Тк об 042-18. 33 64 /02 -2016 Баспа / №1 09. 06. 2016ж



Дата31.01.2018
өлшемі149,93 Kb.

ТК ОБ 042-18.33.1.64 /02 -2016



Баспа / №1 09.06.2016ж.

беттің -шісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМатындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

Құжатталған рәсім

МК ОБ

042.17-5-2.18-33.42 /02 -2016



Міндетті компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



№ 1 басылым

09.06.2016 ж.



Міндетті компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Физика

5В060700 – «Биология»


Кафедра физика

Курс 2

Кредиттер саны - 3



Барлық сағат - 135

Дәрістер - 15

Зертханалық сабақтар -30

БӨЖ - 90


Емтихан - 2 семестр

Семей 2016 ж
Алғысөз
1 КЕЛІСІЛДІ
Құрастырушы

аға оқытушы

Рахимбердина А.Т. _____________ 02.06. 2016 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Кафедра отырысында

Хаттама № 11, 09. 06. 2016 жыл


Кафедра меңгерушісі: Маусымбаев С.С.______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында _____________

Хаттама №5, 08. 06. 2016 жыл,.


Төраға: Абдишева З.В ______________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама № 6, 09. 06. 2016 жыл
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор:
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ



Мазмұны

        1. Түсіндірме жазба 4


  1. Кіріспе 5

  2. Пәннің негізгі бөлімдері 6

  3. Семинар сабақтардың тақырыбының тізімі 9

  4. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізім 10

  5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі 11


1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1.1. Пәннің қысқаша мазмұны:

«Физика» пәні 5В060700 «Биология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Аталған пән «Биология» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіптік теориялық деңгейін анықтайтын пәндер ішінде басты орын алады.

«Физика» пәні «Биология» мамандығы үшін фундаментальды база болып табылады және студенттердің ары қарай өз беттерімен ғылымда жаңа жетістіктерге жетуіне қажетті білім мен дағдылар қалыптастырады.

(БП-МК.№42).



1.2. Пәнді (модульді) оқытудың мақсаты:

- физикадан білімін қалыптастыру және жаңа заманғы физиканың физикалық құбылыстары мен заңдарын меңгеру болып табылады.



1.3. Пәнді (модульді) оқып-білудің негізгі міндеттері:

- қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін;

- тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.

1.4. Оқып-білудің нәтижелері:

Білу:


  • негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын;

  • өлшем бірліктерін;тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді;

  • физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

  • негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;

Біліктілігі:

- физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;



Дағдысы:

  • шығармашылық ойлауы;

  • өз бетінше танымдық қызмет дағдылары;

  • физикалық жағдайларды модельдеу шеберлігі;

  • кәсіптік мәселелерді шешу машықтары

Құзыретті болуы:

- физикалық идеяларды дұрыс сиапттауда, физикалық есептерді талдап шығаруда физикалық заңдылықтарды қолдануда;

- негізгі физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізу, алынған
нәтижелерді өңдеп бағалауда;

- жұмыс істеу барысында ғылыми, оқу-әдістемелік және анықтамалық
әдебиеттерді қолдануда;

- міндеттер қою және заңдар мен құбылыстарды физикалық түсіну,



2. Кіріспе

Механиканың физикалық негіздері: сақталу заңдары, салыстырмалылық принциптері, арнаулы салыстырмалылық теорияныңғ элементтері, қатты денеің, сұйықтар мен газдардың кинематикасы және динамикасы. Электр және магнетизм: электростатика мен магнитстатика, электродинамика, Максвелл теңдеулері, тербелістер мен толқындар физикасы.

Кванттық физика: корпускулалы-толқындық дуализм, анықталмағандықтар қатысы. Микробөлшектердің кванттық күйі кванттық қозғалыс теңдеулері, физикалық шамалардың операторлары, атомдар мен молекулалардың энергиялық спектрі, химиялық байланыстардың табиғаты. Статистикалық физика және термодинамика:термодинамиканың үш бастамасы, күй термодинамикалық күйлер мен фазалық тепе-теңділік пен фазалық өзгерістер, тепе-теңдіксіз термодинамиканың элементтері, классикалық және кванттық статистикалар, кинетикалық құбылыстар, зарядталған бөлшектер жүйелері, конденсацияланған күйлер, элементар бөлшектердің қазіргі жүйелілік күйі

3. Пәннің негізгі бөлімдері

3.1. Микромодуль (блок) 1 Кіріспе. Механика. Молекулалық физика және термодинамика.

3.1.1. Механика. Материалық нүктенің кинематикасы. Ілгерлемелі қозғалыс кинематикасы. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары. Динамика. Ньютонның бірінші заңы. Ньютонның екінші заңы. Импульс. Ньютонның үшінші заңы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Материалық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер.

3.1.2. Айналмалы қозғалыс динамикасы. Жұмыс, энергия және қуат. Кинетикалық энергия. Өріс күші. Потенциалдық энергия. Механикадағы сақталу заңдары. Кеңістік, уақыт, қозғалыс және гравитация туралы қазіргі кездегі түсініктер. Арнайы салыстырмалылық теориясы. Допплер эффектісі.

3.1.3. Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің кинема-тикасы. Тербелістерді қосу. Гармониялық тербелістердің динамикасы (пружиналық маятник, математикалық маятник, физикалық маятник). Гармониялық тербелістердің энергиясы. Өшетін тербелістер. Еріксіз тербелістер. Толқындар. Толқын энергиясы. Тұрғын толқындар.

3.1.4. Молекулалық физика. Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Идеал газдың макроскопиялық күй теңдеуі. Физикалық статистика негіздері (Ферми-Дирак, Бозе-Эйнштейн, Больцман статистикалары, Максвелл үлестірілуі).

3.1.5. Термодинамика негіздері. Термодина-миканың бірінші бастамасы. Идеал газдың жылу сиымдылығы. Изопроцестердегі жұмыс. Термодинамика-ның екінші бастамасы. Карно циклі. Нернстің жылу теоремасы. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс газының күй теңдеуі. Джоуль-Томсон эффектісі. Тасымалдау процестері. Релаксация. Идеал газдардағы тасымалдау құбылыстары. Газдардағы диффузия. Жылу өткізгіштік. Тұтқырлық және ішкі үйкеліс. Сұйықтар. Қатты денелер. Фазалық ауысулар.

3.2. Микромодуль (блок) № 2 «Электр және магнетизм. Оптика»

3.2.1. Электростатиканың жалпы заңдары. Электростатикалық өрістің кернеулігі. Остроградский-Гаусс теоремасы. Электростатикалық өрістің жұмыс күші. Электрлік диполь. Химиялық заттардың диэлектрлік қасиеттері. Өткізгіштер мен диэлектриктер. Диэлектриктердің макроскопиялық қасиеттері.

3.2.2. Тұрақты электр тоғы. Қатты денелердің электрөткізгіштігі. Газдардағы электр тогы. Электролиттердегі электр тогы.

3.2.3. Магнит өрісінің индукциясы. Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Фарадейдің электромагниттік индукция заңының интеграль-ды және дифференциальды формасы. Құйынды токтар (Фуко тогы). Контурдың индуктивтілігі. Өздік индукция. Өзара индукция. Магнит өрісінің энергиясы. Магнит өрісінің энергиясының тығыздығы. Заттардың магниттік қасиеттері. Магнит өрісінің негізгі сипаттамалары. Магнит өрісіндегі магниттік дипольдік момент. Химиялық заттардың магниттік қасиеттері.

3.2.4. Максвелл теңдеулері. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Гармониялық тербелістер және олардың сипаттамалары. Резонанс. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Ток және кернеу резонанстары. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат.

3.2.5. Максвелл теңдеулері. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Гармониялық тербелістер және олардың сипаттамалары. Резонанс. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Ток және кернеу резонанстары. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат.

3.2.6. Геометриялық оптика. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Электро-магниттік толқындардың шкаласы. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Оптикалық жүйелердегі кескін салу. Сызықтық және бұрыштық үлкейтілу. Фотометриядағы энергетикалық шамалар. Толқындық оптика. Жарықтың интерференциясы. Толқындардың когеренттілігі. Интерференциялық максимум және минимум шарттары. Жарықтың интерференциясын бақылау әдістері. Ньютон сақиналары.

3.2.7. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналар әдісі. Дөңгелек саңлаудағы дифракция. Дискідегі дифракция. Фраунгофер дифракциясы. Дифракциялық тор. Кеңістік тордағы дифракция. Вульф-Брэгг формуласы. Электромагниттік толқындардың затпен әсерлесуі. Жарықтың дисперсиясы. Дисперсияның электрондық теориясы. Жарықтың жұтылуы. Бугер заңы. Оптикадағы Допплер эффектісі.



3.2.8. Жарықтың поляризациясы. Жарық-тың шағылуы және сынуы кезіндегі поляризациясы. Брюстер заңы. Қосарланып сыну. Малюс заңы. Жасанды оптикалық анизотропия. Керр эффектісі.

3.3. Микромодуль (блок) № 3 «Атомдық және ядролық физика»

3.3.1. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемала-ры. Кванттық теория және Планк формуласы. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Кванттық теориялардың негізгі ойларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффект.

3.3.2. Атомның сызықтық спектрлері. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі. Толқындық-корпускулалық дуализм. Де-Бройль гипотезасы. Электрон-дардың дифракциясы. Анықталмаушылық қатынасы. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Шрдингердің теңдеуі. Кванттық теориядағы сутегінің молекуласы мен атомы. Сутегі тектес атомдар. Кеңістіктегі квантталу. Атомдардағы электрондық деңгейлердің құрылысы. Паули принципі. Сутегі молекуласы.

3.3.3. Атом ядросы және оның құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің ауыспалы сипаты. Ядро-ның модельдері. сәулелерінің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі. Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Зарядталған бөлшектерді үдеткіштер. Синтез реакциясы. Энергия көздерінің проблемалары. Элементар бөлшектер туралы негізгі мәселелер

4. Зертханалық, машықтану сабақтарының тақырыбының тізімі

4.1 Зертханалық жұмыстар

Микромодуль (блок) 1 Кіріспе. Механика. Молекулалық физика және термодинамика.

1. Қателіктер теориясына кіріспе

2. Айналмалы қозғалыс заңдарын зерттеу

3.Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу

4. Клеман-Дезорма әдісінің көмегімен ауаның меншікті жылу сиымдылықтарының қатынасын анықтау

5. Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау

Микромодуль (блок) 2 «Электр және магнетизм. Оптика»

6. Электростатикалық өрісті зерттеу

7. Уитстон көпірі көмегімен кедергілерді анықтау

8. Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонтал құраушысын анықтау

9. Френель бипризмасы көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау

10. Дифракциялық тор көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау

11. Малюс заңын тексеру

Микромодуль (блок) 3 «Атомдық және ядролық физика»

12. Ридберг тұрақтысын анықтау.


5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

БӨЖ №1

1.Дене қозғалысының динамикасының кейбір есептері.

2. Допплер эффектісі.

3. Тұрғын толқындар

4. Идеал газдың макроскопиялық күй теңдеуі.

5. Сұйықтар.

6. Қатты денелер.

БӨЖ № 2

1. Электролиттердегі электр тогы.

2. Антиферро- және ферромагнетиктер. Ығысу тогы.

3. Ток және кернеу резонанстары.

4. Оптикадағы жарықталыну.

5. Жарықтың жұтылуы. Бугер заңы.

6. Жасанды оптикалық анизотропия.

7.Кванттық теориялардың негізгі ойларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Франк және Герц тәжірибелері.

8. Зарядталған бөлшектерді үдеткіштер.
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

6.1.1. Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

6.1.2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

6.1.3. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.

6.1.4. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

6.1.5. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..

6.1.6. Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.

6.1.7. Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.

6.1.8. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық нұсқау, Семей 1990 ж.

6.1.9. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Методическое разработка по молекулярной физике, Семей 1991

6.1.10. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж.

6.1.11. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991



6.1.12.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.

6.1.13. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.

6.2 Қосымша әдебиеттер

6.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.

6.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.

6.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.

6.2.4.Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

6.2.5.Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.



6.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.

6.3. Интернет – ресурстар
6.3.1. Толық курсы жалпы физика курсы http://www.ph4s.ru.
6.3.2. http://www.toehelp.ru Сайт құрамында қажетті әдебиеттерді (Кітаптар) және т. б.
6.3.3. Еркін энциклопедиясы Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия http://ru.wikipedia.
6.3.4. Электронды кітапхана жүйесі "Университеттік кітапхана - электрон коталог" www.semgu.kz.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу