§ 6.4. Фотоэффект
Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті, неміс ғалымы Ф.Ленард, американ ғалымдары Р.Э. Миллекен үлкен үлес қосты.
Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:
Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;
1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибесі;
1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;
Достарыңызбен бөлісу: |