Т±лѓа теориялары (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, А. Маслоу, К. Юнг, К. Роджерс)



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі152,5 Kb.
#117396
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лек

А.Маслоу бойынша тұлға теориясы

  • А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
  • Абрахам Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: “әрбір істеген ісің үшін құдай алдында жауап бересің”, – деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек көріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған.
  • Ол заңды оқығысы келіп, Нью-Йорктегі Сити колледжіне тапсырды. Екі аптадан кейін өзінің адвокат бола алмайтынына көзі жетеді де, Корнелск университетінде эклектикалық курсқа қатыса бастайды. Ол жас кезінде Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді.
  • А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.
  • Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін сау бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан Маслоу өзінің зерттеу жұмысын әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, жаны сау, шығармашылық қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған.
  • А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған.
  • А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар – саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
  • Бұл теориядағы адамның дамуы, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өзін-өзі танытуымен байланысты танымдық, когнитивтік табиғаты ңжарқырап көрінетінң деңгейлерге ие қажеттіліктер баспалдағымен көтерілу ретінде көрінеді. Автор: ңАдамдар жеке мақсаттарды іздеуге себептенеді және бұл олардың өмірін мәнді, әрі саналы етедің, - дейді. Себептену мәселелері тұлғаның гуманистік теориясында орталық болып табылады және адамды қанағаттануға сирек жететін ңүміткер жан иесің ретінде сипаттайды.
  • А.Маслоу теориясының негізін мынадай түсініктермен айтуға болады:
  • 1. °р адам - ерекше ұйымдасқан тұтастық ретінде қарастыратын тұжырым, яғни тұлғаның негізгі сипаты тұтастық болып табылады.
  • 2. Адам өзінің ішкі табиғаты бойынша гуманды, әр адамда өзін-өзі таныту, өсу потенциалы бар.
  • 3. Шығармашылық потенциал әр адамға тән, әмбебап сипаттама болып табылады.
  • 4. Психологиялық зерттеу. Денсаулыққа мән беру керектігі туралы тұжырымдама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет