21
Осина
4.3
47
Сібір май қарағайы
0.6
22
Кәдімгі қарағай
5.1
46
Салыстырмалы «жарыққа қанағаттану» мына формула бойынша
анықталады:
L = _i__100
⋅
J
L -
«жарыққа қанағаттану»- жарықтандыру минимумы, онда өсімдік
ассимиляциялай алады(«жарыққа қанағаттану» салыстырмалы пайызы жоғары
болса, онда тұқымдас жарық сүйгіш болып келеді);
i-
Орманда жапырақ, крона
астында жарықтандыру;
J
-ашық алаңдағы жарықтандыру;
Бақылау сұрақтары:
1.
Жарықтың өсімдіктер қауымындағы негізгі қызметі қандай?
2.
Жарық сүйгіш ағаштарды атаңыз?
3.
Көлеңке сүйгіш ағаштарды атаңыз?
Тақырып 6. Орман және жылу
Мақсаты:
жылудың орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін
жылудың маңыздылығын таныстыру.
Жоспар:
1.
Орман тіршілігіне жылудың маңызы
2.
Ағаш түрлерінің жылуға қатынасы
3.
Ағаш түрлеріне температураның әсері
4.
Орманның ауа мен топырақ температурасына әсері
Әдістемелік нұсқау
Орман тіршілігіне жылудың маңызы.
Жылу – экологиялық фактор
ретінде орманның өсіп-өну жағдайларын анықтайды. Жылу жағдайлары
бүтіндей орманның өзіне, сондай-ақ, оның жекелеген компоненттріне әсер
етеді.
Жылудың негізгі көзі күн радиациясы болып табылады. Сонымен қатар,
жылу жер маңындағы атмосфераға радиоактивтік заттардың ыдырауы,
органикалық қалдықтардың шіруі нәтижесінде жердің терең қабаттарынан,
сондай-ақ, басқа жылу көздерінен келеді.
Дамудың түрлі кезеңдерінде (сөл жүрудің басы, бүршіктердің ашылуы,
тұқымдардың жарылуы, гүлдеу, түйіндердің құрылу, жемістердің пісуі,
фотосинтездің басы, өсу) сүректі өсімдіктерге белгі жылу жағдайлары қажет.
Сүректі өсімдік тамырларының қызметі топырақ температурасы 5 С-тан
22
жоғарылағанда басталады, фотосинтез температура О-ден 40-50 С-қа дейін
болады, 25-360 С-та жоғары шегіне жетеді
Ағаш түрлерінің тыныс алуы О С-тан төмен температурада да болады,
бірақ, оңтайлысы 45-50 С, ал 55 С-та тыныс алу тоқтайды.
Көптеген өсімдіктердің тұқымы О-ден аздап жоғарылаған температурада
өне бастайды, сабақ пен жапырақтар +6 С температурада пайда болса, ал +15 С-
та гүлдей бастайды. Суық ауа райы гүлдеуді, жемістің пісуін тежейді, ал кейде
олардың құрып кетуіне әкеліп соғады. Топырақ температурасының
көтерілуімен микрофлора қызметінің қарқыны күшейеді, ол сүректі
өсімдіктердің азот, фосфор және басқа заттарды жақсы сіңіруіне көмектеседі.
Сүректі өсімдіктер жас кезінде жылуды біршама қажет етеді және шеткі
температура әсеріне сезімтал келеді. Жылудың қажеттілігі маусым бойынша
өзгеріп тұрады: көктемде және жаздың басында қарқынды өсу кезінде – ол
көбірек қажет.
Ауаның орташа тәуліктік температурасы 10 С, ал топырақтікі 5 С-қа
жеткен уақыт вегетациялық кезеңінің шекарасы иретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: