1.2. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ – ПУБЛИЦИСТ 1.2. Әлихан Бөкейханов публицист ретінде тану, оның жеке тұлға ғана емес, үлкен ірі қоғамдық тұлға екендігін көрсетеді. Оның өмір баяны, жүріп өткен жолдары, өзіндік дүние танымы барлығы сол уақыттың сол қоғамның тыныс тіршілігін аңғартқандай. Әлиханның өз заманының жаршысы тегеуірінді публицис екендігін баяндамас бұрын, нені публицистика және кімді публицис деп айта аламыз. Осыған қысқаша мағлұмат бере кетейік.
«Публицистика» - ол уақыт пен қоғам арасындағы шындықты көрсететін бірде белгілі қаламгерлер қауымының айналысатын кәсібі, жұмысы, енді бірде өзіндік сипаты бар шығармалар тобы, яғни творчество саласы, журналистика жанры, тағы бірде өмірді зеріктеудің, қоғамдағы болмыс құбылыстарды бағалап, білудің әдіс тәсілі деген ұғымдарды білдіреді.
Ал, публицист болса осы творчестволық кәсіпте арқау болып отырнған салаға әбден машықтанып жан-жақты зеріттеп білуін және соны уақыттан қалмай не озбай дәл сол күн талабына сай жауап беруші тұлға.
Міне, біз публицист пен публицистиканың өзіндік бір тұлға екендігін аңғардық. Екеуі де бір талапқа сай заңды ғылым немесе ғалым.
«Біз публицистердің ұдайы істейтін істерімен шұғылдануға - өз заманымыздың тарихын жазуға тиіспіз және біздің күнделікті өмірді жазуымыз қозғалысқа тікелей қатысушылар мен қаһарман тұлғаларға нақ сол қозғалыс үстінде мүмкіндігінше көмек беретіндей етіп жазуымыз керек, - жазғанда қозғалысты ұлғайтуға, күрес жүргізудің күш неғұрлым аз жұмсалып, неғұрлым көп және барынша баянды нәтижелер бере алатын құралдарын тәсілдері мен әдістерін саналы түрде таңдап алуға жәрдемдесетіндей етіп жазуымыз керек» - деген талап қоямыз.
Енді, Әлихан Бөкейхановтың осы талаптарға қаншалықты деңгейде жауап бере алды соған тоқтала кетейік.
Біз Әлиханды еске алғанда көз алдымызға сонау ХХ ғасырдың басы, сол кездегі тыныс-тіршілік жалпы, қоғам көз алдымызға елестетеміз. Әрине бір перзентіміздің бойынан бүкіл біз уақытпен қоғамды көз алдымызға елестету ұлы істің жемісі міне, Әлихан турасында бір ауыз сөзбен айтар болсақ әйтсе де сөзіміз дәлелді болуы үшін оған жан-жақты кеңінен тоқтала кетсек.
Әлихан Бөкейханов замандастары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, т.б. сынды биігінде ел таныған азаматтарымызбен терезесі тең әрі өзіндік ерекшеліктері де, бар біртуар дара тұлға. Олай дейік себебіміз Әлиханның публицистика әлеміндегі өзіндік қолтаңбаларының аса сауаттылығы мен қоса оның өміршеңдігі. Яғни оның еңбектерінің уақыт талабының ауасындай құндылығында.