анықтау және орман үшін тигізетін әсерлерін қарастыру.
Әдістемелік нұсқау
Ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге, экологиялық жүйелерге және
биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның әрбір жекек құрамды
бліктерінің жиынтығы экологиялық факторлар деп аталады.
Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне қарай олардың
үш тобын ажыратады.
Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты
құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Оған біріншіден, орманда кездесетін
ағаштар мен ағзалар тобьына әсер ететін климаттық факторларды ( ауаның
ылғалдылығы, жауын-шашынның мөлшері, ауаның температурасы, жарық
мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауаның құрамы)
жатқызуға болады, екіншіден топырақтың орманға әсері ( химиялық құрамы,
физикалық және механикалық ерекшелігі) жатады; үшіншіден – жер бедерінің
әсері ( күн сәулесінің түсуі, беткейдің еңістігі ) де жатады.
Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір
біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған мысалы орманда ағаш
тамырларымен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі, орманда егілген
қарағайлардың жарық үшін күресі, ормандағы топырақты қопсытудағы
шұбалшаңның қызметі және т.б.
Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып
келген болатын. Бірақ соңғы кездері адамның іс-әрекетінің табиғатқа
қарқынды, әрі жан-жақты әсер етуіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропогендік факторларлар тікелей ағзаларға және айналадағы орта
жағдайларына да әсер ете алады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең
көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық
аймақтарында айқын байқалуда. Оғавн мысал ретінде тропикалық
ормандардың, Қазақстанда сексеуілді ормандардың жаппай жойылуына
антропогендік факторлар негіз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |