10
Шыршалы ормандағы қоректену тізбегі де күрделі болып келеді.
Шыршалы орман биогеоценозындағы барлық
қоректену тізбегіне қажетті
органикалық заттарды сол ормандағы жасыл өсімдіктер синтездейді.
Шыршалы орманда өсімдіктер сатылы болып өседі. Ондағы шырша
ағаштары сатыдағы ең биік өскен ағаш болып табылады. Олардың арасында
көлеңкеге төзімді итмұрын, қарақат, үшқат бұталары өседі. Ал
бұталардың
арасында шөптесін өсімдіктер мен төртінші сатыны қамтитын мүктер өсіп
шығады. Сонымен шыршалы орманда алқапта бір-бірімен айқын бөлінген
төрт сатыны көруге болады. Мұның бәрі де шыршалы орман
биогеоценозының біртұтас екенін көрсетеді.
Шыршалы орманда алқабындағы шыршаларда түзілген органикалық
заттарды паразитті саңырауқұлақтар пайдаланады. Әсіресе жас шыршалардың
қылқандарында кей жылдары паразитті саңырауқұлақтар қаптап кетеді.
Саңырауқұлақтардың кейбір түрлері шырша
бұтақтары мен діңдерінде де
кездеседі. Сонымен қатар, бунақденелілер қылқан шырындарын сорып, кейбір
сүгендер шырша бұтақтарында паразитті тіршілік етеді. Шыршалы ормандағы
қорек тізбегінде самыркеш құс та елеулі орын алады. Ол шырша тұқымымен
қоректене отырып, олардың тұқымының таралуына да септігін тигізеді, яғни
шырша популяциясының қалпына келуіне жағдай жасайды. Шыршалы
ормандағы қоректену тізбегінде шыршаторғайдың алатын орны ерекше. Ол да
шырша тұқымымен қоректенеді. Шыршалы орманда қоректену тізбегіне тиін
де қатысады. Сонымен қатар бұл тізбекке бұғылар, еліктер, жабайы шошқалар
да жататды.
Кез
келген
биогеоценоздағы
сияқты,
шыршалы
орман
биогеоцеенозындағы жануарлар бірін-бірі толық жойып жібермейді, тек
түрлер арасындағы даралар санын белгілі дәрежеде реттеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: