Эрих Фромм 1900 жылы Германияда, Франкфуртта дүниеге келді. Фромм жанұясының жағдайы керемет емес еді, ол өзінің ата-анасын “өте тынымсыз”, ал өзін “сондай шыдамсыз бала” деп суреттейді. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанғанда, Э.Фромм он төрт жаста болатын. Ол қару алып, соғысуға әлі жас болса да, өзін қоршаған қатыгездік пен иррационалдық мінез-құлыққа таң қалды. Кейіннен ол: “Мен осы соғыстың қалай басталғанын, адамдар тобырының иррационалдық мінез-құлқын және әлемнің астаң-кестең күйін, ұлттар арасындағы түсіністікті білуге құмартқан жас адам едім”, деп жазды. Осы сұрақтардың жауабына З.Фрейд пен К.Маркстың қосқан үлесі көп екені байқалады. З.Фрейдтің еңбектері оған адамдардың өз мінез-құлқының себебін сезінбейтіндігін көрсетіп көмектесті. К.Марксты оқып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне қатты әсер ететіндігін түсінді. З.Фрейдтен, К.Юнгтен, А.Адлерден айырмашылығы, Э.Фромның медициналық білімі болмаған. Ол психологияны, философияны, әлеуметтануды зерттеді. Гейдельберг университетінде 1922 жылы философия докторы деген дәрежеге ие болды. Ол өзінің психоаналитикалық білімін кейіннен Берлиндегі психоаналитикалық институтта жалғастырды. 1934 жылы Э.Фромм ұлтшылдық қауіп-қатерден қашуға тырысып, Американың орталық штатына көшеді. Ол жеке іс жүзіндегі жұмыстарын Нью-Йоркта жүргізе бастады. ´зінің ең алғашқы “Бостандықтан қашу” деп аталатын еңбегін 1941 жарыққа шығарды. Ол осы еңбегінде қоғамдық күштер мен идеология индивидиумның мінез-құлқы мен құрылымына қалай әсер етіп, қалай қалыптастыратындығын көрсетті. Келесі еңбектерінің көптеп таралуына себеп болған осы бағыт Э.Фромның дүниежүзілік психоаналитиктер ассоциациясына қосылуына мүмкіндік берді.
´зінің махаббат теориясын Э.Фромм санасыз түрдегі адамның потенциясы ретінде түсінетіндігінен бастайды. Осы процесті ол содан кейін этика, дін, дзен-буддизмдегі өзінің жұмыстарында жалғастырып, аяқтайды. Ол: “махаббат - әр адамның соңғы және шынайы қажеттілігі, адамзат құрылымындағы мәселелердің жалғыз дұрыс және қанағаттанарлық жауабы”, - дейді. Махаббат адамға тән ішкі мән-мағына болғандықтан, Э.Фромм жаңа тарихнамалық принципті алға тартады: махаббаттың дамуына кедергі жасайтын кез келген қоғам адамзат тарихындағы негізгі қажеттіліктерге қарама-қайшы келгендіктен, ақырында құруы керек дейді. Капитализм - тура осындай адамзат табиғатына қарама-қайшы келетін қоғам және Фромның пайымдауынша, өзін-өзі құрту арқылы жоғалуы тиіс. Бүгінгі таңда махаббаттың жоқтығын көру үшін махаббат табиғатын талдаудың өзі жеткілікті және бұған жауапты әлеуметтік жағдай да сынға алынуы қажет. Осымен, ол өзінің махаббат теориясына әкелетін тиімді түйіндерін тұжырымдайды. “Капитализм қоғамында жатқан принцип пен махаббат принципі бір-бірімен сәйкес келмейді. Капитализм махаббат емес, эгоизмді туындатады, егер бүкіл қоғам толығымен, оның экономикалық ұйымдары да, әр жеке адамы да өзі үшін ерекше дүниеге қол жеткізуге тырысуға негізделсе, егер ол эгоизм принциптерінің басшылығына көнсе, онда адам сүйе тұра қазіргі қоғамның шегінде қалай өмір сүреді?” - деп сұрайды Э.Фромм. Капитализм мен махаббат арасындағы қарама-қайшылық Фромды революциялық шешімге алып келді: “Адамзаттың барлық мәселесінің бар дұрыс жауабы махаббат деп түсінетіндердің, махаббатқа салмақты қарайтындардың барлығы біздің әлеуметтік құрылымға тиімді және маңызды өзгерістер қажет екенін түсінуі керек”.