мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;
бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;
жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;
жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;
ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;
қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.
Даму психологиясы— онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы — адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы — психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.