Тұлға әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі25,28 Kb.
#119756
1   2   3
Байланысты:
әлеуметтік 4

4.2Мен тұжырымдамасы
«Мен-тұжырымдамасы» ұғымы (ағылш. «self-conception», өзі туралы тұжырымдама). «Мен-тұжырымдамасы» - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды. «Мен-тұжырымдамасы» тек тұлғаның өзі жайлы елестетулерін ғана анықтамайды, сонымен қатар ол өзі жайлы не ойлайды, болашақтағы даму мүмкіндіктері және жаңа бастамаларына қалай қарайтындығы жөнінде
«Мен – тұжырымдамасы» түсінігін 20 ғасыр соңында американдық философ және психолог У.Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э.Эриксонның еңбектері арқылы «Мен – тұжырымдамасы» теория түрінде және қолданбалы дамыды
Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының» мәселесімен Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, Д.А.Леонтьев, В.В.Столин, А.А.Реан айналысты.
С.Л. Рубинштейн пікірінше тұлғаны психологиялық зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық ерекшелігін – оның қабілеттіліктерін, темпераменті мен мінезін зерттеумен ғана емес, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады
XX ғасырдың басында социолог Кули «Айналық Мен» теориясын жасады, адамның өзін-өзі елестетулерімен байланысты, «Мен идеясы», айналадағылардың пікірінің әсеріне салынып және 3 компонентті құрайды: басқа адамға мен қалай көрінемін, ол адам мені қалай бағалайды деген елестетулер, және осыған байланысты өзін-өзі бағалау, мақтаныш және кемсіту сезімі.
К. Роджерс, өзіндік сана-сезім жайлы, «Мен-тұжырымдаманы» индивидтің санасында бар өзіндік фигура мен фон және «өзіндік Менді», сондай-ақ ол түсе алатын қарым-қатынасты, сонымен қатар өткеніндегі, қазіргісіндегі, болашақтағы «Меніне» қатынасымен және түсінетін сапалық қасиеттерімен байланысты позитивті және негативті құндылықтарды қосатын күрделі құрылымдық бейне деп түсіндіреді. «Мен-тұжырымдамасы» өзіне «Шынайы» және «Идеалды Менді» қосады [4].
Тұлғаның дамуын өзін-өзі жандандыру теориясында А. Маслоу, басынан бастап темперамент, мінез, интеллектке қатынасында өзінің тұқым қуалаушылық және генетикалық бейімділігін жандандыру ұмтылысымен байланысты ішкі процесс ретінде түсіндіреді. Маслоу өзін-өзі жандандыруды немесе өзін-өзі танытуды маңызды адами қажеттіліктің бірі деп атап көрсетеді
Э.Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне байланысты, сондай-ақ тіршілік етіп жатқан қоғамдағы рухани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық ұқсастық» және «эго-ұқсастық» түсініктері болып табылады. Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың арқасында топтық ұқсастық қалыптасады. Эго – ұқсастық, топтық ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына байланысты өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен өтеді
«Мен-тұжырымдамасы» адамдар арасындағы қызметтің алмасуы кезінде туындайды, субъект басқа адамның айнасы ретінде көрінеді және осылайша өзінің Мен образын талқылайды, нақтылайды және түзетеді.

Негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адамбойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады.Өзіндік сана жеке тұлғаның құрлымының маңызды бөлімдерінің бірі ретінде қарастырылады және осыған сәйкес өзіндік сана құрылымның компонентері өзіндік бағалау, өзіндік сана және және өзіндік көңіл күй ажыратылады.Психолог В.С.Мерлин зерттеуі бойынша өзін-өзі бағалау тікелей ықпалын тигізетін өзіндік сана құрлымының 4 компонентерін ажыратып айтқан


1. «Менің» ұғынуы
2. Өзінің басқаларға ұқсастығын және олардан айырмашылығын ұғыну.
3.Өзінің психологиялық қасиеттерін ұғыну.
4. Әлеуметік- адамгершілік тұрғыда өзін –өзі бағалау.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын дамытуда оның жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілудің алғы шарттары болып табылады.

Өзін-өзі бағалау дегеніміз өз қабілеттеріне , мүмкіндігіне, мінез –құлқына, ішкі жан – дүниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны бойынша өзіне баға беруі болып табылатын. Адам — анасының құрамдас бөлігі . Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Өзін-өзі бағалау оқушыны сенімділікке, ойлауға , шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзн-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық , қызғану,


іштарлық,көңілсіздік , ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көрініс табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау , ашуланшақ, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторлар.
Педагогикалық міндеттерді нәтижелі шешу үшін мұғалім бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторларды ескеруі тиіс;

 4.3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет