Тлетай Еркежан 4 курс Табиғат қолдану экономикасы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,43 Kb.
#91010
1   2   3   4
Байланысты:
глоссарий диктант

15.Фронтальды экономика - бұл жабық және толық қалпына келетін жүйені сипаттайтын экономикалық өндірістің классикалық моделі.
16.Қалыпты экономикалық даму-экономиканың, өндіргіш күштердің, білімнің, ғылымның, мәдениеттің, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, адами капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісі мен біртіндеп сапалы және құрылымдық оң өзгерістері.
17.Әлсіз тұрақты индикаторы - бұл адам капиталы табиғи капиталды алмастыра алатындығы туралы көрсеткіш.
18.Күшті тұрақтылық - қоғамның табиғатпен үйлесімді дамуын, адамдар мен кәсіпорындардың қоршаған ортаны бұзбау үшін әрекет етуін білдіреді.
19.Экологиялық шығындар - қоршаған ортаны ластаудан болған залалдың себебінен және қоршаған ортаның табиғи кешені элементтерін алып қою нәтижесінде пайда болған өндірістен тыс шығындарды азайту арқылы өндірістік қордың базасын кеңейтуге арналған қор.
20.Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян - экономикалық, экологиялық және әлеуметтік болуы мүмкін. Экологиялық - зиянды қоршаған ортаның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап, ахуалы төмендейді. Әлеуметтік - тұрмыс жағдайының төмендеуінен байқалады. Экономикалық - зиянды ластану әсерінен болған келеңсіз өзгерістердің негізгі сипатын ақшалай бағалау.
21. Cыртқы эффект - бұл нарық сыртқы әсерлерді жеке шығындар мен пайдаға автоматты түрде айналдыра алмайтын кезде нарықтық басқару жүйесінің жұмысындағы сәтсіздік.
22.Оң сыртқы эффект - сыртқы субъектілер тиісті өтемақысыз пайда тапқан кезде пайда болады, сондықтан қоғамдық пайдалылық жеке пайдадан асып түседі. Тауардың немесе қызметтің пайдалылығы нарықтық бағамен толық көрсетілмегендіктен, оң сыртқы әсерлерге байланысты тауарлар жеткіліксіз мөлшерде шығарылады
23.Теріс сыртқы эффект - сыртқы субъектілердің күтпеген шығындарын білдіреді және қоғамдық және жеке шығындар арасындағы алшақтықпен бірге жүреді. Теріс сыртқы әсерлермен байланысты тауарларды шығару нарықтық бағадағы шығындар туралы толық ақпараттың болмауына байланысты тиімді деңгейден асатын көлемде жүзеге асырылады.
24.Технологиялық сыртқы эффект - бұл нарықтық процестермен қамтылмаған және үшінші тұлғаларға әсер етудің технологиялық тізбегінің болуын болжайтын экономикалық қызметтің салдары.
25.Таза жеке игілік - нарық негізінде өндірілетін және көрсетілген қасиеттерді иемденбейтін игілік.
26.Таза қоғамдық игілік - бұл барлық тұтынушыларға пайда әкелетін, бірақ нарық ұсынысы кейбіреуінде жеткіліксіз немесе мүлдем болмайтын, игілік.
27.Клубтық игілік - оларбір жағынан, клубтың мүшелері болып табылмайтын адамдар үшін игілікке қол жеткізуге шектеулердің болуымен, екінші жағынан, осы тауарларды тұтыну кезінде бәсекелестіктің болмауымен сипатталады.
28.Қоғамдық игілік функциясы - қоғамның көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылады. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді
29.Линдаль шешімі - жеке артықшылықтарды есепке алуға бағытталған, яғни әдіснамалық индивидуализм принциптеріне қайшы келмейді.
30.Эрроудың мүмкін емес теоремасы - егер бұл шешімдерді бір ғана тұлға қарастырмаса, қоғам бір-біріне қарсы келмейтін келісілген шешімдерді қабылдаудың жолын таба алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет